28032015

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Ўят туралы айту ўят болып барады 5-бет Айдын жырдаєы аќќу жїрек 6-бет Кїрделі кезеѕніѕ кереєар кґріністері 8-бет Ќўќыєым неге шектеледі? 9-бет

№56 (28534) 28 НАУРЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ґркенді ґзгеріспен ґрнектелген ґѕір

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстіктегі жұмыс сапарының екінші күнін Шымкентте жаңадан ашылған Қаратау ауданындағы «Қазына» этно-тарихи кешенінде жалғастырды. Жалпы аумағы 75 гектарға дейін созылып жатқан кешеннің «Наурыз» алаңында жиналған халықта есеп жоқ. Оңтүстікті жайлаған, Қазақстанды құт мекені санайтын сан алуан этностың өкілдері де осында. Жүздері күндей жайнаған жұрттың қай-қайсы да жүрекжарды сөзін айтқысы келеді. Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

Медицина ғылымдарының докторы Иманəлі Байдəулетов оның себебін былай түсіндірген:

«Қазіргі жұрт бұрынғы балаң шақтан арылған, əркімнің айтағына еріп ауа жайылмайды. Көрші мемлекеттердің де күйін өз көзімен көріп отыр. Еңбекке жарайтын еркектерінің сыртта

шығандап, жан бағып жүргенін біледі. Ал қазақ баласының сыртта жүргені жоқ. Өз елінде, өз жерінде бақуатты өмір сүруде. Бұл ненің арқасы. Əуелі Алла, сосын елімізде жүргізіліп келе жатқан сындарлы саясаттың арқасы». Оңтүстікте аса беделді қарияның сөзін қасындағы азаматтар да қызу қолдаған. Мемлекет басшысы барша қазақ стан дықтарды көктем мерекесі – Наурызбен құттықтады. – Сіздердің өңірде мерекелік шаралар негізгі мейрамға дейін тоғыз күн бұрын басталады. Əр күнге мəн-маңыз беру жəне оны ізгі істерге арнау – жақсы бастама.

Соның арқасында Наурыз нағыз ізгіліктің мерекесіне айналып келеді. Бұл – басқа өңірлерге үлгі боларлық бастама, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті мемлекеттің білім беру, денсаулық сақтау, жастар саясаты мəселелеріне айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. – Бүгін осында көптеген жастар отыр. Біз жастарымыздың жақсы білім алуы үшін жаңа балабақшалар, мектептер, университеттер салудамыз. Облыста «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі біліммен балалардың 70 пайызы қамтылған.

Сонымен қатар, ана мен бала өлімінің деңгейі 20 пай ыз ға төмендеді. Əр облыста медицинаны дамыту мəселелеріне зор көңіл бөлудің арқасында қазақстандықтардың орташа өмір жасының ұзақтығы 70-ке жетті. Бұл біздің еліміздің зор табысы əрі дамуының көрсеткіші деп есеп теймін, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев əлемдегі дағдарыс құбылыстарына қарамастан, Қазақстан жүйелі дамуын жалғастырып келе жатқанын, бұған өңірдің əлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері айғақ екенін атап өтті. – Оңтүстік Қазақстан

облысында бүкіл ел халқының 17 пайызы тұрады. Өңір аумағы арқылы ірі теміржол магистралі өтеді, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дəлізі салынды. Əуежай қайта жөнделуде. Осы жылдар ішінде облыс уран өндірісінің əлемдік орталығына айналды. Бүгінде өңірдің кеніштері жаһандық уран өндірісінің 35 пайызын қамтамасыз етіп, бірінші орынды иеленіп отыр, – деді Мемлекет басшысы. Соңында Елбасы «Нұр Отан» партиясының таяуда өткен XVI съезінде белгіленген жаңа мақсаттар мен міндеттер туралы еске салып, барлық бағыттар

бойынша жұмысты жалғастыруға шақырды жəне жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі. Шара барысында, сондай-ақ, Ардагерлердің облыстық кеңесінің төрағасы Ж.Мəуленқұлов, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі М.Лимаренко, жастар өкілі Ж.Өсербаев сөз сөйледі. Салтанатты шара театр ландырылған көрініс пен концерттік бағдарламаға ұласты. Мереке қаланың жаңа əкімшілік орталығындағы «Ауылым – алтын бесігім» барельефтік сахнасы мен «Көкпаршы», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Бүркітші» архитектуралықдекоративтік композицияларын біріктірген «Наурыз» алаңында өтті. Елбасы «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» саяси құжатында: «Қазақ станның алғашқы заманауи урбанистік орталықтары ірі қалалар – Астана мен Алматы, одан соң – Шымкент болады. Олар халықтың жəне инвестициялардың шоғырлану орталықтарына айналады, сапалы білім беру, медицина, əлеуметтік-мəдени қызметтер көрсетеді», – деген болатын. Президенттің осы тапсырмасына сəйкес Шымкент қаласының аумағы 40 мың га.-дан 117 мың га.-ға ұлғайып, жаңа Қаратау ауданы құрылды. Бүгінде қаланың солтүстік-шығыс бөлігінде 1600 га. аумақта жаңа əкімшілік-іскерлік орталықтың құрылысы қарқынды жүруде. Оның құрылысына жалпы 82,1 млрд. теңге, оның ішінде бюджеттен 18,6 млрд. теңге, жекеменшіктен 64 млрд. теңге тартылуда. (Соңы 2-бетте).

Елімніѕ таєдыры – меніѕ таєдырым Кеше Елбасы Нўрсўлтан Назарбаев жўмыс сапарымен Жамбыл облысында болды

Жамбыл – ежелден Мəңгілік Ел идеясынан туындап отырған ұлттық бірлікті санада сақтаған, татулықтың ордасы болған өңір. Көпұлтты қазақ даласында бейбітшілік пен тұрақтылық орнықты да орынды мемлекеттік саясаттың арқасында салтанат құрып отыр. Бүгінде бұл өңірде 87 ұлт пен ұлыстың өкілдері өмір сүруде. 1995 жылдан бері Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы өз шаңырағының астына 25 этномəдени бірлестікті топтастырды. Оралхан ДƏУІТ, «Егемен Қазақстан».

Міне, Елбасы Н.Назарбаев Əулиеата жеріндегі жұмыс сапарын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Елімнің тағдыры – менің тағдырым» атты форумға қатысудан бастады. Ал үш мыңнан аса жамбылдықтар мен осы өңірде тұратын түрлі ұлт өкілдері қатысқан бұл патриоттық форумда Мемлекет басшысы ел дамуындағы ұлтаралық келісім мен бірлікті, ынтымақты ерекше атап өтті.

– Екі мың жылдан астам уақыттан бері жасап келе жатқан Тараз қаласы еліміздің тарихи орталығының бірі болып саналады. Облыс пен қаланың тарихи орындары ЮНЕСКО-ның бүкіл əлемдік мұралар тізіміне енгізілген. Осынау қасиетті жерде біз күзде қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл – бірлігіміз бен берекемізді паш ететін маңызды шара, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев облыстың əлеуметтік-экономикалық даму қарқынына да назар аударды. – Мен ұсынған «Нұрлы Жол»

Кеѕестіѕ кезекті отырысы Кеше Қазақстан Республикасы Прези дентінің Əкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақовтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің отырысы болып өтті.

Отырыста Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі дайындаған «Төрелік туралы» заң жобасы қаралды. Құқықтық саясат жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдар заңнаманы əрі қарай жетілдіру барысында ескерілетін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігі Мемлекеттік құқық бөлімі.

бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда. Жаңа индустрияландыру аясында 116 миллиард теңгенің 33 жобасы іске қосылды. Құны шамамен 600 миллиард теңге болатын тағы 23 жобаны іске қосу кезек күтіп тұр. Соның ішінде «Тараз Химпарк» арнайы экономикалық аймағының базасында химия кластерін, каустикалық сода мен хлор өндірісін жолға қою, Ақбақай алтын өндіру комбинатын жаңғырту шаралары бар. Жалпы, осы нысандардың барлығында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейтін болады, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Қазақстан Президенті өңірде туризм саласы жақсы дамып келе жатқанына тоқталды. – Үш ірі туристік нысанның – «Көксай» тау шаңғысы базасының, «Тау самалы» жəне «Киіз үй отелі» кешенінің құрылыстары жүріп жатыр, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Индонезиялыќ делегация ґкілдерімен кездесті

Қазақстан Парламенті Мəжілісі Төраға сының орынбасары Сергей Дьяченко Индонезия Республикасы Өкілдер палатасы Төрағасының орынбасары Фахри Хамза бастаған парламенттік делегация өкілдерімен кездесті, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Тараптардың атап өткеніндей, ел басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Сусило Юдойононың мемлекеттік сапарлары екі ел ынтымақтастығының тереңдей түсуіне тың серпін берді. Қазіргі уақытта қос мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл барлық салада табысты дамып келеді. (Соңы 2-бетте).

АҚПАРАТТАР аєыны ● «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-тың кейбір бағдарламаларына өзгерістер енгізілді. Олардың арасында «Ырыс» бағдарламасы да бар. Былтыр бұл жоба бойынша 1 034,5 млн. теңгеге 26 несие берілген. Ал биыл 2 941,8 млн. теңгеге 80 жоба қаржыландырылады деп жоспарланып отыр. ● Елімізде 138,6 млрд. теңгенің мүлкі заңдастырылды. Қаржы министрлігінің мəліметінше, жекеше лен дірілген мүліктердің 65 пайызы тұрғын үй қорына тиесілі. Айта кетейік, мүлікті жария ету бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу мəселесі қарастырылуда. ● Астанада 1 сəуірден бастап электр энергиясымен жаб дықтау бағасы арзандайды. Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу

комитетінің хабарлауынша, тарифтердің төмендетілуі қуат өндіретін ұйымдардың электр энергиясы құнын кемітуіне байланысты болып отыр. Сонымен, 1 сəуірден бастап электр энергиясын тарату құны тұрғындар үшін орта есеппен – 5 тиынға, басқа тұтынушылар үшін 3 тиынға түседі. ● Оңтүстік Қазақстанның Сарыағаш ауданындағы 25 елді мекен тəулік бойы таза су тұтынатын болды. Бұл ауылдың тұрғындары құбырмен келетін суды бұған дейін кестемен пайдаланып келген. Əсіресе, жазғы шілденің кезінде ауызсу жетпей қалатын. Аудан əкімі Бұқарбай Пармановтың айтуынша, судың кермектігін азайтатын мембраналық қондырғыны орнатқан соң, тағы бір ұңғыманы іске қосуға мүмкіндік туған. Бұл жұмыстарға республикалық бюджеттен 94 млн. теңгеден астам қаржы бөлінген. ● Жамбыл облысындағы

кəсіп орындар 30 млрд. тең генің 348 меморандумын бекіткен. Аймақ басшысы Кəрім Көкірекбаев «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша өңірде 374 кəсіпкер жалпы құны 45,5 млрд. теңге тұратын жобаларды жүзеге асыруға көмек алғанын мəлімдеді. Қазіргі таңда өңірде 44 мыңнан астам шағын жəне орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. ● Атырауда Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көрме ашылды. Оған Бөкей хан мөрінің көшірмесі, ХІХ ғасырдың жиһазы, Бөкей ордасы кезінде айналымда болған металл жəне қағаздан жасалған ақша, ыдыс-аяқ пен өзге де тұрмыстық заттар қойылған. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
28032015 by Egemen - Issuu