Бүгінгі нөмірде:
№263 (28202) 28 ҚАРАША БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Қазақстанымыз – қарашаңырағымыз! 4-5-беттер Бүгіннен – болашаққа, кемел келешекке 6-7-беттер Əкелер мен балалар 8-бет Обыр 9-бет
Табыс болуы тиіс, біраќ 5-6 есе емес Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласын одан əрі дамыту мəселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кеңеске Премьер-Министр С.Ахметов, Президент Əкімшілігінің Басшысы К.Мəсімов, «Самұрық-Қазына» ҰƏҚ» АҚ басқарма төрағасы Ө.Шөкеев, Президент Əкімшілігі Басшы сының орынбасары Ғ.Əбдірахымов, Бас прокурор А.Дауылбаев, Астана қаласының əкімі И.Тасмағамбетов, Ақмола облысының əкімі Қ.Айтмұхаметов қатысты. Нұрсұлтан Назарбаев жақында «Астанабасжоспар» ҒЗӨИ» ЖШСін аралау барысында елорданы дамыту мəселесі қаралғанын атап өтті. – Қала тұрғындары көбейіп, 900 мыңға жетті, ал біз бұл көрсеткішке 2020-2030 жылдары жетеміз деп жоспарлағанбыз. Осыған байланысты қала құрылысы халықтың қарқынды өсуіне ілесе алмай отыр, соның салдарынан түрлі қиыншылық туындауда. Əрине, біз еліміздегі барлық қаланың дамуы үшін жұмыс жасаймыз, бірақ елордаға ерекше назар аударылуға тиіс. Биылғы көктемде мен кеңес өткізіп, бірқатар тапсырмалар бердім. Мен олардың іске асырылу барысымен таныстым, алайда алдымызға тиісті шешімдер қабылдау қажет болатын жаңа міндеттер қойылып отыр, – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы қала бойынша аумағы 7000 гектар 188 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылғанын мəлімдеді. – Бас прокуратураның мəліметі бойынша, 11 мың гектар жер əлі күнге дейін игерілмеген жəне қайтарылмаған. Құрылыс үшін
711 жер телімі берілген, бірақ онда жұмыс жүріп жатқан жоқ. Бұл жерлер не себепті қайтарылмай отыр? Көп сылтау айтылады. Қала əкімдігі 2008 жылдың өзінде жерді оны бастапқы құны бойынша мемлекетке беруге дайын пайдаланушылармен ниет
шарттарын жасасқан. Бір кездері жер телімдері арзан бағамен сатып алынған, ал құрылыс салу уақыты келгенде ол жер телімдері үшін жоғары баға талап етіп, мемлекетке тиесілі жерден көп ақша жасап отыр. Мұндай бассыздықты тоқтату
Ґѕірдіѕ ґркендеуін ќамтамасыз ету – басты міндет Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысының əкімі Бауыржан Əбдішевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Б.Əбдішев өңірдің əлеуметтікэкономикалық дамуы, сондай-ақ, Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларды тиімді іске асырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті өңірдің экономикасының өсімін, тұрғындарының жұмыспен қамтылуын жəне халықтың өмір сүру деңгейін арттыруды қамтамасыз ету қажеттігін атап көрсетті. Қарағанды облысының əкімі əлеуметтікэкономикалық дамудың барлық көрсеткіші оң қарқын алып отырғанын мəлімдеді. Жалпы өңірлік өнім 2,6 трлн. теңге, өнеркəсіп өндірісінің көлемі 1,4 трлн. теңге болды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Арнаулы ґкілмен əѕгіме
Кеше Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының Арнаулы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға жəрдемдесу жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесті. Жүздесушілер Қазақстан мен БҰҰ-ның аймақтық ынтымақтастығы, сондай-ақ, алдағы уақытта халықаралық коалиция қарулы күштерінің Ауғанстаннан шығарылуына байланысты осы елге жəрдем берудің өзекті мəселелері бойынша пікір алмасты, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
(Соңы 3-бетте).
Елшілер əріптестікке їлес ќосады
Кеше Ақордада Мемлекеттік хатшы Марат Тəжин Дания, Уругвай, Босния жəне Герцеговина, Черногория, Бангладеш, Филиппин, Замбия, Нигерия, Фиджи ел дерінің Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Бұл күнгі екіжақты кездесулер барысында мемлекетаралық қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму келешегі талқыланды. М. Тəжин жаһандану жағдайындағы саяси, экономикалық, сауда, ғылыми, мəдени жəне басқа да салалардағы ынтымақтастықты дамыту мемлекеттердің ұлттық мүдделеріне сай келетініне тоқталды. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Сенат Тґраєасыныѕ Санкт-Петербургке сапары
28-29 қарашада Палата Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Сенат делегациясы ҰҚШҰ ПА, ТМД ПАА, ЕурАзЭҚ ПАА шараларына қатысу үшін Санкт-Петербургке барады. Одан басқа, бірқатар екіжақты кездесулер өткізу жəне «Қазіргі əлемдегі ядролық қауіпсіздік. Ядролық қарусыздану жəне оның таралмауы үдерістеріндегі парламентшілердің рөлі» халықаралық конференциясына қатысу көзделіп отыр. Сенаторлар, сондай-ақ, Қазақстан мен Ресей парламенттерінің ынтымақтастық жөніндегі комитетінің отырыстарына қатысады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көрнекті ақын Кəкімбек Салықовтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы жеделхатта Кəкімбек Салықовтың бүкіл білімі мен тəжірибесін, қажырқайратын туған елі мен халқының игілігіне арнап, жемісті еңбек еткен белгілі тұлға екенін атап өткен. «Еңбек жолын инженер-металлург болып бастап, өзінің кемел білімі мен зор ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында республикамызда, Мəскеуде жəне Өзбекстанның Қарақалпақ облысында жоғары мемлекеттік қызметтер атқарды. Ол ғибраты мол өмірінде мемлекеттік қызмет пен табиғат берген ақындық дарынын қатар алып жүрді. Оның нəзік те
керек. Бұл адал жолмен келген ақша емес. Жер иелеріне бір кездері жұмсаған қаражатының заң бойынша қайтарылуы басқа мəселе. Ал мемлекет мұқтаждығы туралы мəселе қойылғанда, жер қайтарылуға тиіс. Бізде барлық заңнамалық мүмкіндік бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті бұл мəселе Алматыға да қатысты екендігін атап өтіп, жұмысты аяғына дейін жеткізу үшін оны жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы елордаға іргелес аудандарда жер мəселелеріне қатысты тəртіп жоқтығын, соның салдарынан аумақты өз бетімен басып алудың кездесіп жататынын атап өтті. – Астана маңындағы жерлерді игеру жүйесіз жүргізілуде. Адам саны қазірдің өзінде 2015 жылға болжанған межеден асып барады. Бүгінде онда 156 мың адам тұрып жатыр, ал жер телімдерін алу кезегінде 175 мың адам тұр. Азаматтарға 10 сотық жер тиесілі екендігін пайдаланып, адамдар өтініш беруде. Бірақ ол жерлерді коммуникация жүргізілген жерлерден ғана беруге болады. Егер жерлер дайын болмаса, онда ол пайдалануға берілмеуге тиіс. Бұл тұста тəртіп орнату қажет. Сондықтан мен Астана айналасындағы 30 шақырымдық аймақтан жер телімдерін беруге мораторий жариялаймын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
сыршыл ақындық жүрегінен халқы сүйіп оқитын талай-талай жыр кітаптары мен əн арқауына айналған өлең жолдары туды. Осындай қасиеттерімен халқымыздың зор құрметі мен қошеметіне бөленді. Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің жəне Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев Кəкімбек Салықовтың есімі ұмытылмайтынын, ал халқымыз оның шығармаларынан əрдайым рухани нəр алатынын атап өткен.
(Соңы 3-бетте).
Елімен етене Елбасы Махмұт ҚАСЫМБЕКОВ,
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы.
Халық пен биліктің арасындағы ұтымды етене байланыс мəселесі қашанда жəне кез келген қоғам үшін де ерекше өзекті болып келген. Айырмасы тек ғылыми-тех ни калық үдеріске байланысты өзара іс-əрекет ны сандары мен арналарының ұдайы өсе түсетіндігінде ғана. Бүгінгі таңда қазіргі тыныс-тіршілігіміздің бөлінбес бөлшегіне айналған Интернет, əлеуметтік желілер, электрондық пошта, сандық технологиялар сияқты құбылыстар бірте-бірте мемлекеттік органдардың күнделікті жұмыс тəжірибесіне де енуде. Бұл санаттан Қазақстан да шет қалған емес. «Электрондық үкімет», мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҚАБЖ), орталық жəне жергілікті мемлекеттік органдардың Президент актілері мен тапсырмаларын орындау жөніндегі қызметінің тиімділігіне мониторинг жəне талдау жүйесі, жұмыс уақытын электрондық есепке алу сияқты жаңалықтар бүгінде ешкімді де таң қалдырмайды.
Мұның өзі азаматтардың мемлекеттік органдармен байланысын да айналып өткен жоқ. Бүгінде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтің елеулі бөлігі электрондық түрде ұсынылады. Алайда байланыстың нысандары қаншалықты алуан түрлі болуына қарамастан, негізгісі, əрине, мазмұн жағы болып қала береді. Төрешілдік тілінде «жеке жəне заңды тұлғалардың арыз-шағымдары» деп аталатын азаматтардың хаттары да бұл тұрғыдан аз рөл атқармайды.
* * * ...Кеңестік кездің өзінде көптеген мерзімдік басылымдар: «Қолжазбалар рецензияланбайды жəне қайтарылмайды» деген редакцияның ескертуін жариялауды жұмыс тəжірибесіне енгізген болатын. Кейбір қуақы тілділер оған «...жəне қаралмайды» дегенді де қоса айтып, əжуа ететін. Редакциялардың не істейтінін айта алмаймын, бірақ Мемлекет басшысының атына келіп түсетін поштаның бəрі, тіпті, күлкі туғызатын хаттардың өзі де мейлінше мұқият қаралады. Ал ондай хаттар аз емес. Мəселен, бір
жас əрі жігерлі «əдебиетші» Ақорданы Нұрсұлтан Назарбаев туралы киносценарий жазып жатқандығы туралы хабарлармен көміп тастап, өзіне демеушілік қаржы жинау, кеңсе ашу, іссапарлар, түсіру тобын құру, т.с.с. үшін өте қажетті əлдебір ұсыныс хат беруді сұрады. Енді бір талапшыл ақылгөй өзі теріп алған метеориттердің керемет əсер еткіш қасиеттері туралы (əрине, өзіне жəне өз жақындарына тексерілген) хабарлап, ғарыштық тас кесектерінің бірен-саранын сатып алуды ұсынды: бəлкім, қажет болып қалып жүрер деген болар. Үшінші бір тосын жаңалықтың жаршысы оған қайткенмен де Кенесары ханның басын табудың сəті түскенін хабарлаудан танбай, соның дəлелі ретінде бірден бірнеше мумияландырылған бастардың фотосуреттерін жіберді (сірə, қалағанымызды алсын десе керек). Расында да, Президентке келіп түсіп жатқан поштамен танысу барысында кездесетін оқыс, таңданарлық əрі күлкілі жағдайлар – орайы келгенде (бəлкім, Дүниежүзілік күлкі күніне орайластырып) оған жеке мақала арнауға лайықты аса қызғылықты тақырып. (Соңы 2-бетте).