Бїгінгі нґмірде:
№164 (28642) 28 ТАМЫЗ ЖҰМА 2015 ЖЫЛ
Маѕызды мəселелерге назар аударылды
Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ТМД жəне ШЫҰ елдері прокуратуралары басшыларымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Прокуратура басшылары Астанаға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 13-отырысына жəне Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 25-отырысына қатысу үшін келді. Кездесуде ШЫҰ жəне ТМД аясында заңдылықты, қауіпсіздікті жəне өңірдегі тұрақтылықты сақтаудың маңызды мəселелері
талқыланды. Мемлекет басшысы ТМД елдері прокуратураларының өзара іс-қимылын күшейтудің қажеттігін атап айтты. Сіздер осы форматта 20 жылға жуық уақыт бойы кездесулер өткізіп келесіздер, ал 15 жыл бұрын ТМД-ның халықаралық органы мəртебесіне ие болдыңыздар. Əрбір отырыс арқылы қарымқатынасты нығайта түстіңіздер. Сонымен қатар, 2001 жылдан бері Шанхай ынтымақтастық ұйымы
жұмыс істейді, ол халықаралық аренада елеулі күшке айналды. Соңғы отырыста ұйымға жаңа мүшелер қабылдау жөнінде шешім қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл орайда Қазақстан Президенті терроризммен жəне экстремизммен, сондайақ, трансұлттық қылмыстың өзге де түрлерімен күрес мəселелері бойынша бірлескен тиімді қадамдар жасаудың маңыздылығына тоқталып, бұл сұхбат прокурорлардың өзара ісқимылын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретінін айтты.
Мемлекет басшысы осындай кездесулер заң үстемдігін жəне ШЫҰ, ТМД елдері аумағында қылмысқа қарсы бірлескен күресті күшейтуге септігін тигізеді деп үміттенетінін жеткізді. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Бас прокуроры А.Дауылбаев Мемлекет басшысына ұйымға бақылаушы елдер – Үндістан, Ауғанстан жəне Беларусь ведомстволары басшыларының қатысуымен өткен Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорлары отырысының нəтижелері туралы баяндады.
Ґзара іс-ќимыл жемісі Мемлекет басшысы МАГАТЭ-ның бас директоры Юкия Аманоны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Елбасы МАГАТЭ бас директорын Қазақстанда төмен байытылған уран бан кін құру туралы келісімге қол қойылуымен құттықтады. Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиға жемісті өзара іс-қимылдың қорытындысы болғанын атап өтті. Қазақстан Семей полигонын жапты, біз ірі ядролық қарудан бас тарттық. Еліміз ядролық қару таратпау саясатын жүргізіп келеді. Бұл орайда біздің көзқарастарымыз ұқсайды деп ойлаймын, – деп атап өтті Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы Иранның ядролық бағдарламасына қатысты Қазақстанда өткен келіссөздердің бірінші раунды кезінде осындай банктің қорынан ядролық отын алу мүмкіндігін Қазақстан тарапы бірнеше рет айтқанын атап өтті. Ю.Амано шартқа қол қою шын мəнінде тарихи оқиға болғанына тоқталды. Бүгінде атом электр стансасын салуға ниетті немесе сондай
жолды қарастырып отырған елдер уран нарығындағы кез келген ауытқуларға қарамастан, төмен байытылған уран сатып алу мүмкіндігі бар екеніне сенімді бола алады. Осы маңызды бастаманы жүзеге асыру барысында Сіздің көшбасшылығыңыз негізгі рөл атқарды. МАГАТЭ атынан жəне бүкіл халықаралық қоғамдастық атынан Сізге өз ризашылығымызды білдіргіміз келеді, – деді Амано. МАГАТЭ бас директоры сондай-ақ, ядролық қаруды таратпау режімін нығайту тұрғысынан
Їлкен їлгі, тарихи шешім
Елбасы АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Сэм Наннды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кардиохирургия: кеше жəне бїгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Қазақстанда медицинаны, соның ішінде кардиохирургиялық жəне кардиологиялық қызметті дамыту перспективалары талқыланды. Қазақстан Президенті кардиохирургиялық ота жасатуға мұқтаж адамдардың саны аз уақыт бұрын ғана 10-15 мың адамға жеткенін айтты. Біз бұл адамдарға жəрдем бере алмадық. Мүмкіндігі барлар шетелге шықты. Алайда, бəрінің шамасы келмеді, адамдардан айырылып жаттық. Ал бүгінде елордада жəне Қазақстанның көптеген облыстарында жүрекке ашық оталар жасалады. Олардың қатарында
Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы бірінші орынды ие ленеді. Ол қазірдің өзінде ТМД елдерінде жəне əлемнің басқа да мемлекеттерінде танымал бола бастады. Орталықта жасалған операциялар сондай-ақ, Қазақстанның үлкен имидждік
жобасына да айналды, ең бастысы – көптеген адамдардың өмірін сақтап қалып жатырмыз, – деді Мемлекет басшысы. Ю.Пя жеке өзінің жəне бүкіл ұжымның атынан Нұрсұлтан Назарбаевқа кардиохирургия орталығын құрғаны үшін алғыс айтты.
Сіз оны ашқан кезде мұ ны тір шіліктің нəзік те сезімтал тал шықтарын зергерлерге тəн кəсібилікпен байланыстыр ған кардиосарай деп бағаладыңыз. Шынында да солай, мұнда нағыз ғажайыпты жасауға болады. Бүгінде біздің орталықты Қа зақстан ғана емес, бүкіл əлем біледі. Мысалы, бірер күнде бізге Еуропа елдерінен 30-ға жуық маман келіп, тəжірибемізді кө реді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан саясаттың арқасында бүгінгі таңда тек біздің республикада ғана қолданылатын ота əді сін енгізе алдық. Соның нəтижесінде біз еуропалық мамандар келіп танысатындай тəжірибеге ие болдық, – деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы. ----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Ел дамуыныѕ ќаєидатты ќўжаты
Міне, алдымыздағы 30 тамыз күні ұлттық саяси-құқықтық жүйенің өзегі, мемлекеттілік пен ел егемендігінің, заңдылық пен құқық тəртібінің негізі болып табылатын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясына 20 жыл толады. Бұл бəріміз үшін аса қуанышты да, мерейлі күні екені белгілі. Олай деуімізге толық негіз бар. Себебі, бұл Конституциямыз ең демократиялық жолмен, яғни Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 28 шілдедегі Жарлығына сəйкес жалпыұлттық референдумда қабылданды. Референдумға дейін Конституцияның жобасы жалпыхалықтық талқылау үшін екі мəрте жарияланды. 1995 жылғы 30 маусым – 30 шілде аралығында 33 мыңға таяу ұжымдық талқылаулар болды, 30 мыңнан астам ұсыныстар келіп түсті, бұларды зерделеу нəтижесінде жобаға 1100 шамасында түзетулер мен өзгерістер енгізілді. Əрине, қазір мұның бəрі өткен күннің бір белгісі секілді. Бірақ ақиқат шындық тарихта жазылып қалды. Жаңа Конституцияның талапқа сай қабылдануына көптеген адамдардың орасан зор еңбегі сіңді. Осы жəне басқа да мəселелер төңірегінде газет оқырмандарына айтып беруі үшін біз Конституциялық Кеңес Төрағасы Игорь РОГОВҚА жолығып, сындарлы сұрақтарымызға салиқалы жауап алдық. – Игорь Иванович, кезінде аталған жаңа Конституция жобасын талдау жəне оған тəуелсіз сараптама жүргізу үшін Мемлекет басшысының жанынан Сарапшылықконстультативтік кеңес құрылып, оның құрамына отандық жəне шетелдік белгілі заңгерлер енгені белгілі. Өйткені, сол 1995 жылғы Президенттің 28 шілдедегі Жарлығында «елдiң мемлекеттiк өмiрiнiң аса маңызды мəселелерiн тiкелей шешу жөнiндегi халықтың құқығын жүзеге асыру мақсатында 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдум өткiзiлсiн» деп жазылған болатын. Əңгімемізді осы
алғашқы жалпыхалықтық дауыс беруден бастай отырып, жаңа Конституцияның қабылдануы не берді деген сауалға жауап іздеумен жалғастырсақ. – Иə, жалпыхалықтық дауыс беру нəтижесі айтарлықтай бол ғаны сөзсіз. Референдумға Қазақстанның 8 миллионнан астам (немесе дауыс беру үшін енгізілген барлық адамдардың 90,6 пайызы) азаматы қатысты. Конституция жобасын 7 миллионнан астам қазақстандықтар (немесе 89,14 пайызы) қолдап дауыс берді. (Жалғасы 3-бетте).
Елдік мїдде жолында 5-бет Тыєырыќќа тірелген тірлік 8-бет Дос 9-бет Алтын артќан пойыз 12-бет
Қазақстан Президенті бұл кездесудің Семей полигоны жабылған күн мен Біріккен Ұлттар Ұйымы атап өтетін Халықаралық ядролық сынаққа қарсы іс-қимыл күні қарсаңында өтуінің символдық
мəні бар екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы полигон жабылғаннан бергі жылдар бойы С.Нанн елімізге қолдау көрсетіп келгенін айтты. Бұл мəселенің тарихын
бай тарихы, сондай барлық қажетті инфрақұрылымы бар Қазақстан мұндай банкті орналастыруға ең лайықты үміткер екенін айтты. Кездесу соңында Мемлекет басшысы қазақстандықтарға осы тарихи қадамды түсіндірудің маңыздылығын атап өтті. Қандай да бір елдің ядролық бағдарламасын уранды байытудан бастауы баршаны алаңдатады. Бұл оның заңсыз таралу қаупін тудырады. Ал біз өзіміздің ядролық циклды құрмай-ақ бейбіт атомды пайдалануға жағдай жасаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. сіз ден артық ешкім білмейді. Біздер үлкен жұмыс атқардық деп санаймын, ол жұмыс бүгінгі келісімге қол қоюмен аяқталып отыр. Қазақстан – дүниежүзілік антиядролық қозғалыстың бастамашысы əрі көшбасшысы, бұған оның моральдық құқығы бар. Мен өзім осы мəселеге арналған барлық халықаралық саммиттерге қатысып келемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. С.Нанн Қазақстанда төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімге қол қойылуының маңыздылығын атап өтті. Бұл – ядролық энергияны əскери мақсатта пайдаланудан бас тарту үшін барлық мемлекеттер ынтымақтасатын болашаққа қарай жасалған алғашқы қадам. Қазақстан жəне Сіз өзіңіз бұл орайда əрдайым үлгі көрсетіп келдіңіз, өзгелерді соңыңыздан ерттіңіз. Сіздің еліңіз бұл үшін қандай қадам жасағанын бүкіл əлем біледі, өйткені дəл осы жерде ядролық полигонды жабу туралы шешім қабылданды. Қазақстан ядролық бағдарламаларға қатысты не істеу қажеттігі туралы əрдайым жақсы өнеге көрсетіп келді, – деді АҚШ-тың бұрынғы сенаторы.
Таєайындау Мемлекет басшысының Өкімімен Ұлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының ректоры қызметіне тағайындалды.
«Астана» футбол клубына ќўттыќтау жолдады
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» футбол клубының УЕФА чемпиондар лигасы топтық кезеңіне өтуіне байланысты құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы елордалық ко манданы құттықтай отырып, осынау шын мəніндегі тарихи жетістік жанкешті ойынның, ынтымақтың, шебер бапкерлік жұмыс пен жанкүйерлердің қызу қолдауының нəтижесі екенін атап өтті. «Команданың табысы бүкіл Қазақстан халқын тұтастыра түсті. Бұл оқиға спортты елімізде одан əрі танымал ете түсу үшін тың серпін беретініне
сенімдімін. «Астананы» енді футболдағы əлемдік алып командалармен бəсекелер күтіп тұр. Бұл біздің жанкүйерлерімізге жаңа сапалық деңгейдегі ойындарды көзбен көруге мүмкіндік береді», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтардың атынан командаға жарқын жеңістер тіледі.
Сүйінші!
«Астана» жəне Чемпиондар лигасы
Бұл бір шын мəнінде де Қазақстан футболы үшін нағыз ақ түйенің қарны жарылған ақжарылқап күн болды. Бұрнағы күні түнде Кипрдің орталығы – Никосияда жергілікті АПОЭЛ клубымен Чемпиондар лигасы іріктеу кезеңі плей-офф ойындарының қарымта кездесуін өткізген «Астана» командасы 1:1 есебімен тең түсіп, екі матчтың қорытындысы бойынша құрлықтағы ең беделді кубок жарыстарының топтық кезеңіне жолдама алды. Бұған біздің жерлестеріміздің соңғы ойынды тең аяқтай білулерімен бірге, бұдан бір апта бұрын аталған Серік ПІРНАЗАР,
«Егемен Қазақстан».
Қазір астаналықтардың осы жа уапты ойында айбындары асып түсетінін іштей білдік десек, бəлки, мұнымыз болары болып қойғаннан кейін айтыла салған
қарсыласын өз алаңында 1:0 етіп жеңіп келгені жол ашып берді. Сөйтіп, «Астана» футбол клубы өзінің қысқа тарихында ғана емес, жалпы Қазақстан командалары арасында бірінші болып Еуропа кубоктарының топтық кезеңінде ойнайтын алғашқы жасақ атанды. Команданы осынау орасан зор табысымен Елбасы Нұр сұлтан Назарбаевтың өзі арнайы құттықтады. Шын жүректен айтылған жəне лайықты оқиғаға байланысты жеткізілген сол құттықтауға біз де қосыламыз.
арзанқолдау сəуегейлік болып көрінер, бірақ, шынында да, неге екені белгісіз, ойынды онлайнжеліден көріп отырған кезімізде оның қорытындысы өзіміз үшін қолайлы болатынына деген бір сенім бойымыздан үйірі ліп шықпай қойып еді. Тіпті, екінші
таймның бел ортасына қарай алаң иелері күтпеген жерден керемет гол соғып кетіп, біздің қақпаның бағанын қақыратып өткенде де сол сезімнен ажырай қоймағанбыз. (Соңы 12-бетте).