28022014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Бірлігіміз берік, келісіміміз келісті

3-бет «Ќыз Жібектіѕ» оралуы 5-бет Бір митингтіѕ хикаясы 6-бет «Мґлдір бўлаќ» мґлдірлігін саќтайды 8-бет

№41 (28265) 28 АҚПАН ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н.Ə.НАЗАРБАЕВТЫЅ кəсіпкерлерді ќолдау туралы МƏЛІМДЕМЕСІ Қымбатты қазақстандықтар! Құрметті кəсіпкерлер! 27 ақпанда мен еліміздегі кə сіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жө ніндегі түбегейлі шаралар туралы Жарлыққа қол қойдым. Мен 2 сəуірден бастап, 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін шағын жəне орта бизнес субъектілеріне тексеріс жүргізуге мораторий жариялаймын. Мен қазақстандықтардың бизнес жүргізуіне қажетті жағдайды əрі қарай жақсарта түсу мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды жүктедім. Бақылау қызметі саласында: Біріншіден, жоспарлы тексеріс тəжірибесінен бас тартамыз. Мемлекеттік органдар менің Əкімшілігіммен келісе отырып, объективті, əлемдік талаптарға сай тексерістерді анықтау жүйесін əзірлейді. Бұл жүйе бойынша, 2015 жылдың 1 қаң та рынан бастап тек шынымен де заңды бұзу ықтималдығы жоғары кəсіпкерлер тексерілетін болады. Егер кəсіпкер заңның барлық талаптарын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем бармауға тиіс! Екіншіден, тексерісті жүргізу форматы кəсіпкерлерге қойылатын барлық артық талаптарды алып тастайтындай етіп, түбегейлі қайта қаралады. Нəтижесінде талаптардың жалпы саны 30 пайыздан артық мөлшерге азаяды. Ол үшін Үкімет барлық тексеріс жүргізу регламенттерін қайта қарауы қажет. Үшіншіден, тексерістерге балама ретінде үшінші тұлғаның алдында ерікті түрде сақтандыруды заң жүзінде бекіту қажет. Төртіншіден, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін жою ресімі оңайлатылады. Бұл – елдегі барша тексерулердің үштен бірі. Бесіншіден, Бас прокуратура Ұлттық кəсіпкерлер палатасына бизнеске қатысты тексерістер жөніндегі ақпаратты қолжетімді етеді. Бұл тексеруші органдардың жұмысын ашық ете түсіп, қоғамдық мониторинг тиімділігін қамтамасыз етеді. Рұқсатнама ресімдері саласында:

Біріншіден, рұқсатнамаларды беруді автоматтандыру аяқталады. Олардың кемінде 140 түрі электронды форматқа көшеді. Екіншіден, құрылыс саласындағы ресімдер қысқартылуы тиіс. Бұл бағытта айтарлықтай кедергілер бар. Мен Үкіметке жер телімдерін беру жəне оларды пайдалану мақсатын өзгерту ресімдерін, сонымен қатар, құрылысқа рұқсат беру жəне инженерлік жүйелерге қосу ресімдерін 50 пайызға азайту туралы тапсырма бердім. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап жер телімдерін ресімдеу мерзімі 30 күннен аспауы керек. Институттық-заңнамалық салада: Біріншіден, мемлекеттік органдардың тиімсіз, қолайсыз жəне өзектілігін жоғалтқан актілерінің күші жойылатын болады. Орталық жəне жергілікті атқарушы органдардың тұрғындарға қызмет көрсету жөніндегі ішкі ресімдері де қайта қаралады. Осы жылдың 1 маусымына дейін Үкімет ұлттық кəсіпкерлер палатасымен бірлесе отырып, тиісті

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында еліміздегі жол жүрісінің жұмыс істеуін жəне оның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері мен шарттарын белгілейтін заңдық құжаттар қаралды.

Орынсыз тоќтатуєа он жерден тыйым Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

«Жол жүрісі туралы» жəне оған ілеспе заң жобалары (екінші оқылым) бойынша баяндаманы Конституциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Серік Ақылбай жасады. Оның сөзі не қарағанда, Сенат заң жобасынан «жүргізудің агрессивті əдісі» ұғымын алып тастауды ұсынып отыр. Өйткені, бұл нормада Əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «маневр жасау, басып озу қағидаларын бұзғаны немесе көлік құралының қозғалысына кедергі жасағаны» үшін жауаптылық белгілейтін бірқатар баптар қамтылған. Бұдан басқа, жол жүрісі саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын уəкілетті орган лауазымды адамының жүргізушіге жəне жолаушыға көлік құралының салонын тастап кетуге рұқсат беру құқығы болатын жағдайлар нақтыланған. Енді жол полициясы қызметкерлері жүргізушілерді тек 8 негіз бойынша тоқтата алады. Атап айтқанда, тоқтатулар көлік құралы жүргізушісінің жол жүрісі мен техникалық тіркеу қағидаларын бұзуы, ұрланған көлік құралдарын жүргізуі, жол-көлік оқиғалары мен қылмыс болған жерден қашып кетуі сияқты келеңсіздіктермен байланысты орын алмақ. Қалған жағдайларда орынсыз

тоқтатуларға тыйым салынады. Заңды күшіне енген сот актілерінің, уəкілетті орган қау лыларының талаптары орындалмаған жағдайда көлік құралдарын пайдалануға тыйым салу көзделген. Алайда, сенаторлар бұл норманы алып тастауды ұсынды. Көлік жүргізушісінің құжаты БҰҰ талаптарына сəйкес əзірленіп, онда 7 мен 6 санаттың тармақшалары қамтылады. Комитет төрағасының айтуынша, салынған айыппұл бір тəулік ішінде төленсе, 50 пайызын ғана өтеу, ал апта ішінде төленіп жатса 30 пайызын кеміту көзделеді. Осылайша, азаматтардың өз кінəсін түсініп, айыппұлын ертерек төлеп тастауға мүмкіндік берілген. Мұның материалдық қызығушылық туғызатыны да анық. Сондайақ, заң жобасымен мүгедектерге арналған орындарға автокөліктерді қойып кетуге болмайтындығы назардан тыс қалмаған. Жəне де жал пы тоқтауға қатысты ережені бұзғаны үшін əкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Əсіресе, жүргізушілерді даярлау тəртібін бұзғандарға да жауап қатаяды. Екі оқылымда жан-жақты талқыдан өткен жол жүрісі туралы заң жобалары Сенат енгізген бірқатар өзгерістерімен Мəжіліске қайтарылды. Егер төменгі палата келіскен жағдайда заң жобалары Президенттің қол қоюына жолданады.

заңнамаларға толық ревизия жасауы тиіс. Екіншіден, бизнеске ыңғайлы болуы үшін Кəсіпкерлік кодексінің жобасына кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу жөніндегі заңдардың барлық нормалары шоғырландырылуы тиіс. Үшіншіден, Экономикалық ынтымақтастық жəне даму ұйымы елдерінде қабылданған реттеуші ықпал қағидаты заңдық тұрғыда бекітіледі. Төртіншіден, Қазақстанда жаңадан Бизнес-омбудсмен институты құрылады. Оның басты міндеті – кəсіпкерлердің құқығын қорғау. Мен атап өткен шаралар заңнамалық өзгерістерді талап етеді. Үкімет: 2014 жылдың 1 сəуіріне дейін рұқсат беру жəне хабардар ету мəселе лері жөніндегі заңның жобасын; 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін кəсіпкерлік қызметке қажетті жағдайды түбегейлі жақсарту жөніндегі заңның жобасын; 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін өзін өзі реттейтін ұйымдардың қызметі мəселелері жөніндегі заңның жобасын Парламентке енгізуі керек. Құрметті қазақстандықтар! Кəсіпкерлікті, əсіресе, шағын жəне орта бизнесті дамыту – «Қазақстан 2050» Стратегиясының ең басты міндеттерінің бірі. Менің Жарлығымды жүзеге асыру Қазақстанда кəсіпкерлік қызметті дамытуға қажетті жағдайларды түбегейлі жақсартуды қамтамасыз етеді. Бұл – бизнес жүргізіп отырған əрбір қазақстандыққа нақты көмек. Кəсіпкерлердің жұмысына қажетті жағдайды ұдайы жақсартып отыру əрқашан да мемлекеттің басты назарында болады. Бұл – Қазақстанның əлемдегі барынша дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолындағы тағы бір маңызды қадам. Осы шара жəне кəсіпкерлікті дамытуға мемлекеттен қаражат бөлу экономикамыздың өсуіне, жұмыс орындарының көбеюіне, барша қазақстандықтардың əл-ауқатының артуына серпін береді деп сенемін.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ќаржы саласында ыждаєаттылыќ керек Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің қатысуымен Қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мəжілісі болып өтті. Оған Президент Əкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары қатысты. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Есепті жылдың қоры тындылары бойынша мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер 6 459 млрд. теңгені құрады немесе жос пар 101,6 пайызға

орындалды. Республикалық бюджет түсімдері 5 272 млрд. теңгені құрап, 100,6 пайызға орындалды. 2013 жылы оның алдындағы жылдармен салыстырғанда, Ұлттық қордың активтері 2,5 трлн. теңгеге немесе 24 пайызға артып, 12,9 трлн. теңгеге жетті, деп

бастады кеңейтілген алқа мəжілісіндегі баяндамасын ПремьерМинистрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов. Республикалық бюджет шығыстары есепті кезеңге 5 990,5 млрд. теңге немесе 99,3 пайызға атқарылды. Игерілмеген қаражаттың таза сомасы Үкіметтің пайдаланылмаған резервін есепке алмағанда (17 млрд.) 25,9 млрд. теңгені құрады. (Соңы 4-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Ќазаќстан Республикасында кəсіпкерлік ќызмет їшін жаєдайды жаќсарту жґніндегі тїбегейлі шаралар туралы Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мақсатында қаулы етемін: 1. Орталық мемлекеттік жəне жергілікті атқарушы органдар 2014 жылғы 2 сəуірден бастап 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін: 1) шағын жəне орта бизнес субъектісінің өзінің қызметіне қатысты өтініші оларды жүргізуге негіз болып табылатын тексерулерді, осы өтінішпен байланысты қарсы тексерулерді; 2) қаржылық ұйымдарды; 3) атом энергетикасы, радиоактивтік заттар саласын; 4) улардың, қару-жарақтың, əскери техниканың жəне жекелеген қару түрлерінің, оның ішінде азаматтық жəне қызметтік, жарылғыш жəне пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы жеке жəне заңды тұлғалардың қызметін; 5) конституциялық құрылысқа, ұлттық қауіпсіздікке, заңдылыққа жəне қоғамдық тəртіпке тура жəне тікелей қауіп-қатер төндіретін ісəрекеттің алдын алу немесе жою мақсатында жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін тексерулерді тоқтатсын. Осы тармақтың 3)-5) тармақшаларында көрсетілген тексерулер Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісілген, орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының шешімі негізінде жүргізіледі деп белгіленсін. 2. Кəсіпкерлік субъектілерін жоспарлы тексерулер 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап болмасын. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) мынадай заң жобаларын: 2014 жылғы 1 сəуірге дейін – рұқсаттар мен хабарламалардың нақтылы тізбесін, оларды беру тəртібін регламенттеу, оның ішінде кəсіпкерлік субъектілеріне рұқсаттар жүйесі саласында заңнамаға реттеушілік ықпалын талдау қағидатын енгізуді көздейтін мəселелер бойынша; 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін – Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсарту мəселелері бойынша мыналарды: тəуекелдерді бағалау негізінде тексерулерді ұйымдастыруға көшуді, сондай-ақ кəсіпкерлік субъектілерінің жауапкершілігін сақтандыру мүмкіндігін кəсіпкерлік субъектілерін тексерудің баламасы ретінде енгізуді; кəсіпкерлік субъектілеріне қойылатын мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында тексеруге жататын талаптарды қысқартуды; шағын жəне орта кəсіпкерлік субъектілерін тарату ресімдерін жеңілдетуді; Ұлттық кəсіпкерлер палатасының рөлін күшейтуді, оның ішінде кəсіпкерлер құқықтары жөніндегі уəкіл институтын енгізуді; Қазақстан Республикасында кəсіпкерлік қызмет үшін жағдайды түбегейлі жақсартуға бағытталған өзге де шараларды көздейтін; 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін – өзін өзі реттейтін ұйымдар қызметінің мəселелері бойынша заң жобаларын əзірлесін жəне Қазақстан Республикасының Парламенті Мəжілісінің қарауына енгізсін; 2) Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігімен келісім бойынша 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін мемлекеттік органдардың тəуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру əдістемесін (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) бекітсін; 3) Қазақстан Республикасының Кəсіпкерлік кодексі жобасында кəсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы заңнамалық актілердің нормаларын топтастырсын; 4) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін рұқсаттар беруді автоматтандыруды аяқтасын; 5) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы осы Жарлықтың 1-тармағын іске асыру барысында заңдылықтың мүлтіксіз сақталуын қадағалауды қамтамасыз етсін. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 ақпан. № 757

Таєайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Жанат Мұратұлы Қожахметов Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

● Еңбегімен еленген

Аќбаќайдыѕ «алтындары» Əбдірахман ҚЫДЫРБЕК, «Егемен Қазақстан».

Ақбақай аты аталса, елдің есіне оның алтындары түседі. Ал сол алтын алтын күйінде қалай келетініне былайғы жұрт онша бас ауырта бермейміз. Шындығында, ол орасан зор еңбек пен білімді, оған қоса жылдар бойғы тəжірибені талап етеді. Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан əйгілі «Ақбақай» кен орнының аты кешегі Кеңес кезеңінде дүркіреп шықса, бүгіндері де саптыаяқтың сыры кетсе де, сыны кетпейді дегендей, шама-шарқынша жұмыс істеп келеді. Аймақтың қиыр шетіндегі Ақбақай кентін жергілікті халық қатты сүйеді десек артық айтқандық болмас. Оған сол кен орнына саналы

ғұмырын арнаған мамандарды қосыңыз. Оның ішінде ұшқан құс пен жүгірген аңды ілуде бір кездестіретін осы бір сырға толы сайын далада мамандығын мақтаныш тұтқан нəзік

жанды арулар да бар. Солардың қатарында «Алтын Алмас» АҚ Ақбақай филиалы Алтын айыру фабрикасының инженер-технологтары Дəметкен Төлегенова мен Алмаш Дегербаева да бар. Қос бұрымдының бұл жерде қызмет етіп келе жатқандарына он бес жылдан астам уақыт болыпты. Технолог мамандығының жоғары білімін алғаннан бері арулар өз саласында жемісті еңбек етіп келеді. Бұл екеуін де саладан бөле-жара қарай алмайсыз. Екеуі де қарапайым жұмысшы жас маман болып бастап, фабриканың барлық салаларын көрген кəнігі мамандар. Мамандықтарын шексіз сүйген олар өздерін өзге жұмыстарда елестетіп те көрмеген. «Мен саналы ғұмырымды өз мамандығыма арнасам, ол осы

Ақбақаймен тығыз байланысты. Рас, алғашында бұл жерде қиыншылықтар кездесті. Əлі де жұмыс болған соң арагідік шығып қалады. Оның барлығына да шыдам мен жұмысқа деген ерекше ынта керек. Сонда ғана ісің алға басып, береке кіреді», дейді Дəметкен апай. Ал, Алмаш болса, əріптесінің сөзіне қосыпаларым жоқ деп күлімсірейді. Кейде ауысым сайын, кейде тəулік бойы бастарынан каска түспейтін нəзік жандар үнемі қызу жұмыста жүреді. Облыс немесе аудан орталықтарынан ынталанса осыншама жылдық мол тəжірибемен жайлы жұмыс тауып алатындарына біз сенімді болсақ та, олар оны тіпті ойларына да алып көрмеген. Осы бір қиындығы мен қызығы қатар жүрген қауырт жұмыстарын

өзгесіне əсте де айырбастамайды. Оны мамандардың мамандықтарына деген əр жылы сөздерінен аңғарғандаймыз. Алтынды кеннен айыруда инженер-технологтардың атқарар жұмыстары ауқымды. Саланың сан-салалы мамандары жұмыла көтерген жүктің бір шетін ұстауда кейіпкерлеріміз секілді инженер-технологтар еңбектері ұшан-теңіз. Өздерін фабрикаға кірпіш болып қаланғандарын бақытқа балайтындықтары да осыдан шығар олардың. Жұмыстарын аса бір ыжда ғат тылықпен беріле жасап жүр ген жандарды көргенде бақыттың ең үлкені де осы ма дерсің. Отбасында аяулы жар, ардақты ана болып, ұл-қыз тəрбиелеп отырған қос ананың мамандығынан береке тауып отырғаны кейінгі буынға үлгіөнеге. Біздегі ой да осыған саяды. Жамбыл облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
28022014 by Egemen - Issuu