28/03/2013

Page 1

Қазақстан халқының жартысынан көбі оңтүстіктегі облыстарда тұрады. Елбасы кеше Алматыда осы өңірлер мəселелерін талқылаған келелі кеңес өткізді.

№94 (28033) 28 НАУРЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Оѕтїстік ґѕірлер алдында орасан міндеттер тўр Осындай бір алқалы жиын өткізудің толғағы көптен жетіп, толғандырған мəселелердің қордаланып қалғандығы да белгілі болғандай еді. Елбасы төрағалығымен өтіп, оңтүстік өңірдің көкейкесті мəселелерін кеңінен қозғап, қамтылған облыстар алдына өрелі міндеттер қойған келелі кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы Кəрім Мəсімов, ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев, Президент Əкімшілігі Бас шысының орынбасары Ғабидолла Əбдірахымов, Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов, Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов, Жамбыл облысының əкімі Қанат Бозымбаев, Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев, Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов қатысты. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Үкіметке жəне еліміздің барлық аймақтарының басшыларына берген тапсырмаларын пысықтай келе, оңтүстік өңір Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне үлкен үлес қосып, экономикасына қан жүгіртетін негізгі арна екендігін жəне осы кеңесте ол жерлерде атқарылып жатқан маңызды шаруалар мен нақты шешімі табылуы тиіс мəселелерді қарастыруға Алматы қаласы мен Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл жəне Алматы облыстарының əкімдерін шақыртып отырғандығын жеткізді. – Еліміздің оңтүстік өңірінде Қазақстан халқының жартысынан көбі тығыз шоғырланған. Оңтүстікте – өндіріс, хи мия өнеркəсібі, аграрлық ша руашылық, жол жүйесі секілді ин фра құрылымның бəрі бар.

Облыс орталықтары мен ірі қалалардың төңірегінде өркендеп келе жатқан агломерация жетерлік. Ел экономикасы үшін жəне халқымыздың тұрмысын жақсарту мақсатында Қазақстанның оңтүстік өңірінің рөлі өте ерекше. Сондықтан да мемлекет осы өңірлерді дамыту мақсатында көптеген шараларды қолданып отыр. Индустриялық бағдарламалар өз алдына, өңірдің инфрақұрылымын дамыту үшін Қытайдан Батыс Еуропаға тартылған автокө лік жолы түгел облыстарды ба сып өтіп, қаншама халықты жұмыспен қамтып отыр. Шығыс пен Батысты байланыстырған күрежолдың бойында қонақүйлер,

сауда нүктелері жəне қызмет көрсету орындары ашы лып, елдің қажетіне жарауда. Бұдан өзге Батыстан Шығысқа қарай газ құбырын тартып жатырмыз, бұл да еліміздің экономикасына тоқтаусыз үлес қосатын, көп теген қазақстандықтарды жұмыс орнымен қамтамасыз ететін жобалар. Көршілес Қытай елінен Алматыға дейін тартылған темір жолдың пайдасы еліміздің өзге өңірлеріне тарап жатыр. Осының бəрі Қазақ станның барлық өңірлерінің жағдайын жақсартуға бағытталған игі қадамдар, – дей келе Мемлекет басшысы оңтүстік өңір елімізді көкөніспен жəне азық-түлікпен қамтамасыз ету əлеуетіне ие

бірден-бір аймақ екенін, сондайақ, еліміздің оңтүстік өңірінде бала туу көрсеткіші жоғары екендігін, сол себептен де мемлекет тарапынан бұл өңірде мектептер мен медициналық мекемелер, тұрғын үй мен балабақшалар көптеп салынып жатқандығын, мұнда едəуір ғылыми, өнеркəсіптік, аграрлық ресурстар шоғырланғанын, сондай-ақ елеулі тасымал əлеуеті бар екенін атап өтті. Осының бəрі республиканың əлеуметтік-экономикалық дамуында оңтүстік өңірлердің алатын орны ерекше екендігін жəне оңтүстік өңірде бұдан басқа да елімізді игілікке жетелейтін жос парлар мен жобалар жетерлік екендігін де

Елбасы ќабылдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында А.Мұхамедиұлы мəдениет

пен өнер саласында білікті кадрлар даярлау үшін ұлттық мектепті одан əрі дамыту жөнінде жүргізілген жұмыстар туралы мəлімдеді. Қазақстан Президенті зияткерлік ұлтты қалыптастыру жөніндегі міндетті іске асыру аясында мамандарды оқытудың маңыздылығын атап өтіп, академиядағы оқу процесін жоғары халықаралық стандарттарға сəйкес жетілдіруді тапсырды.

Қазақстан Республикасының Заңы Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысын ратификациялау туралы

2009 жылғы 26 қаңтарда Боннда жасалған Жаңартылатын энергия жөніндегі халықаралық агенттіктің (ИРЕНА) Жарғысы ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз. № 82-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік жəне Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы

Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 137 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкін құру туралы келісімге оның Оңтүстік жəне Шығыс Жерорта теңізі елдеріндегі қызметін санкциялайтын түзету ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз. № 83-V ҚРЗ.

Қазақстан Республикасының Заңы Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде жəне əлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзетуді ратификациялау туралы

Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкі Басқарушылар кеңесінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 138 қаулысымен мақұлданған Еуропа Қайта Құру жəне Даму Банкін құру туралы келісімге алушы елдерде жəне əлеуетті алушы елдерде арнайы қорлардың қаражатын пайдалануды санкциялайтын түзету ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 22 наурыз. № 84-V ҚРЗ.

айт ты. Кеңес барысында Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев елдегі атқарылып жатқан ірі инфрақұрылымдық жобалар мен Мемлекет басшысының берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде қысқаша есеп берді. – Өткен жылғы мамыр айында Тараз қаласында өткен өңірлерді дамыту кеңесінде өзіңіз берген 44 тапсырманың 32-сі шешімін тапқанын жəне қалған 12-сі ұзақ мерзімді бақылауға алынғанын жеткізгім келеді, – деп бастады өз сөзін ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев. – Бүгінгі

күні атқарылған жұмыстардың ішіндегі маңыздыларына тоқтала кетсек, Үкіметке Қазақстанды қамту жөніндегі жеткілікті шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатынсыз, соның нəтижесінде Үкімет заңнамалық база жасап, Мəжілісте оны қабылдады. Жаңадан ережелер енгізіліп, өндірістің нақты тізбесі белгіленіп, қазіргі таңда мониторинг жүргізу ісі қалыпты жүйеге келтірілді. Инфрақұрылымдық жобаларға келетін болсақ, Бейнеу-БозойШымкент газ құбырын тарту жұмысының бірінші кезеңі 80 пайызға игерілді. Тағы бір үлкен тапсырма – Жамбыл облысының Шу қаласында бой көтерген

Биылєы жылєа – 1093 стипендия Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалық етуімен Шетелдерде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан».

– Биыл ел Президентінің бастамасымен дүниеге келген «Болашақ» бағдарламасына 20 жыл толады, – деді Мемлекеттік

хатшы отырыстағы кіріспе сөзінде. – Тəуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындықтарға қарамастан, 1994 жылы тұңғыш рет 187 стипендиат шетелдерде білім алуға аттанған еді. Содан бері «Болашақ» бағдарламасы

АҚПАРАТТАР аєыны

 Алматыда маркетологтардың V Еуразиялық форумы болады. Сəуір айының 12-13-і күндері өткелі тұрған жиын қызықты семинар-практикум түрінде ұйымдастырылмақ. Оның жұмысына Ресей, Украина, Беларусь, Кавказ жəне Орталық Азия елдері маркетологтар қауымдастықтарының өкілдері, белгілі сарапшылар, ТМД кəсіпкерлері қатысады.  Еліміздегі егіншілерге тұқым сепкіш кешені үшін лизинг беріледі. Оны «АгромашХолдинг» сатып алып, ауыл шаруашылығының тауар өндірушілеріне жеткізеді. «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауыл тұрғындарына егін егу үшін көмек ретінде жалпы 74,3 млрд. теңгеге жуық қаржы бағыттағалы отыр.  Жамбылдағы Аңдасай мемлекеттік табиғи қорықшасы кеңейтілмекші. Соның нəтижесінде оның ауданы 1 миллион

арқылы 9733 Қазақстан азаматы стипендия иегері атанып, елімізге оралды. Əрине, біз сан қуған жоқпыз, сапаға көңіл бөлудің жолдары жасалды. Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының нəтижесі ерекше болғанын да сөз барысында атап өтті. Марат Тəжиннің атап өткеніндей, «Болашақ» халықаралық стипендиясының түлектері бүгінде еліміздің

гектардан 2,7 млн. гектарға дейін жетеді. Қорықша жер иелерінен жерді тартып алу арқылы емес, жер пайдаланушылардың қолданыстағы шаруашылық қызметін шектемей-ақ кеңейту негізінде ұлғаяды.  Өскеменде 5 мектепте жаңа спорт алаңдары бой көтереді. Құрылыс жұмыстарына бюджеттен шамамен 80 миллион теңгедей қаржы бөлінген. Атап айтқанда, №14, 24, 42, 44 білім ошақтарында, сонымен қатар Меновное мектебінің ауласында бүгінгі заман талаптарына сай жаңа спорттық алаңдар салынады.  Астанада француз киносының фестивалі ұйымдастырылады. Бірнеше елдің елшілігі елорда тұрғындары үшін сый əзірледі. Астана тұрғындары мен қонақтары бірнеше күн бойы Еуропа киносын тамашалайтын болады. Киномарафон еліміздің Алматы, Қарағанды, Шымкент жəне Қостанай тəрізді бірнеше қаласында өтеді.  «Ер Төстік пен Айдаһар» атты отандық тұңғыш толықметражды

химиялық кластер жобасына байланысты Сіздің Жарғыңыз бойынша Тараздың химиялық бағыты арнайы экономикалық аймақ ретінде жарияланып, қазіргі таңда тиісті жобалар дайындалып жатыр. Сондайақ, Талдықорған мен Тараз қаласының əуежайларындағы ұшу-қону алаңдарына қатысты мəселелер де оң шешімін тауып отыр. Бұдан өзге Үкімет басшысының бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Елбасының Үкіметке берген тапсырмасы бойынша əлі де шешімі толық табылмай тұрған мəселелер жөнінде түсінік бе ріп, жалпы өңірлерде атқарылып жатқан шаруаларды сараптап өтті жəне Елбасы берген барлық тапсырмалардың мем лекеттік жіті бақылауда екендігін айтты. Бұдан кейін Елбасы Н.Назарбаев елдегі əкімдердің бар лығының халық алдында жасаған есептерімен танысып шыққандығын, елімізде бір жылдың ішінде көптеген игі шаруалардың атқарылғанын, ендігі кезекте жаңа міндеттерді бағындыру мақсатымен ой бөлісуге шақырып отырғанын айта келе, əкімдердің есебін тыңдады. Сондай-ақ, бүгінде Алматы қаласы бойынша бұрынырақ жеке меншікке сатылып кеткен 82 жер телімінің пайдаланусыз тұрғанын, дəл қазір ауыл шаруашылығы үшін жəне де халықтың игілігіне аса қажет болып тұрған кезеңде мұндай пайдаланусыз тұрған жер телімдерін мемлекет иелігіне қайтару мəселесін қарастыру керектігін жəне Алматы қаласының миграциялық мəселесіне ерекше назар аудару керектігін ескеріп, Елбасы Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімовке сөз кезегін берді. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

мемлекеттік қызмет, экономика, білім беру, денсаулық сақтау жəне мəдениет салаларында ойдағыдай қызмет атқарып жүр. Еліміз бағдарламаның нақты нəтижесін көріп отыр. Дегенмен, əлі де қолданылатын ресурстар баршылық. Өйткені, зияткер ұлт қалыптастыру бар мүмкіндіктерді барынша мұқият қарастыруды қажет етеді. «Бұл жұмыстар əрі қарай жалғаса беретін болады», – деді Мемлекеттік хатшы. (Соңы 2-бетте).

мультфильм өткен аптада 31,3 млн. теңге жинады. Оны жарыққа шығарған Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл фильм 3 жылдан астам уақыт бойы əзірленген. Жалпы ұлттық прокат үшін қазақ жəне орыс тілдеріндегі 40 көшірмесі жасалған.  Қызылордада «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 450 адам қайта даярлаудан өткізіледі. Мұнан өзге, бағдарлама аясында ауылдық елді мекендерде тұратын 80 адамға кəсіпкерлікпен айналысуға несие беріліп, 55 тұрғынды кəсіпкерлік негізінде оқыту жоспарлануда. Сондай-ақ, бағдарламаның ауылдық елді мекендерді дамыту бағыты бойынша қалаға қарасты үш ауылдық округтің Қызылжарма, Ақжарма, Қосшыңыраудың көшелері жөнделетін болады. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.