АЙБЫНДЫ АСЫРЄАН АЙШЫЌТЫ АТА ЗАЅ Бїгінгі нґмірде: Мемлекет пен халыќтыѕ айнасы 6-бет Жер шарын ќауіпсіз мекен жасайыќ 7-бет
№165 (28643) 29 ТАМЫЗ СЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Ўлытау таєылымы 9-бет Аќ жол, Айдын!
16-бет
Ґзара ынтымаќтастыќ арта тїседі
Елдігіміздіѕ киелі кітабы
Кеше Астанадағы Тəуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ата Заңның 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті. Жиынға Қазақстанның Конституциялық Кеңесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығы, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, Қазақстанның Жоғарғы Соты, еліміздің Бас прокуратурасы, Қазақстанның Əділет, Сыртқы істер министрліктері, Астана қаласы əкімдігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Қазақ гуманитарлық заң университеті, сондай-ақ, Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясы ұйытқы болды.
Конференция жұмысына Үкімет мүшелері, Парламент палаталарының төрағалары мен депутаттары, Конституциялық Кеңес Төрағасы мен мүшелері, беделді халықаралық ұйымдар делегациялары, сонымен қатар, 28 елдің құқық қорғау мекемелері мен прокуратураларының, соттарының, конституциялық бақылау органдарының басшылары, отандық жəне шетелдік танымал заңгер-ғалымдар, саясаттанушылар мен сарапшылар қатысты. Ғылыми-тəжірибелік конференцияны ашқан Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Игорь Рогов Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың бастамаларына сəйкес, биылғы жылы ортақ тарихи тамыры бар бірқатар елеулі оқиғаның өтіп жатқанына
тоқталды. Олар – Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы жəне Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы. Еліміз Конституциясы тек қана қазіргі заманғы əлемдік құқықтық ғылымның жетістіктерін ғана емес, сондай-ақ, қазақ мемлекеттілігінің тұңғыш актілерінің əлеуетін де қамтыды. Оларға «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Тəуке ханның Жеті Жарғысы», сонымен қатар басқа да құқықтық-заңдық ережелерді жатқызуға болады. Ал 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Конституция Қазақстанның демократиялық, зайырлы-құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасуының, бекітілуінің, дамуының айшықты символына айналды», – деді И. Рогов.
Мерекелік концертті тамашалады
Тəуелсіздік сарайында өткен Қазақстан Конституциясының 20 жылдығына арналған «Конституция: бірлік, тұрақтылық, өркендеу» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция қорытындыланған соң, оған қатысушы мемлекет, қоғам қайраткерлері мен ғалымдар, шетелдік қонақтар Бейбітшілік жəне келісім сарайына бет алды. Эльмира МƏТІБАЕВА, «Егемен Қазақстан».
Мұнда Мəдениет жəне спорт министрлігі ұйымдастырған концерт өз тыңдаушылары мен көрер мендерін күтіп тұрған еді. Оны Елбасы Нұрсұл тан Назарбаев Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен бірге тамашалады. Кеш Конституцияға арналған арнайы бейнероликпен ашылды. Одан əрі «Мəңгілік Ел»
деп аталатын поэтикалық композиция орындалып, мəдени шара жалғасы «Славянский базар-2015» XXIV халықаралық эстрада əндерін орындаушылар конкурсының Гран-при иегері Димаш Құдайбергеновтің «Дайдидау» əнімен толықты. Сондай-ақ, концертте «Астана балет» Мемлекеттік би театрының бишілері мен əншілер Медет Чотабаев, Ардақ Бала жанова, Евгений Чайников жақсы өнер көрсетті.
Осыдан кейін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа сөз берілді. Қымбатты отандастар, қадірлі конференцияға қатысушылар, – деп бастады сөзін Мемлекет басшысы. – Баршаңызды мемлекеттігіміздің берік іргетасы – Конституциямыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтаймын! 30 тамыз – Қазақстан халқы тарихи таңдау жасаған ұлы бетбұрыс күні. Біз осыдан 20 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда Ата Заңымызды қабылдадық. Ескі мен жаңа тоқайласқан алмағайып кезеңде халқымыз барша əлемге бірлігі мен даналығын көрсетті. Жаңа Қазақстанның заманның талаптарына сай келетін Негізгі Заңының мəтінін бекітті. «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын Ата Заңымыз бойына еліміздің
ең басты құндылықтарын түгел сыйғыза білді. Мен Конституцияның 1 жылдығына арналған салтанатты жиында «Біз заң аясында өмір сүруді үйренуіміз керек» деген едім. Ата Заңымызбен жүріп өткен 20 жылға көз сала отырып бүгін «Біз заң аясында өмір сүретін елміз» деп мақтанышпен айта аламын. Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы. Елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат – тұрақтылық пен татулықтың тұғыры. Біздің Конституциямыз «Біз, ортақ тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деген сөздермен басталады. Негізгі Заңның осы сөздерде біздің басты құндылығымыз – елдің көпэтносты, көпконфессиялы халқының бірлігі көрініс тапқан. Біздің Отанымыз да осы сөздерден басталады! Бүгін, – деді Президент, – біз 1995 жылдың басында Қазақстанның тəуелсіздігі шыңырау шетіне тіреліп тұрды дегенді объективті түрде айта аламыз. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін мемлекет бола ма немесе болмай ма деген мəселе төтесінен қойылды. Ол сəтте Қазақстан шарасыз кедей жəне өз іс-қимылдары мен мүмкіндіктерінде шарасыз шектеулі болды. Бізде өзін-өзі басқарудың білімі де, тəжірибесі де болған жоқ жəне қазіргі заманғы мемлекет қалай қызмет істейді дегенді де көз алдымызға көмескі елестеттік. Біз егер өзіміз тез жəне батыл əрекет етпесек, онда бізде жаңа жəне тəуелсіз мемлекеттің орнына анархия болатынын білдік. Біз оны өзге елдер тəжірибесінен байқадық. (Жалғасы 2-бетте).
Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичтің елімізге ресми сапарына орай кеше Астанада екі елдің бизнес өкілдері бас қосқан бизнес-форум болып өтті. Оған Сербия Президентімен қатар Қазақстан ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов қатысты.
Сербиямен серіктестікте серпін бар Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Форумда сөйлеген сөзінде Үкімет басшысы Кəрім Мəсімов Қазақстан мен Сербия арасында ынтымақтастықтың əлеуеті зор екендігін атап өтті. «Бiз Сербия тарихы бай жəне тез дамитын экономикасы бар мемлекет екенiн бiлемiз. Оның географиялық жағдайы, тарихы мен дəстүрi, Сербия қайраткерлерiнiң бiрi Əулие Савва Сербский айтқандай, «батыста шығыс болуға, шығыста батыс болуға» мүмкiндiк бердi.
Бiздiң мемлекеттерiмiз арасындағы ынтымақтастық əлеуетi өте үлкен. Жан-жақты ынтымақтастықты дамыту үшiн көптеген мүмкiндiктер мен бағыттар бар. Қазақстан Сербия ның өңiрдегi негiзгi жəне келешегі зор сауда жəне инвестиция лық серiк тестерiнiң бiрi бола алады. 2015 жыл біздің өзара қарым-қатынасымыз үшін айрықша маңызды кезең. Қазақ стан дипломатиялық өкіл дігін Белградта ашып, Сербия азаматтары үшін визасыз режім енгізді. (Соңы 3-бетте).
Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесті. Ресми қарсы алу рəсімдері аяқталған соң, екі мемлекеттің басшылары алдымен шағын, одан əрі кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізді. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Қазақстан мен Югославия одақтас республикасы (Сербия оның құқылық мұрагері) арасындағы дипломатиялық
қатынас 1996 жылдың 10 желтоқсанында басталған. 2011 жылдың 23 маусымында Астанада Сербияның елшілігі ашылды. Ал 2014 жылдың 4 ақпанында Сербияда Қазақстан елшісі қызмет ете бастады.
Танымал ќазаќстандыќтарєа – Достастыќ наградалары
Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы қалыптасқан дəстүр бойынша қатысушы мемлекеттердің азаматтарын белсенді жұмысы жəне Достастықты нығайтуға қосқан зор үлесі үшін марапаттап отырады. 20142015 жылдары да игі дəстүр жалғасын тапты. Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынымы бойынша Қазақстанның мəдениет, спорт жəне бұқаралық ақпарат құралдарының танымал өкілдері ТМД ПАА-ның жоғары марапатымен атап өтілді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ортақ мəдени кеңістігін қалыптастыру жəне дамытудағы елеулі үлесі, мəдениет жəне өнер саласындағы ынтымақтастық идеясын іске асырғаны үшін Қазақстан Республикасы Композиторлар одағының жəне Қазақстан музыка қайраткерлері одағының мүшесі Юрий Аравин, əртіс Евгения Василькова, Оңтүстік Қазақстан облыстық драма театрының көркемдік жетекшісі Игорь Вербицкий, Қазақстанның
халық əртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, М.Əуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академия лық драма театрының əртісі Шы нар Жанысбекова, Қостанай облыстық орыс драма театрының бас режиссері Александр Лиопа, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Валерий Михайлов, Қазақстанның халық əртісі Нұрғали Нүсіпжанов, халықаралық конкурстардың лауреаты Альбина Оганесян, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық
Болашаќќа баєдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшы сы Гүлшара Əбдіқалықова Жапония Премьерминистрі С.Абэнің шақыруымен əйелдерге арналған «WAW! Tokyo 2015» атты бүкілəлемдік конференцияның екінші отырысына қатысу үшін жұмыс сапарымен Токиоға келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Екі ел арасындағы жоғары деңгейдегі сапарлар 2010 жылы басталып, қазан айында Сербияның сол кездегі Пре зиденті Б.Тадич Астанаға ресми сапармен келіп, Елбасы Н.Назар баевпен кездесу өткізген болатын. Одан басқа кездесулер Сыртқы істер министрлігі басшы қызметкерлерінің деңгейінде болды. (Соңы 3-бетте).
орыс драма театрының əртісі Михаил Токарев, Абай атындағы мемлекеттік опера жəне балет театрының əншісі Мейір Байнешов, Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Жұмабек Қадырқұлов, Б.Римова атындағы Алматы облыстық драма театрының əртісі Мұса Əжібеков, Теміртау балалар жəне жасөспірімдер театрының директоры Владимир Дроздецкий, М.Лермонтов атындағы мемле кеттік академиялық орыс драма театрының əртісі Нина Жмеренецкая, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Бəтима Зəуірбекова, Ақтөбе облыстық «Алақай» қуыршақ театрының директоры Əсия Құрманалина, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, режиссер Болат Ұзақов, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық Қазақ музыкалық-драма театрының көркемдік жетекшісі Əмір-Темір Хусейн «Мəдениет жəне өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» Құрметті белгісімен марапатталды.
(Соңы 4-бетте).
Мемлекеттік хатшы Жа пония Премьер-министрі С.Абэмен кездесті, сондай-ақ, Жапония ның Білім, мəдениет, спорт, ғылым жəне технологиялар министрі Х.Шимомурамен келіссөздер өткізді. Кездесуде тараптар Қазақстан мен Жапония арасындағы мəдени-гуманитарлық, сондай-ақ, спорт саласындағы ынтымақтастықтың даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. (Соңы 4-бетте).