28052015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№98 (28576) 28 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ґзекті мəселелер ќарастырылєан ќабылдау

Жауынгерлік дайындыќ жайы ќаралды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хорватия Республикасының Премьер-министрі Зоран Милановичті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қарулы Күштерді одан əрі жаңғырту мəселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларындағы өзара іс-қимылын жандандыру мəселелері талқыланды. Сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі мейлінше өзекті жайттар қарастырылды. Қазақстан Президенті еліміз бен Хорватия

арасында достық қатынастар орнағанын атап өтті. – Мен тиімді екіжақты экономикалық байланыстар орнату үшін Хорватияға бірнеше рет бардым, өйткені, біздің елдеріміздің арасында бұған ешқандай кедергі жоқ. Біздің елмен жұмыс істегісі келетін хорват компанияларымен өзара ықпалдастық жөнінде менің тарапымнан тиісті тапсырмалар берілген, – деді Мемлекет басшысы. З.Миланович Қазақстан-Хорватия ынтымақтастығының қарқыны артып келе жатқанын, бұл өзара қарым-қатынастың негізгі салаларына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті.

Хорватиямен іскерлік байланыс ілгерілей тїспек Кеше Қазақстан Премьер-Министрі Кəрім Мəсімов елімізге ресми сапармен келген Хорватия Премьерминистрі Зоран Милановичпен кездесті. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Келіссөздер барысында Үкімет басшылары елдер арасындағы ынтымақтастық жайын талқылады. Тараптар сауда-экономикалық серіктестікті дамытудың зор əлеуетін алға тарта отырып, көптеген бағыттар бой ынша екіжақты қарым-қатынастарды жандандыру қажеттігін атап өтті. «Біз өте жемісті пікір алмасулар жүргізіп, хор ватиялық

компаниялармен біздің ынтымақ тастықты жақ сартудың мүмкіндіктерін тал қыладық. Осы орайда, Хорватияның бизнес топтарымен бұдан əрі қарай да ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз, себебі, олар бізге Балқан өңірінің жəне Еуропалық одақ тың нарықтарына шығуға көмектеседі», деді К.Мəсімов кездесу қорытындысы бойынша өткен баспасөз мəслихатында. К.Мəсімов, сонымен қатар, республикамыздың Еуразиялық

аймақтың өзіндік бір хабы болып табылатынын баса айтып, хорватиялық компанияларды Қазақстанда жұмыс істеуге шақырды. Ал З.Миланович өз кезегінде хорватиялық делегация үшін Астанаға ресми сапармен келу үлкен мəртебе екенін атап өтті. «Бүгін мен кəсіпкерлерден құралған хорватиялық делегацияны бастап келдім. Олар Қазақстандағы бизнеске зор қызығушылық танытуда. Осы сапар нақты нəтижелер əкеліп, көптеген келісімдерге қол қоямыз деген үміттемін», деді Хорватия Премьер-министрі. (Соңы 2-бетте).

Дербес білім беру ўйымдарын жетілдірудегі басты ќадам Кеше болған Мəжілістің кезекті жалпы отырысында палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов Қазақстан Президентінің 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын заңнамалық қамтамасыз ету қажеттігіне депутаттардың назарын аударды. Спикер бұл ретте Мемлекет басшысының елімізді жаңғыртуға арналған нақты шаралар жайындағы ұсынысы қарапайым адамдар алдында тұрған өзекті жəне өмірдегі маңызды мəселелерді шешуге бағытталғанын атап көрсетті. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

– Жекелей алғанда мемлекеттік қызметке енгізілетін жаңа қағидалар адамдардың маңызды мəселелерін жедел түрде шешуге, соттар мен құқық қорғау органдарында азаматтардың мəселелерін əділетті, сыбайлас жемқорлықсыз шешуге жəне де ауыл, кент, ауылдық округ өз бюджетін қалыптастыруға арналған, – деді Қабиболла Қабенұлы.

Төраға, сондай-ақ, бұл шаралардың жартысы экономика саласына қатысты екенін, осы жаңашылдықтар кəсіпкерлер мен азаматтарға қолайлы салықтарды, құрылыс салуға рұқсат алу кезінде азаматтарды сыбайластықтан сақтап, энергетика жүйесінде тариф мөлшерін жеңілдетуге, ет-сүт өндірушілерді қолдау мен олардың тауарларын ТМД жəне басқа елдер нарығына шығаруға шынайы көмек көрсетуге бағытталғанын жеткізді. (Соңы 2-бетте).

Отбасылыќ ќўндылыќтар ўмыт ќалмайды

Кеше Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіқалықованың төрайымдық етуімен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Отырыста Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша əзірленіп, Үкі мет қабылдаған Қазақстан Рес публикасында отбасылық қаты настарды, мо ральдық-этикалық жə не ру хани-адамгершілік құндылықтарды н ығай ту дың 2015-2020 жылдарға арналған жалпыұлттық іс-шаралар

жоспарының орындалу барысы қаралды. Бірқатар министрліктердің басшылары сөз сөйлеп, қолда ныстағы заңнамаға талдау жүргізілгенін жəне оның қорытындысы бойынша заңнамада мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қорғау тетіктері мен олардың жұмыспен қамтылу құқығы кедергісіз болуы көзделгенін сеніммен айтуға болатынын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Кеңеске Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Қорғаныс министрі И.Тасмағамбетов, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас

штабының бастығы С.Жасұзақов қатысты. Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан армиясының жауын герлік дайындығын жетілдіру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар

Бас хатшыныѕ орынбасарымен кездесті Кеше Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының коммуникация жəне қоғамдық ақпарат жөніндегі орынбасары Кристина Гайякты қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қ.Тоқаев БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстан сыртқы саясатының басым бағыты екенін жəне Таяу Шығыстағы бейбітшілік үдерістері жөніндегі БҰҰ-ның халықаралық медиа семинарын Астанада өткізудің маңыздылығын атап өтті. Қ.Тоқаевтың айтуынша, бұл шара біздің еліміздің БҰҰ-мен ынтымақтастығы нығая түскенін көрсетеді. БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Сенат Төрағасын дүниежү зілік ұйымның мерейтойына жоспарланған, атап айтқанда, əлем дегі мемлекет жəне үкімет басшыларының басым көпшілігі жиналатын БҰҰ-ның алдағы НьюЙорктегі 70 жылдық мерейтойлық

саммитіне əзірлік туралы хабардар етті. Жүздесушілер қауіпсіздікті, бейбітшілікті, дамуды жəне адам құқықтарын қорғаудағы ерекше жəне баламасыз ұйым болып табылатын БҰҰ-ның 70 жылдығын лайықты атап өтудің маңыздылығына тоқталды. Қ.Тоқаев Қазақстанның ТМД-ға төрағалық етуі аясында биылғы қазан айында Достастық мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы өтетінін, онда БҰҰ-ның 70 жылдығына арналған бірлескен мəлімдеме қабылдау жоспарланып отырғанын айтты. Сенат Төрағасы Президент Н.Ə.Назарбаевтың бастамасымен «Бес институттық реформаны

мен оның жауынгерлік əлеуетін нығайту шаралары туралы баяндалды. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

іске асырудың 100 нақты қадамы» бағдарламасы жəне «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағыты, сондай-ақ, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, діни көшбасшылар, бірқатар мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері қатысатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының V съезіне əзірлік туралы БҰҰ Бас хатшысының орынбасарын хабардар етті. Съезд 10-11 маусымда Астанада өтеді, «Діни көшбасшылар мен саяси қайраткер лердің бейбітшілік жəне даму жолындағы үнқатысуы» тақырыбы бойынша маңызды пікірсайыс болады. БҰҰ өкілі алдағы діни фору мының маңыздылығын атап өтіп, халықаралық тұрақтылықтың елеулі мəселесіне айналған мəдениетаралық жəне дінаралық толеранттылық тұрғысында Қазақстан əлемнің көптеген елдеріне өнеге екенін айтты. Ол, сондай-ақ, Астананың қарқынды дамуына таңданысын жеткізе отырып, келешектің энергиясы тақырыбына арналған ЭКСПО-2017 көрмесінің табысты өтетініне сенім білдірді.

● Жанайқай

Ќайыќ жалдап, ќалтылдап

жїрген тўрєындар алтын ўямен ќоштасќалы отырєан оќушылардыѕ таєдырына ќатты алаѕдаулы Шалғайдағы Ғ. Мүсірепов ауданына қарасты Разгульное елді мекенінің бүгінгі жайы иесіз аралда жетімсіреп қалған Робинзон Крузоның тірлігін көзге елестеткендей. Онда тұрып жатқан 500-ге жуық тұрғын аудан орталығына қатынау үшін жалғыз қайықты жалдауға мəжбүр. Бір көлік əупірімдеп өтетін шағын көпірді қарғын су көктемде қиратып кеткелі көрген күндері осы. Көмек сұрап, шырылдаған бала-шаға күнде жағаға келіп, қой қайырған шопан құсап

Бїгінгі нґмірде: Қас батыр Қасым Қайсенов 5-бет Əбігерге түскен əлем 6-бет

Ұлылық ұлағаты 7-бет

дауыстары қарлыққанша айғайлағаннан басқа қолдан келер дəрмендері жоқ. Қарайласар жан байқалмағаннан кейін ауыздарын қу шөппен сүрткен күйі кері қайтады. Атқамінерлер Есілдің арғы жағында ауыл барын ұмытқан тəрізді. Сырттан не басшы, не қосшы атізін салған емес. –Арғы бетке қайық жалдап өтіп жүрміз. Оның өзіне кейде жанармай болмай қалады. Сырқаттанып қалсақ жанымызды шүберекке түйіп отырғанымыз. Пайдаланғанына жарты ғасырға тақау

ескі қайықты төтенше жағдай қызметі жақында əкеліп берді, – дейді тұрғындар жергілікті билікке деген қара қазандай өкпесін жасыра алмай. Ал арғы жағалауға өткен соң 160 шақырым жердегі аудан орталығына жету бір мұң. Өйткені, не жедел жəрдем, не автобус қарастырылмаған. Шенділер болса, «Жаңа көпір салуға қазынада ақша жоқ. Ескісін жөндеуге уақыт қажет», деген жаттанды жауаптарын қоянның құлағы сияқты қылтита қояды. Солардың бірі аудан əкімі

● Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ислам хрестоматиясы шығарылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесінде айтылды. Ғылыми кітапқа орта ғасырлық кезеңдегі, қарахандықтар, Алтын Орда, Қыпшақ дəуірі, сондай-ақ, Қазақ хандығы тұсындағы діни еңбектер, дастандар жəне рухани шығармалар енеді. ● Қазақстанның даму банкі жеңілдікпен автонесие алу бойынша 2 207 өтінімді мақұлдады. Олардың сомасы 7,1 млрд. теңгені құрайды. Жалпы, жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылған автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін Ұлттық қордан 15 млрд. теңге бөлінген. ● Астанадан Сеул мен Тбилиси қалаларына əуе рейстері ашылады. «Эйр Астана» əуе компаниясының бұл қызметі 2 маусымнан басталады деп жоспарлануда. Сеулге қатынайтын «Боинг-767» əуе лайнері аптасына бір рет, яғни, сейсенбі күні ұшады. Ал Тбилиси бағытындағы «Эмбраер-190» ұшағы аптасына екі рет – сейсенбі жəне сенбі күндері жолаушылар тасымалдайды. ● Алматы қалалық мəслихаты қаланың 2015 жылғы нақтыланған бюджетін бекітті. Соған сəйкес аталған мегаполистің бюджеті 470 млрд. 844 млн. 679,4 мың теңгені құрады. Жалпы, шаһардың нақтыланған бюджетінің көлемі 387 млрд. 188 млн. 279,4 мың теңге болып белгіленді. ● Ақмола облысы Степногор қаласындағы «Ақмола Солт Компани» ЖШС жылына 30 мың тонна тұз өндіруді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда қажетті өндірістік ғимараттар сатып алынып, жобаны жабдықтау жəне одан əрі қар жыландыру мəселелері шешілуде. Жобаның жалпы құны 235 млн. теңгені құрайды. ● Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 40 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Облыстық əлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Əсия Темірбаеваның айтуынша, осыған орай өңірде 949 жоба жүзеге асады. ● Қызылордада жылына 27,7 млн. литр ауызсу өндіретін зауыт іске қосылады. Құны 418 млн. теңгені құрайтын кəсіпорында 40 адам тұрақты жұмыс пен қамтылмақ. Индустрияландыру картасы аясында ашылатын зауытта 18,9 жəне 5 литрлік бөтелкелерге құйылған ауызсу өндіріледі. ● Қостанай облысында 12 жобаны субсидиялау үшін 1 млрд. 134,5 млн. теңге бөлінді. Мемлекет тарапынан қолдауға ие болған кəсіпорындар өңірдегі 3 моноқалада орналасқан. Нақты айтсақ, Жітіқарада – 2, Лисаковта – 2 жəне Рудныйда 8 жоба мемлекеттен субсидия алады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Владимир Дудов жаңа көпір тұрғызу үшін сметалық құжат жасау қажеттігін, алайда, оған қаражат қаралмағанын, су тартылған соң уақытша амалдайтын көпір кəсіпкерлердің көмегімен шілде айында тұрғызылатынын көлденең тартады. Бəрінен де мектеп бітіргелі отырған оқушыларға обал-ақ. Былайғы уақытта түрлі спорт, білім сайыстарына барудан қалған олардың, Ұлттық бірыңғай тесті қалай тапсырарларын білмей бас қатырып отырған жайлары бар. Ата-аналар балаларын сынақтан емес, өзеннен амалдап, аман алып өтуді уайымдап жүр. Бақыт РАМАЗАН, журналист.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ғ. Мүсірепов ауданы.

● Көктемгі егіс

Даладаєы дїбір Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Қатарынан екі жыл рекордтық өнім жинаған қызылордалық диқандар көктемгі науқанға қызу кірісіп кеткен

еді. Бұйыртса, биыл да мол өнім алмаққа ниетті. Осы жылы Қызылорда облысында 164,1 мың гектарға егіс егу межеленіп отыр. Соның 76,3 мың гектары күріш. Ауа райының қолайлы болуына байланысты биыл шаруалар егінге

ерте кірісті. Сала мамандары егістікке қажетті тұқым, жанар-жағармай мен техникалар толық талапқа сай қамтамасыз етілді. Мамыр айының 25іне дейін диқандар күрішті толық егіп бітірді. Маусым айында суға бастыру жұмыстары аяқталады. Сыр өңірінде күріш егуге шамамен жылына 21 мың тоннадан астам тұқым қажет. Шаруалар егістікке қажетті тұқыммен толық қамтылды. Өңірде көбіне ресейлік сорттар пайдаланылды. Алдағы уақытта жергілікті сорттардың үлесін арттыру мақсатында Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының мамандары тынымсыз жұмыс жасап жатыр. Екі-үш жылдың көлемінде облыста толықтай жергілікті күріш сорттары егілетін болады. Яғни, өнімділігі жоғары, суға төзімді, түрлі ауруларға төтеп бере алатын сорттар болмақ. Бұл сорттардан кем дегенде гектарына 60 центнерден өнім алуға болады. Қызылорда облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.