28052014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Экономикалыќ интеграция ўлттыќ мемлекеттілікті ныєайтады 3-бет Ыќпалдастыќ – уаќыт талабы 4-5-беттер Тїркологияныѕ келешегі – Тїркі академиясында 7-бет

№103 (28327) 28 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Дайындыќ мəселелері жґніндегі кеѕес Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің мемлекет басшылары деңгейіндегі отырысын өткізуге дайындық мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы осы аптада Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою жоспарланып отырғанын айтты. – Біз жиырма жыл бойы экономикалық интеграция бағытында ілгеріледік. Осы уақытқа дейін орасан жұмыс атқарылды. Енді сол жұмысымыздың бекер болмағанын, қол қойылған шарттың халық игілігіне арналғанын іс жүзінде дəлелдеуге тиіспіз. Еліміз ұзақ мерзімді болашаққа жоспарланған бұл Одақтан пайда көреді. Біз шартқа экономикалық тұрғыдан тиімді болғандықтан қол қоюға ұмтылып отырмыз. Атап айтсақ, біздің еліміздің теңізге шығатын жолы жоқ екенін ескеру керек, мұны жəне көлік инфрақұрылымына қолже тімділікті көршілеріміз қамтамасыз ететін болады, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы көр шілерімізбен тығыз экономикалық байланыс Қазақстанның дамуына оң əсерін тигізетіндігін атап көрсетті. – Біздің елімізде шығарылған тауарлар Ресей мен Беларусьтің нарықтарында бəсекеге түсуі тиіс. Қазақстан тауарларының, капиталының, жұмыс күшінің

еркін қозғалысы, бірлескен кəсіпорындар құру, сондай-ақ, байланыстарды күшейту – осының бəрі еліміздің экономикасына пайдасын тигізеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Премьер-Министр К.Мəсімов шарттың жобасы Қазақстан Президентінің тапсырмасына сəйкес дайындалғанын жəне онда аса

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Е.Х.Сўлтановты Солтїстік Ќазаќстан облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Ерік Хамзаұлы Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр. № 825

Ерік Хамзаұлы СҰЛТАНОВ

1956 жылы туған. Қарағанды политехникалық институтын, Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін бітірген. Институтты бітіргеннен кейін «Экибастуз шахтострой» комбинатында механик, аға прораб, бас инженер, бірлескен кəсіподақ комитетінің төрағасы болды. Павлодар облысында ағаш өңдеу комбинатының директоры, Екібастұз қаласы əкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. «Экибастузшахтакурылыс» акционерлік қоғамының президенті болды. 1996-1998 жылдары Павлодар жəне Солтүстік Қазақстан облыстарының мемлекеттік мүлік жəне жекешелендіру жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс істеді. Солтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары, Көлік жəне коммуникация министрлігінде департамент директоры, бас үйлестіруші, комитет төрағасы лауазымдарында қызмет атқарды. Астана қаласы əкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының вице-президенті қызметтеріне тағайындалды. 2013 жылғы сəуірден – «Қазавтожол» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы.

Жаѕа əкім таныстырылды

Кеше Президент Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин жұмыс сапарымен Қызылжар өңірінде болып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерік Сұлтановтың Солтүстік Қазақстан облысының əкімі болып тағайындалғанын жеткізді. Өмір ЕСҚАЛИ, Н. Нығматулин облыстың «Егемен Қазақстан». бұрынғы əкімі Самат Ескендіровтің қызметке 2013 жылдың қаңтарынОблыстың кезектен тыс ХХV да тағайындалып, біршама жұсессиясына қатысқан Н.Нығма- мыстар атқарғанын, алайда қызтулин Президенттің өңір басшы- мет əдебі мен мемлекеттік тəрсы лауазымына Ерік Хамзаұлы тіпті босаңсытып, сыбайлас жемСұлтановтың кандидатурасын қорлыққа жол бергені үшін отсұсыну туралы хатын оқып берді. тавкаға кету жөніндегі өтінішін Халық қалаулылары Елбасы Пре зиденттің қабыл алғанын, ұсынысын бірауыздан қолдап, да- құрылыс басқармасы басшысының уыс берді. міндетін атқарушының парамен Сессиядан кейін облыс активі ұсталып, облыс əкімінің орынөтті. Оған қатысқан Президент басарына қатысты қылмыстық іс Əкімшілігінің Басшысы жинал- қозғалғанын жеткізді. ғандарды Президент Жарлығымен Актив жиынында сөз алған тағайындалған облыстың жаңа Солтүстік Қазақстан облысының əкімімен таныстырды. «Сіздер Ерік жаңа əкімі Е. Сұлтанов Елбасының Хамзаұлын жақсы білесіздер деп өзіне зор сенім көрсеткені үшін ойлаймын. Ол осы өңірдің тумасы, алғыс айтып, ел экономикасын да1956 жылы туған. Бірқатар лауазым- мытуға қабілет-қарымы мен күшды қызметтер атқарған. Тəжірибесі жігерін аямайтынына сендірді. мол. Өзіне де, өзгеге де қатаң талап қоя біледі», деді Н.Нығматулин. Солтүстік Қазақстан облысы.

маңызды бірнеше мəселе қамтылғанын мəлімдеді. – Одақ біздің елімізге қазіргі дей турбулентті экономика жағдайында тұрақты əрі орнықты даму үшін зор экономикалық мүмкіндіктер береді. Бұл шартта көпвекторлы саясат жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Осы Одаққа қатысудан бөлек, біз

ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздерді жəне өзге де халықаралық бірлестіктермен келісімдер жасауды жал ғастырамыз, – деді Премьер-Министр. К.Мəсімов жалпы құжаттың 4 бөліктен, 28 бөлімнен, 118 баптан жəне 32 қосымшадан тұратынын да атап өтті. Премьер-Министрдің бірінші

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы С.В.Кулагинді Аќмола облысыныѕ əкімі ќызметіне таєайындау туралы

Сергей Витальевич Кулагин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 27 мамыр. № 828

Сергей Витальевич КУЛАГИН

1952 жылы туған. Целиноград ауыл шаруашылығы институтын, Алматы жоғары партия мектебін бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын Целиноград облысы Астрахан ауданының Николаев кеңшарында инженер, бас инженер болып бастаған, кейіннен «Райсельхозтехника» өнді ріс тік бірлестігінің басқарушысы, «Қы зылжар» кеңшарының директоры болып істеді. Целиноград жəне Торғай облыстарының мемлекеттік басқару органдарында басшы лауазымдарда қызмет атқарды. «ИнтеграцияЦелина» халықаралық қоры ның президенті болды. Торғай облысының əкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруа шылы ғы министрі, Ақмола жəне Қостанай облыстарының əкімі қызметтеріне тағайындалды. 2012 жылғы қаңтардан – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Ґѕір басшысы ауысты Кеше Ақмола облыстық мəслихатының кезектен тыс ХХV сессиясы болып, онда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сергей Кулагинді Ақмола облысының əкімі лауазымына тағайындау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Бақберген АМАЛБЕК, «Егемен Қазақстан».

Сессия мен облыс активінің жиналысына қатысқан Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулин Елбасы Жарлығымен С.Кулагин Ақмола облысының əкімі болып тағайындалғанын хабарлады.

Ақмола облысының əкімі С.Кулагин Елбасының жоғары сеніміне алғысын білдіріп, алға қойылған тапсырмаларды орындауға тəжірибесі мен күшжігерін сарқа жұмсайтынын айтты. С.В.Кулагин бұған дейін, 1998-2004 жылдары Ақмола облысының əкімі болған еді. Ақмола облысы.

Хроника Мемлекет басшысының Жарлықтарымен: Самат Сапарбекұлы Ескендіров Солтүстік Қазақстан облысының əкімі қызметінен; басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов Ақмола облысының əкімі қызметінен босатылды; басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Сергей Витальевич Кулагиннің өкілеттігі тоқтатылды.

Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президенті Даля Грибаускайтеге президенттік лауазымға қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

орынбасары Б.Сағынтаев бүгінгі таңда Үкіметтің тиісті қаулысын келісімдеу мен қабылдаудың мемлекетішілік рəсімдері аяқталғанын мəлімдеді. – Шарт жобасы тəуелсіз сарапшылардың сараптамасынан өтті. Сіздің ұстанымыңыз бен тапсырмаларыңызды басшылыққа ала отырып, шарт жобасымен жұмыс барысында экономикалық емес ережелер алынып тасталды. Келіссөздер барысында біз Одақты саясиландыруға жəне оның аясында ұлттық өкілеттілік пен мемлекеттік еге мен дік мəселелерін талқылауға болмайтындығы туралы ұста нымды қорғап қалдық. Сіз дің нұсқауларыңыз бен тапсырмаларыңыз жүзеге асырылғанын, шарт жобасы тараптармен келісіліп, қол қоюға дайын екенін тағы бір рет атап өткім келеді, – деді Б.Сағынтаев. Сыртқы істер министрі Е.Ыдырысов шарт жобасының институттық бөлігінде егемендікті, аумақтық тұтастықты, əрбір мүшемемлекеттің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу, сондай-ақ, шешім қабылдаудағы консенсус қағидаттары қарастырылғанын айтты. – Одақ органдарында мүшемемлекеттер өкілдерінің конкурстық негізде тең болуы қамтамасыз етілді. Бұл шарттың өзге халықаралық шарттарды жасауға кедергі келтірмейтіні айрықша маңызды. Институттық бөлікте туындаған барлық түйткілдер жойылды, – деді Е.Ыдырысов.

Мемлекет басшысы құттықтауын Қазақстан халқының жəне жеке өзінің атынан жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Даля Грибаускайтенің көшбасшылық мол тəжірибесі Литваның дамуына айтарлықтай серпін беретіндігіне сенім білдірді. «Сіздің қайта сайлануыңыз дос тық жəне өзара түсіністік

негізінде қалыптасқан екіжақты ынтымақтастықты əрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне кəміл сенемін», делінген жеделхатта. Соңында Қазақстан Президенті Литва Республикасының Президентіне зор денсаулық, қажымас қайрат, аса жауапты қызметте табыс, ал достас Литва елінің халқына бірлік пен бақ-береке тілеген.

Ортаќ шешімдер ќабылданєан отырыс Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Бейбітшілік жəне прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Отырыста аталған сыйлықтың дəрежесін көтеру жəне нығайту, шетелдерде осындай марапаттарды тағайындау тəжірибесі туралы мəселелер қаралды.

Қаралған мəселе бойынша ортақ шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға алда атқарылар жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді.

Іріктеудіѕ ќорытындысы шыєарылды Кеше Ақордада Қазақстан Респубикасы Президенті Əкімшілігінің Басшысы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ұлттық комиссияның отырысында мемлекеттік қызметтің «А» корпусының кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды. Іріктеуге қатысу үшін барлығы 1029 өтініш беріліп, тестілеу рəсімінен кейін 365 үміткер əңгімелесуге жіберілді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Əңгімелесу қорытындысы бойынша Ұлттық комиссия 149 кандидатты резервке алуға ұсынды. Резервшілердің толық тізімі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында жарияланатын болады.

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындаєы Ќазаќстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныѕ əуе шабуылына ќарсы ќорєанысыныѕ бірыѕєай ґѕірлік жїйесін ќўру туралы келісімді ратификациялау туралы 2013 жылғы 30 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының əуе шабуылына қарсы қорғанысының бірыңғай өңірлік жүйесін құру туралы келісім ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 26 мамыр. № 205-V ҚРЗ

Ықпалдастық – ынтымақ ырысы Игорь ШУВАЛОВ:

Біз Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ саяси даналыєына таѕ ќаламыз Ресей Федерациясы Їкіметі Тґраєасыныѕ бірінші орынбасары И.И.ШУВАЛОВПЕН сўхбат – Құрметті Игорь Иван ович! Осы күндерде жұмысыңыздың ерекше қауырт екенін білгендіктен де сұхбатқа келісім бер геніңіз үшін алғысымды айтамын. Айдың аяғында Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Шартқа қол қояды деп күтіліп отыр. Сіз 2010 жылдың қаңтарынан бері Экономика лық даму мен ин теграция жөніндегі бір лескен үкіметтік комиссияны бас қарып келесіз, Шарт жобасын дайындауға тікелей қатысқансыз. Əңгімеміздің басында жалпы əлемдегі, соның ішінде

кеңестен кейінгі кеңістіктегі интеграциялық үдерістердің мəнмаңызы туралы не айтар едіңіз? – ТМД кеңістігіндегі ин теграциялық бірлестіктердің жұмыс тəжірибесі ықпалдастық əлеуетін экономикалық дамудың елеулі факторы ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ТМД шеңберінде интеграцияның екі арнасы дамып жатқан сияқты. Олардың біріншісі – бүкіл ТМД көлемінде көпқырлы еркін сауда аймағының негізінде ынтымақтастықты нақты тереңдету, екіншісі – интегра цияны Кеден одағы мен

Біртұтас экономикалық кеңістік түрінде үдемелі дамытудың өзегін қалыптастыру, бара-бара бұл үдеріске қатысушылардың құрамын басқа да мүдделес елдердің есебінен кеңейту. Мұндай көзқарас əртүрлі жылдамдықтағы немесе əртүрлі деңгейдегі интеграция деген атау алды. Ол интеграцияны тереңдету бағытында алға жылжуға дайын елдердің озық пішімдерінің дамуын бірте-бірте Достастық мемлекеттерінің басқаларына да таратуға мүмкіндік береді. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.