Бїгінгі нґмірде:
Халыќ ќалауын ќалтќысыз танытты 8-бет Бір əулеттіѕ таєдыры 12-бет Біз Сізбен біргеміз! 14-бет
№78 (28556) 28 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Президент поштасынан
Айќын жеѕісімен ќўттыќтады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлауда айқын жеңіске жетуіне байланысты шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. – Дауыс беру қорытындысы Сіздің отандастарыңыз алдындағы биік беделіңізді толығымен қуаттайды. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары арқылы Сіздің елді əлеуметтік-экономикалық тұрғыдан жеделдетіп дамыту, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысу жəне Ресеймен стратегиялық əрі одақтастық серіктестік қатынастарды нығайту жөніндегі бағдарыңызға кеңінен қолдауын көрсетті, – делінген жеделхатта. Ресей Федерациясының Президенті сенімді диалог пен екіжақты
байланыстардың ауқымын одан əрі өрістету жөніндегі бірлескен жұмысты, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты жалғастыруға дайын екен дігін атап көрсетті. – Бұл Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының түпкі мүдделеріне сай келетініне, біздің құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағытпен үндесетініне сенімдімін, – делінген құттықтауда. Соңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат жəне мемлекет басшылығындағы аса жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Каримовтан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ислам Каримов Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Өткен сайлаудағы Сіздің айқын жеңісіңіз халықтың жоғары сенімінің жəне өзіңіздің көреген басшылығыңызбен жүргізілген, Қазақстан халқының бақуаттылығына, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы рөлі мен беделін арттыруға бағытталған қоғамдықсаяси, əлеуметтік-экономикалық терең реформаларды қолдауының айшықты айғағы болды, – делінген жеделхатта. Өзбекстан Президенті сан ғасырлық дəстүрлі достыққа, тату көршілестікке жəне өзара құрметке негізделген жан-жақты даму мен екі жақты қарым-қатынастың нығаюы бұдан əрі де екі ел халқы ның мүддесіне, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың сақталуына қызмет ете
беретініне сен ім білдірген. – Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Сізге мықты денсаулық, сарқылмас күш-жігер жəне мемлекеттік қызметіңізге жаңа табыс, ал бауырлас Қазақстан халқына игілік пен бақ-береке тілеймін, – делінген құттықтауда. Ислам Каримов, сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы жеңісімен кейінірек телефон арқылы сөйлесу кезінде де құттықтады. Бұдан бөлек, Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мəселелерін жəне Өзбекстан Президентінің елімізге 2014 жылғы қарашада келген ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Телефон арқылы сөйлесуге өзбек тарапы бастамашы болды.
Ел тўтастыєыныѕ тўтќасы Елімізде бірлігіміз бен ынтымағымызды көрсететін, ертеңге деген сенімді нығайтатын, кеше мен бүгінді сабақтастыра отырып, болашаққа қарай нық қадам басуға жігер беретін іргелі істер жеткілікті. Олардың барлығын тізбектеп шығу ұзақ əрі таусылмайтын əңгіме. Əсіресе, соңғы кездері қолға алынған қыруар жұмыстар еліміздің биік белестерге көтерілуіне, жаңа сипатта дамуына зор ықпалын тигізіп отырғанына ешкім дау айта қоймас.
Қазақстанның ішкі тұтастығы, ауызбіршілігі талайдың аузында жүр. Бұл өзгелер үлгі тұтар жасампаз істердің қайнар көзіне айналған жұртымыздың əлеуетіне қызыға əрі қызғана қарайтындар қатары күн өткен сайын көбейіп келе жатқанын білдірсе керек. Күні кеше, яғни, президенттік сайлау өткен 26 сəуір күні əлем халқы ынтымақты ту етіп, тұғырында тұлғалана түскен, татулығын мызғымастай етіп бекітіп, берекесін
бірліктен тапқан ел екенімізге тағы бір рет көз жеткізді. Халық ойының өз Көшбасшысын таңдау сəтінде бір нүктеде тоғысуы жақсылықтың белгісі, елдік сананың өскені, іргенің нығайғаны, шаңырақтың биіктей түскені. Негізінде, ел ынтымағын айғақтайтын нышан көп. Ал соның ішіндегі жол бастар азаматын қапысыз танып, оған дəулет тізгінін ұсынуда ұйымшылдық таныта білу ісі бірліктің шынайы сипатын көрсетеді.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Кеше Астана төріндегі «Сарыарқа» велотрегінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Жеңімпаздар форумы» болды. Оның не үшін өт кізілгенін тəптіштеп түсіндіріп жату ар тық шығар. Дегенмен, шараның кезек тен тыс прези дент тік сайлауда жеңіс ке жеткен Елба сы Нұрсұлтан Назарбаевқа қошемет көр сету мақсатында ұйым дас тырыл ғанын айта кетелік. Жиын барысында қазақстандық эстрада жұлдыздары концерт берді. Елбасына деген ыстық ықыластарын білдіру үшін велотрекке 8 мыңнан астам адам жиналды. Олардың арасында белгілі қоғам жəне мəдениет қайраткерлері, танымал спортшылар, зиялы қауым өкілдері жəне қарапайым азаматтар болды. Жалпы, бұл шараға қатысқан жұртшылық «Жеңімпаздар форумының» өткізілуін сайлауда бағы жанған Елбасы мен оның командасына ғана емес, сонымен қатар, барша қазақстандықтардың жеңісі құрметіне бағытталғанын ұға білді. Тағы бір ерекше ілтипатпен атап өтер жайт, форумға ақжарма көңілмен, шынайы ниетпен келген халайық күні кеше өткен сайлауда Қазақстан халқы жарқын болашаққа бастар жолды жаңылыспай таңдағанын, дұрыс шешім қабылдағанын, қиыс пиғылға жол берілмегенін шынайы пейілдерімен айтумен болды. Қошеметке бөленген Мемлекет басшысы жұрт алдында өзінің риясыз көңілінен шыққан алғысқа толы, мəнді де маңызды сөзін арнады:
– Құрметті халқым! Қазақстандықтар! Бүгін еліміз үшін тағы бір ұмытылмас тарихи кезең жазылды. Өздеріңізге белгілі, жаңа ғана Орталық сайлау комис сиясы мəлімдеме жасады. Еліміздің 95 пайыздан артық сайлаушылары қатыс қан шарада халық маған 97,7
пайыз дауыс берді. Ең бірінші алғысым – халқыма. Осы жылдардың барлығында мені қол дап, соңымнан еріп, шылбыр мен тізгінді бір қолыма ұстатып, сеніп келе жат қан отандастарымның жаппай сенімін орындау – қадірменді міндет. Осы міндетті атқару үшін
өзімнің күш-жігерімді, денсаулығымды, тəжірибемді аямай қызмет етуге ант бергенмін. Мен сол антты орындап келе жатырмын, – деді Президент Нұрсұлтан Назарбаев. (Соңы 2-бетте).
Байќаушылармен байыпты əѕгіме
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Тəжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Эмомали Рахмон Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. – Өзінің ерік-қалауы арқылы Қазақстан халқы елді өркендетуге, оның халықаралық аренадағы беделін үздіксіз арттыруға жəне халқының бақуаттылығына бағытталған Сіздің жасампаз саясатыңызды кеңінен жəне шүбəсіз түрде қолдайтынын бүкіл əлемге паш етті. Бұл жолда жеткен жетістіктер Сіздің есіміңізбен тікелей байланысты, – делінген жеделхатта. Тəжікстан Президенті, сондай-ақ, өзара тиімді екіжақты
қарым-қатынастың дамуын атап өткен. – Сіз алда да елдеріміз бен халықтарымыз арасындағы өзара ықпалдастықтың аясы кеңейе, тереңдей түсуіне септігіңізді тигізе беретініңізге сенімдімін. Өз тарапымыздан біз екі мемлекет арасындағы достық қарымқатынастың нығаюы үшін қажетті нəрсенің барлығын жасайтын боламыз, – делінген жеделхатта. Соңында Эмомали Рахмон Мемлекет басшысына мық ты денсаулық, ұзақ өмір, Қазақстанның дамуы жолында тың табыстар мен жаңа жетістіктер тіледі.
Бўл меніѕ еѕбегіме берілген жоєары баєа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық байқаушылармен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Елбасы халықаралық байқаушыларға Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қызығушылық танытқандары үшін алғыс айтып,
сайлаушылардың саяси белсенділігі мен билікке сенімі артып келе жатқанын атап өтті. – Өздеріңізге мəлім, сайлау барысында халықтың белсенділігі
Сайлаудыѕ алдын ала ќорытындылары жарияланды Кешегі өткен баспасөз мəслихатында Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Президент сайлауының алдын-ала қорытындыларын жариялады. Ол бойынша Қазақстан халқының 95,22 пайызы сайлауға келіп, дауыс берген. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».
Мемлекет басшысын сайлауға электораттың өте белсенді түрде қатысқанын Қ.Тұрғанқұлов айрықша атап өтті. «Егемен Қазақстан тарихында бірінші рет сайлаушылар өздерінің азаматтық ұстанымын, электораттық белсенділігін жəне елдің болашағы үшін саяси жауапкершілігін айқын көрсетті. Осыған, сондай-ақ, сайлау науқанын ұйымдастыру деңгейінің артқанына бірінші кезекте байқаушылар мен
сарапшылар өздерінің түсініктемелерінде көңіл аударды», деді төраға. Мұнымен қатар ол облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссияларынан келіп түскен жедел деректер негізінде сайлаудың алдынала қорытындыларының анықталғанын да жеткізді. Ондағы ақпаратқа зер салсақ, Орталық сайлау комиссиясына сол уақытқа дейін келіп түскен сайлаушылар дауысы келесідей болыпты. Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың – 0,7 пайызы, Нұрсұлтан
Əбішұлы Назарбаевқа – 97,7 пайызы, Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа 1,6 пайызы дауыс беріпті. Осындай жағымды жаңалықты жариялаған Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, əлі де аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының келіп түсуіне қарай бұл деректер алдағы уақытта тағы да нақтыланатынын тəптіштеді. Бұған заң бойынша екі күндік мерзім беріледі екен. «Сайлау туралы» Заңға сəйкес 26 сəуірде өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлаудың соңғы нəтижесін Орталық сайлау комиссиясы сайлаудан кейін жеті күн мерзімнен, яғни 2015 жылғы 3 мамырдан кешіктірмей жариялауы тиіс», деді Қ.Тұрғанқұлов.
жоғары екені байқалды. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жариялаған мəліметке сəйкес, сайлаушылардың 95,5 пайызы дауыс берген. Соңғы 5 жылда елдегі сайлаушылар саны жарты миллионнан астам адамға ұлғайды. (Соңы 2-бетте).
Н.Назарбаевтыѕ тиімді мемлекеттілігі – XXI єасырдыѕ саяси эксклюзиві 26 сəуірде өткен Қазақстандағы президенттік сайлау кең көлемді резонанс туғызды. Біздің еліміздегі ғана емес, сондай-ақ, бүкіл əлемдегі сайлау үдерістері тарихында тұңғыш рет ұлттың бірлігі мен топтасқандығының талассыз фактісі сайлаушылардың рекордтық белсенділігі мен Нұрсұлтан Назарбаевты феноменальді бүкілхалықтық қолдау болды. Сіздердің назарларыңызға көрнекті қазақстандық ғалымдар, жазушылар, мемлекет жəне қоғам қайраткерлерінің қатысуымен өткен дөңгелек үстел материалдарын ұсынып отырмыз. (Соңы 4-5-беттерде).
Президент сайлауыныѕ ќорытындысы бойынша баспасґз мəслихаты Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Президенті: – Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Сіздерге айрықша назарларыңыз үшін алғысымды білдіремін. Баршаңызға сайлаудың қалай басталғаны, қалай өткені жəне оның алдын ала қорытындылары қандай екендігі белгілі. Əрине, мені қазір тұрғындардың жоғары белсенділік көрсетуі үлкен қуаныш сезіміне бөлеп отыр. Бұл мен үшін аса маңызды. Мен Президент лауазымында ұзақ жыл еңбек етіп келемін. Сондықтан, бұл – Қазақстанның тəуелсіздік алған жылдардан бері қол жеткізген жетістігі мен бұл жолдағы менің еңбегімнің нəтижесі, соларға берілген жоғары баға деп есептеймін. Олардың ішіндегі ең маңыздылары – мемлекеттің құрылуы, ортақ мақсат пен мүдде жолында еліміздегі əртүрлі этнос өкілдерінің бірігуі, Қазақстан экономикасы жəне беделінің өсуі, бізбен шекаралас елдердің барлығымен достық қарымқатынастың орнауы, сондай-ақ, менің ұсынған бағдарламаларым. «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі міндеті – əлемнің
дамыған 30 елінің қатарына қосылу. Біз индустрияландыру бағ дар ламасын жүзеге асырудамыз. Ол шикізатқа тəуелді емес, мүлдем жаңа экономиканы құруға негізделген. Бұл бағдарламаның алғашқы бесжыл дығы аяқталды. Қайта өңдеу өнеркəсібіне негізделген 800-ге тарта жаңа кəсіпорын бой көтерді. Олар шикізат бағамының төмендеуі жағдайында экономиканы өз деңгейінде ұстап тұруға көмектеседі. Екінші бесжылдық инновациялық дамуға негізделген. Бұл бағдарламаға тиісті мөлшерде қаржы-қаражат бөлінген, халықаралық трансұлттық компаниялардың жəне қаржы институттарының қатыстырылуы көзделген. «Нұрлы Жол» инфрақұ рылымдық бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол Қазақстан территориясы арқылы Ұлы Жібек жолын қайта жандандыруға, оны өңірлерді байланыстыратын автомобиль жəне теміржол желілерімен қамтуды жəне Қазақстанды транзитті мемлекетке айналдыруды көздейді. (Жалғасы 2-бетте).