ДЕРЕК пен дəйек 392 700 000 000 Өткен жылы облыс бойынша негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі осынша теңгені құрады
№95 (28034) 29 НАУРЫЗ ЖҰМА 2013 ЖЫЛ
Нұрбол ƏЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
Жалпы, Жетісу жерінің жағрафиялық орналасу ыңғайлылығына орай облысты ин вес тицялықинновациялық тұрғыда дамыту басты бағыттың бірі болып отыр. Осы орайда барлық мүмкіндіктер ұтымды пайдаланылып, мемлекеттік саясатқа сай жүйелі жұмыс жүргізілуде. Сондықтан үдемелі индустриялықинновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы ая сында Алматы облысының өңір лік индустрияландыру картасы бойынша жалпы құны 323 млрд. теңгені құрайтын 47 инвестициялық жоба іске асырылуда. Сондай-ақ облыс аумағында республикалық карта бойынша жалпы құны 1 трлн. 600 млрд. теңгеден асатын 4 ірі инвестициялық жоба да жүзеге асырылып жатыр. Сөйтіп, облыс экономикасын өркендетуге сырттан қаражат молынан тартылуда. Ендігі мақсат – заман талабына сай жаңа технологияның тілін тұрғылықты халыққа меңгерту. Сонда бұл сала жұмысы да өзіндік жемісін берері хақ. Алматы облысы.
1945
Өткен жылы өңірдің құқық қорғаушылары осынша қылмысты ашты Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан». Маңғыстау облысында 2012 жылы тіркелген қылмыстар саны 28,4 пайызды құрап, облысымызда жалпы қылмыстар деңгейі еліміз бойынша ең төменгі көрсеткішті – мың адамға шаққанда 78-ді (республикада орташа көрсеткіш – 159) құрады.Сондай-ақ, облыста 60-тан астам жедел-алдын алу шаралары өткі зі ліп, «Участок» шарасын өткізу кезінде 72 818 пəтерлі 1 493 көп қабатты жəне 59 204 жекеменшік үйлер, құрылысы тұрып қалған жəне жүріп жатқан нысандар, уа қытша құрылыстар мен сарайлар тексеріліп, 1 059 тиісті құ жат тары жоқ жалдамалы пəтер, 336 дəстүрлі емес діни ағымға бейім адам, 18 оқуға бармайтын жасөспірім анықталды. Өткен жылы атыс қаруын қолданған 21 қылмыс тіркелді. Есепті кезеңде тұрғылықты жері бойынша 12 590 екі жəне одан да көп қаруы бар адамдар тексеріліп, нəтижесінде 184 əкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 335 қару алынды. Өткен жылы облыс ішкі істер органдары 1945 қылмысты ашты. Оның 305-і ауыр жəне 60-ы аса ауыр қылмыстар. 716 жедел-іздестіру шарасы өткізіліп, 660 бұрын жасалған, 56 «бұрынғы жылдардағы» қылмыстар ашылды. Маңғыстау облысы.
1125
«Индустриялы аймақта» осынша жас жұмыспен қамтылып отыр Оралхан ДƏУІТ,
«Егемен Қазақстан».
Шымкент қаласындағы фосфор зауыты аумағында ашылған «Индустриялы аймақта» үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында 31 кəсіпорын ашылып, 91,6 млрд. теңгенің инвестициясы тартылды, 3 500 адам жұмыспен қамтылды, оның 1125-і – жастар. Алдағы уақытта барлық аудан, қалаларда жаңа индустриялы аймақтар ашылып, негізгі жұмыс күшін жастар құрамақ. Сонымен қатар, жастардың кəсіпкерлік негіздерін игеру мүмкіндіктерін арттыру мақсатында «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы арқылы оларға 2011 жылы 98 млн. теңге несие берілсе, 2012 жылы берілген 231 млн. теңге несиенің 120 млн. теңгеден астамы жастардың үлесіне тиген. Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 156 жас 366,5 миллион теңге көлемінде шағын несиелер алған. Оңтүстік Қазақстан облысы.
XX ғасырдың 90-жылдарында шаңырақ көтерген «Алтын жəне бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» көшпенділер дəуірінің құнды жəдігерлерінің жəне заманауи зергерлік өнер шеберлерінің этнографиялық топтамаларының басты қоймасы болып табылады.
Мўра
Астанада кґне ќолґнер кґрмесі ашылды
«Егемен Қазақстан».
«Егемен Қазақстан».
Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мəмидің жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында бес мəселе қаралды. Бұл жолғы отырыстың күн тəртібінде депутаттар Балқаш жылу электр стансасы, тоқыма бұйымдары жəне мемлекеттік қызмет көрсету мəселелеріне қатысты заңдық құжаттарды жан жақты талқыға салды. Солтүстік Қазақстан облысына əкім болып тағайындалған сенатордың орнына келген осы өңірдің бұрынғы басшысы Серік
Марат Тəжиннің шетел елші лері мен кездесуінде саяси, экономикалық жəне гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан əрі дамытудың, сондай-ақ өңірлік жəне халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықтың
АҚПАРАТТАР аєыны «Аграрлық несие корпорациясы» егіншілерге 40 млрд. теңге беретін болды. Ол бүгінге дейін Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облыстары ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 4 млрд. 500 млн. теңге қаржы үлестіріп үлгерді. Ал өт кен жылы 1 млн. 500 мыңнан астам гектар алқапқа 28 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген болатын. Биыл Астана-Өскемен автобанының құрылысы қолға алынады. Екі қаланың ара сын байланыстыратын күре жол төрт жол ақты цемент-бетон магистраль түрінде са лы нады. Оның жұмыстары Астана мен Пав лодарда бір мезгілде бастау алады. Ертіс өзені арқылы өтетін автотрасса бойында
(Соңы 2-бетте).
Парламент Мəжілісінің депутаттары ел өңірлеріне барады. Маңызды сапар қарсаңында «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшелері алдағы жұмыстың көкейкесті мəселелерін талқылады.
ұсынған екен. Көрмеге түркі əлемі кеңістігінде теңдесі жоқ саналатын, көшпелі тайпалар дəуірінен сыр шертетін, қазақ халқының ең өзгеше көз тартар киімдерінің бірі – сəукеле қойылыпты. «Ат əбзелдері» тақырыбы көрмеден лайықты
Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжинге елшілер – Кения Республикасынан Пауль Кивиботт Кургат, Македония Республикасынан Дарко Ангелов, Эквадор Республикасынан Альберто Чавес Савала, Джибути Республикасынан Абди Ибраһим Абсейх сенім грамоталарын тапсырды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Лаос ХалықтықДемократиялық Республикасы мен Жаңа Зеландияның елшілері Тхиенг Буфа мен Хэмиш Невил Фрэнсис Куперден, Австралия мен Монако Корольдігінің елшілері Пол Эндрю Майлер мен Эвелин Жантадан сенім грамоталарын қабылдады. «Егемен Қазақстан».
Білəлов сенаторларға таныстырылды. Палатаның қаулысына сəйкес ол Табиғатты пайдалану жəне ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі болып сайланды. Бұдан кейінгі жұмыс заң жобаларын қараумен жалғасты. Алдымен күн тəртібінде Қазақстан мен Корея арасындағы Балқаш жылу электр стансасын дамыту, қаржыландыру, жобалау, салу, пайдалану жəне оған техникалық қызмет көрсету саласындағы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобасы қаралды.
Депутаттар ґѕірлерге шыєады
орын алып отыр. Ер-тұрманның жасалу барысында қолөнердің үш тармағы бас біріктіреді: темір ұсталық, зергерлік жəне ағаш өндеу қолөнері. Көрмеден қазақ қаруларын да көруге болады. Сондай-ақ, көрмеге қыздардың жастайынан тағатын əшекейі
Сенімге сенім ќосќан ќабылдаулар
Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
Сенат Төрағасы Қайрат Мəми кеше Индустрия жəне жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рауға: «Сіз өзіңіздің қай жерде тұрғаныңызды ұмытпаңыз. Жауап қайтаруға дайын болмасаңыз ашық айтыңыз. Онда мəселені күн тəртібінен алып тастаймыз» деп қадап көрсетті. Бұлай делінетін жөні де бар. Кеше сенаторлар аса маңызды мəселені – Балқаш жылу электр стансасын салуға қатысты құжаттың жобасын талқылады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ,
Берік САДЫР,
Мұражай көрермендер назарына қазақ халқының XVIII-XX ғасырлардағы зергерлік бұйымдары, бас киімдері, ер-тұрман, қару-жарақ жəне тұрмыстық бұйымдарын ұсыныпты. Зергерлік жəне сəндік-қолтаңбалы өнер бұйымдарының қай-қайсысы болмасын қазақ халқының тарихымен тығыз байланыста бола отырып, қайнар бұлағы мыңжылдықтардан бастау алатын ұлттық мəдениеті міздің даму жолының айнасы іспеттес. Халқымыздың ұлттық əшекейлері зергерлік өнер шеберлерінің баға жетпес үздік туындылары болып табылады. Оларды əсемдікпен қатар тылсым күштерден қорғану үшін де тағынатын. Əшекей бұйымдардың пішіні мен ою-өрнегі ғана емес, сонымен қатар, материалы да айрықша мəн-мағынаға ие. Мəдениет жəне ақпарат министрлігі Мəдениет комитетінің қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Қазақ халқының көне қолөнер көрмесіне» ұлттық зергерлік бұйымдарының кең таралуына үлес қосқан Естай Даубаевтың топ тамасы қойылыпты. Ол тері мен металдан жасалған ұлттық бұйымдар түрлерін сақтау мен қалпына келтіруге үлес қосқан қазақ халқының қолданбалы өнері дəстүрінің жалғастырушысы болып табылады. Е.Даубаев жұмыстарында ою-өрнекті асқан талғампаздықпен қолданып, бұйымдардың пішіні мен оларды əсемдеудің дəстүрлі жолдарын
«Сіз ґзіѕіздіѕ ќай жерде тўрєаныѕызды ўмытпаѕыз»
келешегі талқыланды. Екіжақты кездесулерде Қазақстан – Кения, Қазақстан – Эквадор арасындағы ынтымақтастықты одан əрі дамыту төңірегінде пікір алмасылды. Əріптестік тетігін бекемдеудің жолдары қарастырылды. Мəселен, Африка елдерінің Қазақстан ға сауда-экономикалық жəне мəдени салалар бойынша қызығушылығының артып
отыр ғаны айрықша атап өтіле келе, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтудің келешегіне бағдар жасалды. Бұл күнгі екіжақты келіссөздерден кейін елшілер журналистерге өз елдері мен Қазақстан арасындағы байланысты өрістету дің маңызы туралы əңгіме қозғады. Мəселен, Кения елшісі Пауль Кивиботт Кургат: «Кения мен Қазақстанның тек іскерлік салада ғана емес, ғылым мен технология салаларында да үлкен əріптестік əлеуеті бар. Қазақстан Кенияға тыңайтқыш, бидай, болат жеткізеді. Біздің ел Қазақстанмен мұнай-газ саласында да əріптестік байланыс орнатып келеді. Ал Кения Қазақстанға гүл, кофе жəне шай экспорттайды. Егер сіздер Қазақстанда хош иісті шай ішетін болсаңыздар, ол шайдың Кениядан келуі əбден мүмкін. Біздің елдің сондай-ақ
– өңіржиекті, киім ілгегі – түймеден тартып шолпы мен шашбау, білезік пен жүзік, белдіктер мен шақшалардың əсем безендірілген түрлері қойылған. --------------------------------Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.
жеңіл атлетика саласында айтарлықтай жетістікке жеткен ел екенін білесіздер. Сондықтан, болашақта осы салада да байланысымызды жандандыруға болады», деді. Македония Республикасының елшісі Дарко Ангелов соңғы екі жыл ішінде бар сала бойынша екіжақты əріптестік көкжиегінің кеңейгеніне тоқталды. «Македония Президентінің Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арнайы шақыруы бойынша сіздердің елдеріңізге ресми сапармен келгенін білесіздер. Сол кездегі кездесулер аясында қос тарап əріптестікке ықпал ететін салалар төңірегінде ортақ келіссөздерге қол қойған болатын. Сондай келіссөздердің бірі – Македония тарапының Қазақстан азаматтары үшін визалық режімді алып тастағаны. Ал жалпы алғанда, қос тараптың экономикалық бағыттағы əріптестігіне ерекше мəн берілуде», деді Д. Ангелов. (Соңы 2-бетте).
Парламент Мəжілісінің Төрағасы, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулин партиялас əріптестерінің назарын облыстар тұрғындарымен кездесулерді барынша жемісті өткізу қажет екеніне аударды. Мəжіліс Төрағасы депутаттар айналысып жатқан жұмыстар, оның ішінде заң жобаларымен жұмыс өмір шындығынан алшақ кетпеуі тиіс екендігін атап көрсетті. «Əрбір
заң жобасы бірінші кезекте адамдар өмірін жақсартуға бағытталуы шарт», деді Нұрлан Нығматулин. Депутаттардың өңірлерге шығуы 4 сəуірге жоспарланып отыр. Олар аймақтарда 13 сəуірге дейін болады. Ал кездесулер тікелей еңбек ұжымдарында, өндірістерде, сондай-ақ, əлеуметтік нысандарда өткізіледі. «Егемен-ақпарат».
Айтайын дегенім...
Сапаны талап етуге де сапа керек Айқын НЕСІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Бүгінде қайда барсаң да қызу құрылыс. Мұндай құбылыс Қарағанды өңіріне де тəн. Жаңа ғимараттар мен тұрғын үйлердің жарыса бой көтеруі жиілеп тұр. Мұнымен бірге түрлі нысандардың қалпына келтіріліп, қайта жаңартылуы, жұмыстардың айналасы бесалты айда, əрісінде жылдан аспай атқарылып, аяқталып жатуы бір жағынан жағымды жайт. Алайда «Асығыстық – шайтанның ісі» дегендей, тым қауырт, аса қарбалас істердің ақыры нендей жағдайға əкеліп ұрындырыны аты шулы «Бесоба» оқиғасынан көрінді. Содан беріде аймақтың құрылыс саласындағы салғырт-салақтықтың сан сипаттары ашылып жатыр. Мəселен, Теміртаудағы «Манада» ЖШСтің өз міндетіне бұрындары қалай қарағандығы белгісіз, ал былтырдан бері сөзге берік еместігі аян болып қалды.
Басынан айтқанда, бұл серіктестік жөндеу жұмыстарын қолға алған қаладағы балалар ауруханасының есігі емделушілерге тапсырыс берушімен жасалған келісімшарт бойынша өткен жылы қыс түскенге дейін ашылуға тиісті болатын. Соны орындай алатын мердігерлер таңдалу сынағында тендерді ұтып, барлық талаптар талғамынан шыққан серіктестікке қаржы да уақытымен бөлінді. Солай болғанымен істің екпіні бірер айға жетпей бірте-бірте бəсеңдей бастады. Өйткені, жөндеудің сапасына бұл жолғы талап жоғары еді. Жұмыстың асығысүсігіс жүргізілуі қиындады. Атқарылған əр істің арнаулы комиссия тарапынан қабылданып алуы кезінде анықталған кемшіліктер түзетілуі талап етілді. Серіктестік бұған бұрын-соңды үйренбеген болуы керек, көрсетілген олқылықтарды ескеріп, қалпына келтіруге құлық таныта қоймады. (Соңы 2-бетте).
Жемқорлық – індет, жою – міндет
Павлодар мен Ақсу аралығын қосатын көпір тұрғызылады. Батыс Қазақстанда «Отбасы – негізгі қамқоршы» атты жедел-алдын алу шаралары басталды. Негізінен жасөспірімдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды, ата-аналардың бала тəрбиесіндегі жауапкершілігін күшейтуді мақсат тұтқан акция барысында отбасы институтын нығайту басты тақырып болмақ. Қарағандыда Мағжан Жұмабаев тың туғанына 120 жыл толуына арнал ған мүшəйра өтеді. «Мен жастарға сенемін!» деген девизбен желкен керетін жыр жарысына облыстың барлық аудандарынан 40 үміткердің туындылары қатысады. Сайыста солардың арасынан 12 ақынның өлеңдері таңдап алынып, соңғы сынаққа жіберіледі.
Қызылорда қаласында тазалық сақтау жолында бітіспес күрес жүруде. Ежелгі Ақмешіттің ендігі басшысы Нұрлыбек Нəлібаев облыс орталығының санитарлық ахуалына айрықша қатты мəн беріп отыр. Осының нəтижесінде шаһарды ластаған 382 азаматқа хаттама толтырылып, құжаттары сотқа жолданды. Бүгінде олардың 112-сі əкімшілік қамауға алынып, 122 адамға сот қаулысымен 572 230 теңге айыппұл салынды. Оңтүстікте бүлдіршіндерді балабақшамен қамту деңгейі 61 пайызға дейін көтерілді. Бұдан бар-жоғы үш жыл ғана бұрын бұл көрсеткіш 14 пайыздық мөлшерде еді. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.
Болашаќќа балта ўрєан
ќўрылыс мекемелері спорт нысандарынан 68 млн. теѕге аќшаны ќолды еткен Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан».
«Ет тəттілігін қойса, мен ұрлығымды қояр едім», деген екен баяғыда бір мысық. Біздің Атыраудың кейбір құрылыс мекемелерін басқарушылар да қазір тап сол мысықтың кейпін кешіп жүр. Жерде жатқаннан жонып жеп үйренген оларға қандай құрылыстың қазынасына қол сұқса да бəрібір, тек теңге тілеп, бүлкілдеген жемсауларын толтырса болды. Солардың
бірқатары аймақтың бұрынғы басшысының тұсында спорт нысандары құрылысын салудың өзінен ғана 68 млн. 323 мың 225 теңге қаржыны қолды етіпті. Сонда олардың бұл мекендер өз балалары мен немерелерінің кемел келешегі үшін салынып жатқанына да пысқырып қарамағандары ғой. Бірақ қашанда «мың асқанға – бір тосқан» бар. Ақыры оларды да облыстық прокуратура қызметкерлері тұнық судың айдынына тартып шығарып, көн жамылған беттерін жалпақ
жұртқа көрсетіп берді. Негізінде адамдық пен арды аяққа басқан бұл əрекеттер облыстық құрылыс басқармасы тарапынан ұдайы қолдау тауып отырған. Соның нəтижесінде жұмыстарды толық орындамау немесе сапасыз атқару фактілері жиі орын алған. Ал басқарманың 2008-2012 жылдар аралығындағы жұмыстарына тексеру жүргізген прокуратура қызметкерлері көптеген құқық бұзушылықтардың үстінен түскен. (Соңы 2-бетте).