28/02/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Жамбылдың белгісіз айтыстары

5-бет

«Нағыз қазақ – домбыра!»

№77 (28016) 28 АҚПАН БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

6-бет

Қаһарман қолбасшы, жылнамашы жырау 8-бет

Жасампаздық жемістері

Бала – елдіѕ болашаєы Облыс орталыєында жеткіншектерге арналєан жаѕа аурухана ашылды

Тілшіге тығыз тапсырма

Тасќын таяу. Тосќауыл ќойыла ма? Биыл еліміздің көптеген аймақтарында қар қалың түсті. Енді, міне, қыстың қаһары да кетіп, аяғы көрініп қалды. Əне-міне дегенше көктемнің жылылығы жетіп, қалың қардың көбесі сөгіледі. Оның арты бірқатар жерлерде қар көшкініне, тасқын суға да ұласатыны сөзсіз. Сонда тау, тасты, сай-саланы қуалай аққан қызыл судың қуатына қарсы тұрып, төтеп берер су бөгеттері мен тоғандары құрылыстарының қауқары қандай болмақ? Жаман айтпай жақсы жоқ деген, кенеттен орасан су тасқыны болып жатса, гидрожелі тоғандардың қауіпсіздігі сенімді ме? Міне, көңілді алаңдатқан осындай мəселелерге байланысты облыстардағы тілшілерімізге тығыз тапсырма беріліп, артынша аймақтардағы су тоғандары мен су қоймаларының қазіргі жай-күйі туралы нақты мəлімет алдық. Бүгін біз солардың бірқатарын жариялап отырмыз. (Аталмыш мəселеге орай тілшілеріміз дайындаған материалдар топтамасын 6-беттен оқи аласыздар).

Көсемəлі СƏТТІБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Бұл көпбейінді балалар ауруханасы 200 орындық. Жалпы көлемі 26492,9 шаршы метр, оның сметалық құны 4 674 миллион теңге болады. Аурухана 4 қабатты емдеу корпусы мен 2 қабатты физиобөлімнен жəне сумен емдеп, оңалтуға арналған 2 бассейннен тұрады. Сондай-ақ компьютерлік томография,

ИФА-анықтау, сандық Р-аппараты, ішкі ағзалар құрылысын тексеретін ультрадыбысты зерттеу құрылғысы, жан сақтауға арналған жабдықтар, эндоскопиялық препараттар, барлығы 156 заманауи медициналық құрылғылармен жабдықталған. 30 төсектік хирургия, 15 орындық урология, 30 науқасқа арналған нефрология мен нейрохирургия, 20 адамға арналған травмотология, лор, оңалту бөлімі секілді барлығы 9 бөлімшеден тұратын аурухананың 16

маманы биылғы жылы жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін ғылыми орталықтарда біліктіліктерін арттырып келді. Ауруханада хирургиялық ақауы бар балаларды алғашқы жəне қайтадан қабылдауға арналған «Балалар амбулаториялық хирургиясы орталығы», 25 төсектік балалар нейрохирургиясы жəне 15 орындық оңалту мен қалпына келтіру бөлімшелері жұмыс істейді. Сонымен қатар, алдағы уақытта жылына 55 мың келушіге диагностикалық

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығын ашу туралы

Қаулы етемін: 1. Кишинев қаласында (Молдова Республикасы) Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ашылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 ақпан. № 508

Еѕбек мигранттары заѕдастырылады Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында депутаттар еңбек көші-қоны, мұнай өнімдерін тасымалдау жəне шаруашылық дауларды қарау мəселелеріне құрылған заңдық құжаттарды талқыға салды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Алдымен палата Төрағасы де пу таттарға жаңа депутат – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясынан келген Серік Сейдумановты таныстырды. Ол 2006 жылдан бері Алматы қаласы əкімінің орынбасары қызметін атқарған. Бұған дейінгі атқарған қызметтеріне көз жіберсек, С.Сейдуманов Туризм жəне спорт министрінің жастар ісі жөніндегі орынбасары, Парламент аппаратының

ақпараттық-талдау орталығының директоры, Президент Əкімшілігінің Əлеуметтік-саяси бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып жұмыс істеген. Бұдан кейін «Қазақстан Респуб ликасының кейбір заң намалық актілеріне еңбек көшіқоны мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыға салған депутаттар оны мақұлдады. Заң жобасы еңбекші көшіпқо нушыларды заңдастыруға, сон дай-ақ жеке тұлғалардың

шетелдік жұмыс күшін тартуына рұқсаттар беру тəртібін оңайлату бөлігінде көші-қон үдерістерін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге бағытталған. Сондай-ақ заң жобасында шетелдік тердің елде болуы мен көші-қонды бақылау тиімділігін арттыру; сыбайлас жемқорлық жəне көші-қон заңдарын бұзушылықтарды азайту; бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту сияқты өзекті мəселелер қамтылып отыр. Депутат Еркін Шпановтың мəліметіне қарағанда, қырғызстандық еңбек мигранттарының өз елде рі не аударып отырған табысы Қырғызстан ІЖӨ-сінің 29 пайызын құрайды. Бұл банктік операцияларды тіркеудің нəтижесінде ғана мəлім болып отырған ақша көлемі, ал қолмақол жеткізілетін ақша есепке алынбаған. Тəжікстанға еңбек мигранттары тарапынан сырттан құйылатын қаржы көлемі 3 миллиард долларға жетіпті. (Соңы 4-бетте).

Мемлекеттік ќызметші тўтынушы кґѕілінен шыќса... Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан».

Кеше Мемлекеттік басқару академиясында «Қазақстан-2050» Стратегиясы ережелеріне сəйкес озық басқару шешімдерін қабылдау жəне əкімшілік реформаларды іске асыру мəселелеріне арналған халықаралық семинар өтті. Семинарды ашып, сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов: «Əкімшілік реформалардың басты

мақсаты мемлекеттік қызмет көрсету сапасының қолжетімділігін арттыру жəне азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін одан əрі нығайту болып табылады», дей келе семинарға арнайы шақырылып, дəріс оқитын Ұлыбритания Біріккен Корольдігі Премьер-министрі Кеңсесінің бұрынғы басшысы Джонатан Пауэллді көпшілікке таныстырып, шетелдік мейманға шақыруды қабыл алғаны үшін алғысын жеткізді. Жиынға Президент Əкімшілі гі мен Мемлекеттік қызмет

істері агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері, мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары, облыс əкімдіктері аппараттарының басшылары, академияның оқытушы құрамы мен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарының тыңдаушылары қатысты. (Халықаралық семинар туралы материал газеттің келесі нөмірінде жарияланатын болады).

кеңес беру мен амбулаториялық хирургия орталығы ашылмақ. Балалар ауруханасында лапароскопиялық диагностика жасау, бейне эн дос ко пиялық ота əдісі, іш перде қуысы ауруларына хирургиялық араласулар, 1 жасқа дейінгі балалардың жүйке жүйелерін обструктивті түбекше арқылы кең ауқымды рентген-диагностикалау қызметі де жасалатын болады. Жамбыл облысы.

Ґркениеттер альянсыныѕ Венадаєы форумы Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəми бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Біріккен Ұлттар Ұйымы Өркениеттер альянсының 27-28 ақпанда Венада өтіп жатқан 5-ші форумына қатысуда, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Жаһандық форум Өркениеттер альянсының аясындағы ірі шара болып табылады. Бұл форумның басты тақырыбы «Алуандық пен үнқатысудағы жауапты басқаруды қолдау» деп аталады. Форум жұмысына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, БҰҰ Бас Ассамблеясының Президенті Вук Йеремич, Австрия Президенті Хайнц Фишер, Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып

Ердоған, Катар Əмірі Шейх Хамад бин Халифа Əл-Тани, Өркениеттер альянсының қазіргі жəне жаңадан тағайындалған жоғары өкілдері Жорже Сампайо мен Насир Абдулазиз Əл-Насер, сондай-ақ дүние жүзінің беделді өкілдері қатысты. Форумның негізгі шараларынан басқа Қазақстан делегациясының басшысы екіжақты кездесулер өткізеді. Қ.Мəми сондай-ақ Сауд

Арабиясының Королі Абдалла бен Абдель Азиз атындағы Вена халықаралық дінаралық жəне мəдениетаралық үнқатысу орталығында болып, осы ұйымның Бас хатшысы Фейсал бен Абдулрахман бен Муаммармен кездесті. Сенат Төрағасы əңгіме барысында Орталықтың ашылуымен құттықтап, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің қызметі туралы баяндады. Кездесуде Съезд Хатшылығы мен Король Абдалла атындағы Орталық арасындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Өркениеттер альянсының секциялық шараларына қазақстандық делегацияның мүшелері – сенатор

Жаһандық деңгейдегі бəтуалы іске бел шеше араласқан Қазақстан елдігімізге сын болған кезекті істі абыроймен атқарды деп айтуға енді толық қақылымыз. Кеше Алматыда Иран ядролық бағдарламасына байланысты Е3/EU+3 пішініндегі халықаралық келіссөздер аяқталды. Қалай десек те, келіссөздердегі нақты ұсыныстар сөзбұйдаға салынған жоқ, ілгерілеу бар. Оның айғағы, екі тарап та сəуір айында Қазақстанда қайта кездесуге уағдаласып тарқасты.

Мəміле алаѕында ілгерілеу бар Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Əлемдік деңгейдегі мəміле алаңына айналу Қазақ елі үшін, əрине, үлкен сынақ. Төрткүл дүниенің əр шалғайындағы сұңғыла саясаткерлер, халықаралық сарапшылар сегіз айға созылған үнсіздіктен кейін Иран тарапы ымыраласатын жер үшін ең ыңғайлысы деп Қазақстанды таңдауының астарында да үлкен мəн жатыр. Əйтпесе, бұл келіссөздер қаңтардың аяғында Ыстамбұлда өтуі керек еді. Сириядағы оқиғалардан кейін Түркия мен Иран арасына сызат түскенін байқаған халықаралық қоғамдастық атынан Еуропалық Одақтың Сыртқы істер жəне қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кэтрин Эштонның келісетін жер үшін Қазақстанды ұсынуы барлық тараптың көңілінен шықты. Оның үстіне өз аймағында тыныштықтың бұзылмауына мүдделі болып отырған бізге де бұл түйткілдің бейбіт жолмен табысты шешілгені ауадай қажет екенін кім жоққа шығара алады? Халықаралық қоғамдастықта айтарлықтай бедел жинап үлгерген Қазақстанмен қарымқатынасын жақсарта түсу пайда əкелмесе, зиянын тигізбейтінін Иран да, əлбетте, түсінеді. Бұл екі ел

өз қарым-қатынасында прагматизмге сүйенетінін де сырт көз біліп отыр. Сондықтан тұрысатын жер Қазақстан болғанда ядролық бағдарламасын табандылықпен қорғап отырған Теһран өзін қай жағынан да қолайлы сезінуі тиіс еді. Солай болды да. Араағайындықта жүрген «алтылық» сияқты біздің ел де бұл Иран мəселесіне нүкте қойылып, аталған елдің халықаралық қоғамдастықпен бітімге келгенін қалайтыны айдан анық. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың желтоқсанында Иранның ядролық бағдарламасы айналасындағы мəселені тек қана дипломатиялық əдістермен шешуге шақырған болатын. Иранмен алыс-берісі үзілмеген Қазақстан да тек бейбіт мақсаттағы уран байыту жағында екенін түпкілікті мəлімдеген жəне бұл ұстанымынан тайқымақ емес. Айтқандай, 2006 жылы Қазақстан Президентінің Иран Президенті Махмұд Ахмадинежадқа жазған хатын осынау келіссөздер сөзсіз еске түсіреді. Кеңес Одағынан мұраға қалған ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан Қазақстанның ұстанымы басқа елге қарағанда құлаққа қонымды екенін кім жоққа шығара алмақ. (Соңы 2-бетте).

Əділ Ахметов пен Дін істері агенттігінің төрағасы Қайрат Лама Шəріп қатысуда. «Өркениеттер альянсын» құру туралы бастаманы 2004 жылы Испания мен Түркия көтеріп, БҰҰ Бас хатшысы тарапынан қолдау тапқан болатын. Бастама мақсаты Батыс пен мұсылман əлемінің арасындағы араздықтың өрши түсуінің алдын алу үшін халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру, діни наным-сенімдер мен өркениеттер арасындағы қайшылықтарды еңсеру, ол үшін үкіметтердің жаһандық тұрғыда тиісті шара қабылдауына қолдау білдіру болып табылады.

Ресми мəлімдеме жасады Алматыда 26-27 ақпан күндері өткен Иранның ядролық бағдарламасы бойынша «Е3/ EU + 3» пішініндегі келіссөздер Иран мен халықаралық келіссөздерге қатысушылар тобы арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға үлес қосты, делінген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми мəлімдемесінде, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Кездесу тараптардың алда тұрған мəселелерді шешу жолдарын үстіміздегі жылдың 18 наурызында Ыстамбұлда сарапшылар деңгейінде одан əрі талқылау туралы жəне келіссөздердің жоғары деңгейдегі келесі кезеңін 5-6 сəуірде Алматыда өткізу туралы уағдаластықпен аяқталды. Қазақстан келіссөздерге тікелей қатысушы болмаса да, олардың жемісті өткізілуі үшін қолайлы жағдайлар жасауға ұмтылыс танытты. Қазақстан тараптардың келіссөздерді жалғастыру туралы шешімдерін қолдай отырып, проблемаларды тек бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін атап көрсетеді жəне Қазақстан тарапының делегациялардың келесі кездесуін мəлімделген мерзімде Алматы қаласында қабылдауға дайын екенін қуаттайды, делінген ресми мəлімдемеде.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
28/02/2013 by Egemen - Issuu