Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Монако Князьдігіне ресми сапары барысында мемлекеттер басшылары екіжақты келіссөз жүргізді.
№222 (28161) 28 ҚЫРКҮЙЕК СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Шаруасы шарыќтаєан шаєын ел
Кеше Монако Князьдігіне ресми сапармен келген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты Князьдік сарайының алдындағы алаңда ресми қарсы алу рəсімі болды. Князьдіктің осындай шараларға арналған үлкен оркестрі Қазақстан Президентіне құрмет көрсетті. Жақсыбай САМРАТ,
«Егемен Қазақстан» – Монакодан.
Қарсы алу рəсімі аяқталған соң Президент Нұрсұлтан Назарбаев Монако Князі Альбер ІІ-мен оңаша кездесіп, екіжақты келіссөз жүргізді. Одан кейін екі елдің басшылары мемлекеттік наградалармен алмасты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің ынтымақтастығын дамытуға сіңірген еңбегі үшін Əулие Карлдың Крест орденімен марапатталды. Бұл орден – Монаконың ең жоғары мемлекеттік наградасы. Ал
Монако Князі Альбер ІІ-ге І дəрежелі «Достық» ордені тапсырылды. Бұл орденнің халықтар арасындағы бейбітшілік пен достықты жəне ынтымақтастықты қалып тас тыруда жеткен үздік еңбек үшін берілетіні белгілі. Монако – Еуропаның оңтүстігінде, Жерорта теңізінің бойында Франциямен жапсарласып жатқан өте шағын қаламемлекет. Оның жер көлемі бар болғаны 2,02 шаршы шақырым. Ол дүние жүзінде жер аумағы бойынша Ватиканнан кейінгі екінші кішкентай мемлекет. Бұл Қазақстанның ЭКСПО-2017 көрмесін өткізуге бөлген жерінен
де кіші. Бірақ, соған қарамай, өзіндік салмағы бар, барлық адамзат баласы бір көруге құмартатын, демалыс орындарына барғысы келетін қызғылықты ел. Мұнда бақуатты адамдар қызықтайтын орындардың қызмет көрсету сапасы ең жоғары деңгей ге жеткізілген. Соның ішінде Мон те-Карло қаласындағы казиноның атағы алыс шетелдерге мəлім. Формула-1 автожарысының «Монако Гран-приі» деген кезеңі де осында өтіп, елдің атағын алысқа жайған. Мəдени өмірде де Монаконың атағы алысқа кеткен. Оның ең бай ауданы – МонтеКарлодағы филармониялық оркестр мен операның да атағы барша əлемге танымал. Мұның сахнасында Энрико Карузо, Федор Шаляпин, Пласидо Доминго, Лучано Паваротти секілді айтулы шеберлер əн шырқаған.
Атырауда атќарылєан істер ауќымды Əкімдермен жұмадағы жүздесу кеше Атырау облысымен жалғасты. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен кезекті баспасөз мəслихатына əкім Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысып, Атырау облысының ахуалын, тыныс-тіршілігін, аймақта атқарылып жатқан жұмыстар жайын жария етті. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Ел аумағының 4 пайызын қамтып, халық санының 3,2 пайызы қоныстанған Атырау облысы өндірісі бүгінде еліміздің ішкі жалпы өнімінің 11 пайызын құрайды. Еуропа мен Азияның арасында орналасқан аталмыш аймақ өзінің географиялық артықшылығымен де ерекше. Сондықтан бұл өңірдің ел алдындағы жауапкершілік жүгі зор Атырау дегенде, ауызға алдымен мұнай түсетіні жасырын емес. Жалпы, еліміздің батыс бөлігін бəріміз байлықпен байланыстыратынымыз рас. Себебі, қалай дегенмен де, қара алтынмен қаражат тауып отырған облыс жағдайы өзге өңірлерден өзгерек болса керек-ті. Атырау облысында бүгінде үдемелі индустриялық-инновация лық даму мемлекеттік бағдарламасы да тиімді жүзеге асырылуда. Мəселен, бұл бағдарлама аясында 1,4 трлн. теңгенің 34 жобасы қолға алынған. Ал бұл жобалардың іске асу нəтижесінде 4,5 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ. ----------------------------------------------------Атырау облысына арналған айқарма бет материалдарын 4-5-беттерден оқисыздар.
Сондай-ақ мұнда атағы жер жаратын Мұхиттану музейі де бар. Оның директоры болып біраз жылдар аты аңызға айналған мұхиттанушы ғалым Жак-Иф Кусто қызмет еткен. Монаконың атағын алысқа жаятын шаралардың қатарына жыл сайын өткізілетін Халықаралық теле жəне цирк фестивальдерін жатқызуға да болады. МонтеКарлоның тағы бір қызығы – оның темір жол вокзалы биік тауға орналасқан. Осы стансадан елдің тарихи-курортты аймағы мен казиноға бірден жетуге болады. Монако халқының саны 36 мыңнан сəл ғана асады. Бұл да Қазақстанның бір ауданының халқындай ғана. Ал ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 50 мың доллар шамасында. Елдегі негізгі табыс туризмнен түседі. Жылына Монакоға 7 миллионға жуық турист келетін көрінеді.
Біз болған кезде де Монако көшелерінде шетелдік туристер қаптап жүрді. Соған қарай, қонақүй бағалары да удай қымбат. Осы себепті қазақстандық журналистер Монакодан 25 шақырым жердегі Францияның Ницца қаласына орналастырылды. Сондай-ақ мұнда банк жұмысы (жалпы табыстың 17 пайызы), құрылыс (10 пайыз), өнеркəсіп (9 пайыз) жəне ақпаратты-коммуникациялық технология (8 пайыз) дамыған. Ел халқының негізгі бөлігі француздар, мемлекеттік тілі де француз тілі. Сонымен бірге, жергілікті халықтың монегас тілі де сақталған. Мұны көне итальян тілінің солтүстік диалектілерінің бірі деп танушылар көп. Монаконың ақшасы – еуро. Алайда ол Еуроодаққа мүше емес. Бірақ ЕО-мен Франциямен арадағы Кеден одағы арқылы
Универсиадаєа дайындыќ барысы ќаралды Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен Алматы қаласында 2017 жылы өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадаға дайындалу жəне өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Алматы қаласының əкімі Ахметжан Есімов арнайы əзірленген Қысқы универсиаданың логотипін, бойтұмары мен слоганын танысты рып, спорт нысандары құрылысының барысы туралы хабарлады. Универсиада бағдарламасына енгізілген қысқы спорт түрлері бойынша жас
спортшыларды дайындаудың кешенді жоспары туралы Білім жəне ғылым вице-министрі М.Орынханов мəлім етті. Ұйымдастыру комитеті отырысының қорытындысы бойынша, Үкімет басшысы мүдделі мемлекеттік органдарға бірқатар тиісті тапсырмалар берді.
Жарќын жетістіктер
Археография жəне деректану ұлттық орталығы Мемлекеттік хатшы Марат Тəжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу мəселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының хаттамасына сəйкес тиісті тапсырмаларды іске асыруда. Ағымдағы жылы Орталық қызметкерлері Б.Т.Жанаев, И.В.Ерофееваның Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатына (Элиста) жəне Ж.М.Төлебаеваның Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорына (Ташкент) ғылыми іссапарлары ұйымдастырылды. Ғалымдар бірінші кезекте Қазақстан тарихының аз зерттелген мəселелеріне көңіл
аударды. Осы уақытқа дейін Қалмақ Республикасы Ұлттық мұрағатының құжаттық материалдары қазақстандық зерттеушілердің назарынан тыс қалып келген. XVII-XVIII ғғ. қазақ жəне қалмақ ха лықтарының əскери қақтығыстарының ғана емес, дипломатиялық жəне гуманитарлық өзара қарқынды байланыс та рының кезеңі болып табылады. (Соңы 7-бетте).
тығыз байланысқан. Монако бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Соның ішінде БҰҰ (1993 жылдан), ЕҚЫҰ, Еуропа Кеңесі, Интерпол, ЮНЕСКО, БСҰ жəне басқаларға мүше. Халықаралық ги дрография ұйымының бас кеңсесі де осы елде орналасқан. Монако əлемнің 45 елінің 106 қаласында өзінің құрметті консулдығын ашқан. Соның ішінде Қазақстан астанасы да бар. Монаконың мемлекеттік басқару жүйесі – конституциялық монархия. Қазіргі мемлекет басшысы – Князь Альбер ІІ. Оған билік мұрагерлік жүйе бойынша əкесінен қалған. 55 жастағы Альбер ІІ таққа 2005 жылы отырды. Егер Еуропаның басқа елдеріндегі монархтар тек символдық қана өкілеттікке ие болса, Монаконың монархы биліктің барлық тізгінін өзі
ұстап, мемлекетті іс жүзінде жалғыз басқарады. Атап айтар болсақ, ол барлық мемлекеттік басқару жүйесіндегі лауазымды тұлғаларды тағайындайды, заңнамалық құжаттарды дайындауда да өте кеңейтілген өкілеттікке ие, заңдарға қол қою мен ратификациялау құқығы да өзінде, халықаралық аренада мемлекеттің атынан сөйлейді. Князьдің жанында жеті адамнан тұратын кеңесші орган бар. Оның мүшелерін де Князьдің өзі 3 жыл мерзімге тағайындайды. Конституциялық бақылау құқына ие болып табылатын Мемлекеттік кеңес деген орган бар. Оның мүшелерін Князь Үкіметпен келісіп тағайындайды. Заң шығару билігінде 24 депутаттан тұратын бір палаталы Ұлттық парламент жұмыс істейді. (Соңы 2-бетте).
Жаѕа Саяси доктрина жаѕа белеске бастайтын даѕєыл жол болуы тиіс Алматы қаласында шығармашыл жəне ғылыми интеллигенция өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының жаңа Саяси доктринасының жобасы талқыға салынды. Оған «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысып, жиылған зиялы қауым өкілдерінің ұсыныс-пікірлеріне ден қойды. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Достық үйінің мəжіліс залында өткен алқалы жиынға партия белсенділерімен қатар, Мəдениет жəне ақпарат вице-министрі Арман Қырықбаев, Парламент Мəжілісінің депутаты, Қазақстан Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, «Нұр Отан» партиясы жанындағы Мəдениет пен өнерді дамыту мəселелеріне арналған «Мирас» қоғамдық кеңесінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов, Ұлттық ғылым академиясының
төрағасы Мұрат Жұрынов, «Астана Опера» мемлекеттік опера жəне балет театрының директоры Төлеген Мұхамеджанов, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстан Композиторлар одағының төрайымы Балнұр Қыдырбек, жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Əкім Тарази жəне Алматы қаласында орналасқан жоғары оқу орындарының, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары қатысты. (Соңы 2-бетте).
Бїгінгі нґмірде:
Климаттыќ ґзгерістер 3-бет
Саѕлаќ 7-бет