ДЕРЕК пен дəйек 399 000 000
Қостанай облысында биыл осынша теңге шағын несиеге беріледі Нəзира ЖƏРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан».
Ал өткен жылы оның көлемі 174 000 000 теңге, яғни екі еседен астам аз болған еді. Биыл шағын несие алып, шаруасын дөңгелеткісі келетіндер қарасы да көбейген. Қаржыны шаруаларға «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» акционерлік қоғамының Қостанай филиалы береді. Оның үстемесі 6 пайыздан аспайды. Шағын несиені облыста негізінен мал шаруашылығын өркендеткісі келетін шаруалар алып жатыр. Оны ұқсата білгендерге жұмыс та, табыс та болады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша өзіне жұмыс табу үшін қаржыландырудың осы көзі сұранысқа ие. Сондықтан облыс басшылығы шағын несиеге республикадан тағы да қосымша қаржы сұрап отыр.
№135 (28074) 28 МАМЫР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Еркін елдің ертеңі
Кїміс ќоѕырау оќушылардыѕ есте ќалар кїні
«Егемен Қазақстан».
12 764
Жыл сайын жас ұрпақты ерекше қуанышқа бөлеп, шаттыққа кенелтетін соңғы қоңырау өткен сенбі күні Отанымыздың барлық өңірінде соғылды. Мектеп бітіретін түлектер білім ұясымен қимай қоштасып жатса, бірінші сыныпты аяқтаған үлбіреген ұл мен қызғалдақтай қыздар алдыңғы толқын ағаларына қызыға қарап тұрды. Осындай салтанат Астана қаласындағы Райымбек батыр атындағы №50 қазғарыш мектебінде де болды. Елімізде тұңғыш рет Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев интерактивті сабақ өткізген бұл білім ұясының ашылғанына да 10 жылға таяу уақыт болып қалды. Осы жылдар ішінде 1500-ге таяу бала білім алып жатқан оқу мекемесінің қол жеткен жетістіктері сол салтанатты рəсім үстінде жан-жақты баяндалды. Халықаралық білім сайыстарында, 7 бала жүлдегер болып ел абыройын көтеріпті. Мұнымен қатар, білім беріп, тəрбие үйретудегі жетістіктері қалалық əкімдіктің грантын жеңіп алуы дер едік. Биыл мектеп бітіргелі отырған 41 түлектің ішінен 2 оқушы «Алтын белгіге» үміткер екенін тілге тиек еткен білім ордасының басшысы Əлия Сексенова сынып жетекшілері Т.Тапиева мен
Қаланы қыс бойы жиналып қалған қоқыстан санитарлық тазалау жұмыстары барысында осыншама тонна қоқыс шығарылды Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».
Қазір қаланы, ауылдық елді мекендерді көркейту, санитарлық тазалау жəне көгалдандыру бойынша жарияланған екі айлық жалғасып жатыр. Осы кезге дейін екі айлыққа меншік иесіне қарамастан 2700 кəсіпорын мен ұйым қатысқан. 94 мың адам қала тазалығына үлес қосып, бұл жұмыстарға 450 техника жұмылдырылған. Қала тазалығын сақтамағандарға қатаң талап қойылуда.Тазалық жұмыстарына немқұрайды қараған ПИК төрағалары мен кондоми ниум басшыларына əкімшілік шара қолданылды. Көшелерде санитарлық нормаларды бұзғандарды анықтау үшін құрылған жұмыс тобы рейдтік шаралар кезінде анықталған тəртіп бұзғандарға 304 хаттама толтырып, 3 056 331 теңгеге айыппұл салған. Қалалық санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы тарапынан 725 289 теңге айыппұл салынған. Ақтөбе облысы.
2 000
Жыл аяғына дейін осынша жас жұмыспен қамтылатын болады Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Былтырдан бері студенттердің еңбек биржасы жұмыс істеп, көмегіне жүгінушілердің қатары күрт артты. Оның қызметкерлері 18 жəне 29 жас аралығындағы буынға ақыл-кеңестер берумен, бос жұмыс орындарын ұсынумен, кəсіпорындар жайлы мəліметтер таратумен айналысады. «Жастар тарапынан ұсыныстар көп түсіп жатады. Біз олардың сұраныстарын жанжақты саралап, қолымыздан келген жəрдемімізді аямаймыз. Үлкен сұранысқа ие мамандықтар мен кəсіптер жайлы арнайы картотека жинақталған», дейді биржаның менеджері Анастасия Коренцова. Биыл 2000-ға жуық жасты жұмысқа орналастыру көзделген. Ол үшін арнайы қанатқақты жоба əзірленіп, жергілікті қазынадан 5 миллион теңге бөлінген. Бүгінде биржаның тікелей атсалысуымен жазғы құрылыс жасақтары жасақталуда. Сол сияқты, «Жасыл ел» бағдарламасына да жастар іріктеп алынатын болады. Солтүстік Қазақстан облысы.
Топжарған
Г.Бөкеновалардың еңбектерін де ерекше атап өтті. Ол сонымен бірге, алдағы уақытта білім ұясына күрделі жөндеу жүргізілетінін, оған тиісті қаржының бөлінгенін айтып, бұл оқушыларға сапалы білім беру үшін жасалып отырған үлкен қадам екенін де жеткізді. Сөйтіп, елімізде күміс қоңырау үні оқушылардың шат күлкісіне ұласты. Сонымен, кең байтақ Отанымыздағы 7402 мектепте күміс қоңырау соғылып, оның мерейіңді өсіріп, жан дүниеңді кеңітетін, əсіресе жас ұрпақтың жүрек қылын тербейтін əдемі үні көк аспанды кернеді. Бір кездері қазақ тілінде білім беретін мектептер саны аз болса, қазір ол 3819ға жетіп отыр. Бұл тəуелсіздіктің арқасында, яғни ширек ғасырға жуық уақыт ішінде мыңнан аса білім ұяларының шаңырақ көтеруі нəтижесінде жүзеге асты. Биылғы мектеп бітірушілердің ұзын саны 143 мың болса, олардың 100 мыңға таяуы Ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген. Санаулы күндерден кейін алға қойған мақсаттарына жету үшін олар бақтарын сынайды. Жұрттың ақ тілегіне, сəт сапарына, атаананың ілтипатына бөленген түлектер өмір баспалдағымен өрлесе, басқа оқушылар жаз жайнатып, күн күлдіретін лагерьлерде демалады. ------------------------------
Сүлеймен МƏМЕТ,
Қостанай облысы.
Суретті түсірген Владимир БАХМУТСКИЙ.
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b жəне 6b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы 2012 жылғы 12 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы № 7681-KZ Қарыз туралы келiсiмге (Оңтүстік – Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы: Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b жəне 6b) түзетулерге қатысты Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы келісім-хат ратификациялансын.
2012 жылғы 21 қарашада Мадридте жасалған Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 23 мамыр. № 97-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы
2012 жылғы 21 қарашада Мадридте жасалған Қазақстан Республикасы мен Испания Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы шарт ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 23 мамыр. № 98-V ҚРЗ.
Алєа, «Астана!»
Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 23 мамыр. № 99-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiмді (Шығыс-Батыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b) ратификациялау туралы 2012 жылғы 10 қазанда Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру жəне Даму Банкi арасындағы Қарыз туралы келiсiм (ШығысБатыс автомобиль жолдарын дамыту жобасы (Алматы-Қорғас учаскесі): Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық транзит дəлізі (ОАӨЭЫ 1b) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н. НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 23 мамыр. № 100-V ҚРЗ.
Масқара!
Қазақстандық «Астана» велокомандасының капитаны итальяндық Винченцо Ниба ли «Джиро д’Италия» веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлады TengriNews. Басты саралау бойынша екінші орынды колумбиялық Sky командасынан Ригоберто Уран иеленсе, үшінші орынды австриялық BMC Racing Team велошабандозы Кадел Эванс жеңіп алған. Нибали жарыстың соңғы сатысында үздік көзге түсіп, бірінші орынға еркін қол жеткізген. Бірнеше күнге созылған «Джиро д’Италия-2013» жарысы мамыр айының басында Неапольде бастау алып, содан 26 мамыр күні Брешиде аяқталды. Осылайша ең бір ұзақ жарыс, Франция аймағын басып өткен екі сатыдан басқа жерде Италия жолдарымен зулап өтті. Міне, енді, көңіл қуантарлығы, «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибали жарыстың сегізінші сатысы бойынша иеленген көшбастаушылық орнын осылайша сақтап қалды.
Жетімдердіѕ аузынан жырып жеген балалар їйініѕ 9 ќызметкері жазаєа тартылды Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».
Бұл – балалар үйіндегі өрескелдік. Ашып айтқанда, Сандықтау балалар үйінің əкімшілігі мен педагогтары «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңды қаперге алмайтындығы анықталып отыр. Мəселен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2009 жылғы №685 бұйрығына сəйкес, тəрбиеленушілер жылына екі рет скринингтік тексеруден өтуі тиіс болса, былтыр 91 баланың 31-і ғана профилактикалық байқауға тартылған. Республикамыздың «Білім туралы», «Неке жəне отбасы туралы» заңдары да бұл мекемені айналып өткендей екен. Прокурорлық тексеріс барысында осындағы ұстаздардың 30 пайызы лицензиялық талаптарға сəйкес болмай шықты. Оның үстіне, 2012 жылдың қарашасынан бері психолог пен əдіскердің орны бос тұр. Мұндай жағдайда білім беру мен тəрбие ісінің сапасы жайлы көңіл көншітерлік əңгіме болмасы хақ. (Соңы 8-бетте).
Отырыстыѕ кїн тəртібі белгіленді
Кеше Қайрат Мəмидің төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі.
Бюрода Парламент Мəжілісінде мақұлданған Қазақстан мен Беларусьтің дипломатиялық өкілдіктерді орналастыру үшін жер учаскелерін өзара беру туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Сенаттың тұрақты комитеттері мен аппаратқа берілді. Заң
жобасы бойынша Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитеті бас комитет болып белгіленді. Бюрода биылғы 30 мамырда болатын Сенаттың кезекті отырысының күн тəртібі де талқыланды. Онда бірқатар заң жобаларын қарау жоспарланып отыр.
«Жасыл орам» жобасымен танысты
С е н б і к ү н і П р е м ь е р - М и н и с т р Серік Ахметовке ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі аясындағы «Жасыл орам» құрылысының жобасы таныстырылды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Арнайы комиссия «Жасыл орам» құрылысы жобасының тұжырымдамасы мен алдынала техникалық-экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасау бойынша халықаралық байқау өткізуде. Дауыс беру қортындысы бойынша жеңімпазды одан əрі қарау мен анықтау үшін Ұлыбритания, Франция, Португалия, Германия жəне Қазақстан компанияларынан 5 жоба іріктеліп алынды. Бүгінгі күні 100 гектардан астам жер телімін бөлу туралы
мəселе қаралуда. «Жасыл орам» аумағында энергия тиімділігі саласында оны арттыруға қатысты соңғы үлгілер қолданылған əкімшілік-іскерлік орталық, тұрғын үй орамдары, саябақтар мен əлеуметтікмəдени нысандарды орналастыру көзделуде. Сонымен қатар, «Жасыл орам» электр қуатын Ерейментау қаласында орналасқан желден энергия өндіретін генераторлардан, сондай-ақ, күн фермаларынан алатын болады.
Жазылған жайдың жаңғырығы
Таѕсыќ аты тапталмауы тиіс «Егемен Қазақстан» газетінің бетінен «Таңсық – тарихи атау» деген атпен жарияланған мақаланы оқып шыққаннан кейін, иманым тас төбеме шықты. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосы – біздің ұлттық құндылықтарымызға жататын қымбат қазыналарымыздың бірі. Ал онда бас кейіпкерлермен қатарласа айтылатын Ай мен Таңсық біздің бабаларымыздан бастап, бүгінгі ұрпаққа дейін жүректерінің түкпірлерінде жатталып қалған қасиетті есімдер. Бұлар біздің тарихымызбен бірге жасасып келе жатыр. Бұған ешқашан да жол беруге болмайды. «Ауылдың аты – атама, көшенің аты – көкеме» деген əрекетке қатаң тыйым салынуы керек. Əлі жеткен, күші жеткен, қалтасы қалың, қаржысы мол əркім келіп, өзінің ел біле бермейтін əке-шешелері мен атабабаларына осылай ұлтымыздың ғасырлар бойғы мақтанышы болып келе жатқан қасиетті мекендердің аттарын тартып алып бере беретін болса, елдігімізден не қалады? Келер ұрпаққа нені апарамыз? Ай мен Таңсық аттары бір ауданның төңірегінде отырғандардың өз беттерінше билептөстеп, шеше беретін мəселесі емес. Мұндай есімдерге қатысты
өзгерістер, керек десеңіздер, қай кезде де күллі қазақ халқына сауын айтып, бүкілхалықтық референдуммен шешілуге тиіс. Осы оқиғадан кейін Аягөз аудандық мəслихатының жағдайы да белгілі болып қалды. Енді мұндағылардың қателігін облыстағылар қайталай қоймайтын шығар деген үміттеміз. Тұрғанбай МАХАНОВ,
Қазақстанға еңбегі сіңген дəрігер, Қызылорда облысының құрметті азаматы.
ҚЫЗЫЛОРДА.
Кімніѕ ауылы деп барамыз? Үстіміздегі жылғы 21 қаңтарда Мемлекет басшысы ономастика қызметі саласын одан əрі жетілдіруге бағытталған Заңға қол қойды. Бұл құжат еліміздегі жер-су мен елді мекендердегі көше аттарын реттейтін құзырлы орындар үшін нақты бағыт-бағдар беретін механизм болуға тиіс. Заң жобасын талқылау кезінде депутаттар тарапынан соңғы уақытта түрлі нысандарға белгісіз адамдардың аттары жиі беріліп кеткендері айтылған болатын. Жаңа құжат бұған тосқауыл болмақ еді. Алайда, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз аудандық мəслихаты аталмыш заңды елемей отыр. Олар «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанындағы сүйікті кейіпкер аты – Таңсықтың орнына кешегі кеңес заманында осы жерде МТС директоры, қой фермасының меңгерушісі болған азаматтың атын бермек. Бұл енді ұят-ақ нəрсе.
Соңғы кездері Қозы Көрпеш – Баян сұлу кешенінің іргесіндегі Таңсық ауылын туризм бекетіне айналдыру жөнінде əңгіме көтерілуде. Бұл ЮНЕСКО тізіміндегі мəдени мұраға деген дұрыс шешім, оң көзқарас дер едім өз басым. Қазір осы мəселенің өз шешімін таба бастағаны қуантады. Соның айғағындай, былтыр Аягөзден сол ауылға қарай 1856 жылы саяхатшы Шоқан Уəлиханов жүрген жолға көпір салынса, ал биыл тас жол құрылысы қолға алынып отыр. Осының бəрі салынып біткенде, махаббат мекеніне қарай жолға шыққандар кімнің ауылына барамыз демей ме? Сонда эпостағы атауды өз қолымызбен өшірген біздер оларға не бетімізді айтпақпыз?... Амангелді КЕРІМТАЕВ. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы.