Бүгін Астанада Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттерінің басшылары Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қояды.
№104 (28328) 29 МАМЫР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
ЕЛДЕР ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН ЫНТЫМАҚТАСАДЫ
Ресей, Беларусь пен Қазақстан интеграция жолымен табанды түрде алға жылжып келеді, мұның өзі қазірден-ақ барынша нақты нəтижелер мен қайтарым беріп отыр. Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті.
Егер біз Біртұтас экономикалық кеңістік көздеген мақсаттарды жүзеге асырсақ, онда Еуразиялық одақты құруға кірісе аламыз. Беларусь оны қалыптастыруға барынша белсенді қатысатын болады. Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті.
Біз дамыған 30 елдің тобына кірудің маңызды тетігі арқылы экономикамыздың өңірлік, жаһандық экономикалық жүйемен терең ықпалдасуын айқын көріп отырмыз. Бұл, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ қалыптастыруға қатысуымызға, Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруімізге байланысты. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
Ізгілікті ќоєам кґрінісі Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар назарына мүлікті жария етуге байланысты рақымшылық жасау, сақтандыру мен исламдық қаржыландыру, денешынықтыру, сонымен қатар, мұнай жəне мұнай өнімдерін жеткізудің заңдық құжаттары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен палата Мəжіліс депутаты Ə.Рахымжановты Экономикалық реформа жəне өңірлік даму комитетінің құрамына сайлау мəселесін шешіп алды. Содан соң бастамашысы Д.Назарбаева мен Н.Кузьмин болып табылатын «Қайырымдылық, демеушілік жəне меценаттық қызмет туралы» жəне оған ілеспе заң жобаларына қорытынды əзірлеу мерзімін белгіледі. Қорытынды əзірлеу үшін «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру жəне даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институттық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасына да нақты мерзім белгіленді. Жəне де Қаржы жəне бюджет коми те тінің төрайымы Гүлжан Қара құсо ваның ұсынысымен «Қазақ стан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне инвестициялық ахуалды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы күн тəртібіне енгізіліп, қорытынды əзірленетін болып шешілді.
Бұдан кейін депутаттар «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға жəне Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда талқыға салды. Ол бойынша Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баяндама жасады. Оның мəлімдеуінше, аталған заңдық құжатты Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сəйкес əзірлеген. Вице-премьер жария ету нысандарына ақша, бағалы қағаздар мен заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі жататындығын ерекше атап кетті. Бұл тізімге тиісті нормалар мен қағидаттарға сай құрылыстар (ғимараттар) енгізілсе, олар орналасқан жер учаскелері жария ету субъектілерінің меншігінде болуы тиіс. Жəне де заңдық құжатта тиесілі емес тұлғаға ресімделген құры лыстар (ғимараттар) мен Қазақ стан Республикасының шегiнен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер де енгізіліпті. (Соңы 9-бетте).
Елшімен əѕгіме
Мемлекеттік хатшы Əділбек Жақсыбеков Француз Республикасының Қазақстандағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Франсис Етьенмен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мəселелерін талқылап, оның орнықты жəне оң сипатта дамып келе жатқанын атап өтті.
Кездесу барысында Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталғанына 100 жыл толуына байланысты 2014 жылы 14 шілдеде Парижде өтетін шараларға қазақстандық делегацияның қатысу мəселесі талқыланды.
Ықпалдастық – ынтымақ ырысы Виктор ХРИСТЕНКО:
Бўл – жиырма жылдыќ жолдыѕ биік белесі
Еуразиялыќ экономикалыќ комиссия коллегиясыныѕ Тґраєасы В.Б.Христенкомен сўхбат Бүгін – тарихи күн. Бүгін Еуразия сынды алып құрлықтың орта белдеуін мекен еткен үш үлкен мемлекет өз тарихының жаңа парағын ашады: елордамыз Астанада Беларусь, Ресей жəне Қазақстан президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Шартқа қол қояды. Осы оқиғаның қарсаңында біз үш мемлекеттің үкіметтеріндегі интеграция мəселелерімен айналысатын, Шарт жобасын жасауға тікелей қатысқан адамдармен – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевпен (25 сəуір), Беларусь Республикасының Еуразиялық экономикалық комиссиядағы мүшесі Сергей Румаспен (27 мамыр) жəне Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловпен (28 мамыр)
сұхбаттар жариялаған болатынбыз. Ендігі кезек Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының Төрағасы В.Б.Христенкоға келіп отыр. Сұхбат мəтінін оқырман назарына ұсынардың алдында Еуразиялық экономикалық комиссия туралы азкем мағлұмат бере кеткен артық болмайды деп ойлаймыз. ЕЭК – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің тұрақты түрде жұмыс істейтін ұлтүстілік реттеуші органы. Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы жəне Қазақстан Республикасы президенттерінің шешімімен құрылған бұл орган 2011 жылғы 18 қарашадағы «Еуразиялық экономикалық комиссия туралы» жəне «Еуразиялық экономикалық комиссияның жұмысын реттеу туралы» Шарттардың негізінде жұмыс істейді. Жоғары
Еуразиялық экономикалық кеңеске бағыныстағы ұлтүстілік басқару органы мəртебесіне ие. ЕЭК-нің басты міндеті – Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі мен дамуына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету, осы бірлестіктер аясындағы ықпалдастық жөнінде ұсыныстар əзірлеу, 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақты құруға қажетті макроэкономикалық жəне сыртқы экономикалық жағдайларды жасау. Комиссия бұл міндеттің үдесінен шықты дей аламыз. Оның нақты дəлелі – Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Шарттың алдын ала белгіленген уақытқа дайын болуы. Кеше, 28 мамырдағы түс əлетінде Еуразиялық экономикалық комиссия коллегиясының төрағасы В.Б.Христенко Мəскеудің «Россия
24» телеарнасына сұхбат берді. Сұхбатта Қазақстан тауарларының Кеден одағы елдеріне экспорты еселеп артқаны нақты сан көрсеткіштерімен айтылды. Ресей телеарнасындағы əңгімеде бүгін қол қойылатын Шарттың жалпы көлемі қосымшаларымен бірге есептегенде 1000 беттен асып кететіндігі де еске салынды. Əрине, оның əр парағына елдердің талай жылдар бойғы тағдырын айқындайтын қағидалар қосылып, мол мəліметтер қамтылғаны күмəнсіз. Газеттің 3-ші бетінде осы жұмысты үйлестірудің соңғы белесінде алқаға басшылық жасаған В.Б.Христенконың сұхбаты жарияланып отыр. Сұхбатты ұйымдастыруға көрсеткен көмегі үшін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігіне алғысымызды айтамыз.
Бəсекелестіктіѕ тетігі – еуразиялыќ интеграция Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек осы университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен жəне студенттермен кездесті. Шараға университет ректоры Ерлан Сыдықов, Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев, Ұлттық кəсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Рахым Ошақбаев жəне Еуразиялық ықпалдастық институтының директоры Жанаргүл Құсманғалиева қатысты. Кездесу тақырыбы Еуразиялық экономикалық интеграция болды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Жиында сөз алған Б.Байбек 1994 жылы еуразиялық ықпалдастық идеясын тұңғыш рет Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көтергеніне, сол
уақыттан бұл стратегиялық бастама 20 жыл бойы кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқанына тоқталды. Оның айтуынша, бұл идея 2000 жылы – Еуразиялық экономикалық қауымдастықты, 2010 жылы – Кеден одағын, 2012 жылы – Біртұтас экономикалық кеңістікті құру аясында іске
асырылған. «Ал бүгінгі таңда еуразиялық ықпалдасу жаңа меженің – ЕАЭО құрудың алдында тұр», дей келе, Б.Байбек Еуразия кеңістігіндегі ықпалдасу барысының даму сипатын атап өтті. Өз дəрісінде ол үдеп келе жатқан жаһандық экономикалық бəсеке жағдайындағы елдердің аймақтық қауымдасуының маңыздылығына тоқталды. Бұл туралы ол былай деді: «Қазақстан тəуелсіздік алғаннан бері еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың басшылығымен тұрғындардың əлауқаты мен мемлекетіміздің өркендеуіне бағытталған жүйелі реформалар жүргізілді. Соның арқасында бүгін Қазақстан біздің əріптестерімізбен белсенді экономикалық
ықпалдасуға дайын. ЕАЭО құру қазақстандық бизнес үшін ауқымы 170 млн. адамдық нарыққа жол ашады, бұл өз кезегінде отандық өндірісті дамыту мен экономиканы əртараптандыруға қосымша ынта береді. «Қазақстан - 2050» Стратегиясында Мемлекет басшысы əрқайсысы түрлі сауда-экономикалық бірлестіктің мүшесі болып табылатын, əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу туралы мақсат қойды. Бүгінгі таңда экономикалық ықпалдастық нарықтық экономикасы бар кез келген елдің табысты дамуының міндетті шартына айналды». (Соңы 9-бетте).