28112014

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №233 (28456) 28 ҚАРАША ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

● Ел тынысы: мың бір мысал

Ґндіріс – ґзгеріс ґлшемі

НЎРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАЌЌА БАСТАР ЖОЛ Елбасыныѕ Жолдауы шет елдерде де айтарлыќтай резонанс тудырып отыр Елбасының баспасөз қызметі Президенттің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы дəстүрлі Жолдауына байланысты ой-пікірлер топтамасын жолдады. Атап айтқанда, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссары, ханзада Зейд əлХусейн Мемлекет басшысының Жолдауы қазақстандықтардың бойына ертеңгі күнге деген сенім ұялататынына назар аударған. Ол қоғамда этносаралық келісім мен тұрақтылықты сақтаудың маңыздылығы туралы идеяны əмбебап деп санап, оны өзге елдерге де қолдануға болатынын айтады. Мемлекет басшысының Қазақ стан халқына Жолдауы шет елдерде айтарлықтай резонанс тудырды. Еліміздің тəуелсіздік жылдарындағы күш-жігері мен жетістіктеріне, сондай-ақ əлемдегі ұзаққа созылған саяси жəне экономикалық тұрақсыздық кезеңінде қабылданған шешімдеріне бірқатар көрнекті саяси қайраткерлер, беделді сарапшылар мен шолушылар, іскер қауым өкілдері жоғары баға берді. Лаос Президенті Т.Сайнясону Мемлекет басшысы жүргізіп отырған экономикалық саясат пен халықаралық аренадағы Қазақстанның жетістіктерін, сондай-ақ «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарламасын айрықша атап өтті. «Қазақстан Президентінің бастамалары – жаһандық жаңа қауіп-қатерлерге дер кезінде берілген жауап, бұл өз кезегінде ел экономикасының тиімді өркендеуіне қызмет ететін болады», – деп түйіндейді Т.Сайнясону.

Өңірдің дамуында Қазақстанның атқарып отырған маңызды рөліне Ауғанстанның атқарушы билігінің басшысы А.Абдулла тоқталып өткен. «Мен Қазақстанның əлеуметтікэкономикалық дамудағы, заманауи елорда салудағы табыстарын жоғары бағалаймын. Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке өзіне ерекше құрметімді білдіремін жəне Қазақстанның дамуы өңірдегі елдер үшін, соның ішінде Ауғанстан үшін де жарқын үлгі болып саналады деп ойлаймын», – дейді А.Абдулла. Түркияның Энергетика жəне минералдық ресурстар министрі Т.Йылдыз «Нұрлы Жол» бағдарламасын экономикалық дамудың, мемлекеттілікті жəне Қазақстандағы ұлт бірлігін нығайтудың жаңа бағыты деп атапты. «Жолдаудың мазмұны елдің қалыптасуы мен əлемдік қоғамдастықта өз орнын алуында маңызды рөл атқарған Қазақстан Көшбасшысының ой ауқымының кеңдігіне тағы да көз жеткізе түседі. Бағдарламаның маңызды бағыттарының бірі – шағын жəне орта бизнесті, Қазақстанның индустриялық инфрақұрылымын дамыту. Осыған байланысты бұл үдерістерге түрік капиталының қатысуын жандандыру маңызды бола түседі», – дейді Т.Йылдыз.

Ќазаќстан энергетикалыќ ќауіпсіздікті ќамтамасыз етуге ўмтылады

Жалєа берілетін тўрєын їй ќўрылысы дамытылмаќ

Кеше Премьер-Министр Кəрім Мəсімов Астанада өтіп жатқан Энергетикалық хартия жөніндегі конференцияның 25-ші сессиясына қатысып, сессия жұмысына қатысушыларды құттықтады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Өз сөзінде Премьер-Министр көздерін іздеу таяу жылдарда жаһандық энергетикалық қауіп- өскелең маңызға ие болады деп сіздік проблемаларына айрықша есептейміз. Бірде-бір компания, назар аударды. бірде-бір мемлекет бұл проблеЭнергетикалық қауіпсіздіктің маны жападан-жалғыз шеше албіздің уақытымыздың негізгі майды. Біз бұл сын-қатерлерге проблемаларының біріне ай- бірлесіп үнқатысуға тиіспіз, деп налып отырғаны айдан анық. атап көрсетті К.Мəсімов. Экономикалық өсім энергия Премьер-Министрдің пі кіресурстарына деген сұраныстың рінше, транзиттік дəліздерді даарта түсуіне жағдай жасауда. Біз мыту жаһандық энергетикалық қызметтің осы бағыты, сондай- қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ақ, жаңа жаңғырмалы энергия кілттердің бірі болып табылады.

Кеше Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру мəселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына Парламент үйді салу мен сату механизмінің депутаттары, Орталық мемлекеттік тұсаукесерін өткізді. Осы мақоргандардың жəне «Бəй терек» саттар үшін Ұлттық қордан 2015ҰБХ» АҚ-тың басшылары қатысты. 2016 жылдарға 180 млрд. теңге, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар оның 35 млрд. теңгесі инженерлікжол» атты Қазақстан халқына Жол- коммуникациялық инфрақұрылым дауында Президент халыққа ар- тартуға, 145 млрд. теңге арендалық налған пайыздық мөлшерлемелері тұрғын үйді салу мен сатуға бөлітөмен əлеумет тік арендалық неді. Бүтіндей алғанда, холдинг тұрғын үй құрылысына көзқарасты қаржыландырудың қо сым ша қайта қарауды тапсырған болатын. көздерін ескере отырып арендалық Осыған орай, «Бəйтерек» тұрғын үй құрылысына 250 млрд. ҰБХ» АҚ арендалық тұрғын теңге бағыттауды жоспарлап отыр.

2020 жылға дейін пайдалануға берілетін тұрғын үй 1,4 млн. шаршы метрді құрайтын болады. Сондай-ақ кеңесте əлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, атап айтқанда, мектепке дейінгі білім беру мекемелерін салу, үш ауысымды жəне апатты мектептерді жою мəселелері қаралды. Президенттің тапсырмаларын орындау мақсатында 20152017 жылдары 36 балабақша мен 67 мектеп салу жоспарлануда, қаржыландырудың жалпы көлемі 96 млрд. теңгені құрайтын болады. Оның сыртында Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық мемлекеттік даму бағдарламасы үшін базалық ретінде белгіленген 10 ЖОО-ның инфрақұрылымы мен материалдықтехникалық базасын дамытуға 10 млрд. теңге бөлінетін болады.

Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Өңірде өркенді өзгерістер байқалады. Мəселен, кешегі аптаның өзінде Шиелі ауданында екі зауыт, Қармақшыда бірнеше əлеуметтік нысан ашылды. Сонымен қатар, Байқоңыр қаласын газдандыру басталды. Расын айту керек, аймақта бұрын-соңды мұндай қарқында жұмыстың жүргені некенсаяқ. Соңғы жылдарда облыс шеңберінде көптеген мəселенің көбесі сөгілді. Бір аптаның ішінде

бірнеше маңызды нысанның іске қосылғаны сол сөзіміздің айғағы болса керек. Айталық, Шиелі ауданында мия тамырын өңдейтін жəне əк шығаратын зауыт ашылды. Индустрияландыру картасы бойынша іске асқан кəсіпорындарда 134 адам жұмыс жасайтын болады. Мия тамырын өңдеу зауытының жобалық құны 612 миллион теңгені құрайды. Бұл зауыт аудандағы индустриялды аймақта орналасқан. Жылдық қуаттылығы 250-300 тонна. Мұнда 50 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.

Еліміздің ин дус трия лықинновациялық даму бағдарламасының қатары на енген бұл жобалар ішкі қажеттілікті өтеп, қалғанын экспортқа шығарады. Негізгі өнім қызыл мия тамырының ерітіндісі болса, одан бөлек түрлі медициналық дəрі-дəрмекке қажетті шикізат алынатын болады. Қазір қызыл мия тамырына əлемдік нарықта сұраныс артып тұр. Олардың қатарында Германия, АҚШ, Түркия, Жапония да бар. Қытайлықтар да қызыл мия тамырына қызығушылық

Қазақстан Шығыс пен Батыс үшін сенімді əріптес ретінде жаһандық энергетикалық қауіпсіздік жүйесінде маңызды орын алады, сондықтан да, біз энергия жеткізіп беру бағыттарын əртараптандыруға күш салудамыз, деп атап өтті К.Мəсімов. Осы орайда, Премьер-Министрдің пайымдауынша, тиімді энергетика рыноктарын талдапəзірлеу өндірушілердің, тасымалдаушылар мен энергия тұтынушылардың ортақ мүддесі болып табылмақ. (Соңы 2-бетте).

білдіруде. Жалпы, облыста 80 мың гектар алқапта қызыл мия қоры бар. Қызыл мия мен оның тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органикалық қышқылдар, минерал тұздары кездеседі. Осы қасиеттеріне байланысты оны медицинада, тамақ жəне темекі өнеркəсібінде қолданады. Қызыл мияның тамыры бірнеше ауруға ем, дертке дауа екендігі əл де қашан дəлелденген. Сон дық тан, бұл кəсіпорынның болашағы зор. (Соңы 6-бетте).

ЎЛЫТАУ БАУРАЙЫНДАЄЫ ТАРИХИ СЎХБАТ енді кітап болып елге тарайды

«Егемен Қазақстан».

Кеше Астанадағы академиялық Ұлттық кітапханада осы кітаптың тұсаукесер рəсімі болды. Тұсаукесерге кітапқа мақалалары мен пікірлері енгізілген ұлтымыздың бір топ аймаңдай азаматтары қатысты. Соның ішінде академик Серік Қирабаев, халық əртісі Асанəлі Əшімов, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар Уəлихан Бишімбаев, Ғарифолла Есім, Əділ Ахметов, Дихан Қамзабек, Жүрсін Ерман, Намазалы Омашев жəне т.б болды. Тұсаукесер рəсімін «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы

Сауытбек Абдрахманов ашып, жүргізіп отырды. Ол өзінің сөзін соңғы кездегі саны 30 миллиондай адам делінетін күрд халқының, ежелден өркениеттің ошағы болған, саны бізбен қарайлас ұйғыр халқының тағдырын ауызға алудан бастады. Міне, осы елдердің кең дүниеден ту тігетін алақандай өзіндік алаңы жоқ екенін еске сала келіп, солармен салыстырғанда төл мемлекетімізді құрып, қазір оны барлық əлем танып, құрмет көрсетіп, тіпті, ЕҚЫҰ сияқты беделді ұйымының төріне шығарып, төрағасы сайлап, одан ЭКСПО секілді айтулы көрме өткізудің құқын жеңіп алып, енді Олимпиада өткізуге

сұхбат» деп ашық айта аламыз, өйткені, Елбасының қай сөзі де ел жүрегіне жетеді дегеннің өзінде де дəл Ұлытаудағыдай жүрекжарды сөздер көп бола бермейді, деді. Одан əрі С.Абдрахманов сұхбаттың мəн-мағынасы мен маңызына қысқаша тоқталып өтті. Бұл сұхбат халық күтіп отырған елдің ең ділгір, ең өзекті деген мəселелеріне жауап берді. (Соңы 4-бетте).

● Астана бюджетінің кіріс бөлігі 2,8 млрд. теңгеге ұлғайды. Қалалық экономика жəне бюджетті жоспарлау басқармасының ақпаратына сүйене сөйлесек, бұл қаржы əлеуметтік саладағы бірқатар мəселелерді шешуге бағытталады. ● Қарағанды облысында биыл медицина саласы бойынша 143 жас маман жұмыспен қамтылған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаевтың сөзіне қарағанда, бұлардың 23-і ауылдарға жіберілген. Осының нəтижесінде өңірде аталған салаға қатысты кадрлық жетіспеушілік көрсеткіші біршама төмендеген. ● Арыс қаласында жаңа көпір пайдалануға берілді. Оңтүстік Қазақстан облыстық əкімдігінің баспасөз қызметі мəлім еткендей, Тұңғыш Президент күніне орай ел игілігіне ұсынылған бұл көпірдің құрылысына 71 млн. теңге жұмсалған. ● Павлодар облысындағы «КЭММИ GROUP» ЖШС 18 түрлі макарон өні мін шығарып отыр. Ком панияның директоры Екатерина Хильчуктің айтуынша, аталған кəсіпорын биыл Ресейге құны 137 млн. теңгеге бағаланған макарон өнімдерін экспорттаған. Мұнда 460 адам еңбек етеді. ● Маңғыстау облысында экономиканың тұрақты өсуі байқалады. Облыстық экономика жəне бюджеттік жоспарлау бас қар масы бастығының міндетін атқарушы Индира Құрман биыл өңірде негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасқанын, өнеркəсіптік өнім көлемі 2 062,7 млрд. теңгені құрағанын жеткізді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары мен «ҚазАқпарат» агенттігінің деректері бойынша дайындалды.

Ел ўйытќысы, жўрт жанашыры академик.

ауыз салып отырған тəуелсіз елміз. Осы жетістіктердің бəрі айналасы 23 жылдың ішінде бірлігі мызғымаған бейбіт еліміздің арқасында, одан кейін ел бастаған еріміздің арқасында болып жатыр. Ол елдің аты – Қазақстан, ол ердің аты – Нұрсұлтан. Сол Азамат өзінің ойшылдығымен, өзінің терең толғаныстарымен де жұртты тəнті етіп келе жатыр. Оның ең жақын, ең таяудағы мысалы – Ұлытаудағы тарихи сұхбат. Біз бұл сұхбатты «тарихи

● «Кəсіпқор» холдингі индустрияландыру бағдарламасы аясында мамандар даярлауға жəрдемдеседі. Аталған акционерлік қоғамның басқарма төрайымы Эльдана Сəдуақасова екінші бесжылдықта өңдеу өнеркəсібі саласында жұмыспен қамту деңгейін 2019 жылға қарай 29 мың адамға арттыру көзделіп отырғанын хабарлады. Олардың 18 мыңы «Кəсіпқор» холдингі тарапынан, 11 мыңы жоғары оқу орындарының есебінен жүзеге асырылмақ.

● Заманмен үндес заңғар басылым

Досмұхамед КІШІБЕКОВ,

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнінің қарсаңында «Егемен Қазақстан» газеті қазақстандықтарға лайықты тарту жасап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үстіміздегі жылғы тамыз айында Ұлытау төрінде отырып берген сұхбаты туралы басылым бетіне жарияланған барлық пікірлер мен ой-толғаныстардың басын біріктіріп, «Ұлт ұясындағы ұлағат» атты жинақты оқырман қауымға ұсынды. Жақсыбай САМРАТ,

(Соңы 2-бетте).

● Kegoc АҚ акцияларын сатып алуға өтініш білдірген азаматтардың саны 15 мыңға жетті. Компания басқарма төрағасының корпоративтік басқару жөніндегі орынбасары Жаңабай Бексары аталған құрылым тарапынан дивидендтерді төлеуге жұмсалатын қаржы 1 жылғы таза кірістің 40 пайызынан кем болмайтынын мəлімдеді.

«Егемен Қазақстан» – ежелден келе жатқан ел газеті. Мұнда ел басқаруында болып жатқан ресми жаңалықтардан өзге, қалың оқырман қызыға оқитын əдебиет, өнер, мəдениет жəне қызғылықты тарихи оқиғалардан сыр шертетін сан алуан мақалалар жарық көріп тұрады. Басылым ғасырға жуық уақыттан бері қалың бұқарамен əр күні табысып келе жатыр. Əрісі халықаралық жағдайды қамтып, берісі əр қазақтың шаңырағына байланысты тəрбиелік мəні зор материалдар береді. Өмірде болып жататын əрбір оқиғаны қалт жібермей қадағалап отыру – осы аға басылымның басты міндеті іспетті. Осындай тартымдылығы мен татымдылығы сай келетін сара сөздің сарабдал мінбері болған «Егеменге» əрі оқырман ретінде, əрі ғалым ретінде бір кісідей қатысып тұрамын.

Үнемі үзбей оқып отырамын. Газет тек ақпарат таратып, жаңалықпен оқырманын құлағдар етумен шектелмей, қалың қазақтың санасын көтеруде, ұлттың əлеуетін асыруда, жалпы қоғамның тыныс-тіршілігімен бірге жасауда зор рөл атқарып келеді. Елдің ұйытқысы да осы газет, жердің жанашыры да осы басылым.

Басқа басылымдармен салыстыра қарағанда, «Егемен» қозғаған мəселелер тым тереңде əрі алып-ұшты ұшқары пікірден ада екендігі көзге бірден басылады. Бұл басылым қазақ халқының байсалдылығы мен кесек сөзінің көрінісіндей, бұқараға сөз арнауда бидің болмысында үн қататын ұлттық мінезімізді айқындап тұр десек, шындығын айтқан болар едік. Оның үстіне бұл газетте небір айтулы тұлғалар, қабырғалы қаламгерлер, халқының құрметіне бөленген азаматтар қызмет еткен. Мен əр нөмірін қолға алғанда сол ел жақсыларының қолтаңбасын, нұр дидарларын көргендей боламын. 95 жыл талмай халқымызға қызмет етіп келе жатқан аға басылымның жазары мен базары түгесілмесін. Елмен бірге елдіктің үнін алыс қиырларға жеткізе бергей! АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.