28032014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жойќын ќарусыз жўмыр жер їшін 4-бет «Жасыл» экономика 6-бет Жаќсы бастамалар жалєасын табады 7-бет Елбасы ауылындаєы ерекше мереке 9-бет

№60 (28284) 28 НАУРЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Алматыны дамыту əрдайым басты назарда

Телефон арќылы сґйлесті

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастардың басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ, сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейту мəселелерін талқылады. Сондай-ақ, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық өзара ықпалдастық жайттары қозғалды. Атап айтқанда, Жоғары Еура зия лық экономикалық кеңестің отырысына

дайындық барысы қаралды. Бұған қоса, екі мемлекет басшылары жұмысын аяқтаған Гаагадағы Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммиттің қорытындылары туралы пікір алмасты. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша толық өзара түсіністік барын атап өтті.

Бюджет тїзетулермен толыќты

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында əлеуметтік қамсыздандыру, Өзбекстанмен еркін сауда аймағы жəне 20142016 жылдарға арналған республикалық бюджет мəселелеріне қатысты заң жобалары қаралды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Алматы қаласын дамыту жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеңес барысында қаланың 2013 жылғы əлеуметтік-экономикалық дамуының қоры тындылары, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлар қаралды. Өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев мегаполисті дамыту мəселелері мемлекеттің əрдайым басты назарында болатынын атап өтті. – Алматы – еліміздегі ірі мегаполис. Оның дамуы Астанамен бірдей деңгейде болуға тиіс. Нақ осындай мегаполис қана ғылым, инновация жəне білімді дамытудың орталығы болып табылады. Алматы экономика, шағын

жəне орта бизнес, қала құрылысы салаларында көшбасшылық рөлін сақтап келеді. Тұрғындарының саны бір жарым миллиондық межеге таяған қалада біз экологиялық тазалық жайын ойлауымыз керек. Автомобильдер саны артуда, бұл көлік қозғалысын ұйымдастырудың жаңа тəсілдерін қажет етеді. Соңғы жылдары айналма көлік жолдары көптеп салынуда, соның арқасында көлік қозғалысының жай-күйі айтарлықтай жақсарды. Сондайақ, қаланы дамытудың өзекті мəселелері білім мен ғылым

салаларын, жаңа туристік жəне мəдени нысандарды құру ісін қамтиды. Біздің жұмысымыздың басты бағыты – халықтың əлауқатын жақсарту, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті көлік қозғалысын басқару, сондай-ақ, сəулеткерлік талаптарды сақтау жөнінде əлемдік үздік тəжірибені қолдану қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, қаланың сейсмикалық ерекшелігін ескеріп, эстетикалық тартымдылықты сақтау жəне архитектуралық есептеулер жүргізу қажеттігі атап өтілді. Мемлекет басшысы қаланың криминогендік жағдайына қатысты 53 мың қылмыс тіркелгеніне, оның 80%-ы ашылмағанына, бірақ

Сыр бойында серпіліс бар

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов бастаған делегация Қызылорда облысына келді. Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Делегацияның жұмысы əуежайдан басталып кетті. Себебі, алдағы жылдарда Қызылорда əуежайының терминалы халықаралық талаптарға сəйкестен діріліп, қайта салынады. Бүгінде əуежай бір сағатта 150 адамға ғана қызмет көрсетуге қауқарлы. Оның үстіне аймаққа қатынайтын рейстердің де саны аз. Сондықтан терминалды қайта жасақтау мəселесі туындап отыр. Алғашында, терминал құрылысын жеке инвесторларға беру көзделген. Дегенмен, бұл ой іске аспады. Енді Қызылорда облысының əкімдігі «Қазақстан теміржолы» ұлттық

компаниясымен келісімге келмек. Алдағы сəуір айында екі жақ меморандумға қол қояды. Жаңа əуежайдың құры лы сы аяқталғаннан кейін оның жұ мысы да жанданады. Қазірдің өзінде əуе компаниялары Мəскеу, Ыстамбұл, Дубай секілді қалаларға жаңа рейс тер ашуға дайын екенін жеткізген. Ал жаңа терминал сағатына 250 адамға қызмет көрсете алатын болады. Серік Нығметұлы əуежайда терминал құрылысының жобасымен танысып, сапарын одан əрі жалғастырды. Мұнан кейін делегация Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауданындағы «Мағ жан жəне К» ЖШС-нің тұ қым шаруашылығында болып, онда

ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен кездес ті. Биыл қызылордалық диқандар 160 мың гектар жерге егін егеді. Оның 76,6 мың гектары күріш салысына тиесілі. Қазақстанның Еңбек Ері, «Абзал жəне К» толық серіктестігінің директоры Абзал Ералиев күріш шаруашылығ ы туралы баян етті. Өңірде өндіріліп жатқан күріш көлемі, шаруашылыққа енгізілген жаңа технологиялар мен өнім сорттары туралы мəлімдеді. Ал ауылшаруашылық басқармасының бастығы Талғат Дүйсебаев көктемгі науқан туралы, егін егуге дайындық жайын жапсарлады. Ең қуанарлығы, көктемгі егін кезінде жанаржағармай қымбат бағаға алынбайды. (Соңы 2-бетте).

бұл ретте жасөспірімдер қылмысы көбейгені байқалатынына тоқталды. Осыған байланысты, əкімдіктің өтінішімен ішкі істер департаментінің штаты едəуір кеңейді, алайда, 500 орын əлі де бос тұр. Қазақстан Президенті Алматының тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Ол жол-көлік оқиғаларының саны 3 есе артып, 7 мыңға жеткеніне назар аударды. – Осы орайда, жол-көлік оқиғаларына танымал адамдардың балалары мен туыстарының жиі қатысы болатыны туралы деректердің де аз емес екенін ерекше атап өткім келеді. Заң алдында барлығы бірдей, сондықтан мұндай жағдайларда балаларды

да, ата-аналарын да барынша қатаң жазалау керек, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Алматы бүкіл елімізде жүзеге асырылып жатқан «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыруға қомақты үлес қосуға тиіс екенін атап көрсетті. – Қалада индустриялықинновациялық даму, жұмыспен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, денсаулық сақтау жəне білім беру салаларында барлық негізгі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда. Алматы осы бағыттардың бəрінде басты рөл атқаруға тиіс, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Кеше Астанада Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) кезекті XXXVIII конгресі өтті.

УЕФА конгресі – Астанада Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».

Оған Премьер-Министр Серік Ахметов, ФИФА басшысы Йозеф Блаттер, УЕФА президентi Мишель Платини мен Еуропа елдерінің футбол федерацияларының өкілдері қатысты. Жиынды Үкімет басшысы ашып, сөз сөйледі. Ол УЕФА конгресiнің ТМД елдерi арасында алғаш рет Қазақстанда өткiзiліп жатқанын, біздің еліміз аталған ұйымға бертінде ғана қосылғанына қарамастан, қазірдің өзінде оның жұмысына белсене араласуға дайын екенін айтты. Келесі кезекте Қазақстан футбол федерациясының президенті Əділбек

Жақсыбеков сөз алып, елімізде миллиондаған адамның сүйікті ойынына айналған футболдың даму деңгейіне, соңғы кездері еліміздің түкпір-түкпірінде балалар мен жасөспірімдер, жастар футболына баса мəн беріліп отырғанына ден қойып, қазақ футболының дамуына УЕФАның үлкен үлес қосқанын атап өтті. Осы жерде ол еуропалық футбол қауымдастығының мамандарының қатысуымен онға жуық семинардың өткенін, осының өзі біздің ел үшін материалдық жəне методологиялық əдістеме тұрғысынан көмек болғанын жеткізді.

Əлеуметтік қамсыздандыру мəселелері бойынша өзгерістерді көздейтін заң жобасы екі оқылым да қаралып, қабылданды. Заң дық құжат Елбасының Үкіметтің кеңейтілген отырысында жəрдемақылардың мөлшерін арттыру туралы тапсырмасын жəне биылғы Жолдауын орындау мақсатында əзірленген. Атап айтқанда, əлеуметтік сипаттағы төлемдердің мөлшерін 2014 жылғы 1 сəуірден бастап 12 пайызға дейін, ал мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақылар мөлшерін 2015 жылғы 1 шілдеден бастап 25 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Жəне де 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап бала

асырап алуға байланыс ты 75 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізу де назардан тыс қалмаған. Бұдан кейін депутаттар назарына Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялауға қатысты заң жобасы ұсынылды. 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты Өзбекстанға қолдану хаттамасына 2013 жылғы 31 мамырда Минскіде ТМД үкіметтері басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған. Хаттамада импорт кезінде алып қоюларсыз өзара сауданың бажсыз режімі көзделеді. (Соңы 2-бетте).

Еуропарламент депутаттарымен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Парламенттің депутаттары Элизабет Йеггл мен Даниель ван дер Ступты қабылдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.

Меймандардың өтініші бойынша Қ.Тоқаев Қазақстан саяси жүйесіндегі Сенаттың рөлі, еліміздегі саяси партиялардың қызметі, ұлтаралық келісімнің негіздері туралы əңгімеледі. Ол мемлекеттің күн тəртібіндегі адам құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың даусыз басымдығын атап өтті. Еуропалық Одақпен ынты мақтастық мəселелеріне қатысты Сенат Төрағасы қазіргі кезде Қазақстан Еуропа Одағымен

кеңейтілген əріптестік жəне ынтымақтастық туралы жаңа келісім əзірлеуге жəне қол қоюға ерекше мəн беретінін атап өтті. Əңгіме барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы өзара іс-қимыл, Гаагада өткен Ядро лық қарусыздану жөніндегі үшін ші жаһандық саммит қо рытындылары, Пре зи дент Н.На зарбаевтың «Қазақ стан-2050» Стратегиясын іске асыру мəселелері де қозғалды.

 Біз – қазақстандықтармыз!

(Соңы 6-бетте).

 Ойымыз – отыздықтан орын алу «Қазақстан-2050» Стратегиясының басты мақсаты – əлемдегі ең дамыған отыз мемлекеттің қатарына қосылу. Бұл мақсат қазіргі күні бүкіл қоғамымызды қозғалысқа келтіруде. Өйткені, Елбасы стратегиясындағы жүктелген ауқымды міндеттер қоғамымыздың қай саласына да болсын қатысты екендігі анық. Осыған орай мерзімдік баспасөз беттерінде қоғам қайраткерлері, «Нұр Отан» партиясының мүшелері, Парламент депутаттары, қарапайым адамдар өз ой-пікірлерін білдіру үстінде. Əрине, əлемдегі дамыған отыздық ортасынан орын алу оңай міндет емес. Бірақ, Стратегияны жүзеге асырудың прагматикалық тұрғыдан нақты қарастырылуы, бір сөзбен айтқанда, оның шынайылығы қазақстандықтардың алғы күндерге деген сенімін арттырып, жарқын істерге жігерлендіре түскендігі сезіледі. Мұны редакция поштасына күнделікті келіп түсіп жатқан пікірлер легі де дəлелдей түседі. Осыған орай біз бүгін сондай хаттардың бірінің иесі – Парламент Мəжілісінің депутаты, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Виктор КИЯНСКИЙГЕ сөз бергенді жөн көрдік. Тақырыпқа қатысты материалды 6-беттен оқисыздар.

Ўлттарды ўйыстырєан ўя

Еліміздің қай өңірін алсаңыз да, көпұлтты болып келеді. Ұлтаралық қатынас өте кірпияз. Сондықтан да бұл мəселеге аса жауапкершілікпен қарау ғана саяси тұрақтылықтың кепілі бола алады. Шүкір, Қазақстанның қай өңірін алсаңыз да, қайсыбір елдердегі дей ұлтаралық алауыздық пен дау-дамай, жанжал туған емес. Ұлтаралық татулықтың тұғырын бекітуде Қазақстан халқы Ассамблеясының үлесі зор. Біз Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің міндетін атқарушы Зəмзегүл БИМАҒАНБЕТОВАМЕН кездесіп, осы бағытта жасалып жатқан жұмыстар жайында əңгімелескен едік. (Соңы 5-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.