Бїгінгі нґмірде:
№61 (28285) 29 НАУРЫЗ СЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Ќаламгерді ќабылдады
Ґміршеѕ ойдыѕ ґрісі 4-бет Ыќпалдастыќ 6-бет Торап 7-бет Жїзеге асќан жоба 9-бет Ќазаќстан – ќарашаѕыраєымыз! 14-бет
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы жəне қоғам қайраткері Дулат Исабековті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Алматыдағы резиденцияда өткен əңгіме барысында отандық мəдениетті дамыту мəселелері мен қазіргі заманғы əдеби үдерістердің əртүрлі қырлары талқыланды. Мемлекет басшысы қазақ стандықтардың мəдени жəне рухани баюына тікелей ықпал ететін жазушылар мен барлық шығармашылық өкілдері қызметінің маңыздылығын атап өтті, сондай-ақ, баршасына табыс тіледі. Д.Исабеков өзінің соңғы жазған туындылары мен шығармашылық жоспарлары жөнінде əңгімеледі. Атап айтқанда, ол алдағы уақытта Лондонда ағылшын тіліндегі кітабының тұсаукесері жəне «Өкпек жолаушы» пьесасы бойынша қойылатын спектакльдің премьерасы өтетінін айтты.
Ќуатты мемлекет ќўруєа ќомаќты їлес
Жасампаз жобаєа – жиырма жыл
Мемлекет басшысы Нұр сұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Білім жəне ғылым министрлігі Əдебиет жəне өнер институтының директоры Уəлихан Қалижановты қабыл дады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстанның гуманитарлық ғылымының жай-күйі жəне зиялы қауымның қазіргі замандағы рөлі талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев интеллигенция өркендеген қуатты мемлекет құру үшін қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға ерекше үлес қосуға тиіс екенін атап өтті. У.Қалижанов институттың қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жос парлары туралы хабардар етті. Ол Мұхтар Əуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеуге жəне насихаттауға бағытталған жұмыстар, сондай-ақ, қазақ əдебиетінің тарихы саласындағы зерттеулер жөнінде əңгімеледі.
Композитормен кездесті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында композитор Шəміл Əбілтаевты қабылдады, деп хабарлады Пре зиденттің баспасөз қызметі. Ш.Əбілтаев өзінің қызметі туралы айта келіп, шығармашылық жоспарлары жөнінде ой бөлісті. Кездесу барысында композитор Мемлекет басшысы 1973 жылы Теміртауда жұмыс істеп жүрген кезінде сөзін жазған «Шұбарат» əнін орындады. Ш.Əбілтаев өзі шығарған «Қазақстан – Нұрсұлтан» күй-портретті де орындап берді.
----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Алда тўрєан міндеттер ауќымы кеѕ Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей жəне Өскемен қалаларында болды. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауының негізгі ережелерін жəне іске асырылу барысын талқылау. Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан».
Жастарға жинақылық жарасады Жоғарғы палатаның Төрағасы Шəкəрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттерімен жəне про фес сорлық-оқытушылар құрамымен кездесті. Жиналғандар алдында сөз алған Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы жария еткен жаңа бағыттың негізінде қазіргі жетістіктер мен Қазақстанның ерекше даму үлгісі жатқанын атап өтті. «Əлемдік қоғамдастық біздің елімізді халық өмірінің сапасы мен стандарттарын елеулі түрде өзгерткен саяси жəне экономикалық жүйені жаңғырту бағытын жүргізіп келе
жатқан демократиялық мемлекет ретінде мойындайды», деп атап өтті Төраға. Сенат Төрағасының пікірінше, Қазақстан Президентінің Гаагада өткен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі үшінші саммитке табысты түрде қатысуы оның жарқын дəлелі болып табылады. Əлемдегі басқа халықтардай емес, Семей жұртшылығы ядролық қауіптің қандай болатынын жақсы біледі. Қ.Тоқаев биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен əлемдегі ең ірі ядролық сынақ алаңдарының бірі – Семей полигонының жабылғанына 23 жыл толатынын еске салды. Қасым-Жомарт Кемелұлы студенттер мен оқушыларды қолдау, оның ішінде стипендия мөлшерін ұлғайту жөніндегі
мемлекеттік шараларды атап өтті. Сенат Төрағасы қазіргі кезде Парламентте «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заң жобасы қаралып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, мемлекеттік жастар саясаты туралы жаңартылған заң жобасында ең төмен кепілді əлеуметтік жеңілдіктер жəне əлеуметтікэкономикалық шара лардың жүйелі пакеті қаралатын болады. Сонымен бірге, Төраға «абы ройлы, жайлы да жақсы өмір тынымсыз еңбекпен ғана келетінін» айта келіп, жастарды жұмысқа жігермен кірісуге шақырды. Бұл ретте Төраға жастардың жинақылық танытатынына, өмірдегі қолайсыз жайттарды еңсеруге дайын екеніне нық сенімді. «Сіздерге өз еліміздің еңбектеріңіз қажет болатын, құрметтелетін əрі тиісті деңгейде ақы төленетін кез келген жерінде өмір сүру керек», деп қорытындылады Қ.Тоқаев сөзін. Ғылыми жобаларға белсенді қатысқаны жəне үздік оқудағы жоғары табыстары үшін университеттің бірқатар студенттері Қазақстан Парламенті Сенатының алғыс хаттары мен естелік сыйлықтарына ие болды. (Соңы 2-бетте).
Оймақтай ой Адам баласын заман өсіреді. Абай.
Кїн тəртібі наќтыланды
Кеше палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мəжіліс бюросы өтіп, алдағы жалпы отырыста қаралатын мəселелер анықталды, деп хабарлады Мə жілістің баспасөз қызметі.
Депутаттардың қарауына Еуразия эконо микалық қоғам дастығына мүше мемлекеттердің экспорттық бақылауының бірыңғай тəртібі туралы келісімінің күшін жоюға қатысты заң жобасы, «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы стратегиялық əріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралады. Күн тəртібі жобасында ішкі істер органдары туралы заң жобасына қатысты Сенат енгізген түзетулер де қамтылған.
Осыдан дəл жиырма жыл бұрын, 1994 жылғы 29 наурызда, бері қойғанда, Еуразия атты алып құрлық үшін, əріден алғанда бүкіл əлемдегі геосаяси ахуал үшін баршаны елең еткізерліктей ұсыныс жария етілді. Ол Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразиялық Одақ құру жөніндегі бастамасы болатын. Тəуелсіздікке қолы жетуі Қазақстанның орасан зор интеграциялық жəне ұйымдастырушылық əлеуетінің жолын ашты, ал бұл елдің толып жатқан интеграциялық бірлестіктердің бастамашылары мен қатысушыларының бірі болуын қамтамасыз етті. Н.Назарбаевтың 1994 жылғы Ресей Федерациясына тұңғыш ресми сапары кезінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің оқытушы-профессорлар құрамымен жəне студенттерімен кездесуінде ұсынған Еуразиялық Одақ құру жөніндегі идеясын да осы тұрғыдан қарастыру керек. Бұл ұсыныс ТМД-ның көпе-көрінеу дəрменсіздігіне байланысты айтылған болатын. «Бұрынғы кеңестік кеңістіктің дамуы қазір екі үрдіс бойынша айқындалады деп айтуға болатын сияқты, – деді Мəскеу университетіндегі сөзінде Елбасымыз. – Біріншіден, бұл – ұлттық мемлекеттіліктің қалыптасуы жəне екіншіден, ТМД елдерінің интеграциясы. Мұның бəрі де заңды. Ғылыми-техникалық өркендеу қарқындап, өткізу рыногы үшін қатал күрес қызу жүріп жатқан кезде тек бірлесу арқылы ғана өмір сүруге болады. Байқап қараңыздаршы: көпғасырлық мемлекеттілігі бар Батыс Еуропа елдері бірлесуге бет бұрып отыр. Олар əлемдік рыноктың қатаң түрде кереғарланып бара жатқанын жақсы біледі: Солтүстік Америка, Жапония жəне ақырында, Азияның «жас жолбарыстары». Ал бізді, бұрынғы Одақ республикаларын, тарих пен тағдырдың өзі бір қоғамдастыққа бейімдеп, даярлаған. Бізге байланыстар мен басқарудың бірыңғай нысандары мен тетіктері тəн, діліміз бен басқа да көптеген нəрселеріміз ортақ». «Біздің Достастығымызды одан əрі дамыту туралы ойларымды ортаға салсам деймін. Өкінішке қарай, бүгінде ТМД уақыттың объективті талаптарына толық мəнінде сай келмейді жəне оған мүше елдердің халықтарымыз соншама зəру болып отырған интеграциясын қамтамасыз ете алмайды, – деп ойын жалғастырды сонда Нұрсұлтан Назарбаев. – Достастық құрылған сəттен бері оның мүшелері бір-біріне жақындасудың орнына барған сайын алыстай түсіп барады. Ынтымақтастық туралы 400-ден аса
құжат қабылданып, қол қойылғанымен, олардың барлығы дерлік əлі іске қосылған жоқ. Біздің елдеріміздің еріктілік пен тең құқықтылық қағидаттарында қалып тасқан жаңа мемлекетаралық бірлес тігі негізіндегі өзара қарымқатынас тың сапалық жаңа деңгейіне ауысу қажеттігі пісіп-жетілді. Ондай бірлестік Еуразиялық Одақ (ЕАО) бола алар еді. Ол ТМД-дан өзгеше қағидаттар да құрылуы тиіс, өйткені, жаңа бірлестіктің негізін өзекті екі мəселені: біртұтас экономикалық кеңістік құру мен бірлескен қорғаныс саясатын қамтамасыз етуді шешуге тиісті жалпыұлттық органдар құрауы керек. Бұл ретте əрбір қатысушының егемендігінің, ішкі мемлекеттік-саяси құрылымының, сыртқы саясат қызметінің мүдделеріне қатысты өзге мəселелердің бəрі мызғымастан қалатынын жəне бір-бірінің ішкі істеріне қол сұғылмауы көзделетінін атап көрсету маңызды». Бұл бөлекше жаңа ұсыныс болатын. Жаңа атаулының жатсына қабылданатыны сол тұста да көрінген. Бірақ, дана Уақыт бəрін де өз орны-орнына қойып келеді. Содан бергі жиырма жылдың өн бойында Нұрсұлтан Назарбаевтың мына жаһанданған дүниеде халықтың күні халықпен болатынын егемендіктің елең-алаңында, тəуел сіздіктің таңсəрі шағында-ақ болжаған идеясы өзінің өміршеңдігін көрсетуде. Қазақстан басшысының алдымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру, одан кейін Кеден одағын құру, Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру сияқты экономикалық интеграцияның негізгі белестерін кезең-кезеңімен жүріп өту жөніндегі ұсыныстарының бəрі де бірте-бірте жүзеге асты. Алдағы кезде Еуразиялық экономикалық одақты құруға дайындық жүріп жатыр. Осының арқасында тарих табыстырған, тағдыр тоғыстырған елдер өздерінің тауарларына байтақ базар тапты, экономикалық байланыстардың сан түрлі тетіктерін іске қоса алды. Бұл арқылы бүкіл əлем бүгінде Қазақстанды жаһандық интеграциялық үдерістердің ықпалды қатысушысы деп біледі, Нұрсұлтан Назарбаевты интеграцияны халықаралық деңгейде тұрақты да табанды дамытушы аса көрнекті саясаткер деп таниды. Елбасымыздың ел ертеңін ойлаған, болашақта мемлекеттеріміз ең алдымен экономикалық мүдде тұрғысынан ықпалдасуға түсуге тиістігіне дейін көздеген байыпты бастамасының, жасампаз жобасының жиырма жылдығына «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі нөмірдің 4-10 беттеріндегі материалдарды арнап отыр.