28072015

Page 1

Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Дүниежүзілік сауда ұйымының елімізді өз қатарына ресми қабылдау шарасына қатысу үшін Швейцарияның Женева қаласына келді. Аталған ұйымның штаб-пəтері осы қалада орналасқан.

№141 (28619) 28 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

ƏЛЕМ АШЫЛЄАН КЇН Ќазаќстан Дїниежїзілік сауда ўйымына мїшелікке ќабылданды

Осыған дейін бұл Ұйымның қатарында 161 ел бар еді. Енді, міне, 162-ші ел болып біз қосылып отырмыз. Мұның өзі – сыртқа ұсынатын тауарлары көп, əрі жаңа технологияларды отандық өндіріске енгізуге барынша мүдделі болып отырған Қазақстан үшін ұлы дүбірлі оқиға. Сұңғат ƏЛІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан» – Женевадан.

Еуропадаєы еѕ бай елдердіѕ бірі Швейцария – Батыс Еуропадағы ең бейбітсүйгіш елдердің бірі. Соның нəтижесінде ол əлемдегі ең бай елге айналып отыр. Біздің қолымыздағы деректерге қарағанда, мұнда жан басына келетін ішкі жалпы өнім көлемі жылына 70 мың доллардан асып жығылады. Осындай бейбітсүйгіштік қасиетінің арқасында 8 миллионға жуық қана халқы бар елде күллі əлемнің қаржысы шоғырланған деуге болады. Швейцария банктерінің осы қаржыны сақтауымен аты шығып отыр. Өз тəуелсіздігіне ие болған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде Қазақстан да адамзатқа ТМД кеңістігіндегі ең бейбітсүйгіш ел ретінде танылып үлгірді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық сынақтар жүргізетін Семей полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартуы күллі əлемге көрсетілген үлгі екенін Вашингтонда өткен бірінші антиядролық жаһандық саммит кезінде АҚШ президенті Барак Обаманың өзі атап көрсеткен болатын. Қазақстанның Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізетін елге айналуы, ЕҚЫҰ-ға төрелік етуі біздің бейбітсүйгіш саясатымыздың жарқын көрінісі. Қазір соның жемісін көріп келеміз. Демек, байлықтың берекелі елге, кикілжің, дау-жанжалдардан ада жерге ғана тоқтайтындығы шындық екендігіне Женевада болғанымызда тағы көз жеткіздік. Елдегі ұзақ жылғы тыныштық пен бейбітшілік нəтижесінде Женевада көптеген халықаралық ұйымдардың орталық кеңселері мен трансұлттық корпорациялардың штаб-пəтерлері орна ласқан. Халықаралық еңбек ұйымының, Халықаралық Қызыл Крестің, Дүниежүзілік метеорология ұйымының, Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, БҰҰ Еуропа бөлімшесінің жəне басқа да толып жатқан ұйымдар мен халықаралық компаниялардың бас

АҚПАРАТТАР аєыны

 Осы жылдың І жартыжылдығында Астанадағы орта жəне ірі өнеркəсіп кəсіп орындары 99,4 млрд. теңгенің өнімін өндірді. Қала əкімдігінің баспасөз қызметі таратқан дерекке сүйенсек, бұл көрсеткіш өнеркəсіп өндірісіндегі жалпы көлемнің 81,2 пайызын құрайды. Өнімнің нақты көлем индексі өткен жылдың сəйкес мерзімімен салыстырғанда, 119,3 пайызға тең.  Алматының биылғы қаңтармаусым айларына жоспарланған бюджеті толық игерілді. Бұл туралы шаһар басшысы Ахметжан Есімов мəлімдеді. Осы уақыт аралығында қалада өндіріс көлемі 4,5 пайызға артып, байланыс, сауда, құрылыс жəне көлік қызметі салаларында ілгерілеу байқалған.  Оңтүстік Қазақстанда электронды үкіметтің мобильді нұсқасы іске қосылды. Оған 50-ге жуық мемлекеттік қызмет түрі енгізілген. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,

кеңселері осында шоғырланғандықтан қала қаржы қызметінің байырғы əрі маңызды орталығы болып саналады.

Бейбітшіліктіѕ ќўтты ќадамы Дүниежүзілік сауда ұйымы 1995 жылдың 1 қаңтарында, осыған дейін болған жəне 50 жыл əрекет еткен Тарифтер жəне сауда жөніндегі бас келісімнің (ТСБК) жалғасы ретінде өмірге келді. Бірақ бұрынғыға қарағанда бір үлкен ерекшелігі, ол енді халықаралық ұйым ретінде заңды мəртебеге ие болды. Сонымен қатар, бұрынғыға қарағанда үлкейіп, кеңейе түсті. Адамзат қауымына тигізетін əсері де ұлғайды. Енді оған, міне, Қазақстанымыз да қосылды. Осы мəселеге көптеген дайындықтар жасалған соң, кейбіреулердің сары уайымға салынып айтқанындай, Дүниежүзілік сауда ұйымынан қорқып қажеті жоқ. ДСҰ ережелері дамушы елдер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырады.

енді ұялы телефон арқылы кейбір анықтамалардың электронды нұсқаларын алуға мүмкіндік бар.  Қызылорда диқандары күріштің жаңа сұрпын ойлап тапты. Дақылдың «Ару» деп аталатын бұл түрі суды аз қажет етеді жəне көлемі басқалардан үлкен. Қызылорда білім тарату орталығының жетекшісі Жанұзақ Баймановтың айтуынша, бүгінде жаңа сұрып қала іргесіндегі Қарауылтөбе елді мекенінде өсірілуде. Аталған түр Ресейдің «куряж» жəне қазақтың «элита» сұрыптарын будандастыру арқылы алынған.  Астанада Талдықорған қаласының жаңа бас жоспары таныстырылды. Алматы облысы əкімінің орынбасары Ғалымжан Əбдірайымовтың сөзіне қарағанда, жоспар 2035 жылға дейінгі уақытты қамтиды. Осы кезеңде Талдықорған халқы 240 мың тұрғынға артып, қаланың жер көлемі 7,8 мың гектардан 11 мың гектарға дейін ұлғаяды деп күтілуде.  Каспий теңізінің Құрық портында паром кешені пайдалануға

Қазіргі күні оған мүше дамушы елдер дамыған елдермен салыстырғанда өз нарықтарын қорғаудың неғұрлым жоғары кедендік-тарифтік қорғау құралдарына ие болып табылады. Жалпы, еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына қосылуы қажеттілік екенін дəлелдейтін мысалдар мен факторлар жетіп артылады. Өйткені, қазіргі күні күл лі əлемде бірігу үдерістері жүріп жатыр. Əлемдегі алып елдер болсын, шағын елдер болсын немесе дамыған елдер мен дамушы елдер болсын экономикалық одақтарға интеграциялану үстінде. Себебі, көптеген халықтар эконо микалық тұрғыдан түрлі одақтарға бірігуді жалпыадамзаттық жаһандануға қолайлы түрде кірігудің үлкен жолы деп есептейді. Бұл ретте мына ел мықты ел, мына ел əлсіз ел, бұл екеуі біріккенде бірін бірі жеп қояды, яғни əлсізді мықты алып жейді деген сарыуайымшылдыққа салыну жоқ. Сарыуайымшылдыққа салыну дегеніміз – уақыт жағынан ұтылу деген сөз. Ғылымитехникалық прогресс барынша жедел

берілді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кешен жылына 4 млн. тонна жүк өткізуге арналған. Порт толық қуатта жұмыс істеуі үшін жақын арада 250 адам тұрақты жұмысқа қабылданады.  Қостанай облысында жемшөп егісінің көлемі 122,6 мың гектарға ұлғаяды. Өңір басшысы Нұралы Сəдуа қасовтың мəлімдеуінше, облыста жазғы егістіктің көлемі 4,7 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде 3,6 млн. гектар жерге бидай егілген. Биылғы егін орағына аймақтағы комбайндардың 95 пайызы дайын.  Көкшетауда неке са райының құрылысы басталды. Қала əкімі Ермек Маржықпаев жобаның құны 284 млн. теңгені құрайтынын айтты. «Ақсəуле» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары келесі жылы аяқталады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

Бїгінгі нґмірде: Жағдайың қалай, жеткіншек? 4-бет

Қиындықтар құрсауы 5-бет

Əсия мен Əселхан 9-бет

дамып, технологиялық үдерістер кең жайылып отырған қазіргі кезеңде əрбір ай, əрбір күннің өзі алтынға айналып барады. Уақытын тиімді пайдаланған ел ұтады, уақытын тиімді пайдалана алмаған ел ұтылып, құлдыраудың құрығына ілігеді. Бұл – бүгінгі заманның басты шындықтарының бірі. Осы ретте уақыт жағынан ұтылған елдерде дау мен жанжалдың көп болатынын, осының өзі елді етектен тартып, бүлінушілік пен бөлінушілікке алып келетінін көріп отырмыз. Демек, бейбіт күннің əр сəтін қадірлей білген, қадірлеп қана қоймай, оны ұтымды істерге пайдалана білген абзал.

Экспорттаушы елдіѕ баєы жанады Енді əлемдік сауданы алға жылжытушы тауарлар мен қызметтер экспорты мəселесіне қайта келейік. 19501998 жылдар аралығында əлемдік

экспорт көлемі 16 есе өскен. Батыстық мамандардың бағалауы бойынша, 1950-1970 жылдар аралығындағы кезең халықаралық сауда дамуының «алтын ғасыры» болып табылады. 70-ші жылдары əлемдік экспорт 5 пайызға дейін төмендесе, 80-ші жылдары одан да қысқара түскен. 80-ші жылдардың соңында қайта көтерілген. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап сыртқы сауда динамикасында теңгерімсіздік пайда болды. Осының ықпалымен 90-шы жылдары Батыс Еуропа халықаралық сауданың басты орталығына айналды. Оның экспорты АҚШ экспортынан 4 есе асып түсті. 80-ші жылдардың соңында Жапония бəсекелестікке қабілеттілік жөнінен көшбасшылар қатарына шыға бастады. Осы кезеңде оған Азияның «жаңа индустриялы елдері» Сингапур, Гонконг, Тайвань қосылды. Алайда 90шы жылдардың ортасына таман АҚШ бəсекелестікке қабілеттілік жөнінде əлемдегі жетекші орынға қайта шықты.

2007-2008 жылдарғы дағдарысқа дейін əлемдік сауда көлемі орта есеппен алғанда жылма-жыл 6 пайызға өсіп отырды. Бұл үдеріс 1990-2000 жылдар аралығында жүзеге асты. Дүниежүзілік сауда ұйымының деректері бойынша, əлемдегі тауарлар мен қызметтер экспортының көлемі 2007 жылы 16 триллион долларды құрады. Оның 80 пайызы тауарлардың, 20 пайызы қызметтердің үлесіне тиді. Ал 2012 жылға таман тауарлар мен шикізаттар саудасының жылдық айналымы 20 триллион долларға жуықтады. 2010 жылы қайтадан жеделдетіп қалпына келген тауарлар мен қызметтердің əлемдік саудасының өсу қарқыны 2011 жылы 5 пайызға, ал 2012 жылы 2 пайызға дейін төмендеді. Қазіргі уақытта халықаралық сауда елдердің, өңірлердің, бүкіл əлемдік қоғамдастықтың шаруашылық тұрғыдағы дамуында өте маңызды рөлге ие болып отыр. Мұны мынадай бірқатар факторлар арқылы байқауға болады. Біріншіден, сыртқы сауда əрбір ел, тіпті, біз жоғарыда айтып кеткендей, оның субъектісіне айналып отырған жеке азаматтар үшін де экономикалық өсу көрсеткіштеріне қол жеткізудің қуатты құралына айналды. Екіншіден, елдердің халықаралық сауда айналымына тəуелділігі барынша күшейе түсті. Үшіншіден, халықаралық сауда рөлінің былайша өсуіне еңбектің халықаралық бөлінісінің күшеюі үлкен ықпал етуде. Қазіргі уақытта əрбір ел өзіне қажетті барлық тауарларды өз ішінде шығарып жатпайтын болды. Оны басқа елдерден сатып алуды əдетке айналдырып келеді. Оның есесіне өзі арзанырақ бағамен сапалы етіп шығара алатын тауарлар немесе шикізаттар өндірісімен көбірек шұғылданады. Ол өнімдерді халықаралық нарықтарға шығару арқылы пайда қаратады. Мəселен, біздің Қазақстанымыз мұнай мен уран, түрлі металдар, бидай өндіруде қазіргі уақытта халықаралық сау даны жүргізуші жəне аталған өнімдерді тұтынушы шетелдік ірі компанияларға жақсы мəлім болып отыр. Сөйтіп, қазіргі уақытта Қазақстан дегенде осы өнімдердің аттары қатар аталып жүр. Оның есесіне, Қазақстан шетелдерден тұрмысқа қажетті көптеген электр техникалық құралдарды жəне басқа да заттарды сатып алып жүр. Халықаралық сауданың дамуына ықпал етіп отырған негізгі факторлар қатарында қазіргі жүріп жатқан ғылыми-техникалық революцияның соңғы толқындарының əсерін, сондайақ, трансұлттық корпорациялардың қызметін де қосуға болады. (Соңы 2-бетте).

 Мəселенің мəнісі

Сел зардабын жоюдыѕ ќарќыны бəсеѕдеген жоќ Талғат СҮЙІНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Алматы халқы бүгінде тосыннан естілген «Жедел жəрдем» көлігінің немесе жол-патрульдік полициясының дабылды сиренасына үрке елтіп, елеңдесіп қалатын болған. Өйткені, осыдан алты күн бұрын болған Алматыдағы селдің зардабы əлі жойылып біткен жоқ. Ол жұмыстың ұзаққа созылатын түрі бар. Төтенше жағдайлар штабының бастығы полковник Нұрлан Мадияровтың айтуына қарағанда бір ортадан үйлестірілген құрамында мыңдаған адам бар жұмыс тобы тоқтаусыз жұмыс істеп жатыр. Техника саны артқан. Жан-жақтан келіп жатқан көмек топтары баршылық. Штаб маңы əдеттегідей қыз-қыз қайнаған. Негізгі күш селдің басы жүріп өткен Қарағайлы ықшам ауданына бағытталып отыруы да бекерден-бекер емес. «Залалсыздандыру жұмысымен қатар, таудағы күзет жұмысы да орталықпен үнемі байланыста тұр» – дейді штаб бастығы.

Ең соңғы дерек бойынша апат болған күннен бастап бүгінге дейін Наурызбай ауданынан 7000 текше метрден астам ұйық-балшық қаладан сыртқа шығарылды. Ұзындығы 2 шақырымға жуық өзен бойы батпақ пен сел ағысы жинаған қоқыстан тазартылды. Ал етектегі Алатау ауданынан да 5000 текше метр лай сыртқа

шығарылды. Тосыннан сел ұрған 828 нысанның ішінде 7 үй жарамсыз деп танылды. Екі мектеп пен бір медамбулаторияны қосқанда 429 нысан алдағы уақытта жерді қалыңдығы 60 сантиметрге дейін жапқан ұйық балшықтан тазартылуы тиіс. Апатты аймақты аралай жүріп, зардап шеккен, сондай-ақ селдің зардабын тікелей жоюға

атсалысып жүрген азаматтармен сұхбаттасқан едік. Ольга КУЗУБ, Таусамал ауылының Сейфуллин көшесіндегі №71 үйдің тұрғыны. – Ең бастысы – аманбыз. Осы елді мекенде тұрғанымызға 40 жылдан асып барады. Мұндай батпақ пен тас араласқан ерекше селді өз басым бірінші рет көруім. Тау көшіп келгендей болды. Моншамыз бен қора-қопсыны қиратып кетті. Бау-бақшаны түгелдей ұйық басып қалды. Мен Таусамалдағы негізгі екі көшенің қиылысындағы дүкенде қызмет етемін. Күн сайын қаншама адам келеді, неше түрлі əңгіме естимін. Зардап шегушілерге қолғабыс беріп жатқан барлық күш пен техника осы арадан шығып жатыр. Алғашында мұндағы жігіттерге барып, тізімге жазылып көмек берілетіндердің тізіміне кірмекші ойым болған. Біз де зардап шектік қой. Бірақ, үйлерінің ішіне дейін лай кіріп, абыр-сабыр болған ауылдастарымның жағдайын көріп, тəубешілік еттім. Қазір біздің үйдің ауласы мен бақшасын балам мен күйеу балаларым өздері жұмылып тазалап жатыр. Үлкен халықтық іске осылайша біз де өз үлесімізді қостық. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.