Бїгінгі нґмірде: Сын саєаттаєы сындарлы ќадам 2-бет Ўлт ўясындаєы ўлаєат 3-бет «Семсерін сілтеп намыстыѕ...» 5-бет Аќ келін 8-бет
№167 (28391) 28 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Минскідегі кездесу ќорытындыларын талќылады
Бұған дейін газетімізде хабарланғандай, Беларусь Республикасының астанасы Минск қаласында өткен Кеден одағы елдері басшылары, Украина Президенті жəне Еуропалық одақ өкілдерінің кездесуінен кейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен жəне Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен кездесті. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан» – Минскіден.
Үш елдің басшылары Украина Президенті жəне Еуропалық
одақ өкілдерінің қатысуымен өткен кездесу қорытындыларын талқылады. Осы орайда, президенттер Украинадағы қазіргі қалыптасқан ахуалды кешіктірмей реттеуге бағытталған күш-жігердің
Елбасыныѕ Тїркияєа сапары Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Түркияға келді. Анкара қаласына сапар барысында Қазақстан Президентінің Түрік Республикасының Прези денті Режеп Тайып Ердоғанның инаугурациясы рəсіміне қатысуы жоспарланған. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар шетелдік мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Жылы жїзді жїздесу
маңыздылығына айрықша назар аударды. Сонымен бірге, Қазақстан, Беларусь жəне Ресей президенттері Кеден одағы мен алдағы 2015 жылдан бастап күшіне енетін
Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының міндетін уақытша атқарушы Əділбек Жақсыбеков Ішкі істер министрлігінде болды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ішкі істер министрлігінде болды
ынтымақтастық қарқыны өсіп келе жатқандығын атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаев А. Гүлге Қазақстан мен Түркия қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жемісті қызметі үшін алғысын білдірді.
жылдығында ғана Белоруссия, Қазақстан жəне Ресейдің ортақ тауар айналымы, əсіресе, шекаралас аумақтарда алдындағы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40 пайыздан астамға өскен. Бүгінде Кеден одағы аумағын оған жаңадан қосылатын елдер есебінен ұлғайта түсу мəселесі күн тəртібінде тұр. Сондай-ақ, осы күні Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен
екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында Кеден одағы елдері басшылары, Украина жəне Еуропалық одақ өкілдері кездесуінің қоры тын дылары талқыланды. Екі елдің басшы лары осы кездесудің қорытындысы бойынша қол жеткен уағдаластықтар Украинадағы ахуалды жақсартуға оң ықпалын тигізетіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр
Үкімет назарына
Кəсіпкерлікке не кедергі? Айша ӨТЕБƏЛІ, журналист.
Ə.Жақсыбеков Ұлттық гвардия мен полиция жарақтандырылып отырған заманауи арнайы техникалардың үлгілерімен танысты. Жұмыс кездесуінің қорытындысында Мемлекеттік хатшы – Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының міндетін уақытша атқарушы құқықтық тəртіпті жəне қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық қорғау қызметінің тиімділігін одан əрі арттыру, қылмыстық залал келтіруден азаматтарды қорғау бойынша шараларды күшейту мəселелері жөнінде бірқатар міндеттерді атады.
Елімізде кəсіпкерлікті дамыту бағытында ауқымды шаруалар атқарылуда. Бұған соңғы жылдары табысты жүзеге асып жатқан көптеген мемлекеттік бағдарламалар дəлел. Дегенмен, Елбасының тапсырмасымен кəсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін жағдайларға тосқауыл қойылғанына қарамастан, шағын жəне орта бизнестің қанаты əзірге кеңінен жайыла қоймағаны тағы шындық. Статистикалық мəліметтерге жүгі нетін болсақ,
облыстық кəсіпкерлік жəне өнеркəсіп басқар масы ның 1 шілдеге дейінгі мəліметі бойынша өңірімізде 46 мың 862 нысан тіркелген болса, соның тек 27 мың 489-ы ғана белсенді жұмыс істеп тұр екен. Сонда қалған 19 мың 373 нысанның жұмы сын жалғастырып кете алмай, тұралап қалғанына не себеп болды? Жалпы, кəсіпкерліктің дамуына не кедергі болып отыр? Осы сұрақтарды бірнеше кəсіпкер мен кəсіпкерлік сала ма ман да рына жол даға нымызда, төмендегідей жауап алдық. (Соңы 4-бетте).
Лондондаєы Бейбітшілік пен келісім орталыєы
Мемлекет басшысы Түрік Республикасының Президенті Абдулла Гүлмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Əңгіме барысында соңғы жылдардағы қазақ-түрік қарым-қатынастарының негізгі кезеңдері талқыланды. Президенттер бұдан арғы даму үшін зор əлеуеттің бар екенін айта келіп, екіжақты
Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ынтымақтастықтың басым бағыттарын əңгіме арқауына айналдырды. Осы орайда сəл шегініс жасар болсақ, үш елдің Кеден одағы жұмыс істей бастаған сəттен бас тап оған мүше мемлекеттер арасындағы тауар айналымының қауырт өсе түскенін айта кету қажет. Мəселен, Кеден кодексінің күшіне енуіне байланысты тек 2011 жылдың бірінші жарты
Сейсенбі күні Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында Қазақстанның Бейбітшілік пен келісім орталығы ашылды. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы шешімдерін жүзеге асыру шеңберінде жүзеге асырылған шаралардың бірі болды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Орталықтың ашылу салтана тын да Қазақстан халқы Ассам блея сы Төраға сының орынбасары – Хат шылық
меңгерушісі Ералы Тоғ жа нов, «Қазақстан қағазы» АҚ дирек торлар кеңесінің төрағасы, Ұлы бри тания Парламенті қа уым дар па латасының депу та ты Тони Бол дри, британдық инвес тор лар, ғалымдар, Қазақстан мен Ұлыбритания
екіжақты ынтымақтастық келісімін іске асыру шеңберінде бірлескен іс-қимылдар атқарушы ком па ния лар дың өкілдері қатысты. (Соңы 6-бетте).
Өмірдің өзегі – өндіріс
Жылына – 10 миллион кірпіш
Аягөз ауданында Индустрияландыру картасы шеңберінде кірпіш зауыты жұмыс істей бастады. Бұл – аудан көлемінде Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жеті жобаның бірі саналатын ірі кəсіпорын. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Таяуда Аягөз ауданына барғанымызда зауыт жұмысымен танысудың сəті түскен болатын. Кəсіпорын орналасқан ғимарат зəулім, кең əрі жарық. Кеңес дəуірінде салынған нысанды қайтадан қалпына келтіріп, ішіне теміржол кіргізіп, толығымен қайта жарақтандырған екен. Қалыптағы кірпішті кептіру, қыздыру, салқындату цехтары орналасқан. Осыған дейін көп шілік зауыттарда қолданылып кел ген технология бойынша шикі қалып кірпіштен соғылған камерада қыздырылса, жаңа зауытта оның орнын металдан жасалған камера басқан. Мың градустық ыстыққа төзімді болғандықтан, мұндай технология арқылы жасалған кірпіштің төзімділігі мен сапасы өте жоғары
болады, дейді мамандар. Кірпішке қажетті шикізат сегіз шақырым жерден тасымалданады. Барлау жұмыстарының нəтижесі көрсеткендей, карьердегі сары топырақтың қоры 50 жылға жеткілікті. Топырақ зауытқа жеткізілгеннен кейін екшеуден өтіп, қиыршықтардан толықтай тазартылады. Илеу аппаратына жөнелтілген соң балшыққа 10 пайыз көлемінде көмір араластырады. Бұл – кірпішті күйдіру үдерісінде балшықтың толық пісуін қамтамасыз етеді. Қалыпқа құйылған кірпіш одан соң 200 градустық температурадағы кептіру алаңына жеткізіледі. Кепкен соң 1000 градустық күйдіру аймағынан өткізіледі. Атал ған жұмыстардың барлығы лента мен теміржол рельстері арқылы жүргізілетіндіктен, еңбек өнімділігі арта түскен. Жартылай автоматтандырылған кəсіпорынның жетекшілері зауыттың өндірістік қуатын
алдағы уақытта еселей түсуді жоспарлап отыр. Осы технология бойынша жұмыс істеп тұрған кəсіпорындар елімізде санаулы ғана. Оның бірі Екібастұз
қаласында болса, екіншісі Шымкентте салынды. Аягөз ауданындағы зауыт – үшінші кəсіпорын екен. Аталған нысанның құрылысына 304
млн. теңге жұмсалды. Кəсіпорынның жалпы қуаты жылына 10 миллион дана кірпіш өндіруге жетеді. Зауыттың өнімдеріне қазірдің өзінде сұраныс мол. Аягөз ауданының əкімі Нұрбол Нұрғалиевтің айтуынша, Астана мен Алматы, Өскемен мен Семей қалаларынан тапсырыстар көптеп түсуде. – Бүгінде Аягөз қаласында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде. Біздің ойымызша, сертификат алған соң, мердігерлер нысанға қажет кірпішті зауыттан тасымалдауға келісім жасайды. Тасымал шығыны азаятындықтан материал құны 15 пайызға арзанға түседі. Бұл біздің құрылысшылар үшін өте тиімді, – деді аудан əкімі Нұрбол Нұрғалиев. Қазіргі кезде зауытта 50-ден астам адам жұмыс істейді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындар. Қысқа мерзім аралығында кəсіпорын қызметкерлері өндіріс барысын игеріп алды. Айта кеткен лəзім, кірпіш зауыты қазақстандыққытайлық компаниялардың əріптестігі шеңберінде іске қосылды. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы. ––––––––––––––
Суретті түсірген Сергей СУРОВ.
Лукашенко сауда-экономикалық, индустриялық-инновациялық жəне агроөнеркəсіптік салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын қарастырды. Сондай-ақ, интеграциялық құрылымдар аясындағы өзара ықпалдастық мəселелері мен халықаралық күн тəртібінің өзекті жайттары да əңгіме арқауына айналды.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
АҚПАРАТТАР аєыны
● Астанада 3192 зейнеткерге бір реттік ақшалай төлем жасалады. Конституция күніне орай ұйымдастырылып отырған бұл акция елордада Ата Заңның 19 жылдығына орай жасалатын 50 шараның бірі болып табылады. ● Шығыс Қазақстанда көп бейінді медициналық кешен ашылды. Оның салтанатына қатысқан облыс əкімі Бердібек Сапарбаев бұл үшін Үкімет қорынан 1,8 млрд. теңге ақша бөлініп, 2 жылда салынып біткенін мəлімдеді. Аурухана заманауи техникалық жабдықпен жарақталған. Ол жүз кереуетке жəне ауысымдағы 300 келушілерге есептеліп салынған. ● Солтүстік Қазақстанда қант өндіретін зауыт салынады. Облыстың Шал ақын ауданында бой көтеретін өндіріс орнының жобалық қуаты 8 мың тонна болмақ. Құрылысы 2016 жылы аяқталатын кəсіпорынның жобалық құны 900 млн. теңге тұрады. ● Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлеріне 25 автокөлік берілді. Оларды облыс əкімінің орынбасары Бақтияр Мəкен табыс етті. Енді облыс орталығының барлық учаскелік полиция пунктінің аумақтық инспекторлары осы «Нива» көлігімен қызмет атқарады. ● Шымкентте өңір жастарын солтүстік тегі жоғары оқу орындарына шығарып салу салтанаты өтті. Шараға қатысқан облыс əкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев пен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Əбенов жастарға ақ жол тіледі. ● Павлодарлық төрт ұстаз жаңа автокөлік кілттеріне ие болды. Оны білім беру саласы қызметкерлерінің дəстүрлі тамыз мəслихатында облыс əкімі Қанат Бозымбаев табыс етті. Бұл күні сондай-ақ, білім беру саласына сүбелі үлес қосқан бір топ ұстаздар сыйлықтар алды. ● Атырау облысының Құрсай ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Білім ошағының ашылу рəсіміне қатысқан облыс əкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құрылыс салу кезінде сапасы мен дизайнына ерекше көңіл бөлінгенін айтып өтті. Хабарлар «ҚазАқпарат», Egemen.kz агенттіктері мен Астана қаласы əкімдігі сайттары деректері бойынша дайындалды.