Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына келді. Сапар барысында Елбасы М.В.Ломоносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінде еуразиялық интеграция тақырыбында лекция оқыды.
№82 (28306) 29 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЕУРАЗИЯЛЫЌ ОДАЌ ИДЕЯСЫНАН – ЕУРАЗИЯЛЫЌ ИНТЕГРАЦИЯНЫЅ КЕМЕЛДЕНГЕН КҐКЖИЕГІНЕ Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан» – Мəскеуден.
Осыдан тура жиырма жыл бұрын дəл осы Мəскеу мемлекеттік университетінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дəл осылай сөз сөйлеген болатын. Онда Елбасы мемлекеттердің Еуразиялық одағын құру туралы ұсынысын жария еткен еді. Сол сəт Қазақстан басшысы дəл осы мінберге дəл осы тақырыппен жиырма жылдан соң қайта көтеріледі деген ешкімнің ойына келмеген шығар. Себебі, бұл шынымен де, сол кезде енді ғана тəуелсіздігін алып жатқан ТМД елдері үшін тым тың идея болатын. Біреулер бұл мүмкін емес деп бірден қарсыласса, енді біреулер идеяның игілікті боларына күдікпен қараған. Ал біз сияқты тəуелсіз елдің жас буыны сол кездері мұның байыбына да бара алмағанбыз. Ал енді, міне, араға жиырма жыл салып, аталған идеяның өміршеңдігін өзіміз көріп, көрегенділіктен туындаған ұтымды ұсыныстың жиырма жылғы жүзеге асырылған жылнамасын жиыстырып, соңғы нүктесін қояр шешуші кезең алдындағы кездесудің куəсі болып отырмыз. Иə, осыдан жиырма жыл бұрын ұсынылған ұсыныс содан бергі жиырма жылғы жемісін жиыптеріп, алдағы кемел келешекке қарай қанат сермегелі тұр. Лайым, болашағы жемісті болғай. Мəскеу мемлекеттік университетіндегі Ғалымдар кеңесінің мəжіліс залында мінбердегі Мемлекет басшысын көріп отырып, іштей осылай тілектестік айттық.
Залға кісі қарасы көп жиналған екен. Тыңдаушылардың дені – ғалымдар, қоғам қайраткерлері, қысқасы, Ресейдің бетке ұстарлары. Тіпті, олардың арасында осыдан жиырма жыл бұрынғы сөзді тыңдағандар да бар. Енді біразы студенттер. Сол залда тарихи сəттің куəсі болып, Елбасы сөзін қағазға түсіріп отырған бізді де мақтаныш сезімі кернегенін жасыра алмаймыз. М.В.Ло моносов атындағы Мəскеу мемлекеттік университетінің ректоры Виктор Садовничий қысқаша сөз сөйледі. Ол Қазақстан Президентінің осыдан жиырма жыл бұрынғы сөйлеген сөзін еске алып, оның ұсынысының бүгінгі маңыздылығына тоқталып өтті. Бұл идеяның өзі басқарып отырған М.В.Ломоносов университетінде жария болғанын мақтан тұтатынын айтып, Н.Ə.Назарбаевқа алғысын жеткізді. Қазақстанның бүгінгі жетістіктеріне тоқталып, бұл ретте Қазақстан басшысының ерен еңбегі бар екенін атап өтті. Елдер арасындағы интеграциялық үдерістердің бүгінде тиімді жүзеге асуына Қазақстан Президентінің еура зиялық интеграция идеясы ай рықша əсер етіп отырғанын баса айтты. Қазақстан басшысы Н.Ə.Назарбаевтың ЕАО құру
Ќўттыќтау жолдады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Братина Кубогы» Жоғары хоккей лигасының чемпионы атағын жеңіп алуына байланысты «Сарыарқа» хоккей клубына құттықтау жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қарағанды клубының басшылығын, жаттықтырушылар штабы мен ойыншыларын зор жетістіктерімен құттықтап, бүкіл турнир бойындағы олардың жеңіске деген ұмтылысын жəне
отандық спортты дамытуға қосқан үлестерін атап өтті. Қазақстан Президенті клуб ұжы мына зор денсаулық, жаңа табыстар мен жарқын жеңістер тіледі.
Астана саммитініѕ рухы – ґміршеѕ
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ламберто Заньерді қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Сенат Төрағасы Қазақстанның ЕҚЫҰ кеңістігіндегі ынты мақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, Ұйымның Парламенттік Ассамблеясы аясындағы үнқатысуға бейімділігін нақтылады. Қ.Тоқаев «Украинадағы шиеленістің шешімін табуда жəне үнқатысуды қалыптастыруда ЕҚЫҰ шешуші рөл атқаруы тиіс», деп атап өтті.
Астана мерейтойлық декларациясында мəлімделген Еуразиялық жəне Еуро-Атлантикалық қауіпсіздік қоғамдастығын қалыптастыру туралы айта келе, Төраға «ЕҚЫҰ-ның Астана саммитінің рухын өмірге енгізу керек», деп атап өтті. Кездесуде, сондай-ақ, Орталық Азиядағы аймақтық өзара ісқимыл мəселелері де қозғалды.
идеясы еуразиялықтың іс жүзіндегі жаңа кезеңінің бастауы болғанын алға тартты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мəскеуге осыдан екі ай бұрын ғана келіп, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысып кеткен болатын. Ал ертең осындай отырыс Беларусь астанасы – Минскіде өтеді деп жоспарланған. Алдағы мамыр айының аяғында Астанада кеңес отырысының қорытынды жиыны өтіп, Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп күтілуде. Ендеше, қазір Еуразия одағын құрудың соңғы шешуші кезеңдері. Ал осындай түйінді тұста оның кемел келешектегі келбеті қалай болар екен деген ойға көз жүгіртіп, идея ұсынылған орында идея ұсынушының көрегендігіне тағы бір сүйену, əрине, орынды. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың осыдан 20 жыл бұрын Мəскеу мемлекеттік университетінде сөйлеген сөзіне тағы көз жүгірттік. Ерекше айта кетерлігі, дəл кеше бірқатар Ресей басылымдары осы сөзді сол қалпында жариялапты. Бұл да болса, Қазақстан Президентінің көрегендігін мойындап, осыдан жиырма жыл бұрын айтылған идеяның бүгінде
қалай дəлелденіп, қалай жүзеге асқанын айтқысы келгендері болар деп пайымдадық. Иə, ол кездері жаңа тəуелсіз мемлекеттер өздерінің арасындағы көптеген қарым-қатынас проблемаларын шешу жолында көптеген кедергілерге ұшырағаны белгілі. Осы тұрғыда оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлде жаңа стратегиясын құру қажеттілігі туындады. Өзгерген жаңа əлемге сай жаңаша қағидаттар қаралуы тиіс еді. Осы сəтте Қазақстан Президентінің еуразиялық интеграцияны дамыту жəне тереңдету бағытындағы ұсынысы дер кезінде айтылған идея болғаны сөзсіз. Сонымен, бұл идея нені меңзеген еді? Онда мемлекеттердің Еуразиялық одағы əр қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік мүддесі жүзеге асырылатын тең құқықты тəуелсіз мемлекеттердің одағы болуы тиіс жəне əрқайсысының жиынтық əлеуеті толықтай пайдаланылуы қажеттігі айтылды. Бұған қоса, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығынан айырмашы лығы, бірлесу негізі басқа емес, экономикалық өзара байланыстар болуы шарт делінді. Өңір мемлекеттерінің біртұтас экономикалық, кедендік, сауда жəне
Инфраќўрылымєа инвесторлар тарту їшін Қазақстанда қала лық инфра құ рылымдарды жаңалау көптен бері күн тəртібінен түспей келеді. Əсіресе, сонау кеңестік кезеңнен келе жатқан ин женерлік коммуникациялардың тозығы жетіп, осы желілер арқылы таратылатын электр, жылу, су ресурстарын айтарлықтай шы ғынға ұшыратуда. Оның салмағы тұтынушылардың қалтасына түседі. Міне, осындай əлеуметтік проблемаға айналған бұл өзекті мəселені инвестиция тарту арқылы шешуге тура келеді. Алайда, оған кез келген монополист компанияның бере қоятын қаржысы жоқ. Оның үстіне олардың кірістерінің дені желілердің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады. Сондықтан, бұл салаға жеке инвесторларды тарту қажет. Бірақ, ол əзірге нəтиже берген жоқ. Қа зақ стан орта деңгейлі табысы бар мемлекет саналады. Қазір қалалық инфрақұрылымдарға қажет инвестиция көлемі сарапшылардың пікірінше 25 миллиард доллардан астам қаржыға бағаланып отыр. (Соңы 9-бетте).
əлеуметтік-гуманитарлық кеңістік құру жолымен жүзеге асуы тиістігі, ал мұның бəрі егемендікке нұқсан келмейтіндей, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, өз елінің мемлекеттік құрылым тəртібін айқындаған əр халықтың құқына құрметпен қарау жағдайында жүргізілуі керектігіне басымдық берілді. Сонымен қатар, Еуразия мемлекеттері интеграциясының басты мақсаттары ретінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірді əлеуметтік-экономикалық жаңғырту қажеттігіне назар аударылды. Идея ұсы нушының пайымынша, Еура зия халқы бəсекелестер емес, керісінше, одақтастар делінген болатын. Н.Ə.Назарбаевтың кешегі дəрісі де өзі ұсынған жиырма жыл бұрынғы идеяның заңды жалғасы сияқты болды. Өзектілігін жоймаған өміршең ұсыныстың бүгінге дейінгі бедерін бағамдап, алдағы болашағына бағыт сілтеген бағдаршам іспетті десе де болатындай. Енді Елбасы сөзіне құлақ түрейік. Құрметті кездесуге қаты сушылар! Мен университет ұжымын соңғы онжылдықтарда ММУ-де жүзеге асқан орасан өзгерістермен құттықтаймын.
Мені университеттің құрметті профессоры ретінде сіздердің ғылыми жеңістеріңіз, əлемдік ғылым мен білім берудегі шептеріңізді нығайтқандарыңыз қуантады. Мен осыдан 14 жыл бұрын Владимир Путин Астанада М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің филиалын ашу туралы идеямды қолдағанына терең қанағат сезіміндемін. Осы жылы Астанадағы филиал өзінің мыңыншы тəлімгеріне дип лом тапсырып үлгереді. Бұл – айтулы оқиға! Бүгінде ММУ дипломы бар мамандар Қазақстанның экономикасында, ғылымында жəне басқа да бағыттарда табысты жұмыс істеп жүр. Сондықтан ММУ-дің қазақстандық филиалының қалыптасуына қатысқандардың бəріне ризашылығымды білдіремін. Қымбатты достар! Жиырма жыл бұрын, ММУ қабырғасында мен алғаш рет жаңа интеграциялық бірлестік – Еуразиялық Экономикалық Одақ құру туралы идеяны ұсындым. Оның тұжырымдамасы біздің елдеріміздің барлық азаматтарына бірдей жақын жəне түсінікті шындыққа негізделді. Ортақ тарих, өзара экономикалық
тартымдылық, мəде ниет тердің тығыз өзара байланысы мен адамдардың жақын дасуға ұмтылысы біздің халықтарымызға көпқырлы мемлекетаралық байланыстардың жаңа үлгісін құруға мүмкіндік береді. Мен Еуразиялық Одақ тек еркіндік, тең құқықтылық, өзара тиімділік қағидаттары мен əр қатысушы елдің прагматикалық мүм кіндіктерін есепке алғанда ғана мүмкін деген ұстанымда болып келдім жəне соның берік жақтаушысы болып қала беремін. Бұл бастама қазір Еуразиялық интеграция деп аталып жүрген жаңа тарихи үдеріс үшін қадам басар нүктеге айналды. Біріншіден, сол уақыттағы ТМД-дағы көптеген саясаткерлер үшін түсініксіз жəне лайықты бағаланбаған менің идеям бүгін іскер топтарда жəне қоғамдықгуманитарлық деңгейде кең қажеттілікке айналды. Еуразиялық интеграцияны нəрлендіретін көптеген бірлескен алаңдар пайда болды жəне жемісті жұмыс істеп тұр. Бұл Еуразия Даму банкі, Еуразия Іскерлік кеңесі, Еуразиялық Медиа-форум, Еуразия университеттерінің ассоциациясы жəне тағы басқалар. 18 жыл бұрын Астанада біз алғаш ашқан нысандардың бірі Лев Николаевич Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болды. Бүгінде бұл – Орталық Азиядағы жетекші жоғары оқу орны. Лев Николаевич Гумилев Ресей мемлекетінің еуразиялық жолының тағдыршештілігін алдын ала білген көреген орыс интеллектуалдарының бірі болып табылады. Бұған аса көрнекті ойшылдар К.Леонтьевтің, Д.Данилевский мен басқа да көптеген ғалымдардың еңбектері айғақ бола алады. Бұл туралы Ресейдің тарихы, географиясы, мəдениеті, экономикасы да айтады. Бүгінде «еуразиялық интеграция» түсінігі саясаткерлер, экономистер, журналистер мен қоғамдық орта белсенді пайдаланып жүрген бренд болып отыр. (Соңы 2-3-беттерде).
Єарышта – «KazSat-3» «KazSat»-ты қондырып қанатына, «Протон» самғады ғаламына. Тұмағаңша жырлар болсақ, «KazSat-3» ғарыш аппаратының аспанға аттанғанын осылай суреттеуге болатындай. Солайша, Қазақстанның ғарыш əлемін бағындыруға бағытталған жоспарлы жұмысы кезекті белесіне сəтті өтті. Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».
Бұған дейін «KazSat» жоба сының екі аппараты ғарышқа аттанғанын оқырман қауым жақсы білсе керек. Оның біріншісі жоғалып кетті. Мамандар ғарыш аппаратын құрастыру кезінде қателік кеткенін айтады. Соның салдарынан ғарышта адасып кеткен. Онан кейін 2011 жылдың 16 шілдесі күні «KazSat-2» спутнигі ұшырылды. Бұл жолы ешқандай ауытқу болған жоқ. Жер серігі діттеген жеріне аман-есен жетті. Сол жылдың 25 қарашасынан бастап ол тұрақты жұмыс істеуге көшті. Бүгінде «KazSat-2» жер серігі өз күшінің 64 пайызына жұмыс істеп тұр екен. Ол Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің кейбір аймағына жəне Ресейдің орталық бөлігіне телевизиялық хабар таратып,
ғарыштан деректер беріп, байланыс операторларына қызмет көрсетіп жатыр. Бір айта кетерлігі, «KazSat-2» толықтай Қазақстан тарапына берілген. Жер серігі Ақмола облысындағы «Ақкөл» орталығынан басқарылады. Дүйсенбі күні Астана уақыты бойынша сағат 10-нан 25 минут кеткенде
«KazSat-3» байланыс жəне хабар тарату ұлттық геостационарлық жер серігі аспанға көтерілді. Жер-жаһанды жаңғыртып, алапат күшпен ғарышқа аттанған Қазақстанның үшінші жер серігінің ұшуын тамашаладық. (Соңы 9-бетте).