Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметі əлемдік ауқымда жоғары бағаланатыны тағы да тиянақтала түсті: Біріккен Араб Əмірліктеріне жұмыс сапары барысында Елбасымызға «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығы табыс етілді. Елбасы мерейі – ел мерейі!
№211 (28434) 29 ҚАЗАН СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Елбасымыз – исламдыќ ќаржы бойынша жаћандыќ кґшбасшы
Марапаттау рəсімі болып ґтті Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Global Islamic Finance Awards ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапатталды, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының
аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Global
Islamic Finance Awards (GIFA) ұйымының «Исламдық қаржы бойынша жаһандық көшбасшы» сыйлығымен марапаттау рəсімі б о л ып ө т т і . М емл ек ет б а сшысына бұл награданы «Edbiz Consulting Limited»
компаниясының бас атқарушы директоры доктор Хумайон Дар тапсырды. Марапаттау рəсіміне Біріккен Араб Əмірліктерінің ВицеПрезиденті – Премьер-министрі, Дубай Əмірлігінің билеушісі шейх Мұхаммед бен Рашид Əл Мактум қатысты. Сыйлық ислам қаржы нарығын өңірлік жəне халықаралық деңгейде дамыту мен ілгерілетуде жеткен зор табыстар үшін берілді. (Соңы 2-бетте).
Басым баєыттар талќыланєан кездесу Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Əмірліктерінің Вице-Президенті – Премьер-министрі, Дубай Əмірлігінің билеушісі Мұхаммед бен Рашид Əл Мактуммен кездесті, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар өза ра іс-қимылдың сау да-эко но ми калық, инвестициялық, индустриялықинновациялық жə не кө ліклогистикалық салаларындағы басым бағыттарын талқылады.
Сондай-ақ, Каспий теңізінде бірқатар жобаларды бірлесе жүзеге асыру жə не Қорғас көлік-сервис торабын дамыту бойынша ынтымақтастықтың мүмкіндіктері қарастырылды.
Ќазаќстан – ислам əлемін дамытудыѕ табанды жаќтаушысы Елбасы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының «Экономикалық өсу жолындағы инновациялық серіктестік» тақырыбына арналған 10-шы отырысында сөз сөйледі. Қазақстан Президенті əлемдік энергетикалық ресурстардың
Экспорт еселене тїсуде
Кеше Үкімет отырысында Мемлекет басшысының көші-қон заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ ЕАЭО аясында өнеркəсіптік кооперацияға қатысты тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Бұл жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен отырыстың қорытынды брифингінде мəлім болды. Динара БІТІКОВА,
«Егемен Қазақстан».
Инвестициялар жəне даму ми нистрлігінің мəліметінше, Қа зақстан мен Кеден одағы ара сын дағы тауар айналымы өткен жыл дың қорытындысы бойынша 24,6 млрд. АҚШ долларын құрады, ал экспорттың жалпы көлемі шамамен 6 млрд. АҚШ долларына жеткен. Экспорт құрылымының өзгеру факторына оң баға беруге болады. Егер бұрын шикізаттық тауарлар басым болса, соңғы жылдары экспорт құрылымының өзгергені байқалады. Өңделген тауарлар көлемі шикізаттық тауарлардан
асып түскен. Ал қамтамасыз ететін дайын өнімнің жалпы сомасы бір миллиард доллардан асқан. Сонымен бірге, Ресей Федерациясының импортты алмастыру бағдарламасына қазақстандық кəсіпорындардың қатысуы бойынша жұмыс жүргізілуде. Соның нəтижесінде талдау жүргізіліп, қазақстандық өндірушілердің 30 тауар позициясы бойынша Ресейді сапалы өніммен қамтамасыз ету мүмкіндігі бар екенін анықталған. Əлеуетті экспорттың жалпы құны 6,7 млрд. АҚШ долларын құрайды. (Соңы 11-бетте).
24
саєат
Жексенбі күні өткен Брази лиядағы президенттік сайлауда іс басындағы президент Дилма Руссефф ханым сəл ғана басымдықпен жеңіске жетті. Сайлауда оған бір ғана үміткер – оппозиционер Аэсио Невес қарсы шыққан еді. Сайлау бюллетеньдерін есептеудің қорытындысы бойынша ол өзінің жеңілгенін мойындады. Украинада жексенбі күні өткен Жоғарғы радаға сайлауда президент Виктор Порошенконың блогы мен премьер-министр Арсений Яценюктің «Халықтық майдан» партиясы үлкен басымдықпен жеңіске жетті. Енді бұл екі саяси ұйым парламентте үлкен коалиция құра алады. Аталған екі саяси ұйым сайлаушылардың 20 пайыздан астам дауысын алған еді. Үстіміздегі қаржы жылы АҚШ-тың əскери экспорты 34,2 миллиард долларға жетті. Бұл
туралы Пентагонның баспасөз қызметі хабарлады. Өткен қаржы жылында аса ірі тапсырыс беруші Катар саналады. Ол жалпы құны 11 миллиард доллардың əскери техникасын сатып алмақшы екен. Біріккен Араб Əмірліктері тамыз айында 2,5 миллиард долларға 4569 бронды автомобиль үшін тапсырыс беріпті. Сирия күрдтері ресми Дамаскіден əскери көмек алғандарын жоққа шығарды. «Демократиялық одақ» партиясы төрағалары бірінің сөзіне қарағанда, бұл Кобани қаласын қоршауға алған исламистердің өтірік насихаты болып табылады. Исламистер аталған қаланы осы айдың басынан бері шабуылдап жатыр. Бүгінде шаһардың көп бөлігіне бақылау орнатып үлгерген. Исламистердің «Ан-Нахда» («Қайта өрлеу») партиясы Тунисте өткен парламент сайлауында жеңіліс тапты. Мұны аталған партияның өкілі Лотфи Зитун мойындаған. Сондай-ақ, ол елдегі саяси күштерді «Ан-Нахданы»
70 пайызына бақылау жасайтын Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына əлемдік ІЖӨ-нің тек 7,5 пайызы жəне жаһандық тауар айналымының 11,2 пайызы ғана тиесілі екенін айтты. Бұл ретте мұсылман əлемі халық санының өсуі, кедейлік,
құрамына қосатын коалиция жасақтауға шақырды. Елдегі зайырлы санатындағы «Нида Тунс» партиясы парламенттегі 217 дауыстың 80-ін алса, «АнНахданың» көрсеткіші – 67. Жапония жақын уақыттарда өзінің ресми құжаттарында Грузияны Джорджия деп атай тын болады. Осындай уағдаластыққа Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ мен Грузия президенті Георгий Маргвелашвили қол жеткізді. Грузия президенті Токиоға ресми сапармен келген болатын. Үш ресейлік Үндістанның батыс жағалауларында катердің апаты салдарынан қаза тапты. Ресейлік 10 турист теңізде дельфиндерді көру үшін катер жалдаған. Қатты толқыннан жүзу құралы Гоа штатындағы танымал Бутул жағажайынан 1 шақырым жерде аударылып қалған. 3 қыз катерден шығып үлгермесе керек. Ақпарат агенттіктері материалдары негізінде əзірленді.
табиғи ресурстардың біртіндеп сарқылуы, экологияның нашарлауы секілді елеулі мəселелерге кезігіп отыр. – Осы сын-қатерлерді лайықты қарсы алып, еңсеру үшін батыл ынтымақтастық жəне қажетті бастамалар қабылдау керек болады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына біздің елдің төрағалығы барысында
ислам əлемінің ХХІ ғасырдағы дамуының негізі ретіндегі жаңғыру мен реформаларға бағытталған ИЫҰ-ның Астана декларациясы қабылданғанын еске салды. – Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан ислам əлемін əрі қарай нығайту мен дамытудың табанды жақтаушысы болып қала береді, – деді Мемлекет басшысы. (Соңы 2-бетте).
Бүгінгі нөмірде:
МАРЌАКҐЛ-ШАНАЄАТЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 10-шы Дүниежүзілік ислам экономикалық форумының жұмысына қатысты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Ертіс суы 5-бет
7-8-беттер
Аќбоз атты 11-бет
АТТИЛА
Тəукенов 10-бет