28062013

Page 1

Бүгінгі нөмірде: Ұлытау – ұлт ұясы

3-бет

Тарих – халықтың өмірбаяны №158 (28097) 28 МАУСЫМ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

5-бет

Іркілістен кейінгі ұмтылыс

6-бет

Басшың кім: ұлық па, былық па?

9-бет

Жасыл орман – асыл ќорєан

Уақыт жылжыған сайын Астана маңы жасыл желекпен көмкеріліп, келбеті көз қызықтыратын орманды алқапқа айналуда. Елорданың барлық тыныс-тіршілігін үнемі қадағалап, жіті назарда ұстап отыруды əдетке айналдырған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Астана маңында «жасыл белдеуді» дамыту мəселесі жөнінде көшпелі кеңес өткізіп, бұған тағы бір көз жеткізді. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Кеңес аясында Президент жыл сайынғы дəстүр бойынша қаланың «жасыл белдеу» аумағын, сондай-ақ Қызылжар орман шаруашылығындағы

2011 жылғы орман алқабын жəне Шұбар кенті ауданындағы 1954 жылғы орманды тікұшақпен аралап шықты. Бұдан кейінгі кезекте бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг барысында Мемлекет басшысы қала маңын орманды алқапқа

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Т.Б. Дүйсенованы Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі қызметіне тағайындау туралы

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасының Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 маусым

№ 591

Тамара Босымбекқызы ДҮЙСЕНОВА 1965 жылы туған. Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген, экономика ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін Өзбек КСР-і Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономика ғылыми-зерттеу институтының экономисі болып жұмыс істеді. 1992-1997 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданы əкімінің аппаратында аудан əкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет атқарды. 1997 жылдан 2013 жылға дейінгі аралықта Шымкент қаласы əкімінің бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы əкімінің орынбасары, Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі, осы министрліктің жауапты хатшысы лауазымдарына тағайындалды. 2013 жылғы ақпаннан – Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі.

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Ержан Нығматоллаұлы Ашықбаев Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі қызметіне; Айдарбек Мұстажапұлы Абдулов Қазақстан Республикасы республикалық Ұланы қолбасшысының орынбасары қызметіне; Оқас Базарғалиұлы Сапаров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне; Нұрлан Секенұлы Орманбетов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметіне; Сұлтан Бүркітбайұлы Камалетдинов «Астана» өңірлік қолбасшылығы əскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен; Александр Николаевич Сорокин Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Əуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы қызметінен; Мүсілім Мұхтарұлы Алтынбаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты «Астана» өңірлік қолбасшылығы əскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.

айналдыру, «жасыл белдеу» жобасын жүзеге асыру жаңа елорданың жаңа трендіне айналғанын атап өтті. Біз қазақстандықтар мақтаныш ететіндей, алыс жəне жақын шетелдегі барша қонағымыз сүйсінетіндей əдемі Астананы салдық. Қаланы дамытумен бірге мен елорда маңында жас көшеттер отырғызу міндетін алға қойдым. Мұндай иен даланы, бұрын ағаш өспеген жерді орманды алқапқа айналдыру оңай емес. Сондықтан, ғалымдар жер қыртысы кенеулі екенін жəне көп күш жұмсалатынын айтты. Дегенмен, «көз

– қорқақ, қол – батыр» дегендей, бүгінде орман алқабы 65 мың гектарға жетті. Оның 14 мың гектары қаланың ішкі аумағын қамтиды. Мен Астана төңірегіндегі орманды бір сағат тікұшақпен аралап, тауыса алмадым. 60 мың гектар жер 4-5 ауданның аумағы болып саналады. Ресей, басқа елден келген орманшы-ғалымдардың айтуынша, дүниеде мұнша орман отырғызған мемлекет аз. Соның біреуі – бізбіз, – деді Қазақстан Президенті. Елбасы, сонымен қатар, Астана климатының өзгеруіне орманның тигізер пайдасы орасан екенін, сол себепті бұл

Елбасы тїсінік берді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» кен орнын игеру процесіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Астана маңында «жасыл белдеуді» дамыту мəселесі жөніндегі кеңестің қорытындысына арналған брифинг барысында Нұрсұлтан Назарбаев «Қашаған» кен орнын игеру бойынша жүргізілген жұмыс барысына түсініктеме берді. – Бұл – күрделі кен орны, оған қазірдің өзінде 48 миллиард доллар инвестиция тартылды. Жұмыс 13 жылдан бері жалғасып келеді. Маусымның соңында біз Атырауда құрылысы 2006 жылы басталған «Болашақ» зауытын іске қосу туралы жария етеміз. Осы өнеркəсіп кəсіпорнында өндірілген

мұнай күкірттен, газдан тазартылады, тек содан кейін экспортқа шығарылады. Қазақстан – Қашаған кен орнын игеру жөніндегі жобаға қатысушы ірі тараптың бірі. Егер акционерлердің біреуі өз үлесін сатамын деп шешсе, онда бұл қалыпты құбылыс. Бірақ бұл мəселеде Қазақстанның рұқсаты қажет болады, еліміз оны сатып ала алады немесе сатып алу құқын өзге инвесторға бере алады. Қазір жұмыс процесінде қарастырылып жатыр. Жақын уақытта ол табысты аяқталады деп ойлаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Катар халќына игі тілек Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катардың бұрынғы əмірі шейх Хамад бен Халифа Əл Тəниге жоғары билікті ұлы – шейх Тамим бен Хамадқа беруіне байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта шейх Хамад бен Халифаның 1999 жылы Қазақстанға жасаған тұңғыш ресми сапары екі ел халықтары арасындағы мызғымас достық байланыстарды қалыптастыру үшін негіз қалағаны атап өтіледі. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев шейх Хамад бен Халифаның тікелей қолдауымен жас елордамызда бой көтерген «Нұр-Астана» Ислам мəдени орталығы қаламыздың көз тартар көркіне айналғанын атап өткен.

«Бұл рухани орталық Қазақстан мен Катар арасындағы шынайы достықтың рəмізіне айналғанын ризашылықпен атап өтемін жəне əмір шейх Тамимнің басқаруы кезінде екіжақты қарым-қатынастардың қарқынын жоғалтпай, ын тымақтастығымыз тек тереңдей түсетініне кəміл сенемін», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы достас Катар халқына бақ-береке жəне мол игілік тілеген.

Жаѕа буынныѕ жарќын ґкілі

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Тамим бен Хамад Əл Тəниге Катар Мемлекетінің Əмірі қызметін иеленуіне байланысты жеделхат жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта өз елі басшылығының жаңа буынының жарқын өкілі болып саналатын Тамим бен Хамад Əл Тəнидің білімі мен күш-жігерін елін жаңа жетістіктерге жеткізуге жұмсайтынына, сондай-ақ, əкесінің сара жолын жалғастыратынына сенім білдірілген. «Қазақстан мен Катар арасындағы достық жəне əріптестік өзара

қарым-қатынастар жоғары қарқынын жоғалтпай, болашақта да екі ел халықтарының игілігі жолында тереңдей түсетініне зор үмітпен қараймын», – делінген жеделхатта. Соңында Мемлекет басшысы Катар Əміріне денсаулық жəне мемлекеттік қызметте табыс, ал достас Катар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

мəселе үнемі назарда тұратынын баса айтты. «Астананың климаты кейінгі жылдары өзгеріп келеді. Бұл көшеттер жазда шаңнан, қыста боран мен қарлы борасыннан қорғайды. Нəтижесінде, қала климаты өзгеріп, жұмсара түсті», деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев жасыл алқапты молайту маңызды əрі мəні зор жұмыс екеніне де тоқталып өтті. «Қазақстан аумағының 3 миллионға жуық шаршы шақырымын ұлан-ғайыр далалық аймақ құрайды, ал орманды алқап бар болғаны 8-10 пайыз. Егер біз жыл сайын барлық облысты жасылдандырумен айналысатын

болсақ, онда Қазақстанды жасыл ел жасаймыз. Бұл адам денсаулығына пайдалы, тыныс алуға «жеңіл», табиғат үшін береке-байлық, туған жердің көркі. Сондықтан біз игілікті жұмыс жасап жатырмыз.Əр облыс, қала, аудан адамдарды, əсіресе, жастарды ағаш отырғызып, оны күтіп-баптауға тарту жайын ойластыруға тиіс. Сонда Отанымыз одан əрі əдемірек жəне тартымды бола түседі, ал болашақ ұрпақтар бізге разы болатын болады», деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).

Телефон арќылы сґйлесті

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания Премьерминистрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Екі елдің көшбасшылары Ұлыбритания Премьер-министрінің алдағы сапарының бағдарламасын, сондай-ақ екіжақты қарымқатынастардың шарттық-құқықтық базасын дайындау барысын талқылады. Əңгіме кезінде Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі кездесудің өзара ісқи мылдың барлық саласындағы ын тымақтастықты жандандыру мен тереңдетудегі маңызды фактор ретіндегі мəнін атап өтті. Өз кезегінде Ұлыбритания

Премьер-министрі Қазақстанға сапарды ерекше толқыныспен күтетінін мəлім етіп, оның тарихи мəніне тоқталды. Дэвид Кэмерон Нұрсұлтан Назарбаевқа Ауғанстандағы жағдайды реттеуге жəне тұрақтандыруға бағытталған Қазақстанның белсенді əрекеті үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, тараптар энергетика, көлік-логистика жəне инновация салаларындағы ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылады.

Кеѕ кґлемді келісімдер ынтымаќтастыќќа бастайды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов елімізге ресми сапармен келген Румыния Премьер-министрі Виктор Понтамен кездесіп, келіссөз жүргізді. Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарымқатынасты дамыту жайын талқылады. Үкімет басшысы С.Ахметов Румыния Қазақстанның Шығыс Еуропа жəне Балқан елдеріндегі басты серіктесі, дей отырып, алдағы уақытта қос елдің барлық салада да байланысын бекіте түсу қажеттігін атап өтті. «Біз екіжақты жəне көпжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мəселелерін

тыңғылықты талқыладық. Сауда-экономикалық жəне инвестициялық салалардағы өзара іс-қимылдардың болашағын айқындадық. Сонымен қатар, біздің елдеріміздің көлік-транзиттік əлеуетіне қатысты мəселелерді қозғадық, мəдени-білім берудегі сабақтастықты дамытуға уағдаластық. Энергетика саласындағы ынтымақтастық аясында да барынша іскерлік үнқатысу орын алғандығын атап өткім келеді», деді С.Ахметов. (Соңы 4-бетте).

Заѕдыќ ќолдау тапты Кəсіпкерлердің мүддесін қорғайды деген Ұлттық палатаның төңірегінде əртүрлі пікірталастар орын алғаны белгілі. Кеше бұл мəселе Сенат Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кезекті жалпы отырысында қызу талқымен жалғасты. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Заң жобасының толық атауы «Қазақстан Республикасы Кəсіпкерлерінің ұлттық палатасы туралы» деп аталады. Негізгі жəне ілеспе заң жобалары бойынша баяндаманы ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары – Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев жасады.

– Республикалық қауымдастықты «Атамекен» деп түсіну керек, – деді Б.Сағынтаев сөзін сабақтай түсіп. – Ұлттық палата міндетті мүшелік қағидасы негізінде еліміз аумағындағы заңнамаға сəйкес тіркелген барлық кəсіпкерлік субъектілерден құрылады. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.