29/05/2013

Page 1

Кеше Бішкек қаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаевтың, Ресей Президенті Владимир Путиннің жəне Тəжікстан Президенті Эмомали Рахмонның қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуі болып өтті.

№136 (28075) 29 МАМЫР СƏРСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Бішкектегі тїйін тарќатќан бейресми басќосу Халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мəселелері талқыланған, Қырғызстанның төрағалығымен өткен жиында бірқатар түйін тарқатылды. Айнаш ЕСАЛИ,

«Егемен Қазақстан» – Бішкектен.

Ґѕір елдерін алаѕдатќан Ауєанстанда тыныштыќ орнай ма?

Дегенмен, «іргетасы» 2002 жылы қаланған, тарихын əріден қаузағанда 1992 жылы Ташкентте қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімнен мұраға қалған бұл ұйымға жеті мемлекет мүше еді. Өткен жылы Өзбекстан екінші рет аталмыш ұйымға қатысудан бас тартты. Ал бұл жолы Армения мен Беларусь басшылары неге келмеді? Саммит жабық есік жағдайында өткендіктен, бұл жағы бізге беймəлім. Дегенмен, бейресми бұқаралық ақпарат көздері бұл мəселедегі өз болжамдарын алға тартуда. Мұны Қырғызстанның бұрынғы көшбасшысының Минскіде бой тасалап жүргендігімен де байланыстыратын бейресми БАҚ-тар жеткілікті. Қай жағынан алып қарасаң да мазасыздықтан арыла алмай жүрген қырғыз ағайындар үшін бұл басқосудың маңызы зор. Мұның алдындағы төрағалық кезінде айыр қалпақты көршілеріміз ҰҚШҰ-ның бір бейресми саммитін Ыстықкөл жағасындағы Шолпан-Ата қаласында ұйымдастырған болатын. Содан бері де көршілеріміз талайына түскенді көріп жатыр. Бар болғаны төрт жылдың ішінде Қырғызстан бірқатар өзгерістерді бастан өткерді. Сонымен, кешегі бейресми саммит барысында президенттер алдын ала күтілгеніндей, қауіпсіздіктің өзекті мəселелері бойынша пікір алмасты. Əрбір ұйымның атқаратын міндеті бөлек, жауапкершілігі басқа екені аян. Сондай-ақ, ҰҚШҰ аясында құрылған Жедел əрекет ететін ұжымдық күштің (ЖƏҰК) атқаратын қызметі де керек екендігін уақыт көрсетуде. Қазіргідей мазасыз əлемде оның мойнына артылатын міндет те орасан. Өйткені, ұжымдық қауіпсіздікті көздейтін ұйым өз жауапкершілігіне алған аймақтағы кез келген жағдайға – төтенше оқиғалардан бастап, лаңкестер мен экстремистер бой көтергенде оған орнықты жауап беруге əлеуеті жетуі тиіс. Сондықтан да жедел əрекет

етуші күштердің шешуші, ең басты қыры шұғыл қимылдау болып табылады. Ал жоғарыда айтып кеткен Ұжымдық күшті жасақтауға барлық кезде Қазақстан мен Ресей өз жақтастарын жұмылдырып, ұйымдастырушы өзек болып келеді. Сол сияқты Ұжымдық күшті құруға Қырғызстан да белсене қатысуға ықылас білдіргені күні кеше болса, одан беріде бұл елде өмір де, басшы да өзгергенін көз көріп отыр. Алайда, басы ашық ақиқат – бұл бастамаға болысу қырғыз бауырларымызға барлық кезде керекақ. Бұл қырғыз ағайындардың көптің ыңғайындағы көңіл жықпас сөзі емес. Сол кезде ЖƏҰК-нің жаттығу лагерьлерін Қырғыз Республикасының Баткен облысында орналастыру туралы келіссөздер жүргізілген. ЖƏҰК батальондарын Баткен облысына орналастырудың да өз себептері бар. Қырғыз Республикасы ның осы бір оңтүстік аймағы ТМД қауіпсіздігінің ең əлсіз тұсы болып табылады. Ауғанстанмен шектесіп жатқан өңір террористер үшін ыңғайлы өткел болу қаупі қай кезде де сейіліп көрген емес. Аты ұжымдық қауіпсіздік болғандықтан да ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшылары Ауғанстан айналасындағы

мəселені айналып өтпесі де белгілі еді. Оның үстіне 2014 жылы бұл елден бітімгершілік күштерінің əкетілетіні, ауған халқы өз таңдауын жасап, президенттік сайлауын өткізетіні белгілі. Егер келер жылы бұл елден НАТО əскерлері шығарылатынын ескерсек, Орталық Азияға да қауіпқатер туындауы əбден мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Оған қоса, бұл кездесуде айыр қалпақты ағайындарды алаңдатқан «Манас» əуежайының жайы талқыланады деп күтілген болатын. Шындап келгенде, бұл əуежайды АҚШ əскеріне жалға беру арқылы бір қажетін өтеп отырған көршілер ендігі жерде оның орнына Халықаралық логистикалық орталық құруды саммиттің күн тəртібіне шығаруға ұмтылғаны сөзсіз. Бұл ұсыныс іске асып жатса, онда ол Қырғызстанның экономикалық дамуына септігін тигізері белгілі жəйт. Қысқасы, талай көкейкесті мəселелер дің көбесін сөккен ҰҚШҰның кезекті бейресми саммиті де аяқталды. Бұл басқосудың бейресми болғандығына қарамастан, айтарлықтай табысты өтті деп айтуға толық негіз бар. Көлденең көзсіз, өзара түсіністік жағдайында өтетін осындай кездесулерде халықтарымыздың ынтымақты тіршілігінде игі көрініс

Уаќыт тыєыз, жўмыс кґп

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия экономикалық комиссиясы алқасының төрағасы Виктор Христенкомен кездесті, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

тауып жатқан талай келелі шешімдерге қол жеткізілген. Өзін өзі ақтап келе жатқан бейресми кездесулер келешекте де жалғаса бермек.

Ресей ЎЌШЎ əуе базасын кїшейтуге кїш салады

Алайда, Ресей Қырғызстан аумағында жаңа əскери нысандар құруды көздемейтіндігін бірден айта кеткен жөн. Мұның да өзіндік себептері бар екені анық. Өз кезегінде Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Қырғызстанның Қант қаласындағы əуе базасының əскери əлеуетін күшейту туралы тапсырма бергені мəлім болып отыр. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне РФ Қорғаныс министрінің орынбасары Анатолий Антонов мəлімдеме жасады. «Қорғаныс министрлігі біздің Канттағы əскери мүмкіндіктерімізді күшейте түсуге бұйрық беріп отыр. Ертеңнен бастап-ақ осы тапсырманы орындауға кірісеміз. Əскери базаның жұмысын жақсарту үшін нақты міндеттемелер анықталды жəне ол жуық арада шешімін табуға тиіс. Бұл əуе базасы Ресей үшін ғана емес, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің барлығы үшін де маңызды», деп отыр Ресейдің ресми дерек көздері.

Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен кеше селекторлық режімде өткен Үкімет отырысында «Мүгедек жандардың өмір сүру деңгейін жақсарту жəне құқығын қорғауды қамтамасыз ету шаралары» жоспарының бірінші кезеңін жүзеге асыру мəселелері қаралды.

Мїгедектерге ќамќорлыќ ќажет Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Кездесуге Еуразия экономикалық комиссиясы кеңесінің төрағасы – Қазақстан ПремьерМинистрінің орынбасары Қайрат Келімбетов, ЕЭК кеңесі мүшелері – Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шувалов жəне «Беларусь Республикасының Даму банкі» ААҚ басқармасы төрағасы Сергей Румас қатысты. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев 29 мамырда Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің отырысы өтетінін атап өтті. Оған қоса биыл тағы екі отырыс жоспарланған. – Жоғары Еуразия экономикалық кеңесінің үш отырысы өткізілуі қысқа мерзім ішінде барлық интеграциялық құжаттарды қабылдап

үлгеру қажеттігіне байланысты. Атап айтқанда, біз 2014 жылғы 1 мамырға қарай 2015 жылғы 1 қаңтарда күшіне енетін Еуразия экономикалық одағын құру туралы келісім жобасын əзірлеуді аяқтауға уағдаластық. Бізде жұмыс көп, əртүрлі құжаттарды келісуді тұрақты жəне жүйелі түрде жүргізу қажет, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті Кеден одағы мен Еуразия эконо ми калық кеңістігі жұмысы оң нəтиже бергені анық екенін, соның ішінде үш елдің экономикасы арасында тауар айна лымының артуы мен өзара тығыз ықпалдастықтың дамуы тиімділік көрсеткіші болып табылатынын атап өтті.

(Соңы 4-бетте).

Отырысты бастаған С.Ахметов бұл тақырыптың өзекті екендігін айтып, мə селенің үнемі Үкімет пен қоғам назарында тұра ты нына назар аудартты. Мұнымен қатар ол мүмкіндігі шектеулі жандар дың хал-жағдайы Мемле кет басшысы Нұрсұл тан На зарбаевтың қатаң бақылауында жүргенін атап өтті. Тақырып бойынша баяндама жасаған Еңбек жəне халықты əлеуметтік қор ғау министрі С.Əбденов мүмкіндігі шектеулі жандарға

қыз мет көрсету жүйесін жаңғырту мəселелеріне тоқталып, əлеуметтік көмектердің көп деңгейлі салалары туралы əңгімеледі. Шындығын айтқанда, бұл бағытта мүгедек жандарды жұ мыспен қамтамасыз ету шарасы алда тұр. Сондықтан Елбасының тапсырмасы бойынша «Əлеуметтік жұмыс ор ны туралы» заң жобасы дайындалып жатыр. Сондайақ, жарымжан жандарға көмек көрсететін ұйымдарға қатысты заң тармақтарына да өзгерістер енгізу ұсынылған. (Соңы 4-бетте).

Тағайындау Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Төлеубекұлы Есенбаев Қазақстан Республикасының Таиланд Корольдігіндегі Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды.

АСТАНА – ЕЛДІК ЕРЛІГІ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен журналист Сауытбек Абдрахмановтың сұхбат кітабынан – Нұрсұлтан Əбішұлы, жақында елорданың 15 жылдығы аталып өтеді. Біз осы оқиғаға орай бұрын шы ғарылған «Елбасы», «Салтанат», «Тəуелсіздік» кітаптарының үлгісімен елорда туралы материалдардан «Астана» атты көлемді жинақ құрастырып жатырмыз. Сол кітапта сізбен осы сұхбаттың жарияланғанын қалаймыз. Əдетте ел өмірінің түбірлі мəселелеріне қатысты ойлар халық арасынан шығып, биліктің назары ауып, сол бойынша шешім қабылданып немесе қабылданбай жатады. Астанаға байланысты бəрі де керісінше болды. Сіз бұл идеяны өзіңіз ұсындыңыз, өзіңіз өткіздіңіз, өткізгенде де, жасыратын ештеңесі жоқ, жұртшылық онша қолдай қоймайтын кезде тізеге салып дегендей етіп тұрып өткіздіңіз, өзіңіз жеріне жеткіздіңіз. Алдымен осы идеяның о баста қалай туғаны жөнінде айтсаңыз деймін? – Астана жайын қозғағанда біз көбіне-көп оның Тəуелсіздіктің жемісі екендігін баса көрсетеміз. Сонымен бірге, тəуелсіздіктің өзі КСРО атты елде сексенінші жылдардың орта шенінде басталған қайта құрудың, демократияландырудың біз үшін басты жемісі екендігін есте ұстау шарт. Астананың өмірге келуі ең алдымен саяси күштердің бүкіл əлемде жаңаша орналасуының нəтижесі деп білу керек. Астананың алғашқы авторы – Тəуелсіздік. Қазақстан тəуелсіздік алмаса, Астана өмірге келмес еді. Бұл басы ашық жай. Астананы көшіру Қазақстанды жаңа тəуелсіз мемлекет ретінде орнықтыруда зор рөл атқаратынына мен сенімді болдым. Неге сенімді болдым? Былайша қа рағанда, астана деген мемлекеттің əкімшілік орталығы ғана емес пе? Оның ауыстырылуы, көшірілуі, тіпті жаңадан салынуы тəуелсіздікті орнықтыруға нақты қандай ықпал жасай алады? Бір кезде бұлай ойлаушылар болса да, қазір астана ауыстырудың орындылығына күмəн келтірушілер қалмағаны неліктен? Өйткені, біздің тəуелсіздігіміз дəл осы шешім қабылданғаннан кейін, сол шешім бойынша нақты қадам жасалғаннан кейін барып шын мəніндегі толымды сипатына ие бола бастады. Негізінде кезінде менің ол ұсынысыма күмəн келтіргендердің де сөздерінің жаны бар. Жаны болмағанда ше? Тəуелсіздік тізгіні қолға тиген тұста экономикада нағыз хаос орнай бастаған еді. Талай жыл бойы қалыптасқан республикааралық шаруашылық байланыстардың бəрі быртбырт үзіліп, кəсіпорындар өнімдерін өткізе алмай, содан жұрт кей жерлерде тіпті алты айлап жалақы ала алмай жүрген кез. Жетпіс жылғы коммунистік идеологиядан запы болған жұртқа енді қандай идеология ұсынсаң да қабылдамайтындай болып тұрған кез. Жасампаздық жұмыс тұрмақ, жан бағудың өзі уайымға айналған, талай отағасы үйде отырып қалып, үйді ала қапшық арқалаған əйелі асырауға көшкен кез. Жаңа қала тұрмақ, жаңа үй салудың өзі едəуір оқиға саналатын сол шақта аяқ астынан астана ауыстыру туралы əңгіме көтерілгенде кім-кімнің де қайран қалуын түсінуге болады. – Ол əңгіменің көтерілуінің негізгі себебі неде? – Тəуелсіздік – қасиетті ұғым. Ел қатарлы Одақтан бөлініп шыққаннан, тəуелсіздік алғаннан, Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданғаннан, Туды, Гимнді, Гербті бекіткеннен ел бірден шын мəніндегі тəуелсіз мемлекет бола қалмайды. Шынтуайтында, жаңағы жайлардың бəрі кез келген мемлекеттің міндетті атрибуттары. Тəуелсіздіктің басты белгісі – өзіңнің тағдырыңды өзің шешуге қабілеттілігің. Тəуелсіз саясат жүргізе алуың. Соған шамаңның жетуі, мүмкіндігіңнің келуі. Еуразияның қақ ортасында біз орнатқан Астана – Қазақстан халқының дербес таңдауы. Астана – елдің болашаққа салған көпірі. Жаңа қоғамның символы. Біз іс жүзінде жаңа мемлекет орнатуды астанамызды жаңадан салудан бастадық десек те артықтығы жоқ. Жаңа қоғамды жаңа идея ғана құра алады. Ал идея ойдан туады. Мен əуелде жалпы қала туралы ойландым. Шпенглердің «Ұлттар дегеніміз қала салушы халықтар» деп айтқаны бар. Сен жақында бір мақалаңда Абайда «ұлт» деген сөз қолданылмағанына назар аударыпсың. Расында да, ұлт – этностан, халықтан бір саты биік тұрған ұғым. «Ұлттық университет», «Ұлттық кітапхана» дегенде ол жерде кілең бір ұлттың өкілдері оқиды, ол жерге

тек бір ұлттың өкілдері барады дегенді ойға да алмаймыз ғой. Халықты ұлтқа айналдыратын белгілердің бірі – қалалар. Мемлекет мəдениеттілігінің бір белгісі де – қалалар. Мəдениет сөзінің өзі де арабтың маданият – қала деген сөзінен шыққан. – Иə, арабтар пайғамбарымыз жатқан Мəдинені «Мəдинəт-əн-нəби», яғни «пайғамбар қаласы» дейді. – Астана ауыстырудың қажеттілігі мемлекеттің түпкі мүдделерінен ғана туындаған жоқ, мұның өзі біз үшін ХХІ ғасыр стратегиясының бір нышаны. Қазақстанның тəуелсіздігіне қол жеткен тұста жаңа елдің астанасы жаңа заманның көптеген жаңа талаптарына сай келуге тиіс екендігіне көзіміз жетті. Халықаралық қатынастардың барған сайын жандана түсуі, елдің ішіндегі, елдің сыртындағы қаржылық, өндірістік, коммерциялық байланыстардың қатты кеңеюі, сондай-ақ елді басқарудың күрделіленуі астаналық міндеттердің санын арттырып, сапасын күшейтуді талап етті. Осы тұрғыдан біз Алматыға басқаша көзбен қарай бастадық. Ең алдымен, жаңа мемлекетіміз астанасының мəртебесі елдің геосаяси жағдайы мен əлемдегі жалпы ахуал талап ететін биік өлшемдерге сəйкес пе деген тұрғыда ойландық. Баяғыда Макиавеллидің өзі ел астанасы елдің ортасында орналасқаны дұрыс болатынын жазып кеткен. Тəуелсіздік қолға жаңа тиген тұста Алматының елдің шетінде, желдің өтінде тұрғаны көптеген проблемалар туғызуы мүмкін екені байқала берді. Күрделі геосаяси себептерге қоса, қаланың қазаншұңқырға салынғаны, содан да ауасының қатты ластанып бара жатқаны, құрылыстың тау беткейіне жақындап, тығырыққа тіреле бастағаны, қаланы кеңейтер жер жоқтығы кім-кімге де белгілі еді. Қала əуежайының маңайына жиі тұман түсетіні де шет елдер басшыларының ресми сапарларын тəуекелге тіреп тұруы мүмкін болатын. Алматының астана мəртебесінсіз-ақ осы жылдарда қаншалықты өскенін, экологиялық мəселелері əлі де шешілмегенін көріп отырмыз, ал астана күйінде қала бергенінде ендігі жағдайын көзге елестетудің өзі қиын. Қаланың əдемілігіне, табиғатының əсемдігіне, əрине, айтар сөз жоқ. Бірақ, жасыл желекке жаның жадырап, сəулетті үйлерге сүйсініп, асқаралы Алатауға аңсарың ауып отыра бермейсің ғой. Мемлекет құру керек. Ел болу керек. Халықты бір мақсатқа ұйыту керек. Экономиканы дамыту керек. Басқа да керектер көп. Тəуелсіздіктің табалдырығында бізге үш бірдей үлкен-үлкен міндетті шешуге тура келді. Оның біріншісі – тəуелсіз мемлекет құру. Екіншісі – жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшу. Үшіншісі – тоталитаризмнен демократияға ауысу. Осылардың əрқайсысы өзінше қияметқайым шаруа. Олар аз болғандай сол тұста бұғанасы бекімеген тəуелсіздігімізді сынаққа салғысы келетіндер де көбейіп кетті. Солженицын шықты ана жақтан «Қазақтар малының тұяғы жеткен жердің бəрін өз жерім деп санай берген» деп, Горбачев шықты мына жақтан, дəл қызметінен кетерінде «Қазақстанның теріскейдегі бес облысы Ресейге тиесілі болуы керек еді» деп. Жириновский сияқтылар қосылып жатты жаңағыларға. Оларға сөзбен емес, іспен жауап беру керек еді. Тəуелсіздікті бекітетін нақты қадамдар жасау керек еді. Азаттықтың өзі алмағайып кез болатын ол. «Бұлар дербес ел болып тұра алмайды, ертең-ақ күндерін көре алмай, ырың-жырыңы шығып, алдымызға қайтып келеді əлі» дейтіндер де аз емес-ті. – Айып етпеңіз, мынандай жай еске түседі. Біз тəуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін екі жыл өткенде, 1993 жылдың аяқ жағында сол кездегі Целиноградта славян қоғамдарының бірлескен съезі өткені, онда Целиноградты Қазақстандағы славяндардың астанасы деп жариялау жөнінде шешім қабылданғаны да бар ғой? Сондағы казачествоның атаманы тіпті көрші елдің туын үйінің шатырына тігіп те қойыпты. Ол туды жігіттер түнде бұғалық тастап жүріп жұлып алыпты. – Ондай да болған тіпті. Рас, бұларының ешқандай заңға маңайламайтын, қисынға сыймайтын шешім екенін жаңағы «бірлескен съезді» ұйымдастырушылардың өздеріақ тез түсініп, əлгі шешімнің күшін жойған, арандатушы əрекеттері үшін артынша кешірім де сұраған.

(Соңы 2-3-беттерде).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.