Бүгінгі нөмірде: Мақсат айқын, бағыт белгілі
2-бет
Өтпелі кезеңдегі өміршеңдік №159 (28098) 29 МАУСЫМ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ
5-бет
Дүбірлі ғалам, мұқалмас қалам
8-бет
Ересектерге арналған ертегі
9-бет
Əріптестік аясын кеѕейтудіѕ жаќсы мїмкіндігі
Мерекелік концертті тамашалады Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық Ұланның президенттік оркестрінің елорда күніне арналған мерекелік концертін тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Концертте тыңдаушыларды əртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалар тəнті етті. Атап айтқанда, эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауында əлемдік классикалық үздік туындылардан аспапты поппури, Президенттік оркестрдің жас таланттарының орындауында спектакль түрінде əлемдік опералық, вокальдық, классикалық, музыкалық шығармалардан үзінділер орындалды. Бұған қоса, Президенттік ор кестр қазақтың халық əндерінен тұратын «Əн шашуды» тарту етті. Сондай-ақ,
би ансамблінің орындауында домбырашылардың сүйемелдеуімен «Мереке-думан» деген атпен қазақ биінің жаңа қойылымы көрсетілді. Президенттік оркестр – репертуарында əлемдік музыка мəдениетінің барлық жанры қамтылған шығармашылық ұжым. Ол республиканың мəдени жəне музыкалық өміріне белсене қатысады, Қазақстанды халықаралық музыкалық аренада танытады. Оркестрдің əртістері ТМД елдерінің, Еуропа, Азия жəне əлемнің басқа да елдерінің сахналарында өнер көрсетіп жүр.
Ќўттыќтау жеделхатын жолдады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржге екінші мерзімге қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кеше Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Румыния Премьерминистрі Виктор Понтамен кездесу өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде екіжақты саяси ықпалдастық, сондай-ақ екі елдің сауда-экономика, инвестиция жəне көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мəселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы Румыния Премьерминистрінің Қазақстанға сапары елдеріміздің серіктестігі аясын кеңейте түсудің жақсы
мүмкіндігі болып саналатынын атап өтті. – Сіз Қазақстанның Премьер-Министрімен, сондай-ақ Үкімет мүшелерімен кездесулер өткізіп, ынтымақтастықты одан əрі дамытудың жаңа бағыттарын талқыладыңыздар. Бүгінде біздің мемлекеттеріміз арасында жоғары деңгейдегі кездесулердің
қарқыны жақсы. Мен сапармен Румынияда болдым жəне Румыния Президенті біздің елімізде болды. Əлемдік экономиканың жағымсыз салдарына қарамастан, екі ел арасындағы тауар айналымы артуда. Ынтымақтастығымыздың маңызды бір тармағы RomPetrol компаниясының қызметі болып саналады. Біз Румыния Үкіметіне бұл мəселе жөніндегі сындарлы ұстанымы үшін ризашылық білдіреміз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау туралы 1. Бұқаралық ақпарат құралда рының елдің экономикалық, əлеуметтік, саяси жаңғыруын ақпараттық қамтамасыз етудегі зор рөлін ескере отырып, сондайақ Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру жəне Алғысын жариялау жөніндегі қоғамдық комиссияның ұсынымын қарай келіп: Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтары берілсін: Серікбек Мейрамбекұлы Жанболатқа – «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы, отандық журналистиканы жəне ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарын дамы туға қосқан елеулі үлесі үшін; Киселев Сергей Владимировичке – «Евразия» Бірінші арнасының бас директорына, қазақстандық телевизиялық журналистиканың дамуына қосқан шығармашылық үлесі үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары тапсырылсын:
Əйгерім Сейфоллақызы Əбілдинаға – «Астана» телеарнасының арнаулы жобалар бөлімінің продюсері, «Астана» телеарнасындағы «Сырласу» телевизиялық бағдарламасы авторлық жобасын жасағаны – ел жұртшылығының көрнекті өкілдерімен жүргізген əңгімелер циклы үшін; Артем Петрович Истоминге – «Хабар» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі, елдегі экономикалық, əлеу меттік-экономикалық жəне саяси реформалар барысын жариялап-көрсеткені жəне республиканың оң имиджін қалыптастырғаны үшін; Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы жариялансын: «Актюбинский вестник» газетінің шығармашылық ұжымына – өңірдегі мемлекеттік даму бағдарламаларының іске асырылу барысын жан-жақты жариялапкөрсетуге қосқан елеулі үлесі үшін; «Алау» телера диоком пания сының шығарма шы лық
ұжымына – Қостанай облысының əлеуметтік-экономикалық жəне қоғамдық-саяси өміріндегі мəсе лелерді кеңінен жариялапкөрсеткені үшін; «Дружные ребята» газетінің шығармашылық ұжымына – қазақстандықтардың көптеген жас толқынын тəрбиелеуге жəне қазақстандық патрио тизм ді қалыптастыруға қосқан зор үлесі үшін; «Tengrinews.kz» ақпараттық порталының шығармашылық ұжымына – Қазақстанның қоғамдық өміріндегі өзекті мəселелерді жедел жəне шынайы жариялапкөрсеткені, ел дің элек трондық бұқаралық ақпарат құралдарын дамытуға жəне ілгерілетуге қосқан үлесі үшін. 2. Осы Өкім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 28 маусым. № 218
Президент поштасынан
Бўл – ел сенімін аќтаєан батыл шешім
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы қаласының тұрғыны Н.Бейсембинадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Хат иесі елімізде зейнетақы жүйесін жаңғырту жəне əйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту жөніндегі заң жобасына қатысты Президенттің үндеуін тыңдағанын жəне ол бастаманы қолдайтынын жазады. «Біз, Алматы қаласында тұратын «Алтын алқа» жəне «Күміс
алқа» иелері, ертеңгі зейнет жасынан үмітті əр салада қызмет істейтін қыз-келіншектер мен зейнет жасына жетіп қалған əйел-аналар онда айтылған мəселенің барлығына өз қолдауымызды білдіреміз», – делінген хатта. Н.Бейсембина өз хатында
зейнетақы жүйесіне реформа қажет екенін, бірақ ол үшін ең алдымен оған қажетті алғышарттар жасап алу керектігін атап өтеді. Автор сол себепті зейнетақы жүйесін жаңғыртудың қажеттілігін халыққа жанжақты түсіндіру маңызды екеніне тоқталады. «Ал зейнетақы жүйесін жаңғыртуды 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет деген батыл шешіміңіз халықтың Өзіңізден күткен шешімі, Өзіңізге артқан сенімі еді. Ел сенімі ақталды. Осы орайда, Сізге айтар алғысымыз шексіз», – делінген хатта.
В.Понта кездесу үшін ал ғы сын айтып, қазақстандық əріптестерімен келіссөз дер жемісті жəне сындарлы сипатта жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ, Румыния Премьер-министрі екі ел арасындағы қарымқатынастардың барлық саласы бойынша өзара ықпалдастықтың жандана түсетініне сенімін білдірді. ––––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Қазақстан мен Моңғолия арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық, тату көршілік пен достық қарым-қатынастар нығайып келе жатқанын атап өткен. «Алдағы уақытта да екі ел дің болашағы мен дамуына бағытталған тығыз байланыс тар одан əрі тереңдей түсетініне сенімдімін»,
– делінген жеделхатта. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Моңғолия Президен тін жəне достас моңғол халқын елдің алда келе жатқан ұлттық «Наадам» мерекесімен құттықтады. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия еліне берекебірлік, ал Ц.Элбэгдоржге денсаулық жəне қызметіне табыс тілеген.
Їлкен сенім – їлкен істер нəтижесі Кеше Ақордада Мемлекеттік хат шы Марат Тəжин еліміздің үз дік журналистеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын табыс етті, сондай-ақ Алғысын жариялады. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Мемлекеттік хатшы еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кəсіби мерекелерімен – Байланыс жəне ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтай келе, тəуелсіздік жылдары отандық ақпарат құралдары үлкен жолдан өткенін атап көрсетті. «Бұл марапат кəсіби шеберлігімен ерекшеленген ең таңдаулы журналистерге беріледі. Баспасөз өкілдерін ынталандыруға арналған осы шара жылдағы жақсы дəстүрге айналды. Біз еліміздің бұқаралық ақпарат құралдарының деңгейі биік жəне мемлекетшіл болуына мүдделіміз. «Халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, баспасөздің қоғамдағы рөлі зор. БАҚ қазіргі жаһандану дəуірінде мемлекеттілікті сақтауға, тəуелсіздікті нығайтуға, халықты ортақ мақсатқа топтастыруға ықпал етуге тиіс», деді Мемлекеттік хатшы өз сөзінде. Сондай-ақ, ол еліміздегі тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда журналист қауымға жүктелер жауапкершілік зор екенін, Қазақ елінің іргесі кеңейіп, мəртебесінің артуына да журналистер үлкен үлес қосқанын атап өтті. «Өзінің берік орнын тапқан көшбасшылар қалыптасты. Медиакеңістік қарқынды дамуын жалғастыруда. Соңғы уақытта бірнеше республикалық телеарналар ашыл ға нын білесіздер. Отандық интернет-ресурстар саны өте жедел қарқынмен көбейіп келеді. Сондайақ, сапалы жаңару міндеті бірінші орынға шықты», деді Марат Тəжин бұл ретте. Бұл күні Мемлекеттік хатшы қазіргі заманғы медиа саласында болып жатқан өзгерістерге қарамастан, журналистиканың негізгі құндылықтары бұ рын ғысынша шынайылық, дəлдік жəне байыпты ақпарат болуы тиіс екенін де атап өтті. Сондайақ, ол журналистерге арналған Президент сыйлығы мен грантының бұдан 16 жыл бұрын тағайындалғанын, жыл өткен сайын бұл байқаудың маңызы мен деңгейінің өсіп келе жатқанын алға тартты. «Биыл үміткерлерге қойылатын талап айтарлықтай арта түсті. Сондықтан, марапатқа бүгін ең лайықты, үздік журналистер мен ұжымдар ие болды деп есептеймін», деді М. Тəжин. Осы орайда биылдан бастап президенттік награданың беделін жəне мəнін арттыру мақсатында журналистерге
жыл сайын екі сыйлық жəне екі грант берілетін болса, алғыс төрт шығармашылық ұжымға жарияланатынын атап көрсеткен жөн. Сонымен, биылғы жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлықтарымен «Алаш айнасы» газетінің бас редакторы Серікбек Жанболат, «Еуразия» бірінші арнасының бас директоры Сергей Киселев марапат талды. Қазақстан Республикасы Президентінің гранттары «Хабар» телеарнасының ақпараттық бағдарламалар бөлімінің тілшісі Артем Истоминге, «Астана» телеарнасының арнаулы жобалар бөлімінің продюсері Əйгерім Əбілдинаға берілді. Ал Президент Алғысы «Ақ тю бинский вестник» жəне «Дружные ребята» газеттерінің шығармашылық ұжымдарына, сонымен қатар, «Алау» телерадиокомпаниясы мен «Tengrinews. kz» ақпараттық порталының ұжымдарына жарияланды. Бұл күнгі салтанатты рəсім аясында марапатқа ие БАҚ өкілдері де сөз алып, өздеріне көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді. Мəселен, «Алаш айнасы газетінің бас редакторы Серікбек Жанболат Мемлекет басшысының елдің бəсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі
саясаты қазіргі биік талаптарға сай болуға тиісті отандық бұқаралық ақпарат құралдары қызметіне де қатысты екенін атап өтті. «Мемлекет басшысына осындай жоғары награда үшін алғысымды білдіремін. Бұл біздің ұжымның ғана еңбегі емес, еліміздің тəуелсіздігін жəне оның өсіп-өркендеуін нығайтуға бағытталған барша қазақ журналистикасына көрсетілген құрмет деп санаймын», деді С. Жанболат. Ал «Алау» телерадио ком паниясының директоры Зульфия Арефьева көрсетілген құрмет үшін алғысын айта келе, қазіргі уақытта отандық, оның ішінде өңірлік журналистиканы дамытуға барлық жағдай жасалып отырғанына, журналистиканың басты мақсаты барша қазақстандықтарды еліміздің дамуына қызмет етуге шақыру болып табылатынына тоқталды. Балалардың республикалық «Дружные ребята» газетінің бас редакторы Əлімжан Акбаров өзі басқарып отырған басылымның шыға бастағанына 80 жыл толатынын тілге тиек ете келе, бүгінгі күні «Балдырған», «Ақ желкен», «Ұлан» жəне «Дружные ребята» тəрізді байырғы балалар басылымдарын тек сақтап қана қоймай, сонымен бірге, одан əрі дамытуға мүмкіндік туғанын жеткізді. Кездесу соңында Марат Тə жин БАҚ өкілдеріне қызметте шығармашылық табыс тілеп, лауреаттар мен грант иегерлері Мемлекет басшысының зор сенімін ақтайтынына сенім білдірді.