АҚПАРАТТАР аєыны №144 (28368) 28 ШІЛДЕ ДҮЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ОТАНДАСТАРЫМЫЗДЫЅ БІРЛІГІН БЕКЕМ ЕТЕ ТЇСЕТІН МЕРЕКЕ Ќазаќстан Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ Ораза айт мерекесімен ќўттыќтауы
Қымбатты отандастар! Сіздерді Ораза айт мерекесінің басталуымен шын жүректен құттық таймын! Бұл мейрам əлемнің барша мұсылман дары рухани таза руға ұмтылатын Рамазан айының аяқталғанын білдіреді. Осы кезеңде қайырымды істер атқарып, біздің көмегіміз бен жанашырлығымызға зəру жан дар ға қамқорлық көрсетуге
деген ізгі ниет пен ықылас арта түседі. Ислам адамзат баласын татулыққа, тыныштық пен тұрақтылыққа үндейді. Осынау биік құндылықтар тек мұсылман қауы мын ғана емес, бүкіл Қа зақстан халқын да ұйыстыра түседі. Сондықтан Ораза айт барлық отандастарымыздың бірлігін бекем ете түсетін мереке болып саналады. Қазақстан қоғамы өзінің бай
рухани мұрасын, өзара сыйластық пен келісімге негізделген іргесі берік қарымқатынастарын орынды мақтан тұтады. Барша қазақстандықтарды осы дəстүр лерді барынша нығайтып, жасампаз құнды лықтарымызды əрдайым қастерлеуге шақырамын. Қасиетті Ораза айт халқымызға рухани серпіліс, шаңырақтарыңызға бақ-береке əкелсін!
Ораза айт ќўтты болсын!
Құрметті бауырлар! Ораза айт мерекесіне аманесен жеткізген Алла тағалаға сансыз шүкірлер мен мадақтар болсын. Барша отандастарымды мұсылман қауымының ұлық, қастерлі мерекесі – Ораза айт мейрамының басталуымен құттықтаймын. Айт мүбəрак болсын! Қасиетті Рамазан айының аяқ талғанын біл діретін Ораза айт – мейірімділіктің, игіліктің, бірліктің, ізеттіліктің, қайырымдылықтың, достық пен шаттықтың мерекесі. Ораза айт ұлттар мен ұлыстарды ынтымаққа ұйыстырады. Иманды күшейтіп, кеңпейіл, бауырмал, қонақжай халқымызды жақсылыққа, қайырлы іс жасауға жетелейді. 30 күн оразада халқымыз ыждаһаттылықпен ауыз бекітті. Ме шіттерімізде ауызашарлар мен қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетілді. Ел игілігі үшін қызмет етіп жүрген көптеген азаматтар жақсылыққа үлес қосып,
сауабы мол амалдарға атсалысты. Баршасына «Алла разы болсын» дегім келеді. «Айт» сөзі «қарымта» деген мағынаны білдіреді. Жаратушы Иеміз əрбір ізгі амал мен игілікті істің сауабын беріп, мейірім-шапағатын төгеді. Айт күнінде ғұсыл құйынып,
Ќазаќстан мўсылмандары діни басќармасыныѕ тґраєасы, Бас мїфти Ержан ќажы Малєажыўлы Маямеровке
Құрметті Мүфти хазірет! Сізді жəне Қазақстан Республикасының барша мұсылмандарын исламның ең маңызды мейрамдарының бірі – Ораза айтымен шын жүректен құттықтаймын! Ханафи мəзһабындағы исламның дəстүрлері – көп ұлтты Қа зақстанның бай мəдени-рухани мұрасының ажырамас бөлігі. Қасиетті Рамазан айы ның аяқталуын білдіретін бүгінгі мейрам дінге сенушілерді мəңгілік адамгершілік-өнегелік құндылықтар мен ізгілік жəне əділдік аңсар-мұраттары аясына біріктіреді. Еліміздегі бейбітқатар өмір сүру мен діни төзімділікті, экстремизмге қарсы күрес пен қоғамдық моральды нығайту идеяларын орнықтыруда мұсылман қауымының үлесі үлкен маңызға ие. Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев өзінің бір сөзінде: «Тыныштық пен тұрақтылықты қолдайтын, Отанын сүйетін əрбір адам өзге конфессияларға құрметпен қарайды, өйткені,
● Өңір өмірі
тəрбиелі жəне білімді адам өзге дінді ұстанатын отандастарына қатысты басқаша қарым-қатынасқа жол бермейді», деген болатын. Берекелі Жетісу жəне Сарыарқа жерінде мұсылмандар мен христиандар бейбітшілік пен бауырластық аясында ортақ үйіміз – Қазақстанның дамуы мен нығаюына негіз қалау жолында ғасырлар бойы еңбек етті. Құдай бізге еліміздің барлық халқының пайдасы мен игілігі үшін Отанымыздағы конфессияаралық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімнің одан əрі өркендей беруін нəсіп етсін! Құрметті Мүфти хазірет, сізге жəне еліміздің барша мұсылмандарына шын жүректен денсаулық, тыныштық, сəттілік пен толағай табыстар тілеймін. Қазақстанның игілігі жолындағы еңбегіңізге Құдай жар болсын! Құрметпен, АЛЕКСАНДР, Қазақстан Республикасындағы Орыс православие шіркеуінің митрополиттік округінің басшысы, Астана жəне Қазақстан Митрополиті.
жұпар иіс себініп, жамағатпен айт намазына қатысудың сауабы мол. Туған-туыстарды, көршілерді, дос-жаранды мерекемен құттықтап, дастарқан жайып, ұлық мейрамның сəні мен сал та натын арттыру – Ораза айт тың өзіне тəн жарасымды һəм сауапты амалдарынан. Осы
«Егемен Қазақстан».
Соңғы жылдары Қызылордаға халықаралық қауымдастықта аса беделді ұйымдар келе бастады. Құр келмейді, инвестициясымен жетеді. Өңірді дамытуға бағытталған бағдарламаларын қоса көрсетеді. Соған мүдделі екендіктерін айтады. Бір ғана Еуропа Қайта құру жəне даму банкінің басшысы Сыр топырағына арнайы табан тіреп, аймақтың өркендеуіне сүбелі үлес қосатындықтарын мəлім қылды. Ал жақында облысқа Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілдері келді. Жақын болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызылорда облысы əкімдігі арасында бірлескен
жаңа бағдарлама жүзеге аспақ. Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев пен БҰҰның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл екіжақты келісімге қол қойды. Əріптестік аймақтың əлеуметтікэкономикалық дамуына септігін тигізетін зор қадам болмақ. – Аймаққа тартылып жатқан инвестиция көлемі жыл өткен сайын артуда. Халықаралық ұйымдармен байланыс күшейді. Келіссөздер нəтижесінде ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Əлеуметтік жобалардың маңызы жоғары. БҰҰ-ның үш жылда өңірге салатын қаржысы ауылдардың тұрмысын жақсартуға жұмсалады. Бұл жұмыс тарды
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Ќымбатты мўсылман бауырларымыз! Сіздерді ораза, дұға жə не қайырымдылық айы – Рамазанның аяқталуымен байланысты мереке – Ораза айтымен құттықтауға рұқсат етіңіздер. «Біздер, мұсылмандар мен христиандар, баршамыз бір Жаратушының аспаны астында өмір сүріп келеміз. Біз Құдайға құлшылық етеміз жəне оған толығымен бағынуды уағыздаймыз. Осы ортақ түсінік бізге бір-бірімізді бір Құдайға сенетін рухани бауырлар деп санауға мүмкіндік береді» (Папа Иоанн Павел ІІ). Иə, қымбатты бау ыр лар,
бүгінгі таңда барша əлем мұсылмандар мен христиандардың өзара ынты мақ тастықта бейбітқатар өмір сүруін қажет етіп отыр. Барлығымыздың болашағымыз осы татулыққа тəуелді. Католик шіркеуінің басшысы Папа Францискпен бірге Қазақстанның барлық католиктері мұсылман бауырларымызды Айт мерекесімен шын жүректен құттықтап, бейбіт те берекелі өмір тілейді. Томаш ПЭТА, архиепископ, Астана Митрополиті.
Ќўрметті ќазаќстандыќтар! Сіздерді Ораза айт мейрамымен құттықтаймын! Жаратушының əмірі бойынша адам баласы өз жан-дүниесін тазартуға, Жаратушының қалауы туралы ойланып-толғануға жəне Оның əмірін ең абзал түрде жүзеге асыру жолдарын іздеуге талпынуға міндетті. Ораза – күнделікті күйбеңнен арылып, Құдайға жақындауға, Оған жəне адамдарға деген махаббатын арттыруға мүмкіндік
Аймаќ дамуына баєытталєан баєдарлама
Ержан БАЙТІЛЕС,
мерекеде өзара ренжіскен кісілер ді татуластырсақ, өзгенің қате-кемшілігін кешіріп, ата-анамыздың құрметі мен ризалығына бөленсек, ол да мұсылманға тəн сипат. Исламда əрбір ізгі амал – садақа. Көршіге көмектесу, мұқтажға қолұшын беру, тіпті, жетімнің басынан сипап, өзгелерге жылы шырай таныту, ол да садақа. Күндегі оразасын құрмамен ашуды сүннет еткен Пай ғамбарымыз (с.ғ.с) айт намазына барарда алдымен құрмадан дəм татып барып үйінен шыққанды ұнататын. Ораза айтта отбасымызды шаттыққа бөлеп, ағайынға сыйлық берудің де маңызы зор. Алла тағала ұстаған оразаларымызды, дұға-тілектерімізді қабыл еткей! Халқымыздың бірлігі мен ынтымағы артып, Тəуелсіздігіміздің тұғыры биік, егемендігіміз мəңгі баянды болғай! Əмин!
бірлесе жүзеге асырамыз,– деді Қырымбек Елеуұлы. Облыс əкімдігімен бірлескен бағдарламаны БҰҰ-ның алты бірдей агенттіктерінің білікті мамандары жүзеге асыратын болады. Ол агенттіктердің қатарында UNDP – Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасы, UNESCO – Білім, ғылым жəне мəдениет мəселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы, UNFPA – БҰҰ Халық саласындағы қоры, UNICEF – Біріккен Ұлттар Ұйымы ның Балалар қоры, UN Women – БҰҰ Гендерлік теңдік жəне əйелдердің құқығы мен мүмкіндіктерін кеңейту мəселелері жөніндегі құрылымы жəне WHO – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кіреді. – Бағдарлама арқасында
беретін Жаратушының адамға сыйлаған өте əсерлі құралы болып табылады. Сіздерді Жаратушының ра зы лығы жолындағы оразаларыңыздың аяқталуымен, жандүниелеріңіздің тазаруы мен жəне Құдайдың əмірін орындауларыңызбен құттықтаймын! Ешая КОГЕН, Қазақстан Республикасының Бас раввині.
жасыл экономиканы дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, бизнесті өркендету жəне барлық тұрғындарға тең құқықты алып беру көзделген. Қызылорданың қай салада болмасын даму көрсеткіші қуантады. Дегенмен, əлі де халықтың жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасау керек. Біз қолдан келген көмекті жасауға əзірміз,– деді БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл. Кездесу барысында аймақ басшысы облыстағы 47 ауыл тірек елді мекендердің қатарына қосылғанын атап өтті. Ал Стивен Тулл тірек елді мекендердің өркендеуіне ұйым тарапынан 8,7 миллион доллар бөлінетінін айтты. Бұл бағдарлама Қызылордамен қатар, Маңғыстау жəне Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда. БҰҰ өкілдерінің мəлімдеуінше, бағдарламаның нəтижесі үш жылдан соң көрінеді. ҚЫЗЫЛОРДА.
Жарќын жеѕіске – жеделхат!
Елбасы «Тур де Франс» көпкүндік жарысындағы жеңісіне орай «Астана» велокомандасының капитаны Винченцо Нибалиге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті əлемнің үздік кəсіпқой велошабандоздарының бəсекесіне қазақстандықтар бір ай бойы куə болғанын айтты. «Сіздің еңбегіңіз бен жеңіске деген жігеріңіз барлық кезеңде біздің велокомандаға Қазақстанның спорттық жетістіктерін тағы да танытуға мүмкіндік берді», – делінген жеделхатта.
Мемлекет басшысы спортшыға жəне бүкіл «Астана» командасына велоспорттың басты жарыстарында топ жару жолындағы жемісті еңбек пен жанкешті күрес үшін ризашылық білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев Винченцо Нибалиге мықты денсаулық, бақбереке, жаңа жеңістер мен спорттық жетістіктер тіледі.
Жанкїйерлерге тамаша тарту
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бокстан WBA жəне IBO тұжырымы бойынша кəсіпқойлар арасындағы əлем чемпионы атағын қорғап қалғаны үшін Геннадий Головкинге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Г.Головкиннің жеңісі боксты сүйетін көпшілік қауым жəне барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша тарту болғанын атап өтті. «Лайықты қарсыласпен адал бəсекеде сен жауынгерлік мінез, қайсар рух танытып, дайындығыңның мықты екенін көрсеттің, өзіңнің үздік екеніңді тағы
да дəлелдедің, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі абырой-беделін арттырдың. Біз сенің жеңісіңді мақтан етеміз», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев спортшыға денсаулық, бақ-береке жəне кəсіби рингтегі алдағы бəсекелерде жарқын жеңістер тіледі.
● Бəрекелді!
ОН БІРІНШІ РЕТ Геннадий Головкин əлем чемпионы атаєын ќорєап ќалды Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Кеше, 27 шілде күні Астана уақыты бойынша 8 сағат 40 минутта Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында австралиялық Даниэль Гилмен жекпе-жегін бастаған қазақстандық Геннадий Головкин 20 мың көрерменнің көзі алдында қарсыласын 3-раундта нокаутқа жіберіп, өзінің WBA (супер) нұсқасы бойынша орта салмақтағы əлем чемпиондығы атағын 11-ші мəрте қорғап қалды. Ол, сонымен қатар, IBO версиясындағы осындай биік мəртебесін қатарынан 8-ші рет өзінде қалдырды. Бұл шайқастың тағы мынадай
бір кіріспесі бар. Оның қарсаңында Геннадий еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты өзінің айқасын келіп көруге шақырған еді. Бұған іле-шала жауап қатқан Мемлекет басшысы көп жылдардан бері сырт жерлерде Қазақстан намысын абыроймен қорғап жүрген қабыланымызға осы шақыруы үшін алғыс сезімін білдіре келіп, болғалы тұрған ұрыста жеңіске жетуді тілеген болатын. Ал матч біткен бойда Елбасы чемпионға қайтара жеделхат жолдап, бұл ұтыстың барша қазақстандық жанкүйерлер үшін тамаша табыс болғанын айрықша атап өткен-ді. (Соңы 8-бетте).
● Қазақстанда биылғы жылы 34 165 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл туралы Білім жəне ғылым вицеминистрі Тахир Балықбаев мəлімдеді. Олардың 31 135-і күндізгі оқыту нысанына арналса, 500-і қысқаша оқытуға, 2 530-ы дайындық бөліміне беріліп отыр. ● Астана–Щучье ақылы автожолында үстіміздегі жылдың соңына дейін 1,2 млрд. теңге жинау жоспарланған. Осыны жеткізген Көлік жəне коммуникация вицеминистрі Мереке Пішембаев өткен жылы бұл трассадан 800 млн. теңге пайда келгенін де алға тартты. Ал биылғы жылдың бірінші жартысында 454,3 млн. теңге жиналған. ● Кеше Астанада экстремалды демалыс түрін дəріптеген шара өтті. Онда экстримді аңсағандар мен ұмытылмас сəттерді ұнататындар сақтандыру арқанымен 40-45 метр биіктіктен секіріп, өздерін өздері сынақтан өткізіп көрді. ● Петропавлдағы 6637əскери бөлімінің жас сарбаздары əскери ант қабылдады. Оларды Солтүстік Қазақстан об лысының əкімі Ерік Сұлтанов ата-аналары мен туғантуыстары алдында осы ерекше сəтпен құттықтап, батыр бабалар дəстүріне адал болуға шақырды. ● Қостанай облысының Лисаков қаласында 2014 жылы 5 тұрғын-үй салынады. Ал келешекте 30 пəтерлі үйді «Тұрғынүй құрылыс жинақ банкі» арқылы беру жоспарланған. Тоғыз қабатты үй арендалық үйге кезекке тұрғандарға беріледі. ● Павлодарда ең ескі көпір қайта жөндеуден өткізілетін болды. Өткен ғасырдың 1966 жылы пайдалануға берілген Кутузов өткелі бұдан үш жыл бұрын апатты жағдайда деп танылған еді. ● Биыл Қызылордада 11 көшенің жаяу жүргіншілер жолдары жөнделуде. Қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаевтың айтуынша, жалпы ұзындығы 9,6 шақырымды құрайтын тротуарлар үшін облыстық бюджеттен 250 млн. теңге бөлініп отыр. ● Оңтүстік Қазақстанның Қазығұрт өңірі лимон жемісін жерсіндіре бастады. Аудандағы Тұрбат ауылының тұрғыны Ілияс Саитов 2009 жылы 15 сотық жерді жалға алып, алғашқы жылыжайын тұрғызған. Арада 5 жыл өткенде, мұндағы егіс көлемі 3 гектардан асты. Осының 6 сотық ауданында қазір 500 түп лимон мəуе беріп тұр. ● Ақтауда жыл басынан бері 3 467 жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың 1238-і сауда, 225-і өнеркəсіп салаларынан ашылды. Тағы 59 орын жастар практикасы шеңберінде пайда болды. Жалпы, мұндағы жұрт бұдан басқа көлік жəне байланыс, құрылыс жəне коммуникация секілді салалардан нəпақа табады. ● Ақтөбеде Ғазиза Жұбанованың есіміне жаңа көше берілді. Енді бұрынғы Сəңкібай батыр даңғылы көрнекті композитордың атымен аталатын болды. Ал оның атындағы бұрынғы көше батыр есімімен ауыстырылды. ● Шығыс Қазақстанда бұғы мүйізін кесу басталып кетті. Облыстың Қатонқарағай ауданындағы марал өсірумен айналысатын 9 шаруашылықта аталмыш науқан қазір қызу жүріп жатыр. Бұлардың арасындағы «Қатонқарағай бұғы паркі» орналасқан Ақмарал ауылында бүкіл Қазақстанда кездеспейтін теңбіл бұғы өсіріледі. Хабарлар Egemen.kz, Alau.kz агенттіктері, облыстық жəне қалалық əкімдіктер, «Тумба», «Ақтөбетаймс», «Дидар» газеттері сайттарының деректері бойынша дайындалды.
Оќырман назарына!
Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.