АҚПАРАТТАР аєыны ● Биыл еліміздегі цемент өндірісі 5 пайызға артпақшы. Қазіргі таңда Қазақстан нарығында Ресейдің цементі арзан бағада сатылып, тұтынушылардың сұранысына ие болуда. Мамандар жыл соңына дейін 800 мың тонна осындай отандық өнім өңделіп, халықтың сұранысын қанағаттандыратын болады дейді. ● Астана қаласы əкімдігінің мəлі метінше, биылғы тоғыз айда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 583 148 млн. теңгені құраған. Бұл – өткен жылдың қаңтар-қазан айларымен салыстырғанда, 18,7 пайызға артық. Инвестициялардың басым бөлігін жеке меншік нысанындағы кəсіпорындар игерген. ● Алматыда «Даму» қоры кірпіш шығаратын зауытты қайта жаңғырту үшін 25 млн. теңгеге несие берді. Кəсіпкер Д. Шаловтың айтуынша, зауыт тəулігіне 10 мың кірпіш шығарады екен. Жалпы, облыс əкімдігі мен «Даму» қоры биыл кəсіпкерлерге жеңілдетілген несие беру үшін 1 млрд. теңге бөлді. Қазіргі таңда 30-дан астам өнеркəсіп иелері өздеріне қажетті несиеге қол жеткізген. ● Шымкентте өткен агроөнер кə сіптік көрмеге əлемнің 7 елінен 70 компания қатысты. Шара аясында Қазақстан, Ресей, Германия, Италия, БАƏ, Польша, Қырғызстан секілді елдердің ірі-ірі компаниялары өз өнімін көпшілікке ұсынды. Негізінен олар агросаланың жаңа техникалары мен ауылшаруашылық өнімдерін көрсетіп, шараның жоғарғы деңгейде өтіп жатқанын мəлімдеді. ● Қызылордада ферроқорытпа зауытын салу мақсатында облыс əкімі неміс компаниясы басшылығымен келіссөз жүргізді. Басқосу аясында Қырымбек Көшербаев пен ICMD компаниясының директоры «Арнайы жəне кешенді қорытпа шығаратын ферроқорытпа зауытының құрылысы» мен «Қуаттылығы кемінде 150 МВт газтурбиналық электр стансасы» жобасын жүзеге асыру үшін үшжақты келісімге қол қойды. Зауыттың құрылысы 2016 жылы басталады. ● Батыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдарды күрделі жөндеуге 6,6 млрд. теңге жұмсалды. Бұл «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Жалпы, аталған қаржының 23 млрд. теңгесі «Орал – Тасқала – Ресей шекарасы» жо лының 100 шақырымын жаң ғыртуға бағытталған. ● Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысындағы Целиноград ауданының Оразақ ауылында бүгінгі күнге дейін 196 отбасы пəтерлі болды. Аудан əкімі Мəлғаждар Тəткеев табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындар үшін салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысы дер кезінде аяқталатындығын жеткізді.
№228 (28706) 27 ҚАРАША ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Мəн беріліп жатќан мəселелер ґзекті
Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған палата делегациясы Санкт-Петербургте ҰҚШҰ ПА жəне ТМД ПАА отырыстарына қатысуда, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.
Алғашқы күні ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесі мен ҰҚШҰ ПА 8-пленарлық отырысы өтті. Қатысушылар ҰҚШҰ, ЕҚЫҰ парламенттік бірлестіктері аясындағы жұмыстарын қорытындылады. Сондай-ақ, ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер парламенттерінің күшін лаңкестік пен экстремизмге қарсы іс-қимыл шеңберінде біріктіру мəселелері талқыланды. Осыған орай, ҰҚШҰ ПА шараларына алғаш рет Пəкістан парламент өкілдері қатысты. Күн тəртібіндегі мəселелердің бірі – ҰҚШҰ ПА делегациясының электоралды науқанға байқау жүргізу мəселесіне қатысты болды. Ресей Федералдық Жиналысы Мемлекеттік Думасының Спикері, ҰҚШҰ ПА төрағасы Сергей Нарышкин электоралды үдерістердің демократиялық қағидалары ұлттық, сондай-ақ, ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі факторы екенін атап өтті. С. Нарышкин өз сөзінде парламент өкілдерінің соңғы кездесулерінен кейін Қазақстан жəне Беларусь мемлекеттері басшыларын сайлау, сондай-ақ, Қырғызстанда парламенттік сайлау сынды
бірқатар айтулы қоғамдық-саяси оқиғалардың болғанын еске салды. Сондай-ақ, ол ҰҚШҰ ПА кеңесі мүшелерінің атынан аталған қос мемлекеттің басшыларына президенттікке сайлануларына байланысты құттықтау жолдады. Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов ҰҚШҰ ПА атынан Қазақстан президентін сайлауды байқауға бағытталған миссия үшін өз ризашылығын білдіре келіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын сайлаушылардың 97,5%-ы қолдағанын, егемен Қазақстанның тарихында сайлаушылардың азаматтық ұстанымы, электоралдық белсенділіктері, елдің болашағына деген саяси елгезектігі алғаш рет осындай жоғары көрсеткішке жеткенін атап өтті. Жалпы, 8-пленарлық отырыстың күн тəртібінде 8 мəселе қамтылған. Оның ішінде, 15-і лаңкестік пен экстремизмге қарсы ісқимыл, жемқорлықпен күрес жəне алдын алу, гуманитарлық көмек көрсету салаларында ҰҚШҰ-ға мүше-мемлекеттердің ұлттық заңнамасын жақындастыру мен үндестіру жөніндегі ұсынымдар жобасы болып табылады. (Соңы 2-бетте).
Маќсат – елдік дəстїрімізді кґрсету Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықова халықаралық ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесі аясындағы мəдени бағдарламаны дайындау жəне өткізу мəселелеріне арналған кеңеске қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына Мəдениет жəне спорт министрлігі, Астана қаласы əкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ өкілдері қатысты. Мемлекеттік хатшы өз сөзінде халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесінің басты мақсатының бірі – еліміздің жаңа ғылыми-техникалық жетістіктері мен жаһандық ауқымдағы даму перспективаларын кеңінен көрсетумен қатар, Қазақстанның басты байлығы – бірегей мəдениет пен көпұлтты халқымыздың дəстүрін насихаттау екенін атап көрсетті. Кеңесте мəдениет жəне спорт вице-министрі Ғ.Ахмедияровтың, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ə.Пірметовтің ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу аясын да ғы мəдени бағдарламаны дайындау жəне ұйымдастыру барысы туралы ақпараттары тыңдалды. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Мəдениет жəне спорт министрлігі мен «Ас тана ЭКСПО-2017» ҰК» акционер лік қоғамы бірлесе отырып, Қазақстанның тарихын, мəдениетін жəне дəстүрін паш
ететін мəдени-көрністік ісшараларды қамтитын кешенді бағдарлама əзірледі. Кешенді бағдарлама жобасында Ұлы Дала елінің мəдениет пен өнердегі жетістіктерін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі жанрлық бағыттарды қамтитын республикалық жəне өңірлік озық шығармашылық ұжымдардың, мəдениет ұйымдарының, сондай-ақ, Қазақстанның өнер шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен мəдени іс-шаралар өткізу көзделген. ЭКСПО-2017 көрмесінің өтуі барысында түрлі санаттағы қонақтар, əсіресе, алыс жəне жа қын шетелдерден келушілер қазақтың мəдениетімен, бірінші кезекте оның дəстүрімен танысуға қызығушылық таныта ды. Осылайша, қазақ халқы ның дəстүрлі мəдениеті Қазақ станның жағымды бейнесін қалыптастыруға жəне еліміздің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған имидждік жобаға айналады. Мемлекеттік хатшы кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.
● Өзгеріс өлшемі – өндіріс
Бірегей жоба Айналдырған екі жылдан астам уақытта қала іргесінен бой көтерген Ақтөбе рельс арқалығы зауыты өңірдің экономикалық қуаттылығын айқын аңғартты. Кəсіпорын қазақ темір жолы тарихындағы ең ірі жобалардың бірі болып саналады. Оның құрылысы 2013 жылдың сəуір айында басталған болатын. Зауыт жылына 430 мың тонна прокат, оның ішінде 200 мың тонна рельс жəне 230 мың тонна ірі сортты прокат өнімдерін шығаратын болады. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
– 2013 жылдың сəуір айында ауқымды жобаның құрылысын бастап кеттік. Бұл зауытта инновациялық термотөзімді, ұзындығы 120 метр жоғары сапалы рельс шығарылады. Өнім жоғары жылдамдықпен жəне қозғалысы көп желілерге қолданылатын болады. Рельстің ұзын болуы мұндағы дəнекерлеу арқылы жалғау жұмыстарын азайтады əрі қауіпсіздікті күшейтеді. Мұндағы құрал-жабдықтардың барлығы «Siemens» сияқты əлемдегі көшбасшы компаниялардың қондырғылары, – дейді Ақтөбе рельс арқалығы зауытының бас директоры Андрей Кузьмин. Индустрияландыру картасына сəйкес жобаның инфрақұрылымдық желілері мен жарақтандырылуына облыстық əкімдік қолдау көрсеткен. Яғни, газ, су жəне канализация құбырларын тарту, зауыттың теміржол арқылы өтетін автожолы, 22 шақырым электр желісі осы бағдарлама аясында жүргізілген. Сондай-ақ, жоба аясында зауытқа №39 Қызғалдақты разьезінен теміржол тартылып, жүкті тиеу - түсіру базасы салынды. Қоймалар, өрт сөндіру депосын, электр стансаларын
forbes.kz
салу жобаны жүзеге асырумен қанаттас жүргізілді, қуаты 40 мегаватт электр стансаның құрылысмонтаж жұмыстары аяқталды. Болашақта болат балқыту кəсіпорны салынбақ. Жалпы, бұл кəсіпорын рельс арқалықтарын шығаруға қажетті шикізатты болат темірді балқытудан бастап дайын өнім – рельс жəне ірі сортты прокат шығарудың тасқынды өндірістік желісін қалыптастыруға бағыт ұстауда. – Бұл жоба мейлінше экологиялық залалсыз «жасыл» экономика болып табылады. Біздің өндірістік алаңдарымыздан ешқандай майлы шайындылар жер үстіне жəне канализацияға ақпайды. Барлық өндірістік қалдықтар құрғатылып жиналады. Оның да экологиялық зияны жоқ. Кальций тұздарын мұз қатқан жолдарға себуге, қатты қалдықтарды жол құрылысына пайдалануға болады.
Кеше Астанада Қазақстан саясаттанушылар конгресі Сарапшылар клубының «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың бастамаларын зерттеу» деген тақырыпта төртінші отырысы болып өтті. Ғылымисарапшылық кездесу Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналды.
Зерттеу таќырыбы – Елбасы бастамалары Шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі мен Л.Н.Гумилев атын дағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтану кафедрасы қолдау көрсетсе, оған республикалық «Саясаттанушылар конгресі» қоғамдық бірлестігі
бастамашылық танытты. Сарапшылар клубының жұмысына қазақстандық саясаттанушылар мен əлеуметтанушылар, сондай-ақ, Түркия мен Қырғызстаннан, Беларусь пен Армениядан жəне Ресейден ғалымдар қатысты. (Соңы 2-бетте).
Ал, пештерден ауаға тарайтын заттардың экологиялық жағдайға əсері онша емес, – деп сендіреді Андрей Кузьмин. Ақтөбе рельс арқалығы зауытында өткен рельс шығарудың өндірістік үдерісінің таныстырылымында Əзербайжанға, Беларуське, Грузияға, Өзбекстанға, Қырғызстанға жəне Тəжікстанға теміржол рельстерін жеткізуге алдын ала келісімге
қол жеткізілді. Аталған елдердің теміржол əкімшіліктері əріптестік туралы меморандумға қол қойды. Сондай-ақ, шараға қатысушылар, қазақстандық экспортты қолдау бағдарламасы аясында «Бəйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Қазақстан даму банкі» АҚ жасаған қаржыландару шарттарымен танысты.
Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
(Соңы 2-бетте).
Ізгілікпен їндескен кездесу Еліміздің барлық өңірінде, Астана жəне Алматы қалаларында Қазақстан халқы Ассамблеясының Тұңғыш Президент күніне арналған «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы басталған болатын. Кеше Парламент Мəжілісінде аталған акция аясында Парламент депутаттарының қайырымдылық қорлары, меценаттар мен донорлар өкілдерімен кездесуі болып өтті.
Н қ
А а
Қ д
Т а
Ы м
Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Аталған шараға Мəжіліс Төрағасының орынбасары Абай Тасболатов пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов жəне Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының жетекшісі Жұматай Əлиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сон дай-ақ, оған Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған Мəжіліс депутаттары, ҚХА мүшелері, қайырымдылық қорларының жетекшілері, Ұлттық кəсіпкерлер палатасының, Тұңғыш Президент қорының, бизнес құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. (Соңы 4-бетте).
ФОРУМ ҐТЕДІ
Үстіміздегі жылғы 27 қарашада Ақтөбе қаласындағы «Салтанат сарайы» мəдениет орталығында «AKTOBE INVEST-2015» – «Экономикалық ынтымақтастықтың жаңа Жібек жолы» халықаралық инвестициялық форумы өткізіледі. Форумның мақсаты – Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, сонымен қатар, экономиканың нақты секторына инвесторларды тарту. Форумға ҚР салалық министрлері, РФ Орынбор облысының губернаторы, ұлттық компаниялар мен қаржылық институттар жəне шетелдердің бизнес құрылымдарының өкілдері қатысады. Форум жергілікті уақытпен 09.00 сағатта басталады.