29012014

Page 1

24 саєат №19 (28243) 29 ҚАҢТАР СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

 Өмірдің өзегі – өндіріс

Ќанаты ќатайєан кəсіпорын

Ақтауда «Жамал-ай» атты кəсіпорын бар. Өзінөзі жарнамалап, даңқы жер жарып жататындар санатынан емес, томаға-тұйық. Осынысына қарап, кішігірім мекемелердің бірі болар деп ойлайтынбыз, сөйтсек, өзіндік бедер-бейнесі бар, шаруасын дөңгелентіп отырған білдей акционерлік қоғам екен.

«Шағын жəне орта бизнесті дамыту – XXI ғасырдағы Қазақстанды индустриялық жəне əлеуметтік жаңғыртудың басты құралы. Экономикамызда шағын жəне орта бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі». Н.НАЗАРБАЕВ.

(Қазақстан халқына Жолдауынан).

«Егемен Қазақстан».

сала қызметкерлері де өздеріне қажетті арнайы жұмыс киімдерін осы кəсіпорыннан табады. Шығарылып отырған өнімдердің сапасын анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының сынақ зертханаларында сынақтар өткізіледі, бізде кез келген өнімнің сəйкестік сертификаттары бар. Жоғары сапалы аяқ киімдермен қамтамасыз ету үшін, техникалық бақылау бөлімі мен бас технолог қоймаға келіп түскен шикізаттың мемлекеттік стандарттарға, техникалық шарттарға сəйкестігін бақылайды. Кəсіпорынды шикізатпен жабдықтау бөлімі табиғи тері жəне жүн, тұтынушылардың сұранысы бойынша əртүрлі қор ғаныс қасиеті бар төзімділігі жоғары маталар, басқа да қажетті ши кізатты сатып алады. Сапа

 Бəрекелді!

Ќамкґѕіл жастарєа ќамќорлыќ Жаңа жылда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 46 жасөспірім қуанышқа бөленді. Облыс орталығындағы Жасөспірімдер үйіне келген облыс əкімі Архимед Мұхамбетов жастарды мерекемен құттықтап, оларға жалпы сомасы 10 миллион 690 мың теңге болатын сертификаттарды табыс етті. Жетім балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан шаруаларға тоқталды. 2014-2016 жылдарға арналған кешенді жоспарға сəйкес үш жылда 339 бала баспанамен қамтылуы тиіс екенін жеткізді. – Елімізде ата-анасыз балалардың алаңсыз білім алуы үшін жəне оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Оның ішінде «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ арқылы пəтер алуға қаржы жинау жəне «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша жас отбасыларға жалдамалы пəтер беру бағыттары бойынша жастар баспаналы болады. Жыл сайын баспана алуға ниеттенген жастардың есеп шоттары толықтырылады. Келер жылы сегіз жас екі бөлмелі пəтерге ие болады. Осылайша біз ата-анасыз жастардың баспаналы болуына жағдай жасаймыз, – деді өңір басшысы. Жасөспірімдер үйінің түлегі Диана Ермуракова қуаныштан

негізгі бағыттар, сондай-ақ, халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ќалдыќтар ќайта ґѕделетін болады

«Егемен Қазақстан».

Хроника

«Егемен Қазақстан».

Н.Əбіқаев Қазақстан Президентіне ведомствоның қазіргі қызметі жəне басымдығы бар алдағы міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы

Динара БІТІКОВА,

Мемлекет басшысының Өкімімен Сергей Васильевич Фомичев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметінен босатылды.

Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Елімізде жыл сайын 500 мың тоннаға дейін қағаздар мен картондар, 300 мың тонна шыны, 200 мың тонна металл, 500 мың тонна пластмасса сияқты тұрмыстық қатты қалдықтар «қоқысқа» шығарылады екен. Енді бұдан былай мұндай ресурстарды екінші рет пайдалану мүмкіндігі туғалы тұр. Бұл туралы кеше Үкімет отырысында айтылды.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

Бұдан жиырма бір жыл бұрынғы жағдай көпшіліктің есінде болар. Нарықтық экономикаға өтіп, қымбатшылық пен тауар жетіспеушілігі өкпеден қосарлана сыққан кез. Сапасыз киімдерді тасыған саудагерлер елді қамтып тұрды. Тоқты-торымның құны болмай, шағын қаптағы макарон өнімі орнына екі-үшеуі қосақталып тиеле беретін. «Жамал-ай» өз іргетасын осы жылдары құрыпты. Оңай болмағаны белгілі, бірақ елді қажетті киім-кешек, аяқ киіммен қамтамасыз етемін деген қарлығаш-ниет. Арадағы жиырма бір жыл «Жамал-айдың» қалыптасуы мен дамуына, өнім өндіру əлеуетін де, технологиясын да жетілдіруге арналыпты. Өнімді еңбекке қол жеткізу үшін алдымен, техникалық шеберлікті жетілдіру қажет екендігін білген олар, 1994 жылы италиялық мамандармен бірлесіп, əскери қызметкерлерге арналған қысқа жəне биік қонышты бəтеңкелерді жасау технологиясын енгізді. Содан бері еліміздің Қарулы Күштері құрылымын сапалы əскери өнімдермен, яғни табаны құю əдісімен бекітілген биік қонышты бəтеңкелермен қамтамасыз етіп келеді. Ал арнайы қорғаныс қасиеті бар аяқ киімдері еліміздің түкпіртүкпіріндегі құрылыс жəне мұнай салалары қызметкерлерінің қалап алар дүниесі. Əлеуметтік

Елбасы ќабылдады

толқып жанарына жас алды. Жастайынан ата-анасынан айырылған Диана өзінен кейінгі алты бауырымен бірге балалар үйінде тəрбиеленген. Бауырларына қамқор бола жүріп, жоғары оқу орнын аяқтады. Жұмысқа тұрып, еңбекақысынан есепшотына 1 миллион 600 мың теңге жинақтады. Бұл жолы облыс əкімі Архимед Мұхамбетов Диананың есепшотына аударылатын 500 мың теңгенің сертификатын табыс етті. Диананың келер жылы екі бөлмелі пəтер алуға мүмкіндігі бар. – Бұл жаңалықты бауырларыма айтқанда, олардың да қуанышында шек болмады. Біз секілді ата-анасыз өскен жандарға қолдау көрсетіп, қамқорлық танытып жүрген сізге жəне қайырымды жандардың барлығына алғысымыз шексіз, – деді Д.Ермуракова. Жасөспірімдер үйінің түлегі Мира Тұрлыбаева да облыс басшысына алғысын жеткізді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің заң факультетін қызыл дипломмен аяқтаған Мира қазір облыстық сотта жастар тəжірибесі бойынша жұмыс істеп жатыр. Облыстық соттың əкімдігі оның əлеуметтік жағдайын ескеріп, уақытша тегін тұратын пəтер беріпті. Қазір Мира есепшотына қаржы жинау үстінде. Бұл жолы облыс əкімі М.Тұрлыбаеваға 200 мың теңгенің сертификатын табыстады. Ақтөбе облысы.

менеджмент жүйесі ИСО 9001, OHSAS 18001 интегралды жүйелерімен сертификатталған жəне барлық талаптарына сай келеді, дейді бізбен əңгімелескен кəсіпорынның коммерция бөлімінің басшысы Ф.Тұрашева мен инженер сапа жəне стандарттау жөніндегі инженер Ж.Ізбасарова. Өндірісте өте жоғары білікті, көп жылдық жұмыс тəжірибесі бар мамандар қызмет атқарады. Əсіресе, аяқ киім өндірісіндегі технология, жобалау жəне жасап шығару кезіндегі жоғары сапалы өнім алуда инженерлік құрамның еңбегі ерен. Кəсіпорын Италияның, Германияның жоғары технологиялық жабдықтарын пайдаланады. Аяқ киім өндірісі саласы көлденең тұйықталған конвейерлермен

қамтамасыз етілген. Осы салада өндірістік қуаттылық жылына 100 мың жұп аяқ киім өндіретін болса, өткен жылы 60 мың жұп аяқ киімді сатылымға шығарған. Жылына 20 мың дана өндірістік қуаттылықты межелеген тігін өндірісі де былтыр дəл осындай сатылымға қол жеткізген. З.Хасанова басшылық ететін 160 адамды қызметпен қамтып отырған кəсіпорында жастардың үлесі 45 пайызды құрайды. Еліміздің дамуына өз үлестерін қосып, тып-тыныш жұмысын жүргізіп отырған «Жамал-айдың» арқалаған жүгі де, алған алғысы да алып екен. Қарлығаштың қауырсын қанаты қатая түскен. Кəсіпорынның ішкі əлеміне азмаз үңілгенде осыны білдік. Маңғыстау облысы.

Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен кешегі Үкімет отырысында тұрмыстық қалдықтар жүйесін жаңғырту бағдарламасы мақұлданған болатын. Оны талқылау барысында Үкімет басшысы елімізде қалдықтарды өңдейтін зауыттар жоқ деуге болатынын, сонымен қатар бұл саланы реттейтін құқықтық негіз де қалыптаспағанын, енді аталған жаңа бағдарлама осы мəселелерді шешуге бағытталғанын атап өтті. Премьер-Министрдің бұл сөзін бағдарлама жайында баяндама жасаған Қоршаған орта жəне су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров та құптады. Ол бұл бағдарлама тұрмыстық қатты қалдықтарды жоғары деңгейде басқаруға қол жеткізуге, сонымен бірге «жасыл экономика» курсы негіздері мен қағидаттарын сақтай отырып, осы секторды бизнес пен жеке құрылымдар үшін тартымды етуге мүмкіндік беретінін мəлімдеді. «Тауарлар мен қаптамалардың өндірушілері немесе импорттаушыларына заттар пайдаланылғаннан кейін оларды жинау мен қалдықтарды қайта өңдеуді заңнамалық

түрде бекіту керек», деген министр өндірушілердің жауапкершілігін күшейту ұстанымы қалдықтардың барлық түрлеріне қатысты болмайтынын да айтып өтті. Əлемдік тəжірибеде өндірушілердің жауапкершілігін күшейту ұстанымдары ескі автокөліктерге, пайдаланылған шиналарға, аккумуляторлар мен батареяларға, қаптамаларға қатысты, дейді ол. 2050 жылға дейін созылатын аталмыш бағдарлама 3 кезең де жүзеге асырылады. Бұл кезеңдер тосыннан пайда болған жоқ. Аталған мерзім Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдамада, сондай-ақ, «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген. (Соңы 2-бетте).

 Жағымды жаңалық

Бес жылда Алматыда 25 балабаќша салынды Алматыда кейінгі бес жылдың ішінде 25 балабақша салынып, самаладай сəнді ғимараттар сəбилердің күлкісіне толды. Тек соңғы күндері оңтүстік астанада төрт бірдей балабақшаның тұсауы кесіліп, кезекте тұрған қала тұрғындары бүлдіршіндерін жаңа ортаға жетектеп апаратын кез келді. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан».

Сондай заманауи жаңа балабақшаның бірі – тұрғындары тығыз орналасқан Айнабұлақ шағын ауданындағы № 179 балабақша. Айнабұлақ жақтағы мектеп жасына дейінгі жаңа мекеменің ашылу салтанатына қала əкімі Ахметжан Есімов қатысып, елеулі оқиғамен балдырғандарды, олардың ата-аналарын құттықтады, «Балапан» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті.

 Украина премьерминистрі Николай Азаров отставкаға кетті. Оның сөзіне қарағанда, премьер мұндай шешімді қоғамдық-саяси мəміле, жанжалды бейбіт реттеу, ең бастысы, Украинаның бірлігін сақтау мақсатында қабылдаған. Бірақ, оппозиция ел президенті Виктор Януковичтің үкімет мүшелігіне үміткер ұсыну туралы бастамасынан бас тартып отыр.  АҚШ Конгресі жабық дауыс беру нəтижесінде Сирия оппозициясына жеңіл атыс қаруын беруге рұқсат ету туралы шешім қабылдады. Бұл шара үстіміздегі жылдың 30 қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Бұл туралы кеше белгісіз дерек көзіне сілтеме жасай отырып, «Рейтер» агенттігі хабарлады. Қару Иордания арқылы беріліп отыратын көрінеді. Мысырда президенттік сайлау парламенттік сайлаудан бұрын өтетін болды. Бұл туралы осы елдің уақытша президенті Адли Мансұр мəлімдеді. Президенттік сайлаудың нақты күні əзірше белгісіз. Бірақ оған жақында Египет армиясындағы ең жоғары əскери атақ – фельдмаршал атағы берілген ас-Сиси қатысатыны мəлім болып отыр. Ол жеңіске жетеді дейтіндер де көп.  Косовода жергілікті сербтердің «Сербия, демократия, шындық» деп аталатын азаматтық бастамашылдығының серкесі Оливер Иванович қамауға алынды. Оған 1999-2000 жылдары албандарға қарсы əскери қылмыс жасады деген күдік келтіріліп отыр. О.Иванович өткен жылдың күзінде КосовскаМитровицы қаласының мэрі лауазымына таласып, сайлауда екінші орын алған болатын.  Ұлыбритания парламенті королева отбасына бюджетті тиімсіз жоспар лады деген сын тақты. Мұндай қорытындыға, атап айтқан да, мемлекет қаржысын жұмсауды бақылау жөніндегі парламенттік комитет келген көрінеді. Комитет өкілінің сөзіне қарағанда, королева отбасы қаржы дағдарысына қарамастан, үнем дегеннің не екеніне мəн бермей келеді.  Египетте полиция генералы атып өлтірілген. Осы елдің ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты растап отыр. Оқиға кеше орын алған. Белгісіз ер адам Египет ішкі істер министрі Мохамед Ибрагимнің көмекшісі қызметіндегі генерал Мохамед Сайедке екі мəрте оқ жұмсаған. Ол алған жарақатынан ауруханада көз жұмыпты.  Оңтүстік Кореяда сот Интернетте Солтүстік Кореяны аспандата мақтаған жергілікті азаматты он айға түрмеге қамады. Аты айтылмайтын оңтүстіккореялық 2009-2012 жылдар аралығында өзінің блогында жəне басқа да сайттарда КХДР-дің əскери қуатын мадақтап келіпті. Сөйтіп, ол ұлттық қауіпсіздік туралы заң ережелерін бұзған.  Индонезия Ресейден 37 жаңа БМП-3Ф жаяу əскерлердің соғыс машинасын сатып алды. Əскери техниканы беру рəсімі бұрнағы күні Индонезия əскеритеңіз күштерінің Асембагустегі орталық əскери дайындық корпусында өтті. Индонезияның армиясында БМП-3Ф кеңестік шығарылымдағы көнерген ПТ76 жүзгіш танктерін алмастыруы тиіс.  Ұлттық хоккей лигасының вице-комиссары Билл Дэйли лиганың өзінің ойыншыларын Олимпиада-2014-ке жібермеуі мүмкін екенін хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, ҰХЛ мұндай қадамға егер Сочиде «қауіпті жағдай» қалып тасатын болса барады. ҰХЛ басшыларының бірі бірақ Ресей үкіметі мен ХОК спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті жағдайды жасайды деп сенеді. Ақпарат агенттіктері материалдарының негізінде əзірленді.

(Соңы 15-бетте).

Бїгінгі нґмірде:

МІНСІЗ МЕМЛЕКЕТ – АДАМЗАТТЫЅ АРМАНЫ 4-бет

«Кереку»

Ґмірдіѕ ґзі – театр

деу ќазаќ тілін ќорлау

7-8-беттер

Аюдыѕ ґті ќайда? 9-бет

Мен Толстойды ўлы жазушы деп есептемеймін 11-бет

Дїние додасыныѕ дїбірі

16-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.