27112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№232 (28455) 27 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Өңір өмірі

Жаѕарєан, жасарєан Оѕтїстік Елбасыныѕ тапсырмаларын мїлтіксіз орындап келеді Бақтияр ТАЙЖАН,

Адам жақсы өмірге тез бейімделеді жəне бұрынғы қиындықтарды тез ұмытады білемін. Ташкенді ертеден «нанды қала» дейді. Онымен қоңсы Шымкент те нанды қала. Тəуліктің қай мезгілінде келсеңіз де есігі ашық мейрамхана, кафе, асхана табасыз. Сексеуіл отына майы шыжғырылған кəуап, тандыр пеште иісі мұрынды жарып пісіп жатқан нан, сөлі сорғалаған самса. Тоқшылық иісі бұрқыраған ауаның өзі тойдырардай. Бір қызығы, өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары шымкенттіктер күтетін қонағын сыртқа ала жөнелуге тырысатын. Сайрам барсаң Ақсу өзенінің үстінен бойлай салынған «Диірмен», Төле би барсаң жол айырығындағы «Зигзаг» кафесі. Ордабасы ауданы бағытына шықсаң «Коммунизм жолы» деген елді мекен болды. Коммунизм десе баяғыда айта беретіндей «сен же, мен же» – көше бойы дəмхана. Қазір шымкенттіктер бұрынғының бəрін ұмытты. «Коммунизмге» сол жердің тұрғындары мен ұзын жолдың үстіндегілер болмаса өзін-өзі сыйлайтын жұрт бара бермейді. Шымкентіңізде АҚШ-тың президентін күтемін десеңіз де еш ұялмай апара беретіндей мейрамханалар жыртылып айырылады. (Соңы 9-бетте).

Елбасыныѕ апталыќ кестесі

Күн тəртібіндегі «2004 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша Инвестициялар жəне

Əлеуметтік саясаттыѕ тиімділігі жоєары

аумағы арқылы ең қысқа жолмен жүк тасымалын қамтамасыз ететін болады. 5 желтоқсанда Француз Рес пуб лика сының Президенті Франсуа Олланд рес ми сапармен Қазақ станға ке леді. Екі жақты кездесулер аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың 2012 жылы Францияға барған сапарында жасалған уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы қаралып, өзара ынтымақтастықты нығайту мəселелері талқыланады.

Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Беларусьпен арадағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу мəселесі қаралды. Сондай-ақ, палата ТМД шеңберінде құпия ақпаратты қорғау келісімін ратификациялауды да талқыға салды. «Егемен Қазақстан».

● Президент поштасынан

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қостанай облысындағы Қашар кентінің тұрғыны Мария Костинадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Тасымалєа тосќауыл ќойылмайды

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,

● Сүйінші!

Сана сілкіндірген сара сґз Ел газеті «Егемен Қазақстан» ел өміріндегі елеулі оқиғаларға тақырыптық жинақтар арнау дəстүрін жалғастырып келеді. Бұған дейін шыққан «Елбасы», «Тəуелсіздік», «Салтанат», «Астана», «Дінтұтқа», «Олжалы отызыншы Олимпиада» кітаптарының қатарына таяуда тағы бір бағалы басылым қосылды. Ол – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлытаудағы сұхбатына үн қосқан толғаныстардан құрастырылған «Ұлт ұясындағы ұлағат» атты кітап. Бүгін, 27 қарашада Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада осы жинақтың тұсаукесер рəсімі өткізіледі. Оқырман назарына жинаққа жазылған алғысөзді ұсынып отырмыз.

«Егемен Қазақстан».

Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаты суымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы туралы хабарлады. 1 желтоқсанда Тұң ғыш Пре зи дент күніне арналған мерекелік шаралар аясында Мемлекет басшысының байрағын салтанатты түрде көтеру жəне Мемлекеттік күзет қызметінің туын тапсыру рəсімі өтеді. Сондай-ақ, Қазақстан Пре зи денті сол күні жаңажылдық Бас шыршаның шы рағын жағу рə сіміне қатысады деп күтілуде. 2 желтоқсанға Мемлекет басшысының Түрікменстанға ресми сапары жоспарланған. Оның аясында сол елдің басшылығымен келіссөздер өтеді. 3 желтоқсанда Ел басы Қа зақ стан, Түрікменстан жəне Иран аумағы арқылы өтетін «Өзен – Берекет – Гөрган» халықаралық теміржол магистралінің ашылуына қатысады. Бұл теміржол аталған елдердің

Ел мен жер киесі 5-бет Жалєан дəрі-дəрмектерді ќалай аныќтауєа болады? 6-бет «Періште» сыйлаєан лазер 9-бет Ерлікке лайыќ ерен баєа 12-бет

даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек баяндап берді. Оның айтуынша, Беларусь Республикасы халықаралық автомобиль тасымалдары саласында Қазақстан үшін өте маңызды. Еуропаға өтетін транзиттің 75 пайызы Беларусь аумағы арқылы жасалады. Яғни, 12 мың тасымалдың 9 мыңы осы ел аумағы арқылы өтеді. (Соңы 6-бетте).

Автор өз хатында Мемлекет басшысына елдің денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келе жатқаны үшін ризашылығын білдіріп, соның арқасында қазақстандықтарға өз Отанында білікті медициналық көмек алу мүмкіндігі туғанын айтады. М.Костина, сондай-ақ, елдің əл-ауқаты артып келе жатқанына жəне халықтың барлық топтарын қолдауға бағытталған мемлекеттік əлеуметтік саясаттың

тиімділігіне де назар аударған. Сонымен қатар, автор Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделін атай отырып, соның арқасында еліміз дүниежүзінде құрмет пен танымалдылыққа ие болып отырғанын атап көрсеткен. Соңында М.Костина Нұрсұлтан Назарбаевқа денсаулық тілеп, жауапты лауазымында табысты болуына, Қазақстан халқына лайықты қызмет ете беруіне тілектестігін білдірген.

Мемлекеттік рəміздер – Тəуелсіздік символдары

Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықова Мемлекеттік рəміздер жөніндегі республикалық комиссияның үстіміздегі жылғы соңғы отырысын өткізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Отанымызды құрметтеу Мемлекеттік рəміздерге деген құрметтен басталатыны белгілі, деп бастады өзінің кіріспе сөзін Мемлекеттік хатшы. Сондықтан біздің комиссиямыз рəміздерді қолдану талаптарының сақталуын, осы саладағы техникалық талаптардың орындалу барысын қадағалайды. Бүгін екі министрліктің осы мəселе бойынша жұмысын қарастырамыз, деді Г.Əбдіқалықова. Айта кететін жайт, Мемлекеттік рəміз дер – мемлекеттің тəуелсіздігін

білдіретін символикалық айырым белгі лері. Мемлекеттік рəміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жан сыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін өзі түйсінуі көрініс береді. Мемлекеттік рəміздер тəуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мəртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рəміздерді қастерлеуді парыз етеді. (Соңы 6-бетте).

«НЎРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАЌЌА БАСТАР ЖОЛ»

Астанада Саясаттанушылар конгресі бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеуде. Оның бүкіл əлем бойынша көптеген əріптестері бар. Жəне қысқа мерзім ішінде Конгресc шеңберінде біздің еліміздің дамуының кең көлемді мəселелерін үнемі талқылап отыратын Қазақстан достарының клубы қалыптасты. 2014 жылғы 25 қарашада Астанада жалпыұлттық тарихи даталар: 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне жəне 16 желтоқсан – Тəуелсіздік күніне арналған халықаралық сарапшылардың дөңгелек үстелі өтті. Сарапшылар сондай-ақ, Президент

Н.Ə.На зарбаевтың «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясатын Қазақстанның əлем нің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу жөніндегі стратегиялық мақсатына қол жеткізу мəтінінде талдады. Дөңгелек үстел барысында VOX POPULI ғылыми-зерттеу орталығының президенті, профессортүркітанушы Эрмано Визинтайнер (Италия), Австрия Ұлттық қорғаныс академиясының аға ғылыми қызметкері Мартин Малек, Дж.Неру атындағы университеттің Ресей жəне Орталық Азия елдерін зерттеу орталығының төрағасы Моханти

Арун (Үндістан), саясаттанушы, Ұлттық стратегия институтының халықаралық жобалар бойынша директоры Юрий Солозобов (Ресей Федерациясы), Шығысеуропалық зерттеулер институтының сарапшысы Владислав Соколовский (Польша), Жоғары геосаяси зерттеулер жəне аралас ғылымдар институтының президенті Тиберио Грациани (Италия), Ақпараттар жəне саяси талдау орталығының президенті Хуман Садри (АҚШ) сияқты белгілі ғалымдар сөз сөйледі. –––––––––––––––––––––– Дөңгелек үстелге қатысушылардың пікірлерін 2-3-беттерден оқисыздар.

«Ел басқарған адамға қойылар басты талаптың, тіпті басты шарттың бірі – ойшылдық. Ой оңды болмайынша, іс оңды болмайды. Назарбаевты əлемдік ауқымдағы саңлақ саясаткер ретінде танытып отырған факторлардың бірі де ойшылдығында жатыр» – 2003 жылы «Президент сыйлығының лауреаттары» сериясымен жарық көрген «Елдік сыны» атты кітабымызда осылай жазған екенбіз. Одан бергі бір мүшелдей уақыт ішінде газет басшысы ретінде Елбасының ондаған еңбектерін, жүздеген сөздерін бас басылым бетінде алдымен жариялауға, олардың орыс тілінде айтылған тұстарын аударуға араластық, журналист ретінде Президент пырағына мінгесіп, талай елге бардық, дүйім дүниенің додаларына түскенін көрдік, жаһандық жиындарда жарқылдай сөйлегенін тыңдадық. Кейінгі жылдарда Нұрсұлтан Назарбаевтың танымал ғалым, қоғам қайраткері Махмұт Қасымбековтің жетекшілігімен жарық көріп жатқан қалың-қалың тоғыз томнан тұратын таңдамалы сөздерінің қазақша басылымының арнаулы редакторлығына бекітіліп, шамамен алты мың беттей мəтіннің аудармаларын түзеу, жетілдіру, сөйлем-сөйлемімен салыстыру, сөзсөзімен тексеру барысында Президенттің ширек ғасыр уақыт аралығындағы ойтолғаныстарына бұрынғыдан да қаныға түстік, еліміздің мына дүбірлі дүниеде, əлем-жəлем əлемде əуелде танылуының, одан кейін мойындалуының, бара-бара құрметтелуінің ең басты себептерінің бірі қолға алғанның бəрін жүйелі оймен, жолымен, жөнімен жүзеге асыратын сарабдал санада жатқанына көз жеткізе түстік. Оған мысалды жүз-жүздеп келтіре беруге болады. 1992 жылдың жазынан (ол кезде Президент Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болатынбыз) қат-қабат бір шаруаға кірістік те кеттік. Ол шаруа – Елбасының ұсынысы бойынша Дүниежүзі қазақтарының құрылтайын ұйымдастыру еді. Құрылтайға қатысты дайындалған қызметтік қағаздардың бірінің шекесіне Президенттің өз қолымен қиғаштатып: «Келген ағайынды елмен таныстыру керек. Түркістанға, Ұлытауға алып бару дұрыс болады. Түркістан – діннің киесі, Ұлытау – елдің киесі» деп жазғаны есте. Кейіннен дəл солай ұйымдастырылды да. Екі бағытқа аттанған қандастарымыз да ерекше толқып, тебіреніп, разы көңілмен қайтты. «Хабар» арнасынан Елбасының Ұлытау төріндегі сұхбаты беріле бастаған алғашқы сəттерде дəл сол сөз – «Ұлытау – елдің киесі» деген сөз санаға сарт ете қалған еді. Ə дегеннен-ақ «Мына өзіміз келіп отырған Ұлытау – өте қасиетті жер» деп бастап, «Қазақстанда осындай қасиетті жерлер көп. Дегенмен, Ұлытаудың орны бір басқа» деп жалғастырып, ең биігі 1100 метрден аспайтын таудың алабөтен ардақталып, Ұлытау аталуының сырын ұғындырып, «Қазақстанның кіндік ортасының» елді біріктірудегі, бар қазақты бір тудың астына жинаудағы қасиетін тереңнен тартып түсіндірген Президент айналасы жарты сағаттық сұхбаттың барысында əлемдік саясаттың, ел экономикасының қатпарқатпар қыртыстарын қопара қозғады, діннің, тілдің, тарихтың, дəстүрдің қилықилы мəселелерінің мəнісін ашты. Мысалы, «Тілдің өз қасиеті бар. Тіл жоғалатын болса, сол қасиет те жоғалады» деп тілдің адам өміріндегі, қоғам өміріндегі орнын айшықтады. Əйтпесе, «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады» деген сөздің мəніне үңіліп көрейікші. Расында да, өзін бақытты сезіне алмайтын адамның бақытты болуы əсте мүмкін емес. Бізге бұрынырақта берген бір сұхбатында Елбасымыз: «Бақыт бағасын білгеннің ғана басында тұрады» деп те айтқан еді. Нұрсұлтан Əбішұлы Ұлытау сұхбатында көптің көңілін күпті етіп жүрген күрделі жайлардың да түйінін аз сөзбен тарқатып, қолмен қойғандай түсіндіріп өтті. «Түсінгісі келмейтін адам бəрібір ұқпайды» дегенді қосып қоюды да ұмытқан жоқ. Ал түсінгісі келген адам идеясын о баста Елбасымыздың өзі ұсынған Еуразиялық экономикалық одақ біздің

мына жаһандасқан, жанталасқан, жағаласа жарысқан замандағы жүрер жалғыз жолымыз екенін түсінді. «17 миллион халықты қамтамасыз етіп болғаннан кейін ары қарай қалай өсеміз? Егер біздің шығарған тауарларымызды біреу сатып алмаса, ол қоймада тұрып қалады. Ол сатылмағаннан кейін зауыт тоқтайды. Зауытта істейтін жұмысшының бəрі жұмыстан босайды. Жалақысынан айырылады. Бала-шағасын асырай алмай, босып кетеді. Сондықтан жақын көршілермен экономикалық қарымқатынас жасау маңдайымызға жазылған нəрсе. Мұны ешкім шекесі қызғаннан жасамайды. Мүмкіндігіміз осындай, басқа амалымыз жоқ. Сондықтан, экономикалық одақ құрдық. Саяси емес, экономикалық одақ. Бұл – дұрыс. Мен бұған зерттепбіліп, шын көңілмен барып отырмын» деп тұрып, соқырға таяқ ұстатқандай етіп, өте қарапайым ұғымдармен, өте қарапайым сөздермен айтты. Президент сұхбаты халықтың бойындағы əлеуметтік оптимизм рухын бұрынғыдан да биіктетіп беруімен де бағалы. «Қазақстанның болашағы өте жарқын! Біздің балаларымыз бен немерелеріміз бұдан да керемет елде өмір сүреді деп ойлаймын». «Заман өтеді, уақыт алға жылжиды. Ұрпақтар бірінің жолын бірі жалғайды. Бірақ ата-бабамыздың жері осылай болып қала береді. Осындай əулиелі жерден қуат алған халқымыз ата-бабалар жолымен жүреді деп санаймын. Ол жол – сара жол, Мəңгілік Елдің жолы!» – мұндай сөздерден қай қазақ бойына қуат, ойына шуақ алмай тұра алады! Солай болғандықтан да Елбасы сұхбатындағы Ұлытаудай ұлы таудың айрықша аурасының əсерімен əдеттегіден де əсерлі естілген сөздер, елдің Президенті ретіндегі, елдің бір перзенті ретіндегі жүректен шыққан сөздер елдің жүрегіне жетті. Бұл сұхбаттың шын мəнінде сана сілкіндірер сара сөз екендігі, нағыз тарихи сөз екендігі алғашқы күндерденақ халқымыздың рухын асқақтатып ала жөнелгенінен де танылды. Сұхбат жарияланысымен «Егемен Қазақстанға» жедел жолданған пікірлердің, мақалалардың көптігі сондайлық, əуелгі бетте оларды тіпті айқарма беттерге де орналастыруға тура келді. Қатардағы оқырмандар да, ақ басты академиктер де ұлт ұясы атанған Ұлытау төріндегі тағылымды толғаныс Елбасымыздың елім деген, жерім деген, тілім деген ер көңілін, перзенттік пейілін тамаша танытатынын, мына алмағайып əлемдегі біздің алдағы өміріміздің бағытбағдарын берік белгілеп беретінін ақтарыла айтты. Біз «Егемен Қазақстанның» материалдарынан құрастырған бұл кітапта Елбасымыздың тарихи сұхбаты туралы жарияланымдарды жұртшылыққа жинақтай жеткізу мақсат етілді. Ұлытау ұлағаты жалғаса беретін болады. Сауытбек АБДРАХМАНОВ, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының президенті.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.