АҚПАРАТТАР аєыны №189 (28412) 27 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● 28 қыркүйек – Еңбек күні
ЕЛДІ ЕЛ ЕТЕТІН – ЕЅБЕК, ЕЅБЕК БƏРІН ДЕ ЖЕЅБЕК Елбасыныѕ ќазаќстандыќтарды Еѕбек кїнімен ќўттыќтауы
Саудия – Ќазаќстанныѕ маѕызды серіктестерініѕ бірі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің төрағасы Абдалла Əл аш-Шейхті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында пар ламентаралық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ, оны əрі қарай дамыту мүмкіндіктері қарастырылды. Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі болып табылатынына тоқталды. – Корольдік біздің елімізге тəуел сіздіктің алғашқы күндерінен бастап екіжақты сая си
іс-қимыл тұрғысынан да, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастық арқылы да қолдау көрсетіп келеді. Сіздің елдің көмегімен Астанада бірқатар ғимараттар салынды, бұл – біздің екі мемлекет арасындағы достық қа рым-қатынастардың көрінісі. Қазақстан Корольдікпен түрлі салаларда, соның ішінде саудаэкономика саласында ынтымақтас тықты бұдан əрі дамытуға
дайын, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Абдалла Əл ашШейх Елбасының қабылдауына ризашылығын білдіріп, бұл оның Қазақстан Президентімен төртінші рет кездесуі екенін айтты. Ол ТМД мем лекеттері ішінде айрықша орынға ие біздің еліміздің қарқынды дамуына назар аударды. Сауд Арабиясы Корольдігінің Консультативтік Кеңесінің төрағасы екі елдің арасында ынтымақтастықты кеңейтуге болатын бірқатар перспективалы салалардың бар екенін де атап өтті.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Еңбек күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл біз бұл мерекені алғаш рет атап өткелі отырмыз. Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі тұғыры – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын қалыптастыру жолында сеніммен алға басып келеді. Қазақстан экономикасында заманауи зауыттар мен кəсіпорындар, жаңа күре жолдар салынып, ондаған мың жаңа жұмыс орындары ашылуда. Көлік жəне əуе кемелерін жасау, локомотивтер мен ғарыштық аппараттар шығару жəне өзге де көптеген жоғары технологиялық салалар пайда болуда. Біз ауыл шаруашылығын дамытудың, шағын жəне орта бизнесті қолдаудың ауқымды бағдарламаларын іске асырудамыз. Кəсіби мамандар даярлау саласында сапалы өзгерістер жүзеге асырылып, дуалды білім жүйесі енгізілуде.
Кеѕес хатшыларыныѕ кездесуіне ќатысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы міндетін уақытша атқарушы Əділбек Жақсыбеков Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шара Ресей тарапының шақыруымен Мəскеуде өтті. Кездесу барысында өңірлік қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерді бағалау, халықаралық лаңкестік пен діни экстремизм ге қарсы тұру, сондай-ақ, халықаралық ақпараттық қауіпсіздік саласындағы өзара іс-қимыл мəселелері жөнінде пікір алмасылды. Ə.Жақсыбеков өз сөзінде лаңкестікпен жəне экстремизммен күресте, заңсыз есірткі та сымалының жолын кесу мəселесінде
Қазақстанның құзыретті органдары қабылдап жатқан шараларға назар аудартты. Ауғанстаннан халықаралық коалиция əскерлерін шығару үдерісінің аяқталуына байланысты осы қатерлердің Қазақстан мен Орта лық Азия үшін өзектілене түсу мүмкіндігі айрықша атап өтілді. Осыған байланысты ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ бағдарламалық құжаттарына сəйкес, сондай-ақ, Достастыққа мүше мемлекеттермен
Таєайындау
Мемлекет басшысының Өкімімен Бибігүл Нұрғалиқызы Нүсіпжанова Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.
Кїн тəртібінде – кəсіптік жəне техникалыќ білім Кеше Парламент Сенатында «Кəсіби білім жəне бизнес. Əріптестер үнқатысуы» атты қараша айында болатын 7-ші форумға дайындық ретінде оқу орындары мен жұмыс берушілердің арақатынасын айқындаған конференция болып өтті. Жақсыбай САМРАТ,
Бїгінгі нґмірде: Зайырлы ќоєам – зайырлы мемлекет 6-7-беттер
Ґндірісті ґлкедегі ґркенді істер
Аѕыздай жўмбаќ єўмыр 9-бет
Оның жұмысын Парламент Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев ашып, кіріспе сөз сөйледі. Бұл мəселе біздің еліміз үшін өте маңызды мəселе болып саналады. Қазіргі жаһандану əлемінде бəсекеге қабілетті болу елдің тұрақты дамуына қажетті маңызды факторлардың бірі,
деп бастады ол өзінің сөзін. Аталған фактор көп жағдайда адам капиталының сапасымен өлшенеді. Инновациялық дамудың жаңа талаптарына сай кəсіптік білім берудің маңызы ерекше. Қазіргі заман кəсіби маманнан жоғары білімділікті, ынталылық пен ұшқыр ойды, өз білімін одан əрі жетілдіруге дайын болуды талап етеді, деді ол. Одан əрі Спикер осы
талаптарға сай мамандарды дайындау отандық білім беру жүйесінің басты міндеті екенін тілге тиек етті. Кəсіптіктехникалық жəне жоғары білім беру отандық экономиканың ағымдағы жəне келешектегі талаптарына сай білікті мамандармен қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» Стратегиясында дəл осындай мақсат қойды, деді Қ.Тоқаев. Одан əрі Төраға гуманитарлық саланың мамандарына деген сұраныстың қазір біздің елімізде мүлде азайып, техникалық мамандардың қажеттілігі артып отырғанын айтты. Сондықтан осы мамандықтарға дайындайтын мамандарды дайындауға шұғыл кірісуіміз керек. (Соңы 9-бетте).
Хабарлар Үкімет, облыстық жəне қалалық əкімдіктер сайттары деректері бойынша дайындалды.
● Əлем жəне Қазақстан
Ќарым-ќатынастар жаѕа деѕгейге шыєады
Еліміздіѕ Еуропа Кеѕесімен жəне ЮНЕСКО-мен ынтымаќтастыєыныѕ соны баєыттары айќындалды Нью-Йоркке жалғасып жатқан сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов шетелдік əріптестерімен жəне ірі халықаралық құрылымдардың басшыларымен бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізіп, Кариб қауымдастығына (КАРИКОМ) кіретін елдер СІМ басшыларының кездесуіне қатысты. Ол, сонымен
қатар, Африка, Азия жəне Латын Америкасы мемлекеттерін біріктіретін G7+тобы сыртқы істер министрлерінің бейресми кездесуіне қатысты. Қазақстан сыртқы саясат ведомствосы басшысының екіжақты кездесулері географиялық тұрғыдан кең ауқымды аумақты – Азия, Африка, Еуропа жəне Кариб бассейні елдерін қамтыды.
● Заманмен үндес заңғар басылым
Елдігіміз бен ерен тірлігіміздіѕ айнасы
Ізгілік пен игіліктің, жақсылық пен жасампаздықтың, адамдық пен азаматтықтың жаршысына айналған «Егемен Қазақстанның» тəуелсіз еліміздегі орны мен рөлі тіл жеткісіз. Отанымызда тағдыр жазуымен қоянқолтық аралас өмір сүріп жатқан неше алуан ұлт өкілдерінің тыныстіршілігі, болмыс-бітімі, мінез-құлқы, əдет-ғұрып, салт-санасына дейін «Егеменнен» орын алып жатады. Ғажайып тұтастық пен ынтымақты ту еткен Еліміздің берекелі тірлігін, бекзат болмысын «Егеменше» толғайтын газет сирек. Мен сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері «Егемен Қазақстанды» үзбей оқып келе жатқандардың бірімін. Содан да болар етжақын туысым немесе күнделікті дем беретін тынысым сияқты сезінемін. Əлемдегі, еліміздегі, қоғамдағы барлық іргелі оқиғалар мен өмірдің елеулі, елеусіз тыныс-тіршілігі үздік-создық орын алып жататын бұл басылым қаншама елдің санасын оятып, қаншама отаншыл ұрпақ тəрбиеледі. Республика көлемінде өткізіліп жататын ұлы істер сыртында əлемдік деңгейді қамтып жататын бас қосулардың сан түрін ұлы мəртебелі
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.
Еңбек күніне арналған материалдар 2-3-беттерде жарияланып отыр.
«Егемен Қазақстан».
екіжақты деңгейде бірлескен іс-шараларды тұрақты өткізудің маңыздылығы айтылды. Халықаралық ақпараттық қауіпсіздік проблемасына қатысты алсақ, елдердің ақпараттық кеңістіктегі іс-əрекеттерін реттейтін бірыңғай халықаралық нормалар мен ережелер бекіту мəселесін өңір мемлекеттерінің БҰҰ деңгейінде ілгерілету жөніндегі бірлескен күш-жігеріне қолдау білдірілді. Сондай-ақ, Ə.Жақсыбеков Мəскеуде Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Патрушевпен келіссөз жүргізді. Тараптар қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастыққа қатысты проблемалардың кең ауқымын талқылады, əлемдік саясаттың өзекті мəселелері бойынша пікірлерін айтты. Аталған іс-шараларға Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Марат Тəжин де қатысты.
Жоғары нəтижелі еңбек етуді ынталандыру үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы жəне «Еңбек ардагері» арнайы медалі беріледі. Бұл марапаттар жыл сайын үздік ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне, металлургтерге, мұнайшыларға, ұстаздарға, дəрігерлерге жəне өзге де кəсіп өкілдеріне тапсырылады. Еңбеккерлерді əлеуметтік қорғаудың деңгейі көтеріліп, еңбек қатынастары туралы ұлттық заңдарымыз жетілдірілуде, кəсіподақтардың орны нығая түсуде. Əрбір қазақстандықтың лайықты, адал жəне кəсіби еңбегі Қазақстанның ұлы мақсаты – əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруінің кепілі болмақ. Бүгінгі мереке күні мен барлық отандастарыма зор денсаулық, еңбекте жаңа табыстар жəне амандық тілеймін!
● Табиғи монополиялардағы түзетулер тарифтерден негізсіз шығын шығуын жояды. Кеше Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат Құсайынов Парламент Мəжілісінде осы жайлы айта келіп, жаңа заң жобасы өмірге енгенде, бұдан да басқа артықшылықтар болатынына тоқталып өтті. ● Рига Астанамен серіктес болуға қызығушылық білдіріп отыр. Қазақстан астанасы Латвияның орталығымен сау да-экономикалық, білім, туризм, құрылыс саласында өзара ынтымақтастық орнатуға дайын. Бұл туралы қала əкімі Иманғали Тасмағамбетов баяндады. ● Алматыда жаңа денешынықтыру-сауықтыру кешені қатарға қосылады. Қала əкімі Ахметжан Есімов бұрнағы күні «Сұңқар» шаңғы трамплинінде болған басқосуда осыны айтты. Ал жаңа сауықтыру орталығы осы маңда орналасатын болады. ● Шымкентте кеше еңбек шілер форумы болып өтті. Елімізде алғаш рет қолға алынып жатқан шараға еңбек адамдары мен ардагерлері, белсенді жастар, еңбек əулеті өкілдері қатысты. Шара барысында Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары Ербол Садыр жиналғандарды айтулы мерекемен құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады. ● Талдықорған қаласы Мойнақ ауылында маңызды нысандар ашылды. Олардың арасында Мойнақ ауылында медициналық бекет, мəдениет үйі, пошта бөлімшесі, кітапхана жəне № 23 мектеп жанындағы спорт алаңы бар. ● Жамбыл облысының мек тептерінде Қазақстан халқының жеті тілі оқытылады. Достық үйінің бөлім жетекшісі Сəуле Құрманқұлова бұлардың өңірде тұратын қазақ, орыс, дүңген, өзбек, корей, түрік жəне ұйғыр тілдерінен құралатынын атап өтті. Осыған арналған жиында қатысушылар туған тілде өлеңдер оқып, вокалдық шығармаларды орындады. ● Қызылорда облысы Қазалы ауданында аталар ансамблінің іріктеу байқауы болды. «Қарттардың да өнерге бар таласы» деген атпен қанат жайған шара Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналды. Оның қорытындысында үздік танылған өнер ұжымдары түрлі марапаттарға ие болды.
ана тіліміздің ішкі жан қуатымен əйгілеп жататын мақала, очерк, эсселер арқылы оқырман рух қуатына бөленгендей болады. Ұлы даламызда болған, болып жатқан, болатын ірілі-уақты сан алуан іс-əрекеттер мен дүбірлі оқиғалардың қандай түріне бойласа да «Егеменнің» қуатын, құдіретін танытып, мəнін, мағынасын арттыра түсетін бір қасиет бар. Ол осы бас газеттің қолына ұстаған қуатты құралы, қаруы – қазақ тілі. Ата бабамыздан бері дамып жетіліп, байып келе жатқан бұл қазынамызды «Егемендей» еркін əрі барынша молынан
қолданатын басылым көп емес. Өмірде болып жататын сан алуан қисынды-қисынсыз оқиғалардың ешқандай түрі бұл газетті ұстанған бағытынан тайдыра алмайды. Қандай мəселені де сабырмен, сарамандықпен бабын таба суреттеу, дəлелдеу, дəйектеу газеттің басты ұстанымы деп білемін. Газет біздің егемендігіміздің тірегі. Еліміздің қуат қаруы, арман тірегі. Игі де ізгі істерге бастап отыратын жолбасшы құралы. Бір ғасырға таяу өмір жолында атқарылған істерін «Егемен Қазақстанның» «етжеңді» жинағынан оқып отырсаңыз таңғалмауға шараңыз жоқ. Еліміздің арғы-бергі тарихына қатысты шежіреге кенелесіз. Халқымыздың еңкейген, еңсе көтерген, қуаттанған, əлеуеттенген кезеңдердің бəрі көз алдыңыздан өтіп жатады. Соның бəріне куə болған, шежіре шерткен «Егемен Қазақстанның» 95 жылдық ерлік жолына шүкіраналық сезіммен құтты болсын айтамын! Тəуелсіз еліміздің ұрпақтан ұрпаққа ұласар шежіресі «Егемен Қазақстанның» кең тынысты беттерінде өрнектеле берсін! Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстанның» бұрынғы қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА-ның академигі. АЛМАТЫ.
Е.Ыдырысовтың Ауғанстан СІМ басшысы З.Османимен, Ангола Сыртқы істер министрі Дж.Чикотимен, Бурунди сыртқы саясат ведомствосының басшысы Л.Кавакуримен, Комор аралдарының бас дипломаты Э.-А. Саид Хассанэмен, Непал сыртқы істер министрі М.Бахадурмен жəне Чехияның бас дипломаты Л.Заоралекпен кездесулері
өтті. Сұхбаттастар екіжақты ынты мақтастық, халықаралық ұйым дар шеңберіндегі өзара ықпалдастық, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-2018 ж.ж. аралығында тұрақты емес мүшелікке ұсынысын талқыға салып, халықаралық мəселелер бойынша пікір алмасты. (Соңы 10-бетте).
● Дода
Азиада: Дмитрий Баландин їшінші алтынына ќол жеткізді Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарының жетінші күні, яғни 26 қыркүйекте қазақстандық спортшылар табысты өнер көрсетті. Бұл күні еліміздің қоржынына 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль түсіп, жалпы медаль саны 34-ке жетті. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан» – Инчхоннан.
Алдымен алтын медаль алғандар жайында сөз бастар болсақ, винтовкадан 50 метр қашықтықта үш жағдайда оқ атудан Ольга Довгун (456,4) сəтті өнер көрсетіп, 1-ші
орын иеленді. Осылайша, алтын медальдің бір күнге үзіліп қалған «көшін» қайта жалғады. Осы бəсекенің күміс жүлдесін Оңтүстік Корея спортшысы Миру Джеон (455,5) еншілесе, қола медаль Қытай қызы Чан Цзинге (446,2) бұйырды. (Соңы 13-бетте).