29042015

Page 1

САРАБДАЛ САЯСАТТЫЅ САЛТАНАТЫ Бүгінгі күн – ел тарихындағы белесті күндердің бірі. Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қызметіне ресми кірісуіне орай салтанатты Ұлықтау рəсімі өткізіледі.

№79 (28557) 29 СƏУІР СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2015 жылғы 28 сəуірдегі № 32/61 қаулысымен бекітілген

2015 жылєы 26 сəуірде болєан Ќазаќстан Республикасы Президентініѕ кезектен тыс сайлауыныѕ ќорытындылары туралы хабар 2015 жылғы 26 сəуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы болды. Сайлаушылардың келуі 95,22 %-ды құрады. 2015 жылғы 26 сəуірде болған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыстарды санау нəтижелері туралы облыстық, Астана жəне Алматы қалалық сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы біртұтас жалпыұлттық Ақмола облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 449 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,10 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 438917 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,42 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 6600 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,48 пайызын; Ақтөбе облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1906 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,44 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 420824 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,60 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 8450 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,96 пайызын; Алматы облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1951 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,21 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев

сайлау округі бойынша сайлаушылардың тізіміне 9547864 азамат енгізілгенін, олардан дауыс беруге 9090920 адам немесе 95,21 пайызы қатысқанын хабарлайды. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 152016 сайлаушы дауыс берді. Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат болып 3 адам дауысқа түсті. Дауыс беру кезінде Қазақстан Рес публикасының президенттігіне кандидаттар төмендегідей дауыстар санын жинады:

– 919096 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,94 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 7896 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,85 пайызын; Атырау облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 1736 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,60 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 284215 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,22 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 3406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,18 пайызын; Батыс Қазақстан облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 2741 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,71 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 378819 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,13 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4478 дауыс немесе дауыс беруге

қатысқан сайлаушылар дауысының 1,16 пайызын; Жамбыл облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайы нов – 3167 дауыс немесе дау ыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,63 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 492148 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 97,90 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 7390 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,47 пайызын; Қарағанды облысы бойынша: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайынов – 8480 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,07 пайызын; Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев – 779191 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 98,30 пайызын; Тұрғын Ысқақұлы Сыздықов – 4995 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,63 пайызын; (Соңы 2-бетте).

Сайлау ќорытындылары аныќталды Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды, онда 2015 жылғы 26 сəуірдегі Қазақ стан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары жарияланды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Облыстық, Астана жəне Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сəйкес, Орталық сайлау комиссиясы тізімдерге енгізілген 9 547 864 сайлаушының 9 090 920-сы немесе 95,21%-ы дауыс беруге қатысқаны белгілі болып отыр. Сайлаушылар дауысы жалпы республика бойынша төмендегідей бөлініпті: Əбілғазы Қалиақпарұлы Құсайыновқа сайлаушылардың 57 718 дауысы берілсе, бұл 0,64%-ды құрайды. Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевқа – 8 833 250 немесе 97,75%. Тұрғын Ысқақұлы Сыздықовқа – 145 756 немесе 1,61%. «Сайлау туралы» Заңға сəйкес жəне Орталық, сондай-ақ,

облыстық, Астана жəне Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссияларының Қазақстан Республикасының Президентін сайлау нəтижелері туралы хаттамаларының негізінде Орталық сайлау комиссиясы сайланған Қазақстан Республикасы Президенті болып Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев саналсын деп қаулы етті. Сайлаудың нəтижелері туралы Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ресми хабар БАҚ-та жарияланады жəне Ортсайлаукомның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2015 жылғы 26 сəуірде кезектен тыс сайлауда сайланған Қазақстан Республикасының Президентін тіркеу туралы қаулы қабылдады жəне 2015 жылғы 29

сəуірді Қазақстан Республикасы Президентінің ант беру күні деп белгіледі. Ортсайлауком төрағасы Орталық сайлау комиссиясы аталған қаулыларды қабылдай отырып, Мемлекет басшысын сайлау жө ніндегі сайлау науқанының соңғы кезеңін аяқтайды деп атап өтті. «Өткен сайлау науқаны барысында өздерінің саяси еркін белсенді əрі бірегей көрсеткен барлық қазақстандықтарды құттықтауға, сондай-ақ, сайлау процесінің барлық қатысушыларына, əсіресе, сайлауды ұйымдастырушыларға адал жəне жауапты жұмыстары үшін алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер. Сай лау комиссиялары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауын ұйымдастыру жəне өткізу жөніндегі олардың алдарына қойылған міндеттерді орындап шықты деп ойлаймын», – деді Қ.Тұрғанқұлов отырыс соңында. АСТАНА.

 Жүрекжарды

Байтаќ ел болашаєы Сізге аманат Несіпбек АЙТҰЛЫ, ақын,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты.

Халқыңыз қуаныштан шашқан жақұт, Көтеріп төбесіне аспандатып, Тізгінін тағы ұстатты Өзіңізге, Нұраға, бар ма бұдан асқан бақыт!? Тұлғасыз туа қалған ел бағына, Қалқан боп қатты соққан жел жағына. Арқалап алты Алаштың ауыр жүгін, Жеткіздің қазағыңды арманына!

Қырандай самғап ұшып шарықтаған, Айналдық, қанатыңнан талықпаған! Көтерген Мəңгілік Ел шаңырағын, Риза шын жүректен халық Саған! Қиыннан көсем салған ізге қарап, Қағамыз биіктерге біз де қанат! Тілеген тілегіңді бірауыздан, Байтақ ел болашағы Сізге аманат!

АСТАНА.

ЫЌЫЛАСТЫ ЌЎТТЫЌТАУЛАР, ІЗГІ ТІЛЕКТЕР Ќазаќстан Президенті Нўрсўлтан Назарбаевтыѕ атына мемлекет, їкімет басшыларынан, халыќаралыќ ўйымдардыѕ жетекшілерінен сайлаудаєы жеѕісіне байланысты ќўттыќтаулар келіп тїсуде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөй лесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сəуірде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қытай басшысы Қазақстан Президентінің тəуелсіздікті нығайтуға жəне Қазақстанның ор нықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшылары əңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың əлеуеті жоғары екенін айтып, «Нұрлы Жол» жəне «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар өңірлік жəне халықаралық өзекті мəселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды. Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Президентін биыл Қытайға сапарлап келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бастамашы болды. *** Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына бай ланысты Түрік Республикасының Президенті Реджеп Ердоғаннан құттықтау

жедел хаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Реджеп Ердоған түрік халқының жəне жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың əл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мəдени жəне тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан əрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ, өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін, – деп атап өтілген жеделхатта. Сонымен қатар, Реджеп Ердоған таяуда Қазақстанға жасаған сапары кезіндегі жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірген. Соңында Түркия Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. *** Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Малайзия Премьер-министрі Наджиб Тун Разакпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Наджиб Тун Разак Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сəуірде өткен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауындағы тарихи жеңісімен құттықтады. Əңгіме барысында екі елдің басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық жəне мəдени-гуманитарлық салалардағы

екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайту мəселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Тараптар екі мемлекеттің өңірлік жəне халықаралық өзекті мəселелер бойынша ұстанымдары ұқсас екенін атап өтті. Телефонмен сөйлесуге Малайзия тарапы бастамашылық етті. *** Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. – Сайлаудағы айқын жеңіс Сіз жүргізіп отырған стратегиялық бағытты Қазақстан халқының кең қолдауына негізделгенін көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен республи ка əлеуметтік-экономикалық даму жəне азаматтардың əл-ауқатын арттыру бағытында алға ілгерілеуін жалғастыратынына сенімдімін, – делінген жеделхатта. Ресей Премьер-министрі қазақстандық серіктестерімен кооперациялық байланыстарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты жандандыруға əзір екенін білдірді. – Біз Сіздің Ресей мен Қазақстанды біріктіретін достықты, тату көршілік пен серіктестікті нығайтуға, түрлі салалардағы ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға қосқан зор үлесіңізді бағалаймыз, – деп атап өтілген жеделхатта. Соңында Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, амандық жəне мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

 Президент поштасынан

Ел їшін Елбасыныѕ жеѕісі ерекше маѕызды Елбасының баспасөз қызметі президенттік сайлаудағы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісіне байланысты келіп түскен хаттар мен жеделхаттар туралы хабарлады. Қазақстан Президенті атына шетел мемлекеттері мен үкіметтері басшыларынан, қазақстандық жəне шетелдік түрлі ұйымдар жетекшілерінен көптеген хаттар келіп түсті. Авторлар елді бұдан əрі қарай табысты да мытып, беделін нығайту, бар лық қазақстандықтардың

əл-ауқатының артуын қамтамасыз ету үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі маңызды екенін атап өткен. Венгрия Президенті Я.Адер өз құттықтауында Қазақстан Венгрияның Орталық Азия өңіріндегі стратегиялық серіктесі екеніне тоқталған. «Саясат, экономика, мəдениет

жəне білім беру саласындағы біздің байланыстарымыздың соңғы жылдары бұрынғыдан да қарқынды бола түскені үшін риясыз қуаныштымын. Біздің ынтымақтастығымызды тереңдете түсу жолында бар күш-жігерімді жұмсайтыныма сендіремін», – делінген жеделхатта. Босния жəне Герцеговина президиумының төрағасы М.Иванич Нұрсұлтан Назарбаевтың жеңісі елді тиімді басқаруға

байланысты халық сенімінің жоғары екенін айғақтағанына назар аударды. Германияның бұрынғы Феде ралдық президенті Х.Келер Қазақстан Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қазіргі кездегі сын-қатерлерге қарамастан, экономикалық реформалар мен демократиялық жаңғыру үдерісін зор қуатпен жəне жаңаша жігермен жалғастыратынына сенім білдірген. «Бұл орайда Сіз мені əрдайым өзіңізді қолдайтын бұрынғы əріптесіңіз əрі досыңыз ретінде қарастыруыңызға болады», – деп жазады автор. (Соңы 2-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.