24 саєат №262 (28201) 27 ҚАРАША СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Əскери мəселелер ќаралєан ќабылдау
АҚШ əскери-əуе күштерінің командованиесі жойғыш ұшақтар үшін лазерлі қару жасау ықтималдығы мол екендігі туралы ақпарат таратты. Егер мұндай қару жасалған жағдайда, ол орнатылатын ұшақтар 2030 жылдан кейін пайдалануға берілетін болады. Ал ұшақтарды алғаш рет сынақтан өткізу 2022 жылы жүзеге асырылмақ.
Франция таяудағы алты ай бедерінде Орталық Африка Республикасына қосымша 1 мың солдат жіберу ниетінде. Бұл жөнінде елдің қорғаныс министрі Жан-Ив Ле Дриан мəлімдеді. Қазіргі кезде ел басшылығы бұл қадамға баруға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің рұқсатын күтіп отыр. Ал француз контингенті аталған Африка елінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет көрінеді. Голливудтық продюсер, 68 жастағы Арнон Мил чэн Израиль барлауына жұмыс істегенін мойындады. Бұл туралы ол Израиль телеарнасына берген сұхбатында мəлімдеді. Милчэннің Израиль арнайы қызметімен байланысы бар екені туралы əңгіме бұған дейін де айтылып келген еді. Енді бұл жайт алғаш рет нақтыланып отыр. Йеменнің астанасы – Сана қаласында мотоцикл мінген белгісіз содырлар екі ресейлікті атып өлтірді. Мұны жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Дерек көзінің сөзіне қарағанда, қаза тапқандар жергілікті əскерилерге көмектесіп жүрген ресейлік əскери нұсқаушылар көрінеді.
Теміржол – ел экономикасыныѕ кїретамырына айналуы тиіс
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. А.Мамин компанияның 2016 жылға қарай Қазақстанның өңірлік көлік-логистика хабы ретінде қалыптасуына бағытталған қызметі жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы 2014 жылы пайдалануға беру жоспарланған Жезқазған – Бейнеу жəне Арқалық – Шұбаркөл жаңа теміржол желілерін іске қосудың маңыздылығын атап өтті. Олар Шығыс – Батыс жəне Солтүстік – Оңтүстік бағыттарындағы халықаралық көлік дəліздерін
үйлестіруді оңтайландырып, Достық – Ақтау бағытындағы арақашықтықты 748 шақырымға қысқартуға тиіс. «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті «Қазақстан – жаңа Жібек жолы» ауқымды бағдарламасын іске асыру туралы айтты, оның аясында транзит əлеуетін арттыруға, ішкі жəне шетелдік көлік-логистика жүйесін қалыптастыруға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Қазіргі уақытта Қазақстан арқылы Еуропа – Азия бағыты
бо йынша контейнерлік 14 шаттл-пойыз тұрақты түрде жүріп тұрады. 2014 жылдың ба сын да Қытай – Ор талық Азия жəне Қытай – Еуропа бағыттары бойынша тағы 3 контейнерлік пойыз ұйымдастыру жоспарлануда. А.Мамин екі жылда Қазақстанда жекеменшік сектордың қатысуымен көлік-логистика орталықтарының желісі толық қалыптастырылатынын мəлімдеді. Сондай-ақ, 2014 жылы солтүстік бағыттағы Ақтау теңіз портын дамыту жобасы аяқталады. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Президент поштасынан
Бўл – мəдениет пен ґнерге ќамќорлыќтыѕ кґрінісі
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына белгілі хореограф жəне балетмейстер Борис Эйфманнан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Хат иесі бұдан екі жыл бұрын «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағын алғанда өзінің Қазақстанда балет өнерін дамыту үшін барлық күшжігерін салатынына уəде еткенін атап өткен. «Алматының опера жəне балет театрының тамаша ұжымымен мен «Қызыл Жизель» жəне «Анна Каренинаны» қойдым. Сіз өзіңіз премьераларға қатысып, бұл жұмыстарға өте жоғары баға бергеніңізді ешқашан ұмытпаймын», делінген хатта. Б.Эйфман басқа елдерде симфониялық оркестрлер мен театрлар жабылып жатқан уақытта Қазақстанда «Астана Опера» театры салынғанын ерекше атап өтеді. Хореографтың пікірінше, бұл – Нұрсұлтан Назарбаевтың мəдениет пен өнерге ерекше көңіл бөлетіндігінің нəтижесі. «Мұнда тек архитектуралық ізденістер ғана емес, өте жақсы
техникалық жарақтандыру бар, күрделі қойылымдар үшін барлық жағдай жасалған, дайындық жүргізетін залдар көп, бірақ ең бастысы – сіздерде талантты, шығармашылық əлеуеті зор, талабы биік жас труппа бар», – деп жазады автор. Балетмейстер жаңа театр сахнасында «Роден» балетінің қойылғаны, оның астаналықтар мен елорда қонақтары алдында табысқа ие болғаны туралы да айтқан. Автор хатының соңында Мемлекет басшысына өнер мен мəдениетті дамытуға қамқорлығы үшін алғысын білдіріп, бү гінде əлемге жол ашқан бірегей қазақ мəдениеті жүректерді жақындастыра түсетініне тоқталған. «Өнер мен мəдениет үшін, түптеп келгенде, өз еліңіз бен халқыңыздың болашағы үшін жасаған барлық қамқорлығыңыз үшін Сізге зор алғысымды айтамын», делінген хатта.
Инфраќўрылым икемделіп келеді
Кеше селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында Көлік инфрақұрылымын 2020 жылға дейін дамыту жəне ықпалдастыру мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, Қазақстанның көлік-логистикалық жүйесін дамыту мəселелері талқыланды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Отырысқа төрағалық еткен Премьер-Министр Серік Ахметов өз сөзінде бұл бағдарлама Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында айтылған міндеттердің бірі екендігін атай келе, құрылыс бойынша шараларға, қазіргі инфрақұрылымдық нысандарды жетілдіру жəне кеңейтуге баса назар аударды. Ал құжаттың жалпы мазмұнын Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев баяндады. Министрдің мəлімдеуінше, бағдарламаны жүзеге асыру 2020 жылға қарай
транзиттік тасымалдауды 2 есеге арттыруға, көлік инфрақұрылымын халықаралық көлік жүйесіне ықпалдастыруды қамтамасыз етуге, өңірлерде жергілікті көлік инфрақұрылымын дамытуға мүмкіндік береді. А.Жұмағалиев, сондай-ақ, бүгінде Дүниежүзілік банкпен бірге логистиканы дамыту деңгейінің өсуі бойынша Ісшаралар жоспарының əзірленіп жатқанын айтып, бұл 2020 жылға қарай логистика тиімділігі индексі бойынша Дүниежүзілік банк рейтингінде 40-шы орынға жетуге мүмкіндік беретінін жеткізді. (Соңы 2-бетте).
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Қайрат Қожамжаров пен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы Сəкен Жасұзақов қатысты. Қорғаныс министрі Мемлекет
басшы сын Қазақстан армиясының əскери дайындығын арттыру, техникалық жарақ тандырылуын жақсарту жөнінде қабылданған шаралар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Қарулы Күштерді одан əрі реформалау жолдары қарас тырылды. Мобилизациялық
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы «Ќазаќстан Республикасындаєы кəсіптік жəне ґзге де мерекелер туралы» Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ 1998 жылєы 20 ќаѕтардаєы №3827 Жарлыєына ґзгеріс пен толыќтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сəйкес қаулы етемін: 1. «Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 1, 1-құжат; 2003 ж., № 44, 469-құжат; 2007 ж., № 18, 197-құжат; 2008 ж., № 23, 212-құжат; 2009 ж., № 32, 293-құжат; 2011 ж., № 58, 822-құжат; 2012 ж., № 68, 977-құжат; 2013 ж., № 19, 316-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кəсіптік жəне өзге
де мерекелердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын: «3-1. Мəдениет жəне өнер қызметкерлерінің күні – 21 мамыр»; 25-тармақ алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын: «26-1. Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі». 2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 қараша. № 698
Ўсынымдар əзірленіп, тапсырмалар берілді
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рəміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Отырыста Төтенше жағдайлар министрінің, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының, Алматы облысы мен Батыс Қазақстан облысы əкімдерінің мемлекеттік
рəміздерді пайдалану саласындағы қызметі, сондай-ақ, орын алған кемшіліктерді жою шаралары туралы есептері тыңдалды. Комиссия мүшелеріне Қазақстанның
резерв тер ді жасақтау жəне қысқа мерзімді əскери қызметтің сапасын арттыру мəселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындаєы ќылмыстыќ істер бойынша ґзара ќўќыќтыќ кґмек туралы шартты ратификациялау туралы
2013 жылғы 6 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Чех Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 25 қараша. №145-V ҚРЗ
бірқатар облыстарындағы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мемлекеттік рəміздерді пайдалану стандарттарын сақтауы бойынша жүргізілген мониторинг нəтижелері ұсынылды. Тексеру нəтижесі мемлекеттік ту, елтаңба жəне əнұранды орналастыру мен ауыстыру ережелерінің бұзылуы, сондайақ, орнатылған мемлекеттік рəміздердің техникалық жəне басқа да талаптарға сай келмеуі фактілерін анықтап берді. Талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар əзірленіп, нақты тапсырмалар берілді.
Əзірше Қытайдағы жекедара авианосец болып табылатын «Ляонин» ұзақ мерзімді сапарға аттанды. Корабль Шаньдун провинциясындағы Циндао жағалауынан шығып, Оңтүстік-Қытай теңізін бетке алған. Ұзақ мерзімді сапары барысында авианосец алғаш рет екі теңізді: Сары жəне Шығыс-Қытай теңіздерін кесіп өтпек. Осылайша кеменің құрал-жабдықтары тексерістен өткізілмек екен. АҚШ-тың ең үлкен мегаполисі – Нью-Йорк қаласында Санта-Клаустардың дəстүрлі шерулері өтпейтін болды. Дəстүрлі шерулер барысында қайырымдылық мақсатында қаржы жиналатын. Волонтерлер ұйымының вице-президенті Рейчел Вайнштейннің сөзіне қарағанда, бүгінде СантаКлаустар ақша жинаудың тиімді тəсілі болып табылмайды. Себебі, соңғы жылдары жомарт америкалықтар қатары айтарлықтай сиреп кетсе керек. Американың GQ журналы ықпалы кері сипаттағы атақты адамдардың тізімін жасады. Антирейтингке өздерінің танымалдығын теріс пиғылда пайдалануға əрекеттенген актерлер, попжұлдыздар, спортшылар мен саясаткерлер енген. Үстіміздегі жылы бұл тізімді бұрынғы баскетболшы Деннис Родман бастап тұрса, АҚШ президенті Барак Обама да назардан тыс қалмапты. 17-орындағы оған істен гөрі сөзге көп мəн беретін «көкмылжың» президент ретінде аталған тізімнен орын тиіпті. Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.