29082014

Page 1

№168 (28392) 29 ТАМЫЗ ЖҰМА 2014 ЖЫЛ

Бүгін бүкіл əлемде біздің еліміздің ұсынысы бойынша қабылданған Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аталып өтеді. (Бұған қатысты материалдарды 4-5-беттерден оқисыздар).

Инаугурация рəсіміне ќатысты

Ґзекті мəселелер талќыланєан кездесу

 Жүрекжарды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тоголез Республикасының Президенті Фор Гнассингбемен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рəсімі аясында өтті. Əңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары жəне халықаралық күн

тəртібіндегі өзекті мəселелер талқыланды. Мемлекет басшылары сауда-экономикалық қарым-қатынасты, сондай-ақ, қазіргі əлеуетті ескере отырып, бірқатар сала бойынша өзара ықпалдастықты да жандандыру қажеттігін атап өтті.

Ыќпалдастыќтыѕ негізгі баєыттары талќыланды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рəсімі аясында өтті. Екі елдің басшылары сауда-экономика, көлік-транзит жəне отынэнергетика салаларындағы екіжақты ықпалдастықтың негізгі бағыттарын,

сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстанға алдағы сапарының негізгі аспектілері, Қазақстан– Түрікменстан–Иран теміржол желісін ашу жайында əңгіме өрбіді.

Ынтымаќтастыќ жайы ќаралєан жїздесу Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрік Республикасының Президенті Режеп Ердоғанның инаугурациясы рəсіміне қатысты, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Македония Республикасының Президенті Георге Ивановпен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Р.Ердоған Түркияның Ұлы Ұлттық Жиналысының отырысында салтанатты жағдайда ант қабылдады, содан кейін Чанкая президенттік сарайында 11ші пре зидент Абдулла Гүлден

Кездесу Түрік Республикасының Президенті Р.Ердоғанның инаугурациясы рəсімі аясында өтті. Екі мемлекеттің басшылары сауда-экономика саласындағы ынтымақтастықтың басымдығы бар жайттарын жəне

президенттік өкілеттікті қабылдап алу рəсімі өтті. Түркия Президентін ұлықтау рəсіміне əлемнің шамамен 90-ға жуық елінің жəне бірқатар халықаралық ұйымдардың

өкілдері, шетел мемлекеттерінің елшілері, депутаттар жəне БАҚ өкілдері қатысты.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 30 тамыз – Конституция күні Ертең, яғни 30 тамызда Қазақстан Республикасы Конституциясының республикалық референдумда қабылданғанына 19 жыл толады. Қазақстандықтар үшін бұл əрқашан оң межелер мен арайлы мақсаттарға жетудің, яғни əлемдік қоғамдастық жолындағы азаматтарының əл-ауқатты жəне лайықты тұрмыс-тіршілігі қамтамасыз етілген, тəуелсіз, экономикалық дамыған мемлекет құру жолындағы алға басуын реттейтін іргелі құжат болып табылады. Ал еліміздің бұл Негізгі Заңы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың өзі ұйытқы болған, қиын-қыстау кезде миллиондаған қазақстандықты маңайына топтап, құжаттың жобасына дем берген көпжылдық ұжымдық жұмыстың нəтижесі болып табылады. Міне, осы орайда біз Конституциялық Кеңестің Төрағасы Игорь РОГОВКЕ жолығып, Негізгі Заңымыздың ел дамуындағы маңызы мен мəніне кеңірек тоқталып, айтып беруін сұраған едік.

Конституция – ел дамуыныѕ кепілі – Игорь Иванович, барымызды бағамдай отырып, тарих үшін қас-қағым кезең ішінде конституциялық құндылықтарды жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды деп қазір толықтай айта аламыз. Бұған Мемлекет басшысының өмірдің барлық саласында Конституцияның əлеуеті мейлінше жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге бағытталған орасан зор күші септігін тигізгені сөзсіз. Осы орайда ел тəуелсіздігінің

берік тігін, Ата Заңымыз дың өмір шеңдігін бекемдей түсер істер туралы айтып берсеңіз. – Өзіңізге белгілі, Елбасы бір неше рет қадап айтқандай, Конс титуция мен заңдар толық сақ талғанда, соның ішінде бірінші кезекте, аза мат тары мыздың өздері сақтағанда ғана, мем лекеттің тəуелсіздігі берік бола түседі. Мемлекеттік биліктің легитимдігі – даму деңгейі əр келкі, өңірлік, этностық, ді ни жəне т.б. ерек шеліктері бар кейбір елдердің қазіргі

өміріндегі маңызды проб лема ға айналды. Арнаулы əде биет терде легитимдік – (лат. legitimus – заңды) ұғымы кең ма ғынасын да əлеуметтік тəртіпті, іс-əрекет ті, тұлғаны немесе оқиғаны таниды жəне түсіндіреді, ал мемлекет теориясында легитимдік – кез келген өркениетті мемлекет тің өз ішінде де, халықаралық аренада да танылғанын білдіретін міндетті белгі болып табылады. Əлемдік практика көрсеткендей, мемлекеттің халықаралық

деңгейде жəне өз ішінде танылуы көп жағдайда осы елдің Негізгі Заңы қалай қабылдануына жəне қай деңгейде орындалуына байланысты болып келеді. Бұл Не гізгі Заң халықтың барлық сана тының мүддесін ескеріп, мемле кет тік билік пен басқаруды ұйымдастырудың демократия лық қағи даларына, құқық үстемді гіне, жап пай танылған халықаралық стандарттарға жəне т.б. сүйенуі тиіс. (Соңы 3-бетте).

 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні

Тажал оты ќалай сґндірілді?

Тарихтың қасіретті беттерінде Қазақстан Республикасы Президентінің қайталанбас құбылысы – КСРО ыдырап жатқан тұста барлық жауапкершілікті өз мойнына ала отырып, 1991 жылы 29 тамызда «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына қол қойып, егемен елдің ертеңі үшін үлкен тəуекелге барғаны дер едік. Осы тағдыршешті, терең пайымдалған Жарлық арқылы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев ядролық державалар басшыларына тағылым көрсетіп, қарусыз əлемнің көшбасшысына айналды. Борис ЖАПАРОВ,

Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының директоры, техника ғылымдарының докторы, профессор.

Владимир ШЕПЕЛЬ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ендеше, атом полигонының жабылуына байланысты жағдайдың шиеленісін көрсету үшін 65 жылға кейінге шегініп көрелік. 1947 жылы тамыз айында КСРО Министрлер Кеңесі жəне КОКП ОК-нің қаулысымен атом зарядтарын сынау үшін 1948 жылы КСРО-ның Қорғаныс министрлігінің №2 оқу полигоны, кейін Семей сынақ полигоны болған «объект

– 905» тау сейсмикалық стансасы құрылғанын «Өте құпия» құжаттардың құпиясы ашылған соң ғана біліп жүрміз. Сол кезде Қазақстанның жер кадастрынан Семей, Павлодар жəне Қарағанды облыстарының аумақтарынан 18500 шаршы шақырым жер əскери полигондар үшін алынады. 1949 жылдың 29 тамызында Семей полигонында ядролық қарудың ең алғашқы сынағы өткізілді, 1954 жылдың 12 қыр күйегінде термоядролық құрыл ғы, ал 1955 жылдың 22 қара шасында сутегі бомбасы бірінші рет жарылды. 1963 жылға дейін сынақтар əуеде өткізілген, ал кейін КСРО, АҚШ жəне Ұлыбритания арасындағы ядролық сынақтарды

атмосферада өткізуге шек қою туралы шартқа қол қойылғаннан кейін жер астына көшірілді. Ядролық сынақтардың жалпы саны 456-ны құрады, олардың 116-сы əуеде өткізілген. Бұл заряд тар дың жиынтық қуаты Хиросимаға 1945 жылы тасталған бомба қуатынан 2,5 мың есе артық болған!.. Радиация 300 мың шаршы шақырымнан артық аумаққа зиян келтірді. Бұл аумақ шамамен Германияның көлеміндей еді. 40 жыл бойы полигонда өткізілген сынақтар біртіндеп 1,5 миллионнан астам қазақстандықтарды ядролық сəулесімен шарпи берді. (Соңы 4-бетте).

халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелерді талқылады. Тараптар бірқа тар перспективалық бағыттарда ғы, сондай-ақ, халықаралық ұйымдар аясындағы өзара ықпалдастықты нығайту қажеттігін атап өтті.

Ґзара байланыс жалєасады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Бейсенбаев Польша Сенаты Заң шығару жұмыстары жөніндегі комитетінің төрағасы Петр Зентарскимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Жүздесу барысында Қазақстан мен Польшаның ынтымақтастығы мен парламентаралық байланыстарына қатысты кең ауқымды мəселелер талқыланды. А.Бейсенбаев қазақстандық парламентшілер польшалық əріптестерімен екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ, халықаралық парламенттік ұйымдар аясындағы байланыстарды дамытуға ниеттеніп отырғанын атап өтті. А.Бейсенбаев Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшысы болып табылатын Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының ХІІІ отырысын өткізуге əзірлік жайында жүздесушіні хабардар етті. Кездесу соңында А.Бейсенбаев Польша компанияларын халық аралық ЭКСПО-2017 көрмесіне белсенділікпен қатысуға шақырды. Кездесуге, сондай-ақ, Конс ти туциялық заңнама, сот жүйесі жəне құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы, Польша Сенатымен ынтымақтастық тобының жетекшісі Серік Ақылбай қатысты.

Бїгінгі нґмірде: Өрен жүйрік, хас тұлпар 2-бет

Бойға – қуат, жанға – шуақ сусындар

6-бет

«Ұлы Дала сазы» антологиясы

Ќўлжанбайєа теміржолмен барамын.

Рахмет, Елбасы!

«Əркімнің туған жері – Мысыр шəрі» деген қанатты сөз бар. Бұл сөз ақынға да, əкімге де, шахтерге де, актерге де қатысты. Ғафу ақынның бейнелі сөзімен айтсақ, туған жерге «кіндігінен байланғандар» оған айналып келмей тұра алмайды. Өз басым кіші отаным деп білетін Құлжанбай деген шағын ауыл бар еді. Ұлытау ауданының батыс шалғайында, Аралдың Қарақұмына сұғына кіріп жатқан осы кішкентай ауылда мектеп табалдырығын аттап, қолыма əліппе ұстағанмын. Балалық бал дəуренім өткен. Жетпісінші жылдары кеңшардың орталығы 40 шақырым жердегі Қоскөлге көшіріліп, менің Құлжанбайым құлазып қалды. Болашағы жоқ елді мекен ретінде көшкен елдің жұртына айналған туған ауылымды көңілімнің төрінде қастерлеп жүруден басқа амалым қалмаған еді. Бір өлеңімде: Мен өзім жер бетінде Құлжанбайдың, Мүддесін қорғап жүрген бір жандаймын. Қуаңшылық болса егер Құлжанбайда, Жетісуда жүрсем де, бүр жармаймын, – деп жүрек сөзімді арнағаным бар. Қай қиырда жүрсем де, кішкентай ауылымның тілеуін тілеп жүремін. Баяғы учаскелік аурухананың орнында қалған екі қарағаштан басқа тұлдыры жоқ ескі жұртты ойлаған сайын өзегім өртеніп, мазасыз күй кешемін. Тоқсаныншы жылдардың абыр-сабыры басталғанда, «Қоскөлдегі» кеңшар да таратылды. Жүз мың қойды, жылқы мен сиыр табындарын өріске шығарып, игілігін көріп отырған ауылдан бір-ақ күнде береке қашты. Кеңшар орталығынан салынған кеңсе, аурухана, машина-трактор шеберханасы секілді берік ғимараттар қиратылып, ойран-топыр болды. Кəсіп іздеген ел 300 шақырым жердегі Жезқазғанға қоныс аударып жатты. Ауылдан іргесін көтере алмаған 40-50 шаңырақ қана орнында қалды. Мектеп қалды. Қауқиған қарттар қалаға қарап көз сүзгеннен басқа амал таппады. Дəл осы тұста, 2007 жылы көшкен елдің жұртындай тастанды ауылға мешіт сала бастадым. Өз отбасымның тірнектеп жиған-терген қаржысына ғибадат үйін тұрғызудағы мақсатым ауыл шетіндегі зиратта тыным тауып жатқан аналарыма, əкелерім мен ағаларыма, кешегі колхоз құрылысының бар бейнетін бастан кешіріп, бұл жалғаннан жарытып қызық та көрмей-ақ момақан қалпында өмірден өткен ардақтыларыма салауат айтып тұратын Алланың үйін орнату еді. Бізден кейінгі балалар иманға үйірілсе екен деген арғы тілек те жоқ емес. Ағайынның жайы белгілі емес пе: «болашағы жоқ ауылда» біз мешіт сала бастағанда, сыртымыздан мысқылдап күлушілер де аз болған жоқ. Біз мойымадық. Туған ауылымызға бір жақсылық оралып келеріне сенумен болдық. Қарақұм төріндегі қараша ауылда имандылық үйінің құрылысын сəтімен аяқтап, ат шаптырып, балуан күрестіріп, ақындар айтысын өткізіп, арқа-жарқа той жасадық. Күткен күніміз алыс емес екен! Арада бес жыл өткенде Елбасымыздың пəрменімен «Жезқазған – Бейнеу» теміржолының құрылысы басталды да, ол небəрі екі жылдың ішінде біздің ауылдың үстін басып өтті. Құлжанбайға темір жол бекеті орнады. Ал мешіт бой көтерген Қоскөл ауылы аса маңызды жол торабына айналды. Қуатты депо құрылысы жедел жүріп жатыр. Жоспарланған жүзден астам тұрғын үйдің алғашқылары бой көтерді. Аурухана, мектеп, балабақша, наубайхана, көкөніс қоймасы сияқты аса маңызды нысандар келесі жылы іске қосылады. Ондаған ауыл адамына кəсіп табылып жатыр. Ана бір жылы ауылдан күдер үзіп, қалаға көшіп кеткендер енді Қоскөлден қоныс тебуге ынтық болуда. Жүк пойыздары əрі-бері жүйткіген болат жолдың оң жағында менің баяғы сыныптасым Қожамұрат Есенов мыңғыртып мал бағып, шаруа қожалығының рахатын көруде. Өз ағам Тұрсынның балалары да бірі мал өсіріп, бірі жол бойына жұмысқа орналасып, жаңа өзгерістердің бел ортасында жүр. Інім Марғұланның баласы Даниярды Алматыға алып келіп, теміржол қатынасының мамандарын даярлайтын колледжге оқуға бердім. Осы айтып отырған жағдайдың ертегіден несі кем? Ертегінің көкесі алда екен. Облыс əкімі түгілі, аудан басшылары ат ізін сала бермейтін біздің ауылды басып өткен болат жолдың бойындағы қозғалысты бастап беруге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі барды. Құрылысына мемлекет тарапынан 500 миллиард теңге жұмсалған күретамырдың солқылдап соға бастағанына өз қолымен тыныс берген Елбасы Ұлытау төрінде сұхбат өткізіп: – Бұл осы аймақтың тұрғындары үшін үлкен оқиға, зор бақыт, – деп жарияға жар салды. Сөз жоқ, зор бақыт. Адам айтса нанғысыз ертегінің оқиғасы. Алайда, бүгінгі өмірдің, өзгерген өңірдің, тəуелсіз тарихымыздың шынайы шындығы осындай. Мен енді туған ауылыма теміржолмен баратын болдым. Теміржол бекетінің аты – Құлжанбай. Бақыттан басым айналғандай. Жүрсін ЕРМАН, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлытау ауданының құрметті азаматы.

12-бет

АЛМАТЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.