29072015

Page 1

24 саєат №142 (28620) 29 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

«МАЗ» жəне «HOWO» кґліктері ќўрастырылады Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Шығ ыс өң ірін де «М А З» жəн е «HOWO» өнімдерін шығару жобасы жүзеге асырылады. Аталған инвестициялық жобаны іске асы рудың өңір үшін стратегиялық маңызы зор. Яғни, осы арқылы 200-ге жуық қосымша жұмыс орны құрылып, салық түсімі жылына 300 млн. теңгеден астам қаржыға артады. Өңір басшысы Даниал Ахметовтің Семей қала сына жасаған жұмыс сапарында «Семей машина жасау зауыты» АҚ директоры Нұрлан Омаров осылай деді. Кəсіпорын базасында «МАЗ» автотехникасын құрастыру өнді рісін жолға қою зауытты қайта жаңғыртуға, құрал-жабдықтармен жарақтандыруға жəне өндірісті дамытуға, ең бастысы, жұмыс орнын арттыруға қолайлы жағдай жасайды. Кəсіпорын басшылығының айтуынша, зауыттың 8-ші автокөлік құрастыру конвейерінде дайындау, сырлау жəне көлік шанағын орнату, толық тексеруден өткізу жəне дайын автокөлікті сынақтан өткізу жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ, кəсіпорынның

ЎЙЫМНАН ЇМІТ ЇЛКЕН Осыған дейін газетімізде хабарлағанымыздай, үстіміздегі жылдың 28 шілдесі күні Швейцарияның астанасы – Женева қаласында Дүниежүзілік сауда ұйымы Бас кеңесінің отырысы өтті. Іргелі ұйымның бұл алқалы жиынына Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы барып қатысты. Елбасының сонау Еуропада өткен мəжіліске қатысуының себебі де өте маңызды болатын. Яғни, дəл осы күні Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып ресми түрде қабылданды. Осынау елеулі оқиға отандастарымызды да бейжай қалдыра алған жоқ. Көптеген қазақстандықтар еліміздің түкпір-түкпірінен хат жазып, өздерінің қуаныштарын білдіріп, осы жайтқа қатысты ой-пікірлерін жеткізуде. Төменде осындай хаттардың бір тобын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

Биіктік белесіне жасалєан ќадам

Жуырда еліміздің ішкі беріктігін тұрақтандырып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «100 нақты қадам» міндеттемелік бағдарламасын қабылдап, барар болашағымызға қажетті ең маңызды жүз қадамды анықтаған еліміз үшін тағы бір айтулы сəт орын алды. Ол – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы сынды əлемдегі іргелі ұйымға мүше болып, əлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа қырына қадам басуы болып отыр.

Əлемнің 161 елі мүше болып табылатын аталмыш ұйым ның қатарына ену бұл бір-екі жылғы жұмыстардың жемісі емес. Бұл – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың мемлекетіміздің əлемнің алдыңғы қатарлы елдері санатына қосылуы үшін алдын ала жоспарлап, іс жүргізу тетіктерін əу бас тан орайластыра жүргізген саясатының нəтижесі. Он тоғыз жыл бойы əрі пісіп-жетілген, əрі сына лып-шыңдалған жоспаржоба ның нақты сипатқа ие болуы. Бейбітшіліксүйгіш ұстанымы

жағынан ұқсас Швейцария елінде, Женеваның төрінде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы еліміздің даңқы мен беделін төрткіл əлемге тағы бір танытып, тəуелсіздігін жариялағанына ширек ғасырға жетеғабыл уақыт болған елдің алып армандары мен асқар мұраттарын, қандай іргелі, ауқымды қадамдардан бас тартпай, өзіне сенімді түрде алпауыт жобалар мен қадамдарға қаймықпай бара алатын тегеурінділігіне тəнті ете түсті. (Соңы 2-бетте).

Оќырман назарына!

Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу үшін, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

өндіріс алаңында қытайлық «HOWO» жүк көлігін құрастыру жоспарланып отыр. Бүгінде «Семей машина жасау зауыты» АҚ-та 250-ге жуық адам жұмыс істейді. Олардың орташа еңбекақысы 90 мың теңгені құрайды. Зауыт шынжыр табанды тартқыш техникалар мен оған қажетті қосалқы автобөлшектер, есік қақпағы, жылжымалы теміржол құрамына арналған борт, такелаждық жинақ, фрезерлі-роторлы қар тазалағыш, жүк автокөлігінің шанағы, МАЗ тіркемесі жəне КамАЗ көліктеріне арналған борттық платформалар шығарады. Сонымен қатар, арнаулы техникаларды жөндеу қызметін ұсынады. Айта кеткен лəзім, зауыт өнімдері Қазақстанда ғана емес, Ресейде де үлкен сұранысқа ие. Елімізде аталған кəсіпорынның өнім дерін көбінесе Қорғаныс министрлігі, Шекара қызметі, «Қазақ стан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қам қор-вагондар» ЖШС, «Қазтеміртранс» АҚ жəне басқа да ірі мемлекеттік құрылымдар мен кəсіпорындар тұтынады. СЕМЕЙ.

● Мəселенің мəнісі

Сел мен ел

Əскери ќызметшілер аулалар мен жолдарды тазартуєа їлкен кїш-жігер жўмсауда Алматы гарнизоны əскери қызметшілерінің күшімен тұрғын үйлердің 200-ге жуық ауласы, 1000-нан астам метр жол сел тасқыны салдарынан тазартылды.

дейді кент тұрғыны Динара Ысқақова. Алматыда төтенше жағдай режімі сақталуда. Осыған байланысты Қазақстан Қарулы

Күштерінің əскери қызметшілері төтенше жағдай ауданында жұмыс атқаруды жалғастыруда. Əскери қызметшілердің жұмысын үйлестіру, міндеттерді жəне жұмыс учаскелерін бөлу мақсатында жедел штаб құрылғанын атап өткен жөн. Ол ағымдағы апта бойы қызмет атқаратын болады. «Егемен-ақпарат».

«Кеше сел салдарынан тастардың астында қалған Алматы көшесі толық тазартылды. Енді техника мен адамдар көшеде емін-еркін жүре алады, жол түгелдей жабылды», деді ҚР ҚК ҚƏ Аэроұтқыр əскерлері қолбасшысының қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Еркін Алашбеков. Қазіргі уақытта Қарғалы кентінде Алматы өңірлік гарнизонының 400-ден астам əскери қызметшісі жүр. Олардың жарты бөлігі жергілікті мектептің жертөлесінен суды ағызу жəне ғимаратқа іргелес орналасқан аумақты тазарту бойынша еңбектенуде, қалғандары əлі күнге дейін су басып қалған аулалар мен жолдарды тазартуды жалғастыруда. «Лай көшкіні үйіміздің ауласын басып кетті, біз шығып та үлгермедік. Қазіргі кезде тастар мен балшықтың үйіндісінен ешнəрсе қалған жоқ. Орасан жұмыс атқарылды, өте көп күш жұмсалды. Бізге қолұшын созуға келген адамдарға шексіз алғысымызды білдіреміз»,

● Дəуір дауысы

Ќазаќстан!

Бір Алла атты теңдессіз, ғажап Ұстаның, Бойына жиған имани тазалық нəрін. Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның, Болашағы үшін бастарын бəйгеге тігіп, Қорғады сені, серт беріп сан арыстарым – Қазақстаным! Төндіріп тағдыр басыңа қара бұлттарын, Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын. Ұрпақтарыңның жоқ қылған балалық шағын, Қариялардың ұрлаған даналық шамын, Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың – Қазақстаным! Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын, Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың. Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның, Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып, Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным! Босатып тордан, зарыққан дала құстарын, Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың. Соның үшін де қолыма қалам ұстадым... Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп, Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын – Қазақстаным! Алмат ИСƏДІЛ, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. АЛМАТЫ.

Бүгінгі нөмірде:

АУДАРМА АЛЫБЫ 5-6-беттер

Аспанасты елінің ақпараты 9-бет

 Ливияның бұрынғы президенті Муаммар Каддафидің ұлы Сейф əл-Ислам ату жазасына кесілді. Бұл туралы «Əл-Жазира» телеарнасы хабарлады. Ливияның қылмыстық соты Каддафи режімінің жоғары шенді 8 функционерін əскери қылмысқа кінəлі деп тапқан. Ату жазасына кесілгендер арасында Əл-Исламмен қатар, елдің бұрынғы премьер-министрі Əл-Багдади əл-Махмуди мен барлау қызметінің басшысы Абдолла ас-Синуси бар.  Британия премьерми нистрі Дэвид Кэмерон корольдікте террорлық актілердің алдын алу үшін Лондонның Сирия мен Ливиядағы қарулы жасаққа əуеден соққы беруге дайын екенін мəлімдеді. Бұл туралы саясаткер Индонезияға 4 күндік сапармен келген бетінде хабарлады. Ол Индонезия президенті Джоко Видодомен келіссөз жүргізетін болады.  АҚШ президенттігіне республикашылдардан кандидаттардың бірі Майк Хака би Иранмен ядролық бағ дарлама жөніндегі келісімді Холокостқа теңеді. Бұл туралы «Ассошейтед Пресс» агенттігі хабарлады. «Иранмен ядролық бағдарлама жөнін дегі уағ да ластық израильдіктерге үлкен қасірет əкелуі ықтимал», – дейді Майк Хакаби.  Түркия премьер-министрі Ахмед Дəуітоғлы шілде айының соңындағы терроризмге қарсы операциялар нəтижесінде елде 1050 адам, оның 50-60-сы шетелдіктер тұтқындалғанын жария етті. Мұны «Рейтер» агенттігі хабарлады. Мыңдаған полиция қызметкерлері қатысқан рейдтер елдің 13 провинциясында жүзеге асырылған. Бұл үдеріске Түркиядағы күрд қауымдастығы наразылық танытты.  Үндістанның Пенджаб штатында қарулы жасақ полиция бөлімшесіне шабуыл жасады. Оқиға Гурдаспур округіндегі Динанагар қаласында орын алды. Əскери киім киген бірнеше терроршы жол шетіндегі дүңгіршектердің бірінен оқ атып, соның жанында тұрған автомобильді қуып кеткен. Содан кейін жолаушылар автобусы мен жергілікті емхананы атқылап, келесі кезекте полиция бөлімшесін шабуылдаған.  Германияның Дрезден қаласының маңында босқын дарды қорғау жөнінде сөз қозғап жүрген саясаткер Михаэль Рихтердің автокөлігі жарып жіберілді. Қуанышқа қарай, жарылыстан зардап шеккен ешкім жоқ. Жергілікті полиция аталған факті бойынша тергеу жұмыстарын бастап кетті. Құқық қорғау органындағылар жарылыс əдейі ұйымдастырылған болуы ықтимал деп санайды.  Словенияның премьер-министрі Мирослав Церар өз елінің Ресейге қарсы санкциялардан бас тартылуын қалайтынын мəлімдеді. Ол бұл мəлімдемесін Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен жүргізген келіссөзінің қорытындысы бойынша жасады. Оның сөзіне қарағанда, енгізілген сауда шектеулері проблеманы түпкілікті шешіп бере алмайды.  Ұлыбритания премьері Дэвид Кэмерон Шотландияның тəуелсіздігі туралы екінші рет референдум өткізу 2020 жылғы жалпыға ортақ сайлауға дейін мүмкін емес екенін атап көрсетті. Мұны «Телеграф» агенттігі хабарлады. Енді шотландтықтарға өздерінің тəуелсіздігі туралы 5 жыл бойы ойлануға мүмкіндік бар. Алғашқы дауыс берудің өткен жылғы 18 қыркүйекте ұйым дастырылғанын айта кетейік.

Ақпарат агенттіктерінің материалдары негізінде əзірленді.

АҒА мен ІНІ

7-бет

ҰЛЫТАУ. ӘМІР ТЕМІР. БЕЛГIТАС

11-бет

ЌАЗАЌ ЌАНДАЙ ХАЛЫЌ? 15-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.