АҚПАРАТТАР аєыны №207 (28685) 29 ҚАЗАН БЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ
Сенім грамоталарын ќабылдады Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бір қатар елдердің елшіл ер ін ен Сен ім грамотасын қабылдады. Атап айтқанда, Еуропалық одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Траян Лауренцю Христеа, Польша Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Мачей Ланг, Түркияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Невзат Ұянык, Венгрияның Төтенше жəне өкілетті елшісі Андраш Барани, Вьетнам Социалистік Республикасының Төтенше жəне өкілетті елшісі Доан Тхи Хиен Суан Қазақстан Республикасының Президентіне Сенім грамотасын тапсырды.
● Петропавлда балалар киімін тігетін фабрика өз жұмысын дөңгелете бастады. Мұнда 145 адам еңбек етеді. Цех басшысы алдағы уақытта киім тігетін тағы шамамен 80 маманды жұмыспен қамтуды көздеп отыр. Ал еліміздің тұтынушылары фабрика өнімдерін 2016 жылдың ақпан айында сатып ала алады. Ол IRBY маркасымен шығарылмақ.
«Егемен Қазақстан».
асыруға, «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруға, халықаралық ЭКСПО-2017 көр месін өткізу дайындығы мен бес институттық реформаға қатысты мəселелерге тоқталып өтті. Осы ретте, Мемлекет басшысы бұл бастаманың бəрі тиімді ынтымақтастық үшін жаңа перспективаларға мүмкіндік беретінін айтты. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев күн тəртібіндегі сыртқы саясат мəселелеріне тоқталды. «Бір ай бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының мерейтойлық 70-ші сессиясы ашылғаны белгілі. Ондағы пікірсайыстар
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ҚасымЖомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырəліні оның өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Академия жўмысы ґрістеу їстінде Түркітілдес мемлекеттердің басшылары Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша халықаралық ұйым ретінде құрған академия қыз ме тінің өзекті мəселелері талқыланды. Д.Қыдырəлі академияның зерттеу, ағарту жəне баспа жұмыстары туралы хабардар етті, сондай-ақ, ХVIII ғасырдағы қазақ дипломатиясы туралы шетелдік
мұрағаттарда табылған тарихи түпнұсқа құжаттар негізінде жазылған жаңа кітаптарды таныстырды. Халықаралық Түркі академиясының президенті 2016 жылы БҰҰ-ның штаб-пəтерінде «Жібек жолының бойындағы үнқатысу» тақырыбы бойынша дипломаттар мен түрлі елдердің ғалымдары кеңінен қатысатын отырыс өткізу туралы жоспарымен бөлісті.
Таєайындау
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Сержан Оралбайұлы Əбдікəрімов Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. *** Мемлекет басшысының Өкімімен Мəди Бəкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколы бастығының орынбасары Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы міндетін уақытша атқарудан босатылды.
Бїгінгі нґмірде: «Ислам терроризмге ќарсы» 6-бет
● Алматыда «Қазақстанда жасалған» деген атпен көрме өтті. Онда азықтүлік, құрылыс, жиһаз, киім, арнайы техника, құралжабдық, кəдесый жəне полиграфиялық өнім өндірісі саласынан 100 компанияның тауарлары көпшілікке ұсынылды. Айта кетейік, еліміз бойынша «Даму» қоры 2010 жылдан бастап 23 мың кəсіпкерге қаржылық қолдау көрсеткен. ● Шымкентте Қазақстандағы ең үлкен саудаойын-сауық орталығы салынбақшы. Облыс əкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аумағы 38 гектар жерді алатын Shymkent mall орталығында дүкеннен бастап 3,5 мың көлік сиятын автотұрақ болады. Ал жобаның құны 42 млрд. теңгені құрамақ.
Динара БІТІКОВА,
Сенім грамоталарын тапсыру рəсімінде Мемлекет басшысы дипломаттарды біздің елдегі қызметтерінің басталуымен құттықтады, сондай-ақ, олардың Қазақстанға мазмұнды əрі маңыз ды оқиғаларға толы кезеңде келгенін атап өтті. «Қазақстан халқы жуырда Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтті. Бұл – қазақ ұлты мен мемлекеттілігінің қалыптасуында зор рөл атқарған елдік құрылым. Ерте заманда бұл Ұлы Даладан Шығыс пен Батысты жалғаған Ұлы Жібек жолының бір бөлігі өтіп жатқан. Қазақстан сол дəстүрді жаңғырта отырып, өз дамуының жаңа белесіне көтерілді. Елімізде «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасы іске асырылуда. Оның мақсаты – Қазақстанның көлік-транзиттік əлеуетін барынша арттыру», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге
● Астанада халықаралық қоғамдық Көлік одағының кеңсесі ашылады. Яғни, халықаралық инвестициялық форум аясында «ASTRA» қалалық көліктік басқару компаниясы таныстырылды. Сонымен қатар, өнеркəсіптің негізгі бағыттары көлік, көлік жоспарлау, көлік инфрақұрылымы жəне көлік кешенін басқару екені айтылды.
Ќазаќ медицинасыныѕ майталманы 15-бет
адамзат дамуының жаңа парадигмасын əзірлеудің аса қажеттігін дəлелдеп берді. Біз «Жаһандық Стратегиялық Бастама-2045» жоспарын ұсынамыз. Оның мəнісі – соғыстар мен қақтығыстардың себептеріне жол бермейтін стратегия жасау», – деді Қазақстан Президенті. Мемлекет басшысы XXI ғасыр да адамзаттың басты мақсаты ядролық қарусыз əлем орнықтыру болуға тиіс екенін, сол үшін Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Ядролық қарудан ада əлемге қол жеткізу жөніндегі жалпыға ортақ декларациясын
қабылдауды ұсынатынын айтты. Қазіргі уақытта терроризм мəселесі өте өзекті болып тұрғаны атап көрсетілді. Нұрсұлтан Назарбаев ислам радикализмі мен бейбітсүйгіш ислам ұғымдарының ара-жігін ажыратудың маңыздылығына назар аударды. Осыған байланысты біздің ел «Ислам терроризмге қарсы» атты форум өткізу туралы идея ұсынып отыр, деді Қазақстан басшысы. Қазақстан Президенті Еуропалық Одақ Қазақстанның əлемдегі басты сауда жəне инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. «Елдің жал пы тауар айналымы мен
шетелдік инвестиция көлемінің жартысына жуығы Еуроодаққа тиесілі. Менің Брюссельге былтырғы қазан айындағы сапарым кезінде біз Кеңейтілген серіктестік жəне ынтымақтастық туралы келісім жөніндегі, сондай-ақ, Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шарттары туралы келіссөздерді аяқтадық. Осы тарихи құжатқа қол қою үшін Еуроодақ басшылығының Астанаға ресми сапармен келуін күтеміз», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Венгрия халқын ортақ тарих пен мəдениет
байланыстыратынын айтты. «Екі елдің саяси, экономикалық жəне мəдени-гуманитарлық байланыстары стратегиялық серіктестік аясында дамып келеді. Біз Премьерминистр В.Орбанның биылғы сапарының қорытындысын жоғары бағалаймыз», – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев арада жоғары деңгейдегі өзара сенімді үнқатысу орнағанын айта келіп, Қазақстанның Польша Рес публикасымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін жеткізді. (Соңы 2-бетте).
Баєалы металды баєалайтын баєыт айќын Мəжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыповтың жетекшілігімен өткен палатаның кешегі жалпы отырысында 6 мəселе қаралды. Бұл жолы депутаттар назарына спорттық-бұқаралық, мəдени ойын-сауық шараларындағы қауіпсіздікті сақтау, бағалы металдар мен асыл тастар жəне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мəселелеріне қатысты заң жобалары ұсынылды. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».
Алдымен Мəжіліс депутаттары биылғы жылғы 13 қазанда мезгілсіз қайтыс болған əріптестері Сəкен Жылқайдаровтың депутаттық өкілеттігін мер зімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Бұл
ұсы нымды қарауды Орталық сайлау комиссиясы енгізді. Сəкен Егінбайұлы 1956 жылы Алматы облысының Көксу ауданында дүниеге келген. «Нұр Отан» партиясының мүшесі партиялық тізім бойынша 2012 жылғы қаңтардан бастап V сайланған Парламент Мəжілісінің депутаты.
Бұдан кейін депутаттар заң жобаларын қарады. Күн тəртібіндегі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мəдени ойын-сауық жəне басқа да іс-ша ралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мəселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда қолдау тапты. Заңдық құжат спорттық-бұқаралық, мəдени ойын-сауық жəне басқа да ісшараларын өткізуге қатысты құқықтық қатынастарды реттеуге бағытталған. Жергілікті ат қа рушы органдар шараларды өт кізу үшін ұйымдастыру
коми теттерін құрып, олардың қызметін үйлестіреді. Бұл жерде жеке тұлғалардың шараларға баруы кезіндегі тыйым салулары мен шектеулері кеңейтілмек. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, жеке тұлғаларға аталған шара лардағы мінез-құлықтың қағидаларын бұзғаны үшін əкімшілік жауаптылық енгізіледі. Жəне де бұқаралық шараларды өткізуге қатысты қоғамдық қауіпсіздік, төтенше жағдайлар желісі бойынша ережелерді бұзғаны үшін ондай шараларды жүзеге асыруға тыйым салынады. (Соңы 2-бетте).
● Қызылордада орыс ұлтының жастары «Тіл – парасат» атты байқауда бақ сынады. Шараның негізгі мақсаты мемлекеттік тілді меңгерген орыс жастарын анықтау жəне ынталандыру, тіл мəдениетінің деңгейін өсіру болып табылады. Байқау шартына сəйкес олар берілген тақырыпқа ауызша тұсаукесер жасап, эссе жазудан жəне үй тапсырмасы бойынша өз білімдерін көрсетуден сынға түсті. ● Павлодар облысында екі мешіт ашылды. Олардың бірі Александровка ауылында бой көтерді. Нысан «Абай» ЖШС мен ауыл тұрғындарының демеушілік қаражатымен салынған. Ал екінші мешіт Жолқұдық ауылында пайдалануға берілді. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.
● Оймақтай ой Халық даналығы əдетте нақылмен айтылады. Николай ДОБРОЛЮБОВ.