АҚПАРАТТАР аєыны №283 (28222) 27 ЖЕЛТОҚСАН ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Ел тынысы: мың бір мысал
Тїркістан – ќазаќстандыќ газды тўтына бастаєан алєашќы ќала
Алда аса ауќымды міндеттер тўр
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында Жоғарғы Сот судьяларын босату жəне сайлау мəселесі қаралды. Сондайақ, депутаттар назарына Кеден одағына, мемлекеттік сатып алуға, пирамидалар қызметіне, агроөнеркəсіп кешеніне, Қырғызстанда мектеп салуға жəне сəулет қызметіне қатысты заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Отырысты сөз сөйлеп ашқан Төраға əуелі палатаның атқарған жұмыстарына жəне алдағы міндеттерге тоқталды. Жыл басынан бері Сенат депутаттары халқымыздың əл-ауқатын одан əрі жақсартуға бағытталған жəне Елбасының стратегиялық бағдар ламаларын жүзеге асыруды көздейтін 90-нан астам заң жо басын қарап, қабылдапты. Олардың ішінде индустриялықинновациялық бағдарламаны орындауға, кəсіпкерлікті қолдауға жəне жаңартылатын энергия көздерін қолдануды дамытуға қатысты заңдық құжаттар бар. Сондай-ақ, мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіруге, əлеуметтік қамсыздандыруға, терроризмге қарсы іс-қимыл мəселелеріне жəне бірқатар халықаралық шарттарды ратифи кация лауға арналған заң жобалары да қолдау тапқан. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Өткен аптада киелі Түркістан қаласының бір бөлігіне алғашқы рет табиғи газ берілді. «Қаз Транс Газ» АҚ бас директоры Серік Сұлтанғали: «Осы сəтті Түркістан қаласының 240 мыңдай тұрғыны 50 жылдан астам уақыт күтті. Оңтүстік Қазақстан облысын газдандыру жұмыстары өткен ғасырдың 60-жылдарынан басталған екен. Бірақ Түркістан өңірін газдандыру ісі кеңестік кезеңнің өзінде де шешімін тапқан жоқ», деп атап өтті. Сонымен, еліміздің батысынан тартылған қазақстандық газды тұтына бастаған оңтүстіктегі алғашқы қала – киелі Түркістан. Бұл жерде көгілдір отынды тұтынудың болжам көлемі – жылына 92 млн. текше метрді құрап отыр. Жоба толық жүзеге асқан кезде жақын маңдағы елді мекендерді де газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ іске асырған инвестициялық жоба бойынша 22 шақырым
жоғары қысымды газ құбыры, 1 автоматты газ тарату стансасы мен 2 газ реттеу пункті салынды. Бұл құбырға газ қыркүйекте пайдалануға берілген «Бейнеу–Бозой–Шымкент» маг и ст р ал ь д і г аз құ б ыр ы н ан кел е д і . Түркістанда көгілдір отынның əлеуетті тұтынушылары санатына 40,2 мың тұрғын үй жəне көпқабатты тұрғын үйлердегі пəтерлер, 384 коммуналдық-тұрмыстық кəсіпорындар (дəріханалар, дүкендер жəне т.б.), 19 емхана, 19 балабақша, 60 мектеп, 215 мемлекеттік мекеме, 70 өнеркəсіптік кəсіпорын кіріп отыр. Түркістан қаласын газдандыру жөніндегі жобаны орындау үлкен экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени маңызға ие. Қала тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы ірі туристік жəне мінəжаттық орталық, рухани астана болып саналады. Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Киелі Түркістанға жыл сайын бір миллионнан астам адам тəу етіп, сапарлап қайтады. «Аталған жоба газбен жаб дық таудың
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 26 желтоқсан
№1403
Астана, Үкімет Үйі
2014 жылєы 1 ќаѕтардан бастап уəкілетті ўйымнан тґленетін зейнетаќы тґлемдерініѕ мґлшерін арттыру туралы
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы ның Заңы 4-бабының 3-тармағына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап уəкілетті ұйымнан төленетін 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерін 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнетақы алатын, зейнеткерлік жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтарына, əскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарының арнаулы атақтар, сыныптық шендер берілген қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу жəне нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамдарға алатын зейнетақы төлемдерінің мөлшерінен тоғыз пайызға арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2013 жылғы 26 желтоқсан
№1405
Астана, Үкімет Үйі
Мемлекеттік əлеуметтік саќтандыру ќорынан тґленетін əлеуметтік тґлемдердіѕ мґлшерін 2014 жылєы 1 ќаѕтардан бастап арттыру туралы
«Міндетті əлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сəуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 4) тармақшасына сəйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «2014 жылғы 1 қаңтарға əлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын адамдарға Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалту жəне асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған əлеуметтік төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жеті пайызға арттыру жүргізілсін. 2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан қолданысқа енгізіледі жəне ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.
аймақтық схемасына қосылған жəне оны орындау кіші жəне орта бизнестің жергілікті кəсіпорындарын дамытуға қосымша мүмкіндік беретіні сөзсіз жəне түркістандықтардың өмір сүру деңгейін жақсартуға үлкен үлес қосады», деп атап өтті Серік Сұлтанғалиұлы. Түркістан қаласын газдандыру жобасын оңтүстік жұртына ауқымды да тындырымды жұмыстарымен танымал «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың бас директоры Қ.Шəріпбаев 2011 жылдың күзінде таныстырып, ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары бастаған үкіметтік делегация жобаны қолдаған болатын. Енді түркістандықтарға сол кезде берілген уəде нақты іске айналып, үдеден шықты. Яғни, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бастамасымен жасалған жоба газбен жабдықтаудың ай мақ тық схемасына қосылып, «Бейнеу– Бозой–Шымкент» магистральді газ құбыры іске қосылғаннан кейін нақты жүзеге асырылып отыр. Оңтүстік Қазақстан облысы.
ЭКСПО-єа əзірлік жўмыстары ќаралды
Кеше Үкімет Үйінде Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне əзірлену мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысы болып өтті.
Отырыста «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Талғат Ермегияев, Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев, Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров, Астана қаласы əкімінің орынбасары Сергей Хорошунның есептері тыңдалды. Премьер-Министр аталған мəселеге қатысты Елбасының ЭКСПО-ға əзірлік пен оны өткізу шараларын Ұлттық жоспарға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға ерекше назар аударды. Бұл шаралар барынша экономикалық тиімділік беруі тиіс.
Отырыс барысында «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ директорлар кеңесі мен басқармасының жұмыс жоспары, көрме нысандарының құрылысы мен инфрақұрылымдарын салу мен дамыту жөніндегі жұмыс штабтарының қызметі талқыланды. Үкімет басшысы халықаралық көрмеге əзірлік жəне өткізу жұмыстарын тиянақты да сапалы жүргізу қажеттігін тағы бір еске сала отырып, мүдделі мемлекеттік органдарға, ұлттық холдингтер мен компанияларға бірқатар тапсырмалар берді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.
2-бет
Аталарымыз армандап ґткен жол
9-бет
(Соңы 2-бетте).
Елшімен екіжаќты əѕгіме
Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Анатолий Ничкасовты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың ауқымды мəселелерін талқылай келіп, Қазақстан мен Беларусь, əсіресе, Кеден одағы аясында етене ынтымақ орнатқан сенімді саяси жəне экономикалық əріптес елдер екенін сөз етті. Сұхбаттастардың пікірінше, екі мемлекет президенттері Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенконың маңызды кездесулері екіжақты байланыстарды одан əрі нығайтуға айрықша ықпал етеді. Мəжіліс қызметіне тоқталған Н.Нығматулин Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясын, сондай-ақ, екі ел президенттерінің интеграциялық үдерістер мен стратегиялық келісімдерін заңнамалық қамтамасыз ету жұмыстарына баса назар аударды.
А.Ничкасов Қазақстан Президентінің Еуразиялық экономи калық одақ құру жөніндегі ауқымды бастамасы барлық интеграциялық үдерістердің дамуына серпін беретінін жəне Қазақстанның барлық салада қарқынды дамып келе жатқанын, ал Елбасының G-Global сияқты, басқа да ірі жобаларының халықаралық жоғары беделге ие екенін тілге тиек етті. Өз кезегінде Мəжіліс спикері елшіні Белоруссияның 2013 жылы ТМД-ға табысты төрағалық етуімен құттықтады. Жүздесуде Қазақстан мен Беларусь арасындағы парламентаралық өзара іс-қимылды екіжақты деңгейде жəне ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ Парламентаралық ассамблеялары аясында одан əрі нығайтуға жіті көңіл бөлінді.
«Ќатар жїрген кїндерді сыйлайыќшы...» 8-бет
Анадолы асулары 10-бет
«ҚазАқпарат», Egemen. kz хабарлары бойынша дайындалды.
Жазылым – 2014 Жеделхат
«Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті С.Абдрахмановқа Біздің аудан облыстағы астықты өңір болып 2014 жылдың І жартыжылдығына «Егемен табылады. Соңғы жылдары мал шаруашылығы да Қазақстан» газетіне жазылуда мақтааралдықтар қарқынды дамып келеді. Аудан тұрғындары шағын 3686 дана межеге қол жеткізді. Жазылым əлі де жəне орта кəсіпкерлікті кеңінен игеруде. Жаңадан жалғаса беретінін хабарлаймын. өнеркəсіп орындары ашылып, жергілікті тұрғындар Еліміздің қиыр оңтүстігінде орналасқан жұмысқа орналасуда. Ауылдарда ауызсу мəселесі Мақтаарал ауданы биыл жоғары жетістіктерге қол шешіліп, жол қатынасы жақсара түсті. Бір сөзбен жеткізді. Ауданда жыл басынан бері 8 мектеп саайтқанда, халықтың тұрмысы түзеліп келеді. Соның лынса, басты дақылымыз мақтаның əр гектарынан нəтижесі болса керек, жыл өткен сайын еліміздің 30 центнерден өнім жиналды. 22,4 мың га. жерге бас басылымы – «Егемен Қазақстан» газетіне жаегілген бақша дақылдарынан да жылдағыдан мол зылушылар қатары көбейе түсуде. Алдағы жылы өнім жиналды. 760 отбасы «Егеменді» алдырып оқитын болады. Сізді жəне ұжымыңызды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Аманғали БЕРДАЛИН, Серік ТҰРБЕКОВ, Мақтаарал ауданының əкімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы.
Бїгінгі нґмірде:
Ойылдаєы оѕ ґзгерістер
көрмесін ұйымдастыру жəне өткізу мəселелері бойынша арнайы заңдар қабылданғаны да белгілі. Əсіресе, еліміздің осы жылы қол жеткізген табыстарына Парламент депутаттарының қосқан үлесі айрықша аталды. «Келесі жылда депутаттық корпустың алдында аса ауқымды міндеттер тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев индустрияландыру картасы жобаларының тұсаукесер рəсімінде шағын жəне орта бизнесті тиімді дамыту аса маңызды стра тегиялық басымдық екенін қадап айтты», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы. Сонымен қатар, Сенат Төрағасы қоғамда жекеменшік дəстүрі əлі берік еместігін, оның ұлттық негізі одан əрі жетілдіруді қажет ететінін де атап көрсетті. Бұл ретте еліміздегі экономиканың дамуына кедергі келтіріп отырған нормаларды анықтап, заңдарға дереу ревизия жүргізу керек екеніне Елбасы назар аударғандығын қаперге салды.
Алматы қаласындағы 32 тұрғын үйдің жарамсыз лифтілері ауыстырылады. Ол үшін республикалық бюджеттен 312 млн. 500 мың теңге бөлінген. Осы ша һарда негізінен 4 мыңға жуық лифті жұмыс істейді. Соның ең ескілері бұдан 35 жыл бұрын орнатылған. ПИК қызметкерлері қазір тұрғындармен келісімшартқа отырып, атқарылатын жұмысты пысықтау үстінде. «Болашақ» бағдарламасына жаңа санаттар енгізілді. Осының негізінде бұқаралық ақпарат өкілдері мен мəдениет саласының қызметкерлеріне магистр атануға мүмкіндік жасалды. Қазіргі кезде біздің жастар бұл бағдарлама бойынша əлемнің 33 елінде білім алуда. Қашаған кен орнында мұнай өндіруді жаңғырту мəселесі келер жылдың қаңтар айы ортасына қарай шешіледі. Осы жұмысты жүйелі жүргізу үшін «СамұрықҚазына» ұлттық əл-ауқат қоры» АҚ «Норт Каспиан Оперейтинг Компани» өкілдерімен келіссөздер жүргізуде. 2014 жылы «Алматы– Ташкент» халықаралық жүрдек пойызы жолға шығады. Бұдан бөлек, «Астана– Защита», «Алматы–Защита», «Алматы–Ташкент» жəне «Алматы–Ақтөбе» жүрдек пойыздарын қатарға қосу міндеті тұр. Көлік жəне коммуникация министрі Асқар Жұмағалиевтің мəлімдеуінше, жыл сайын олардың саны көбейтіліп отырады. Жоғары дəлдіктегі спутниктік навигация жүйесінің жер үсті инфрақұрылымының бірінші нысаны Ақтау айлағында іске қосылды. Бұл құрылғы мамандар тарапынан оң бағаланып отыр. Өйткені, ол Каспий теңізінің қазақстандық секторына ғылыми-іздестіру жұмысын жүргізуге мүмкіндік береді. Ақтөбе облысында алдағы мерзімде «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша 100 мың шаршы метр тұрғын үй салынады. Сондай-ақ, биыл 607 тұрғынға пəтер кілті табыс етіледі. Бұл бағдарлама жергілікті өңірде өткен жылдан бастап қолға алынған. Келер жылы «Батыс Еуропа–Батыс Қытай» халықаралық көлік дəлізінің 180 шақырымы пайдалануға беріледі. 2015 жылы оны толық іске қосу жоспарланған. Жалпы, биыл бұл бағыт бойынша облыстар аумақтарында 1853 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қызылорда қаласында алдағы жылы жаңа автобус паркі салынады. Сонымен бірге, 20 автобус сатып алу көзделуде. Осы істердің тиянақты атқарылуына 27 млн. доллар бөлінген.
* * * Зайсанның қойнауы қазынаға толы көмірі 20 жылдан бері халық игілігіне жарап келсе, биылдан бастап көгілдір газ шалғайдағы ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеуде. Оның сыртында Зайсанның мұнайы да жақын арада ел экономикасын арттыруға үлес қоспақ. Аудандағы құрылыс материалдары, ұн тарту, сүт, балық зауыттары да қалыпты ырғақпен жұмыс істеп тұр. Биылдың өзінде жаңадан 200 жұмыс орны ашылды. Міне, осындай өркенді өзгерістер туралы ел газеті «Егемен Қазақстанда» тұрақты жазылып келеді. Ауданда келер жылға 1200 адам бас басылымға жазылды. Жазылу əлі жалғасып жатыр. Алмас ОҢДАҚАНОВ, Зайсан ауданының əкімі.
Шығыс Қазақстан облысы.
Əйтеке би ауданының əкімі.
Ақтөбе облысы.
* * * Екібастұздағы «Богатырь Көмір» ЖШС 2014 жылға арналған баспасөзге жазылу науқанына белсене атсалысты. Кəсіпорынның жұмысшы, қызметкерлері 300 дана «Егемен Қазақстан» газетіне жазылды. «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукин өзі бас болып, мемлекеттік тілге қолдау көрсетуде. Осы мақсатта кəсіпорында мемлекеттік тілді дамыту жəне қолдану бөлімі ашылды. Мақсаты – қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту жəне іс-шараларды мемлекеттік тілде жүргізу. Қазақ тілін үйрену курстарына 300-ге жуық кəсіпорын қызметкерлері жазылды. Кəсіпорында «Қазақ халқының этномəдениеті кабинеті» ашылды. Бұған кəсіпорын қазынасынан едəуір қаражат бөлінді. Манар ЕРБОТИНА, мемлекеттік тілді дамыту жəне қолдану бөлімінің басшысы.
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.