29052015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны

№99 (28577) 29 МАМЫР ЖҰМА 2015 ЖЫЛ

Банктіѕ белсенді ќатысуы маѕызды

Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразия даму банкінің басқарма төрағасы Дмитрий Панкинді оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы ЕДБ басшысы лауазымындағы Д.Панкинге тілектестігін білдіре отырып, Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарламасын іске асыруға банктің белсенді қатысуының маңызды екенін атап өтті. Бұл жерде біздің еліміздің Еуразия аумағындағы көлік-тасымал əлеуетін толық пайдалану мақсатында Қазақстан жеріндегі ауқымды көлік инфрақұрылымы мен логистика құрылысы туралы айтылып отыр. «Еуразиялық экономикалық одақ

туралы шарттың күшіне енуі банктің осы салаға белсенді қатысуына əкеледі», – деді Қ.Тоқаев. Сенат Төрағасы жүздесушіні Қазақстанның дамудың жаңа сатысына шығуына жəне əлемнің ең дамыған мемлекеттерінің қатарына енуіне мүмкіндік беретін бес институттық реформаны іске асыруды мақсат еткен Ұлт жоспары туралы хабардар етті. Д.Панкин банктің əлеуетін тиімді жүзеге асыру үшін оның дамуына жаңа серпін беру жоспарында бар екенін айтты.

Ўлт жоспары – болашаќќа апарар жол

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында депутаттар еліміз бен Қырғызстан арасындағы шекараға қатысты, бітімгершілік қызмет туралы жəне сумен жабдықтау мəселелеріне қатысты заңдық құжаттарды қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Жалпы отырысты сөз сөйлеп ашқан Сенат Төрағасы жақында Елбасы өзінің бес институттық реформасын жүзеге асыруға бағыт талған 100 нақты қадамды қам титын шын мəніндегі Ұлт жоспарын жариялағанын қаперге салды. «Бұл құжат – еліміздің қоғам дық-саяси өмірін тұтастай жаңғыр туды көздейтін бірегей бағ дарлама. Қазақстан іргелі трансформация жағдайында тұр. Халықаралық қоғамдастық тарапынан көрнекті реформатор деп танылған Елбасы авторы болып табылатын Ұлт жоспары əлемде үлкен қызығушылық тудырып отыр. Шынында, «100 нақты қа дам» – бұл өзіндік əлеуметтік-экономикалық модель, сондықтан да Ұлт жоспарын жаһандық күн тəртібі деп атауға болады», – деді ҚасымЖомарт Кемелұлы өзінің сөзінде. Сондай-ақ, Қ.Тоқаев Ұлт жос парын табысты іске асыру арқы лы еліміз дамудың жаңа сапа лық деңгейіне көтерілетіні

сөзсіз дегенді де айтты. Бұл жоспар еліміздің əлемдегі дамыған елдердің қатарына ену жолындағы стратегиялық мақсатына кеңінен жол аша тынына сенім мол. Елбасының бағдарламасын алдағы заң шығару жұмысында тікелей басшылыққа ала отырып, Сенат Төрағасы барша сенаторларды Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға жəне жаңғыртуға негізделген Ұлт жоспарын іске асыруға белсене қатысуға шақырды. Бұдан кейін депутаттар күн тəртібіне шығарылған бес мəселені қарады. Алдымен «Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шекара ауданындағы сенім шаралары жөніндегі келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды. Құжатты талқыға салған депутаттар оны қабылдау керек деп шешті. Келісімнің мақсаты – тату көршілік пен достық қатынастарды дамыту, ұзақ мерзімді тұрақтылық жағдайын сақтау, мемлекеттік шекара ауданындағы өзара сенімді нығайту.

Міндет – отандыќ мазмўнды ўлєайту Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Жергілікті қамтуды дамыту тақырыбында өңірлік форум жəне отандық өнім өндірушілер көрмесі өткізілді. Форум жұмысына жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың, ірі тау-кен жəне металлургия кешендерінің, шағын жəне орта бизнес кəсіп орындарының басшылары қатысты. Фо румда жергілікті қамтуды дамыту туралы облыс əкімінің орынбасары Ғали Есқалиев баяндады. – Бұл форумның негізгі мақсаты жер қойнауын пайдаланушылар мен ірі компаниялар сатып алатын қазақстандық мазмұнды арттырудың екіжақты тиімді екенін көрсету болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушыларға ұсынылатын жергілікті тауарлардың бағасы арзан, жеткізу тез, сапасы шетелдікінен кем түспейді. Осылайша, қазақстандық өндірушілерге ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа құрылатын ірі тұтынушы пайда болады. Тиімді болатын себебі, ұлттық валюта бағамы тұрақтанады, инфляция кемиді, зауыт-кəсіпорын жұмысшылары еңбекақыларын алады, елімізде саяси жəне экономикалық жағдай тұрақты бола түседі. Бұл бағытта облыс импорт алмастыруға белсенді қатысып келеді, – деді ол. Ғали Есқалиевтің мəлімдеуінше, үдемелі индустриялық-ин-

Тїркияныѕ Адана ќаласында

Ќазаќстанныѕ Тўѕєыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтыѕ атындаєы даѕєыл ашылды

Түркияның Жерорта теңізінің маңындағы Адана қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.На зарбаевтың атындағы даңғылдың ашылу салтанаты өтті. Қаладағы ірі даңғылдардың біріне Н.Ə.Назарбаевтың атын беру туралы шешім Адана облыстық мəслихатының Қазақстан Президентінің құрметіне өткізілген отырысы барысында қабылданды. Даңғыл қаланың орталығындағы тарихи құнды ғимараттардың бірі саналатын ең көне колледж арқылы өтеді. Ашылу салтанатында Адананың губернаторы Мұстафа Буюк пен мэрі Хусейн Сөзлю Қа зақстанның серпінді дамуын, сондайақ, Тұңғыш Президент Н.Ə.Назарбаевтың басшылығындағы еліміздің жетістіктерін жоғары бағалады. М.Буюк пен Х.Сөзлю Елбасының қазақ-түрік қарым-қатынасы мен түркі интеграциясын ілгерілетудегі

новациялық да му мемлекеттік бағдарламасының алғашқы бесжылдығы аясында 74 жаңа жəне жаңартылған кəсіп орын пайдалануға берілген. Олардың басым бөлігі еліміздің ішкі нарығында ойдағыдай жұмыс істеуде, бірқатар кəсіпорындар шетел нарығына шығуда. Мысалы, азаматтық жəне жол құрылысы саласында жергілікті құрылыс материалдарын

өндірушілердің өнімдері – қиыршық тас, темір-бетон бұйымда ры, жа бынды өнімдері, полиэтилен жəне əйнек талшықты құбырлар, керамика бұйымдары, металл құрастырмалары, лак-бояу материалдары белсенді пайдаланылады. Тау-кен кешені үшін «Нитрохим» компаниясының базасында жарылғыш заттар өндіріледі, «СКРП-Аманат»

ЖШС мұнай өндіруші компанияларға химиялық реагенттер шығарады. Атырау жəне Маңғыстау облыстарының мұнай кəсіпорындары Ақтөбе мұнай қондырғылары зауытының насос штангаларын пайдаланады. (Соңы 2-бетте). ––––––––––––––

Суретті түсірген Максим ТОКАРЬ.

Вьетнаммен еркін сауда аймаєы ќўрылмаќ Бурабайда өтетін ТМД-ға мүше елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысы жəне Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнiң үкiметаралық кеңесi қарсаңында Еуразиялық экономикалық комиссияның отырысы өтті. Басқосу барысында халықаралық жағдайдағы ЕАЭО жұмысы, сауда-экономикалық байланыстардың дамуы мен мүмкіндіктері кеңінен талқыланды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».

ЕАЭО тарихында алғашқы рет Вьетнам елімен еркін сауда

 Оймақтай ой Бақыт қонған ерлердің əрбір ісі оң болар. Асан ҚАЙҒЫ.

(Соңы 2-бетте).

 Мемлекет мерейі

Адана Түркияның өнеркəсіптік жəне ауылшаруашылық инфрақұрылымы дамыған халық саны бойынша алтыншы қаласы болып табылады (2,2 млн. адам). Қалада елдің ең ірі индустриялық аймақтарының бірі орналасқан. Адананың тарихы орта ғасыр лар дан, яғни ІХ ғасырдан бастау алып, түрлі заманда Рим, Византия жəне Осман империяларының құрамына енген еді. Қаланың орналасқан жері – Чукурова алқабы маңызды ауылшаруашы лық аймағы саналады жəне алқаптарында мақта, бидай, арпа, жүзім, цитрус тектестер, зəйтүн, темекі жəне басқалар өсіріледі. Провинцияның жылдық табысы 30 млрд. доллар шамасында.

● Өңір өмірі

зор үле сін атап өтті. Адана қаласының орталық даңғылдарының біріне «əлемдік деңгейдегі беделді тұлғалардың бірі, түркі əлемінің ақсақалы» Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атын беру қала үшін аса үлкен құрмет болып табылатынына баса назар аударылды. «Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев халықаралық деңгейдегі танымал тұлға, оның стратегиялық қадамдарын Түркияның негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікпен салыстыруға келеді. Қазақстанның Н.Ə.Назарбаевтың басқаруымен əлемнің көптеген мемлекеттері үшін өркендеу, бейбітшілік пен тұрақтылықтың үлгісі екендігін атап көрсеткен абзал», – деді губернатор М.Буюк өзінің сөзінде. Өз кезегінде Қазақстанның Түркиядағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев провинция басшылығы мен қала тұрғындарына Қазақстан Президенті Н.Ə.Назарбаев пен Қазақстан халқына көрсетілген сый-құрмет үшін ризашылығын білдірді. «Егемен-ақпарат».

аймағын құру бойынша халықаралық құжатқа қол қойылмақ. Осыған орай, эко номикалық ахуалдың жай-жапсары қозғалған кездесуде аталған құжатқа қол

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңар ған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

қою дың маңыздылығы атап өтілді. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың мəлімдегеніндей, Вьетнам бiз үшiн ОңтүстiкШығыс Азия мемлекетiне шығатын тереземiз болады. Жəне де бұл қадам Одақ елдері үшін де үлкен экономикалық маңызға ие. Сонымен қатар, осы кеңес аясында қазіргі таңда басымдыққа ие болып отырған күн тəртібіндегі

бірқатар мəселелер талқыланып, өз деңгейінде шешімін тапты. Атап айтар болсақ, тері бұйымдарын таңбалау мəселесіне байланысты жұмыс 2015-2016 жылдары қанат қақты режім де жүргізілетін болады. Жəне де кəсіпкерлер көтеріп жүрген ауылшаруашылық техникасы мəселелері, жеңіл өнеркəсіп саласындағы бөгеттерге қатысты əңгіме қозғалды.

● Алдағы 3 жыл ішінде елімізде 27 балабақша салынады. «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясындағы бұл бастамаға 10 млрд. теңге бөлінеді. Жалпы, бағдарлама негізінде мектепке дейінгі ұйымдар құрылысына Ұлттық қордың бюджет қаржысы есебінен 20 млрд. теңге бөлгені белгілі. ● Қазақстанның тергеу судьялары жыл басынан бері 6 191 шағым қарады. Сондай-ақ, оларға прокурорлар мен қылмыстық қадағалау органдарының іс-əрекеттері мен шешімдеріне қатысты 787 шағым түскен. Айта кетейік, елімізде жаңа Қылмыстықпроцессуалдық кодекс бойынша тергеу судьялары лауазымы 2015 жылдың басында пайда болды. ● Астанадағы «Алау» спорт сарайында 1 маусымда роликодром ашылады. Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылатын шарада келушілер əртүрлі спорт жарыстарынан сынға түседі. Одан бөлек, жазғы хоккей лагерінің тұсаукесері өтеді. ● Алматыда саяси қуғынсүргін құрбандарының ұрпақтары тегін емделді. Сонымен қатар, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысушылар да тегін дəрігерлік тексеруден өтті. Əлеуметтік шараны Санжар Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің біріккен университеттік емханасы ұйымдастырды. ● Талдықорғанда жетім балалар үшін тұрғын үй салынуда. Бес қабатты коммуналдық үйде 1 бөлмелі – 28, 2 бөлмелі 32 пəтер болады. Құрылыс жұмыстары биыл аяқталуы тиіс. Жобаның жалпы құны 348 млн. 946 мың теңгені құрайды. ● Жамбыл облысы Рысқұлов ауданының кəсіпорындары биыл 100 млн. тең геден астам субсидия алды. Мемлекеттік бағдарлама ая сында инфрақұрылымды жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін дамытуға – 55,1 млн., ал шағын несиелер үшін 59,9 млн. теңге бөлінді. ● Оралдағы «Зенит» зауытында су ығыстырылымы 600 тонналық жаңа кеме құрастырылмақ. Əмбебап кеме теңіз күзетіндегі су көліктерін керек-жарақпен қамтып, жабдықтау, жүк пен адамдарды тасымалдау, іздеу, құтқару жəне басқа да жұмыстарды атқара алады. ● Солтүстік Қазақстан облысында биыл ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша 12 жоба іске қосылмақ. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары аясында жүзеге асатын бұл жұмыстарға 1,6 млрд. теңге көлемінде инвестиция салынады. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

● Кəсібің – нəсібің

Миллионер мўєалім Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

«Адам өз өмірінің авторы». Осы кітап кешегі Есен мұғалімнің, бүгінгі кəсіпкер Есен көкенің, жетпісті орталаған ақсақалдың сүйікті кітабы. Көңілі əлденеден торыққанда, қатты қуанғанда бір парақтап қояды. Балаларына оқытты. Келіндеріне оқытты. Немерелеріне де оқытпақ. Расы керек, бұл көкемізді немересі, халықаралық дəрежедегі спорт шебері Самат Есен арқылы білер едік. Үлкен ұлы Болат Тұрмағамбетов Қазақстандағы мықты балуандардың санатында болды. Қазақстан чемпионаттарында топ жарды. Ал Болаттан көрген немересі Саматты өзі баулыған, жаттығуларға өзі апарған. Шөлдегенде қымыз ішкізіп, қуаты артсын деп қазықарта асатқан. Сөйткен немересі үмітті ақтады. Əуелде жастар арасында Қазақстанда алда болды. Дзюдодан халықаралық жарыстарда топ жарып жүр. Қазақстан

құрамасына ілінді. Енді ересектер арасында күресіп жүр. Есен көкені жарыстардан көрер едік. Сөйтсек, бұл кісіңіз де қатардағы көптің бірі емес, «Болат» шаруа қожалығының жетекшісі, табысқа шығып отырған кəсіпкер екен. Өмірбаянына көз жүгіртсек, мұғалім, 1963 жылы Түркістандағы

педагогикалық училищеге түсіп, бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа қабылданады. 1974 жылы Шымкенттегі педагогика институтының тарих факультетін сырттай бітіреді. Содаң соң қызметте өрлеу. (Соңы 6-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Даңғыл жолға бет бұрған, сын-қатерге шеп құрған 3-бет

Жəнібек хан халық жырында 9-бет

Кремльде сөйлеген жауынгер 10-бет

Сырлы сөздің саңлағы 11-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.