СІЗ не дейсіз? Ќыркїйек келді. Жиын-терін басталды Елімізде Бірыңғай астық холдингі құрылды. Жаңа құры лымның диқандар үшін пайдасы қандай? Холдингтің басты мақсаты не? Бұрын диқандар «Азық-түлік корпорациясы» АҚ астықты өткізіп, қабылданған баға бойынша есеп айырысатын. Астықтан түсетін пайда корпорацияның қалтасына кетіп отырды. Енді, холдинг өнімді сатқаннан кейін табысты шаруалармен бөлісетін болады. Холдинг құрамына кіру үшін шаруашылықтардан ешбір қаржылық немесе мүліктік жарна талап етілмейді. Көктемгі егіс науқанына қаржылай көмек алу кезінде қолдау көрсетіледі. Осындай жаңалықтарды облыс диқандары қа лай қабылдады, жалпы, алдағы астық жинау науқанына дайындық барысы қалай жүргізілуде? Бүгінде өңірде астық қабылдайтын орын жетіспейді. Диқандар күзде астық сақтайтын жер болмай қала ма деп отыр. «Егемен Қазақстанның» облыстағы тілшісі Фарида Бықай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Жанат Шұғаевқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Холдингтің құрылуы диқандардың жаз бойы маңдай терін төгіп еңбектенген еңбегінің ақталуына үлкен көмек деп ойлаймын. Ал биыл облыстағы жиналатын астықты алқап көлемі 854 мың гектарды құрап отыр. Жаз жауын-шашынды болды. Егіннің пісіпжетілуіне, əрине, ауа райының қолайсыздығы əсер етеді. Биылғы жазда Ертіс өзенінің суы молынан жайылды. Қазір шаруалар қысқы жем-шөпті дайындауда. Жалпы, 1582 мың гектар алқаптан шөп жиналады. Соның ішінде 232 мың гек тарды жайылма алқабы құрайды. Орта есеппен гектарына 6,8 центнер шөп жиналуда. Мəселен, Лебяжі ауданы 500 гектар жайылманы орып, 800 тонна шөп жинаған. Жоспар бойынша биыл шаруалар 1 миллион 215 мың тонна шөп жинап, 2 жылдық азық қорын əзірлеуі тиіс. Арзандатылған 4 мың тонна жанар-жағармай шаруаларға таратылды. Дизель отыны нарықтағы бағадан 21 пайызға арзан. Астықты жинау науқаны диқандарға оңай емес. Ылғалдың көптігінен егінді кептіру қажет. Ол үшін қосымша жанар-жағармай жеткілікті бөлу жөнінде ұсыныс та жасалды. Жанар-жағармай демекші, астық жинау науқанына өңірімізге бөлінген арзан бағалы дизельді отын ауыл-ауылға дер кезінде жеткізілуде. Облыста 101 көкөніс сақтайтын қойма жаңа өнімді қабылдауға əзір. Олардың 67 пайызы заманауи технологиялармен жаб дықталған. Жиын-терін жұ мыстарына шығатын техникалар дайын. Еліміздегі қаржы институттары арқылы лизингке техника сатып алу тетіктері де жан-жақты түсіндірілуде. Жергілікті элеваторлар жəне Қалқаман кентінде ор наласқан элеватор өңір шаруаларының астықтарын қабылдауға əзірлік жұмыстарын жүр гізу де. Облыста 10 элеватор мен сыйымдығы 450,3 мың тонна болатын астық қамбасы бар. Сонымен бірге, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілердің ас тық тарын сақтауға арналған сыйымдылығы 692,2 мың тонна болатын 469 қойма бар. Алдын ала жасалған болжамдар бойынша, орташа есеппен облыс диқандары бір гектардан 10-12 центнерден дəнді дақыл алмақшы. Павлодар облысы.
№200 (28139) 29 ТАМЫЗ БЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ
Ел тынысы: мың бір мысал
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Білім кїні
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру Ережесін бекіту туралы» Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 483-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін даярлау, қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру қағидаларын бекіту туралы»; жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау жəне олардың біліктілігін арттыру ережесі осы Жарлыққа қосымшаға сəйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Қазақстан Республикасының Президенті Əкімшілігі, Үкіметі жəне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Əкiмшiлiгiне жүктелсiн. 4. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 27 тамыз, № 623. –––––––––––––––––––––––––––––
ќарсаѕында «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды
Жарлыққа қосымшаны 4-беттен оқисыздар.
Їкімет їшжылдыќ бюджетті ќолдады Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан».
Облыс орталығында еліміздің Конституциялы күні жəне басталайын деп тұрған жаңа оқу жылы қарсаңында химия-биологиялық бағытта тереңдетіп оқытатын «Назарбаев зияткерлік мектебі» ашылды. Бұл еліміздегі 13-ші «Назарбаев зияткерлік мектебі». Енді бірінші қыркүйектен бастап облыс орталығында ашылған бұл мектепте 720 оқушы білім алады. Сондай-ақ, мектеп жанындағы 120 орындық жатақ ханада ауылдан келген балалар тұрады. Астаналық «Бек жолы НС» серіктестігі құрылыс жұ мыстарын біраз кешіктірсе, биылғы жылы уəделерін орындап шыққандай. Құттықтау сөз сөйлеген облыс əкімі Ерлан Арын Елбасының тапсырмасы бойынша елімізде
дарынды балалар үшін білім беру деңгейі шетелдегідей заманауи мектептер салынуда. Болашақта оқушылар қоғамдық өмірде рухани жəне спорттық шараларға белсене қатысып, жоғары жетістіктерге қол жеткізеді деген сенімдеміз, деп сəттілік тіледі. Бұдан кейін «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру басқармасы» АҚ төрайымы Күлəш Шамшидинова білім ошағы келешекте дарынды балаларды тəрбиелеумен қатар, отандық жəне дүниежүзілік озық педагогикалық тəжірибелерді жинақтап, жалпы білім беретін мектептерге таратумен айналысатынын атап өтті. Ал, жаңа мектептің директоры Дəуірхан Пірмағанбетовтің айтуынша, мектептің 7,8,9,10 сыныптарында оқу үшін барлығы 2413 оқушы іріктеу кезеңінен өтсе, 639 оқушы Елбасының «Өркен» білім беру грантына ие болыпты. Жаңа
мектеп 58 оқу кабинеттерінен тұрады, оның ішінде 18 тіл кабинеті, 5 физика жəне химия, 9 математика, 7 биология кабинеті бар. Келген қонақтар, ата-аналар мектептің математика, физика, биология, химия, кəсіби телестудия кабинеттері, жылыжай, кітапхана бөлмелерін аралап көрді. Оқыту қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мектеп жаңа компьютер желілерімен, мультимедиялық кабинеттермен, интерактивті электронды тақталармен, жоғары жылдамдықты интернетпен, инновациялық бағдарламалық құралдармен, озық технологиялармен жабдықталған. Арнайы индустриялы даму кабинеттері бар. Мұнда оқушылар кез келген өндіріс ошақтарымен сабақ үстінде отырып-ақ бейнемүмкіндіктер арқылы танысып, мамандармен тілдесе алады. Роботтар
оқушының алақанын сезу арқылы орнынан қозғалды. Əрбір оқушы зерттеулер арқылы сызбалар жасайды. Арман-қиялдан шындыққа айналған жаңа заманның ғажайып мектебі деген осы. Жаңа технологияларды білім беру үрдісіне пайдаланатын оқушылардан болашақта жаңашыл ғалымдар өсіп шықпақшы. Құтты болсын! «Назарбаев зияткерлік мектебінің» оқушылары еліміздің өркендеуіне үлес қосатын республикалық жəне халықаралық олимпиадалардың, ғылыми байқаулардың жеңімпаздары оқитын үздік білім орталығына айналады деп сенеміз. ПАВЛОДАР. –––––––––––––––– 1 қыркүйек – Білім күні қарсаңына орай беріліп отырған топтаманы 3-беттен оқисыздар.
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні
Бўл – бостандыќ сїйгіш болмысымыздыѕ айєаєы Ерлан ЫДЫРЫСОВ,
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі.
Бүгін, яғни 29 тамыз күні бүкіл əлем Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін төртінші рет атап өтпек. 2009 жылғы 2 желтоқсан күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 64/35 қарарын бірауыздан қабылдап, осы мерекені Қазақстанның бастамасымен бекітті. Бұл күн біздің еліміз үшін ерекше символды
АҚПАРАТТАР аєыны
2014 жылы ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу əзірлігіне 150 млрд. теңге бөлінеді. Ұлттық қордан бөлінетін бұл қаржы мақсатты трансферт тарту ретінде жүргізіледі. Солтүстік Қазақстанда бидай өткізу нарығы кеңейіп келеді. Облыс бойынша биылғы жылдың 7 айында 1 млн. 235 мың тонна бидай тиеліп, негізінен Əзербайжан, Иран, Орталық Азия жəне Ресей өңірлеріне жөнелтілген. Оңтүстік Қазақстанда егін орағы науқаны аяқталды. Биыл түстік өңір диқандары гектарына 20 центнерден өнім жинап, қамбаға өткен жылғыдан 200 мың тонна астықты
күн, себебі, осыдан 22 жыл бұрын дəл осы күні Қазақстан халқының еркіне орай Президент Нұрсұлтан Назарбаев өз қаулысымен Семей ядролық полигонының есігін мəңгіге жапты, бұл өз кезегінде үлкен өркениеттік маңызға ие болды. Сол кезден бастап 29 тамыз бүкіл Орталық Азия ядролық қарудан азат өңір мəртебесіне ие болу үдерісінің бастау алған күні болып саналды. Осыдан екі онжылдық бұрын Қазақстан атты жаңа ядролық державаның қалыптасуы тек
уақыт мəселесі еді, алайда, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саяси ерік танытып, Қазақстан «ядролық клубқа» мүшеліктен бас тартты. Тəуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап Елбасы біздің қоғамның көпқырлылығына, қазақстандықтардың бостандық сүйгіш болмысына жəне басқа мемлекеттердің жақсы тəжірибесіне сүйене отырып жаңа мемлекет құра бастады. Жəне сол бірінші күндерден бастап Президент үшін ғаламдық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, соның ішінде, жаппай қырып-жою қаруын таратпау жəне ядролық қарусыздану мəселелері бірінші кезекті басымдыққа ие болды. (Соңы 2-бетте).
● Оймақтай ой артық құйды. Ал келесі айдың соңында облыс егіншілері күзгі егісті бастамақ. Кеше үш ауылдық округте əкімдерді қайта сайлау болып өтті. Аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешімдеріне сəйкес ол Павлодар облысының екі ауылдық округі мен Маңғыстау облысының бір ауылдық округін қамтыды. Жайық қалашығын аспан астындағы мұражайға айналдыру үшін 1,2 млрд. теңге керек. Кеше бұл туралы БАҚ өкілдерімен баспасөз мəслихатында мəлімдеген облыс əкімі Нұрлан Ноғаев көне қалашықтың табылуы Орал қаласының тарихы тым əріде жатқанын көрсететініне тоқталды. Павлодарда «Жұмысшы жастар арасында кəсібі бойынша үздік - 2013» байқауы мəреге жетті. Оған 18 бен 29 жас
аралығындағы жас мамандар қатысты. Байқау лауреаттарына дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді. Атырауда зейнеткердің үйіне қарақшылық шабуыл жасаған қарақшылар ұсталды. Тəртіп сақшыларының айтуларынша, қаскөйлерді мұндай əрекетке апарған 3,5 мың теңге ақша мен ұялы телефон болған. Жамбыл облысында 24 жастағы жігіт ірі көлемдегі марихуанамен қолға түсті. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері одан 1 тонна 406 кило сора тəркілеген. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.
Дүние – бізге аманат. Эпостағы емеурін.
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасы мен еліміздің əлеуметтікэкономикалық дамуының болжамы талқыланды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Алдағы 3 жылға арналған республикалық бюджет жобасы Мемлекет басшысы тарапынан қолдау тапқанын еске салған Үкімет басшысы С.Ахметов жиын басында Елбасының тапсырмасына сай бюджеттің игерілуін жауапкершілікпен бақылау қажеттігін атап өтті. Бюджет жобасы бойынша Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев баяндады. Ол болжамды пара метрлер дің «Стратегия-2020» даму бағ дарламасын жəне Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындауға бағытталғанын атап өтті. Министр келтірген дəйектерге сүйенсек, 2014-2018 жылдардағы экономиканың нақты өсімі 6,07,1 пайыз деңгейіне жетеді деп болжануда. Орта мерзімді кезеңде экономика өсімі индус триялық-инновациялық жəне инфрақұрылымдық жобаларға салынатын инвестиция көлемінің артуы есебінен, Қашаған кен орнында мұнай игерудің басталуы мен халық тұтынысының өсуімен қамтамасыз етіледі. Аталған кезеңде ішкі сұраныс орташа 7,5 пайыз қарқынмен өсетін болады. «Номиналдық ІЖӨ 2014 жылы 38,6 трлн.-нан 2018 жылы 65,9 трлн. теңгеге дейін өседі деп болжануда. ІЖӨ жан басына шаққанда 2014 жылы 14,6 мың АҚШ долларын құрайды, ал 2018 жылға қарай 24 мың АҚШ долларына дейін өседі, жылдық инфляция деңгейі 2014-2018 жылдары 6,0-8,0 пайыз шегінде болады, деді Е.Досаев. Орта мерзімді кезеңдегі əлеумет тік-экономикалық басымдықтардың қатарында, министр, макроэкономикалық жə не қаржылық тұрақтылықты, экономиканың тиімділігі мен бəсекелестікке қабілеттілігін арттыруды, əлеуметтік жаңғыруды, өңірлік дамуды, тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыруды, халықаралық интеграция мен өзара іс-қимылды дамытуды атады.
Е.Досаев, сондай-ақ 20142016 жыл дарға арналған респуб ли калық бюджеттің мак роэкономикалық болжамы негізінде жасалған бюджеттік блоктың бірқатар құжаттарын таныстырды. «2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында ҮИИДБ, «Бизнестің жол картасы-2020», «Жұмыс пен қамтудың жол картасы-2020», «Агробизнес-2020» бағдарламаларын одан əрі дамыту қарастырылған. Əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекет қабылдаған барлық əлеуметтік міндеттемелер қаржылай қамтамасыз етіліп жəне денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қаржыландырудың ашық нұсқасына көшу жалғаса береді. Министр сонымен қатар, «Ұлттық қордың 2014-2016 жылдарға ар налған кепілді трансферттері туралы», «2014-2016 жылдарға арналған республикалық жə не облыстық бюджеттер ара сындағы, республикалық маңыз дағы қалалар, мемлекет астана сы арасындағы жалпы транс ферттердің көлемі туралы», «Қазақстан Республикасының кей бір заңнамалық актілеріне бюджеттік заңды жетілдіру мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» бірқатар бюджеттік заң жобаларының жайы туралы хабарлады. Бюджеттік блок құжаттарының қатарында министр Президенттің «Ұлттық қордың 2014 жылға арналған мақсатты трансферті туралы» Жарлығының жобасын атады. Е.Досаевтың айтуынша, бюджеттік қаржы толық иге ріл ген жағдайда бюджеттік бағ дарламалардың тиісті нəтижелерге қол жеткізе алмауына бюджеттік бағдарламалар əкімшілерінің бірінші басшысының жауапкершілігі мəселесін енгізу ұсынылған. (Соңы 4-бетте).
Бїгінгі нґмірде: Біреуге – кґл, біреуге – шґл
Парасат-єўмыр
4-бет
5-бет
Тамырды таныпбілудіѕ таєылымы 8-бет