АҚПАРАТТАР аєыны №210 (28433) 28 ҚАЗАН СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
● Өмірдің өзегі – өндіріс
ХХІ єасырдыѕ ќабырєалыќ материалы Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан».
Елімізде құрылыс индустриясы жаңа сапалық деңгейге көтеріліп келеді. Бұған мысалдар жеткілікті. Соның бірі – Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы жанынан іске қосылған ұяшықты бетон зауыты. Оны ХХІ ғасырдың қабырғалық материалы десе де болғандай. Өйткені, жаңа құрылыс индустриясы өнімінің бұған дейін қолданылып келген қабырғалық материалдармен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары мен өзгешеліктері бар. Нақтырақ айтқанда, бұл материал отқа жанбайды. Шуды өткізбеу қасиеті жоғары. Оның сейсмикалық төзімділігі, беріктігі мен экологиялық тұрғыдан тазалығы да биік бағаға лайықты. Айталық, белгілі бір құрылыс қабырғасын кірпішпен қалағаннан гөрі, ұяшықты бетон блоктарымен көмкеру əлдеқайда арзанға түседі. Сондай-ақ, мұндай жағдайда көлік-монтаж шығындарының көлемі де əжептəуір төмендейді. Дəл қазіргі күні ішкі инвестициялық қаражат есебінен іске қосылған өндіріс ошағының жылдық қуаты – жиырма бес мың шаршы метрді құрайтын ұяшықты бетон өнімі. Алдағы уақытта, яғни жобаның жүзеге асуының екінші кезегінде бұл мөлшерді екі есеге дейін ұлғайту көзделген. Сол кезде мұнда жүзге тарта адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Осы арада айта кетерлік жайт, бұған дейінгі жүргізілген маркетингтік зерттеулер аталған құрылыс индустриясы өнімі негізінен өзге өңірлерден, соның ішінде, көршілес Ақтөбе облысы мен Ресейдің Самара губерниясынан тасымалданып жеткізілгенін көрсетеді. Жаңа зауыттың іске қосылуына байланысты Ақжайық өңірі енді өз сұраныстары мен қажеттіліктерін
Елбасыныѕ апталыќ кестесі
Президенттің баспасөз қызметі Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін алдағы ісшаралар туралы хабарлады.
28 қазанда Қазақстан Президенті Дубайда өтетін 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумына қатысу үшін Біріккен Араб Əмірліктеріне жұмыс сапарымен барады деп жоспарланып отыр. «Экономикалық өсім жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған биылғы форум жұмысына бірқатар шетел мемлекеттерінің басшылары жəне үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар мен іскерлік топтардың басшылары мен өкілдері, сондайақ, сарапшылар, ғалымдар жəне
қоғам қайраткерлері қатысады. Дүниежүзілік ислам эко номикалық форумы – Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына мүше мемле кет тердің жыл сайын өтетін негізгі экономикалық саммиті.
Сенат бюросыныѕ отырысы
Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенаты бюросының отырысы болды. Онда 2014 жылғы 30 қазанда болатын Сенат отырысының күн тəртібі талқыланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
өздері өтей алатыны белгілі болып отыр. Өміршең өндіріске қазірдің өзінде жергілікті шикізат пайдаланыла бастады. Бұл фактор ХХІ ғасырдың қабырғалық материалының өзіндік құнын төмендетуге септігін тигізбек. Тіпті, мұндай жағдайда оралдық зауыт өнімдерін Қазақстан мен Ресейдің шекаралас өңірлері рыноктарына шығару жолдарын ойластырғанның еш артықшылығы жоқ. Жобаның өзін өзі ақтау мерзімі бес жылға есептелген. Ұяшықты бетон зауытының құрал-жабдықтарын орналастыру жұмыстарын жəне оны іске қосу, реттеу, айыру үдерістерін ресейлік «ВекторПром» компаниясы жүзеге асырды. СанктПетербург қаласындағы бұл іргелі өндіріс орны мен Батыс Қазақстан құрылыс материалдары корпорациясы ұжымы табаны күректей он жыл бойы тізе қосып, ынтымақтаса еңбек етіп келеді. Аталған кəсіпорында бүгінгі заман талаптарына жауап
бере алатын лаборатория жұмыс істейді. Құрылым өндірілген өнімнің сапасына ұдайы бақылау жасап отырмақ. Отандық һəм өңірлік корпорация басшысы Мұқамбетжан Кенжеғұлов бізге ұяшықты бетон зауыты өндірісін қысқа уақыттың аралығында, яғни біржарым жыл ішінде табысты түрде іске асыруға «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы негіз
қалап, мол мүмкіндік бергенін ризашылық сезімімен жеткізді. Бүгінде жергілікті құрылыс компаниялары тарапынан жаңа құрылыс индустриясы өніміне деген қызығушылық пен мүдделілік күннен-күнге өсіп келеді. ОРАЛ.
–––––––––––––– Суреттерді түсірген Рафхат ХАЛЕЛОВ.
● Дода
Ќазаќ кїресі əлемдік деѕгейге кґтерілді
Павлодарда ґткен «Əлем барысы» турнирініѕ басты ќорытындысы осындай Қазанның 25-і, сенбі күні елімізде қазақ күресінен бұрынсоңды болмаған халықаралық жарыс өтті. Осы күні Павлодар қаласында «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қоры мен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы қорының ұйымдастыруымен тұңғыш рет төл күресімізден «Əлем барысы» турнирінің жалауы желбіреді.
Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан».
Елбасы ќўттыќтауы
Бұған дейін елімізде қазақ күресінен «Қазақстан барысы», «Жас барыс», «Еуразия барысы» сияқты жарыстар өтіп келсе, енді, міне, солардың қатарын «Əлем барысы» турнирі толық тырды. Бұл турнир идеясының авторы да «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қоры қамқоршылар кеңесінің төрағасы, белгілі спорт жанашыры, журналист Арман Шораев. Оның айтуынша, «Əлем барысы» турнирі де енді жоғарыда аталған жарыстар сияқты елімізде жыл сайын өткізілетін болады. Ал биылғы алғаш рет жалауын көтерген жарыс Павлодар қаласының «Астана» мұз сарайында өтті. Оған əлемнің 34 елінен жəне өз елімізден жарысқа түскен төрт саңлағымызды қосқанда, барлығы 38 балуан қатысып, күш сынасты. Жалпы, «Əлем барысы» турнирі биыл алғаш рет қолға алынса да, барлық жағынан жақсы өтті деуге болады. Турнирдің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Президенті Əкімшілігі Басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев қатысып, сөз сөйледі. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құттықтау хатын оқып беріп, жарыс көрігін қыздырғалы тұрған балуандарға сəттілік тіледі. Құттықтау хатта Мемлекет басшысы елімізде «Əлем барысының» алғаш рет өткізілуі отандық спорт тарихындағы маңызды оқиға екенін, қазіргі кезде халқымыздың ежелден келе жатқан төл күресіміз жаңа белеске көтеріліп, өзге елдердің де спорт түріне айналғанын, енді аталған жарыстың қазақ күресін əлемге тағы танытатынын, осыған байланысты қазақ күресінің кеңінен таралуына атсалысып жүрген спорт мамандарына, жаттықтырушылар мен балуандарға ризашылығын білдіретінін жеткізген. (Соңы 8-бетте).
Сенат отырысында «Азаматтық іс жүргізу мəселелері жөніндегі конвенцияны ратификациялау туралы», «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының Ресей Феде рациясының аумағында жəне Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақ стан Республикасының аумағында болу тəртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» жəне «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы Рұқсатсыз болатын адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары, сондай-ақ, «1999 жылғы 2 ақпандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі арасындағы Тауарларды (жұмыстарды) экспорттау жəне импорттау кезінде жанама салықтарды өндіріп алудың принциптері туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Беларусь Республикасының Үкіметі
арасындағы хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарау жоспарланды. Бюрода депутаттар Парламент Сенатының жанындағы Жер гілікті өкілді органдармен (мəслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің құрамын да бекітті. Сенат Төрағасы Мəжілістен қар жы саласының биыл қарашада түсетін: «2014-2016 жылдарға арналған респуб ликалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы на өзгерістер енгізу туралы», «20152017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» жəне «Қазақстан Республика сының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын сапалы жəне жедел қарау қажеттігіне бюро мүшелері мен Сенат Аппараты қызметкерлерінің назарын аударды. Заңнамаға сəйкес, Парламент бұл заң жобаларын 2014 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей қабылдауы тиіс.
● Еліміз бойынша жиналған астықтың таза салмағы 15,5 млн.тоннаға жетті. Ауыл шаруашылығы вицеминистрі Сапархан Омаров мəлім еткендей, қазіргі таңда барлық егіс көлемінің 13125,2 мың гектары орылған. Бұл егін алқаптарының 87,5 пайызын құрайды. Орта есеппен алғанда, əр гектарға 12,3 центнерден келіп тұр. ● «ҚазАгроҚаржы» АҚтың қаржыландыруымен биыл 6 438 бас ірі қара сатып алынды. Құрылымның баспасөз қызметі келтірген дерек бойынша, мұның ішінде шетелдерден жəне ішкі нарықтан сатып алынған 5681 бас етті мал болып отыр. Бұл алдын ала түзілген жоспардың 81 пайызға орындалғанын білдіреді. ● Астана қалалық коммуналдық қызметтер қысқы маусымға дайын. «АстанаТазалық» ЖШС таратқан мəліметіне қарағанда, жолдарды қардан тазалауға күн сайын 405 жұмыскер мен 750 арнайы техника тартылады. Бұдан бөлек, көктайғаққа қарсы күресу үшін 65 мың текше метр құм-тұз қоспасы əзірленген. ● Алматы облысы Қарасай ауданында жаңа зауыт ашылды. Облыс əкімі Амандық Баталов бұл алкогольсіз сусындар мен ауызсу шығаратын TerraNova зауытына 3,5 млрд. теңге инвестиция салынғанын мəлімдеді. Кəсіпорын жылына 70 млн. литр дайын өнім шығара алады. Онда 62 адам жұмыс істейді. ● Оңтүстік Қазақстанда мал азығын дайындайтын елімізде баламасы жоқ кəсіп орын іске қосылды. Об лыс əкімдігінің баспасөз қызметі келтірген мəліметке қарағанда, Шардара ауданында орналасқан бұл биожем шығаратын зама науи қондырғы жылына 730 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Есеп бойынша, онымен қоректенген малдың ет алуы – 30, сүті 20 пайызға артады. ● Қызылордада төтенше жағдайлар қызметкерлеріне жаңа көліктер тапсырылды. Облыс əкімі Қырымбек Көшербаевтың айтуынша, құтқару қызметіне 13 арнайы жасақталған көлік пен 8 түрлі жабдық берілген. Бұл техникаларды сатып алуға облыстық бюджеттен 311 млн. теңге жұмсалған. ● Ақмола облысында биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ дар ламасына 4,5 млрд. теңге бөлінді. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, аталмыш бағдарламаға 3173 тұрғын қатысқан. Айта кетерлік жайт, жоспар бойынша бір жылда 2793 адамды жұмыспен қамту көзделген. Хабарлар Үкімет пен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері негізінде дайындалды.
● Атамекен
Жастарды жаѕашылдыќќа бастайтын автошеру «Менің елім – Мəңгілік Ел» жастар жобасының автошеруі Алматы қаласына келіп жетті. Алдағы сапар еліміздің оңтүстік өңірлерін қамтитын болады. Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
Қазан айының 1-і күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтау қаласында аймақ жастарымен кездескен еді. Мемлекет басшысымен еліміздің келешегі – жас буын арасында Отанды сүю жəне туған ел табиғаты мен құндылықтарын
қастерлеу тақырыбында жылы əңгіме қозғалған болатын. Сол күні «Менің елім – Мəңгілік Ел: Каспийден Алтайға де йін» деп ата латын автошеру жол ға шыққан-ды. Екі ай бойы Қазақстанның бүкіл аймағында, облыс орталықтары мен ірі қалаларында болуды көздеп, арнайы маршрут бойынша сапарға шыққан
экспедиция өздері болған облыс орталықтары мен қалаларда түрлі мерекелік шаралар, еліміздің ғылым-білім, туризм жəне өн дірістік əлеуетін танытатын фото көрмелер, жастарға арналған танымдық-музыкалы іс-шаралар ұйымдастырып, өңірлердегі жастарды жаңашылдыққа, Отанды сү йіп, білімі мен күш-жігерін ел дамуына арнауға насихаттап келеді. (Соңы 7-бетте).
● Заманмен үндес заңғар басылым
Абыройы асќан аєа басылым
Күнделікті ісін баспасөз жаңалықтарын оқып барып бастауға дағдыланған тұтас ұрпақ үшін «Егемен Қазақстан» газеті ежелден бергі сенімді серік, рухани демеуші болып келгені жəне болып қала беретіні айдай ақиқат. Біздің қалауымыздан шығатын баспасөздің көш басында ел газеті – «Егемен Қазақстанның» тұратындығын немен түсіндіруге болады? Бұл басылымның бай тарихы мен ұлт баспасөзіндегі салмақты орны, бəсекеге қабілетті əлеуеті, кəсіби журналистер тобы мен жазу машығындағы қалыптасқан дəстүр əрдайым оқырман сұранысын дөп басып, көңіліндегісін тауып отырады. Кейде біздің зиялы қауым ортасында аға газетіміздің атына бағытталып сын айтылып қалады. Сондағы емеурін газеттің ресмилігі, тақырыптардың ауқымдылығы турасында ғана. Меніңше, «Егемен» көтеретін мəселелерде өзіндік мінез бар. Ол мінезден байыптылық, салмақтылық анық байқалады.
Алыпұшпа сезіммен артық айтып қалып, оқырманға асығыс ақпарат беріп, артынан орны толмас опық жеп жататын баспасөз құралдары бізде аз емес. Салыстырмалы түрде алғанда «Егемен Қазақстан» газетінде жарық көретін мақалалар, мейлі ол ақпараттық, сараптамалық, саясиэкономикалық немесе руханият тақырыбы болсын, сəттік қана оқиғалардың тізбегін құраушы
емес, сананың сүзгісінен өткен, дəмін жұтынған сайын сезінетін құнарлы қорек сияқты. Мəселен, отыз күн сайын оқырман күтіп жүретін «Етжеңдінің» өзі қандай еді? Қазір аптасына екі рет шығып, жиі-жиі көзайым болып отыр. Ертеректе ұзақ мерзім ғарышта болып қайтқан ғарышкерден аспанда өмір сүрудің мəнісін сұрағанда, ол: «Стансада біздің тіршілік етуімізге қажетті қолайлы жағдайдың барлығы болды. Тек таңғы ас үстінде оқитын газеттің жаңа нөмірі ғана жетіспей тұрды...», деген екен. Адамзаттың ақпаратқа деген сұранысының шектеусіздігіне, мəдениетті, көзі ашық адамға баспасөздің ауадай қажеттілігіне бұдан басқа дəлел келтіріп жату артық. Қазақ оқырманына тоқсан бес жыл бойына рухани дос болып келген аға газеттің абыройы арта берсін! Əлібек АСҚАР, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының бас директоры.