29072014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Болашаќќа баєытталєан басты ќўжат 2-3-беттер Жаѕа стандарт жобасындаєы жаѕсаќтыќ 6-бет Ўлымды да, ўлтымды да ойлаймын 7-бет Ілгерілеушілік бар, іркілістер де жоќ емес 8-бет

№145 (28369) 29 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

● Еркін елдің ертеңі

БАЛДƏУРЕН, ШІРКІН, БАЛАЛЫЌ! «Жасөспірімдерге қарап еліміздің болашағын көремін. Осы болашақтың келешегі тамаша болатынына əрдайым сенемін».

Соңғы 3-4 күннен бері əлемнің аузынан «Астана», «Қазақстан» деген екі сөз түспей тұр. Бұған біздің елорда аттас команданың капитаны Винченцо Нибалидің «Тур де Франс» веложарысы көпкүндігінің соңғы кезеңдерінде үздіксіз топ бастап келіп, ақыр соңында сайыстың жеңімпазы атанғаны басты себеп болды. Осылайша «Астана» командасы өзінің тарихында екінші мəрте қатарынан осы атақты доданың бас бəйгесіне қол жеткізген тарланды шығарып отыр. «Егемен Қазақстан».

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

кездестіресіз. Таңдау лылар қатарында балалар үйлерінің тəрбиеленушілері, мүм кіндігі шектеулі бүлдіршіндер де көптеп саналады. Мұнда балалардың толыққанды демалысын қамтамасыз ету, олардың бойында білім мен креативті ойлау қабілеттерін өрістетумен қатар əлеуметтік жауапкершілік, патриоттық сезім, азаматтық жəне адам гершілік ұстанымдарын

Таєайындау

Мемлекет басшысының Өкімімен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Хроника

Нибали – «Тур де Франс» жеѕімпазы

Серік ПІРНАЗАР,

Елбасы Н.НАЗАРБАЕВТЫҢ Құрметті қонақтар кітабындағы тілегінен

Кең-байтақ еліміздің кез келген өңіріндегі сияқты, табиғаты тамылжыған Бурабайда да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты əлеуметтік нысандар жеткілікті. Солардың қатарында «Балдəурен» оқу-сауықтыру орталығын риза көңілмен айтуға болады. Нұрсұлтан Əбішұлының тікелей бастамасымен бой көтерген шаттық мекені тəуелсіз мемлекетіміздің бүлдіршіндерге жасаған баға жетпес базарлығы екендігі ақ алғыс аузында. Бүгінгі күні «Балдəурен» ТМД елдері мен Орталық Азия аймағындағы балалардың демалысын ұйымдастыру, сауықтыру жəне жасөспірімдерің шығармашылық қабілетін дамытуға қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткен бірден-бір мекеме саналады. Жыл бойы үздіксіз қызмет атқаратын орталық əр ауысымда 300 баланы қабылдайды. Жалпы, он алты тақырыптық ауы сымда еліміздің 4608 жасөс пірімі мемлекеттік тапсырыс шеңберіндегі кластерлік тəрбие жүйесінен өтеді екен. Балалар арманы алаулаған орталықта оқу озаттарын, олимпиа да жеңімпаздарын, спорт пен шығармашылық байқаулардың үздіктерін

● Бəрекелді!

Мемлекет басшысының Жарлығымен Анарбек Бақтығазыұлы Қарашев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

қа лып тастыруға бағытталған жағ дай лардың барлығы қарастырылған. Оқу-тəрбие ісімен 82 педагог қызметкер айналысады. Соң ғы жылдары орталықта 14 оқу-əдістемелік құрал дайындал ғаны мұғалімдер, əдіскерлер мен тəрбиешілердің біліктілігінің жоғары екендігін айғақтайды. «Балдəурен» орталығы мектебіндегі мұғалім

– ақпараттық-коммуникативтік, пəндік-модульдік оқыту технологияларын жетік меңгерген, уақытпен санаспайтын тəрбиеші, əмбебап ұйымдастырушыұстаз. Сондықтан, мұндағы оқу сабақтары дəстүрлі мектептер дегіден өзгеше, балаларды бүгінгі мен болашақ болмысына қызықтыра жетелеп отырады. Ал, кітапхананың 20 мыңнан астам қоры білім көкжиегін кеңіте

түсетіні белгілі. «Балдəуренді» заманалық ғылыми орда қатарына қосатын шаралар тізбегі де саналуан. Мəселен, осы жылдар аралығында ұйымдастырылған 180 тақырыптық ауысымда 90 мыңнан астам бала, оның ішінде 46 ұлт пен ұлыстың өкілдері білім алып, еліміздің таңдаулы оқу орындарының студенттері атанды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның намысын қорғап, еліміздің атағын аспандатқан италиялық велошабандоз Винченцо Нибалиді бұрнағы күні ол Париждің Елисей алаңдарына келіп, айналма жолдың сүрлеуіне түсе бастаған кезде-ақ құттықтап қойған. Мемлекет басшысы əлемдегі ең белсенді үш веложарыста топ жарып шыққан спортшы мен команданың барлық мүшелеріне осынау жанкешті жұмыстары үшін зор алғыс сезімін білдірді. Ал біздің есімізге осы тұста «Астана» командасының 2010 жылы орын алған ең бірінші ірі жеңісі туралы жазу да өз еншімізге тигені түсіп отыр. Ол кезде газетіміздің орталық аппаратына, Астанаға қызметке енді ауысып келіп жатыр едік. Сонда редакция тарапынан берілген бірінші тапсырма Альберто Кантодор бастаған «Астана» клубының «Тур де Франс» көпкүндігіндегі жан алып, жан беріскен күресінің барысы туралы күнбе-күн репортаж жазып тұру болды. Сөйтіп, сайыстың 7-ші кезеңінен бастап, біз де ұлы дүбірге қосылып кетіп едік. Осы жолы Кантадор «Тур де Франсты» үшінші мəрте жеңіп алды.

Енді, міне, араға төрт жыл салып, атақты веложарыс жондарында атой салған тағы бір тарланымыз туралы жазып отырмыз. Шыны керек, осы жолғы сайыс сөреден шыққан тұста оның басты қаһарманы Винченцо Нибали бола қалады деген ой ешбір қаперімізге кірмепті. Сондықтан ол екінші кезеңнің топ бастаушысы болғанда осымен жетістігі шектеліп қалатындай көрінген. Бірақ жабулап қосқан жүйрігіміз онынша кезеңде тағы да маңдайы жарқырап керме сызығын бірінші болып қиып өткенде ойлана бастадық. Мұның үстіне, аса тартысқа толып өрнектелген бұл кезең нағыз бетбұрысты бұрылыс та болып шықты. Əуелі қатты құлап, жарақат алып қалған, баяғы жеңісінен кейін басқа командаға ауысып кеткен Альберто Контадор жарыс жолын тастап кетуге мəжбүр болды. Ал мұнан кейін осының алдындағы кезеңде бірінші болған неміс Тони Мартин ұзақ мерзім бойы көш тізгінін ешкімге ұстата қоймады. Ұстатқаны былай тұрсын, оның андағайлап алға кетіп қалған уақыты да біраз еді. Бірақ жер апшысын қуырған жарыстың шақырымдары қысқарған сайын «Астана» командасының саңлақтары сол арақашықтықты біртіндеп кеміте берді. (Соңы 5-бетте).

(Соңы 4-бетте).

Ынтымаќтастыќ райындаєы кездесу Қырғыз Республикасына жұмыс сапары барысында ПремьерМинистрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Қырғызстанның Премьер-министрі Жоомарт Оторбаевпен жəне экономика министрі Темір Сариевпен екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады ПремьерМинистрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында сауда-экономикалық саладағы Қазақстан-Қырғызстан өзара іс-қимылының, энергетикалық сала, агроөнеркəсіптік кешен, қаржы-инвестициялық салалардағы ын тымақтастықтың қазіргі жайы

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына төменде көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз. Сонымен қатар, аталмыш желілер арқылы «Егемен Қазақстан» газетінің бай сурет қорымен танысуға да тікелей мүмкіндік алатындықтарыңызды естеріңізге сала кетпекпіз.

мен перспективалары қаралды. Сондай-ақ, тараптар Қырғызстанның Кеден одағына кіруі мен халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылы мəселелерін талқылады. Сұхбат барысында Б.Сағынтаев

АҚПАРАТТАР аєыны

● Бүгін Астанадағы «Жастар» сарайында бос орындар жəрмеңкесі өтеді. Онда жұмыс іздеушілер жұмыс берушілермен сұхбаттасып, əлеуметтік қорғау шаралары туралы ақпараттар алады. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығының мамандары қайта оқыту мен жаңа мамандық алу мүмкіндіктері туралы айтады. ● Оңтүстік Қазақстанда шағын су электр стансасы іске қосылды. Келес өзенінің бойындағы алғашқы осындай құрылым 2001 жылы қатарға тұрып еді. Енді «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында пайда болған келесі кəсіпорын үшін 101 млн. 900 мың теңге жұмсалды. ● Қарағандыда балық шаруашылы ғын дамытуға мəн беріле бастады. Облыс əкімі Нұрмұхамбет Əбдібековтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде саланың əлеуетін арттыру мақсатында өңірдегі 36 көл мен 80-нен астам жасанды су айдындарын дұрыс пайдалану мəселесі жан-жақты талқыланды. Қазіргі уақытта ихтиофаунада балықтың 32 түрі бар, алайда, негізінен

пен Ж.Оторбаев іскерлік əріптестікті кеңейту үшін екі елдің үлкен перспективасы бар екенін атай отырып, екіжақты қарым-қатынасты одан əрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды. Б.Сағынтаев пен Т.Сариевтің кезде суінің маңызды нəтижесі Қазақстан мен Қырғызстанның екіжақты ынтымақтастығы туралы жəне Қырғыз Республикасының Біртұтас экономикалық кеңістік пен Кеден одағына кіруі туралы хаттамаға қол қоюы болды.

балықтың 4 түрі ғана өндіріледі. ● Павлодар облысында жаңа мыс кен орны іске қосылатын күн жақын. Оны құрайтын Аяқ-Қожан кен орнындағы инфрақұрылым жүйесі бір жылда салынып шықты. Компания өкілдерінің айтуы бойынша, кəсіпорында кенді шаюдың заманауи жəне экологиялық қауіпсіз əдісі қолданылатын болады. Жаңа зауыт өнімі экспортқа бағытталған. Ал жоғарғы сападағы металл əлем нарығында əрқашан сұранысқа ие. ● Ақтауда су тұшытатын жəне электр қуатын өндіретін зауыттың жобасы жасалды. Кеше Маңғыстау облысының əкімі Алик Айдарбаев Біріккен Араб Əмірлігінен келіп жұмысты ілгері апаратын «Empereal» компания сының ниетімен танысты. Жаңа өндірісшілер бұл жұмыстарды қайтарылмайтын қуат көздері – күн жəне термо энергиясы арқылы жүзеге асырады. ● Солтүстік Қазақстанда автобустар қатынастары жоқ ауылдардың проблемасын шешу қолға алынды. Бұл мəселе 28 шілде күні өткен облыс əкімі аппаратының кезектi кеңесiнде қаралды. Онда облыс əкімі Ерік Сұлтанов аймақтың 164 елді мекеніне

жолаушылар қатынасы жоқтығын сынға алып, тиісті жауапты мамандардан оны жеделдете шешудің жолдарын қарастыруды тапсырды. ● Қостанай облысында кəсіпкерлерге арналған дөңгелек үстел өтті. Облыстың Сарыкөл ауданында ұйымдас тырылған шарада агроөндірістік кешенде қызмет ашу үшін несиелерді субсидиялаудың қалай жүзеге асатыны түсіндірілді. Сондай-ақ, жиында бизнес-жоспарды құру, тауарларды төлеуге арналған постерминалдардың орнатылуы, өз бизнесін ашу процедурасы, салық режімін таңдау жайлары талқыланды. ● Айгүл Иманбаеваның театры Македонияда бас жүлде жеңіп алды. Нақты «А.И.» деп аталатын музыкалық театр орталығы антикалық театрлардың «Стоби» XIII халықаралық фестивалінде Гран-при сыйлығына ие болды. Қазақстандық ұжым көрермендерге «Медея» спектаклін ұсынды. Айта кетейік, А.Иманбаева қазақстандықтарға актриса ретінде ғана емес, сонымен қатар əнші, шоу-бағдарламалар жүргізуші ретінде де белгілі. ● Шығыс Қазақстанда Семей полигоны туралы кезекті кітапша жарыққа шықты. Ол «Невада – Семей»

қозғалысының 25 жылдығына орай құрастырылған. Жинаққа полигонды жабуға арналған күрес кезеңдері туралы құжаттар мен материалдар топтастырылған. ● Қызылорда облысындағы Арал ауданын дамытудың кешенді жоспары дайындалды. Бұл жобаны кеше аудан əкімі Абзал Мұхимов өз активіне таныстырды. Кешенді жоспар 4 бағыт бойынша жүзеге асады. Онда алдағы үш жылда жұмыссыздық, экономиканы əртараптандыру, инфрақұрылым, ауызсу, əлеуметтік саланың мəселелерін шешу көзделген. ● Көкшетау қаласында 145 жеке тұрғын үй, бірқатар мемлекеттік мекемелер су астында қалды. Қазір кеше селдетіп жауған жауынның əсерінен болған апаттың зардаптарын жоюдың барлық шаралары қарастырылып жатыр. Қала əкімдігінде су астында қалған тұрғын үйлерді тексеру бойынша 4 мобильді топ ұйымдастырылды. Хабарлар «ҚазАқпарат», 24KZ, Egemen.kz, Altaynews.kz, Alau.kz, Lada.kz агенттіктері мен облыстық əкімдіктер сайттарының деректері бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.