29112013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№264 (28203) 29 ҚАРАША ЖҰМА 2013 ЖЫЛ

Елбасы – Қазақстан Қарулы Күштерінің негізін салушы 2-бет Өнер қамқоры 3-бет Өркенді елдегі өрелі жұмыстар 4-5-беттер Болашақты болжаған бағдарлама 6-7-беттер

Арнайы ґкілді ќабылдады

Тапсырмалар орындалуымен ќўнды Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі, БҰҰ-ның Ауғанстанға көмек көрсету жөніндегі миссиясының басшысы Ян Кубишпен кездесу өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, өңірдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тетіктері, сондай-ақ Ауғанстан экономикасын қалпына келтіру мəселелері қаралды. Мемлекет басшысы Қазақстанның Ауғанстанды дамытуға, соның ішінде ауған студенттерін оқытуға бағытталған

түрлі жобаларды іске асыру арқылы көмек көрсетуді жалғастыруға дайын екенін атап өтті. Я.Кубиш Нұрсұлтан Назарбаевты келесі жылғы сəуірде өтуге тиіс президенттік сайлауға Ауғанстанның дайындығы барысы туралы хабардар етті, сондай-ақ БҰҰ-ның елдегі ахуалды тұрақтандыру бағытында күш-жігер жұмсап отырғаны туралы да айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Е.Т.Орынбаевты Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы

Ербол Тұрмаханұлы Орынбаев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 28 қараша. № 701

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

Г.Н.Əбдіқалықованы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары қызметіне тағайындау туралы

Гүлшара Наушақызы Əбдіқалықова Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2013 жылғы 28 қараша. № 702 ХРОНИКА

Мемлекет басшысының Өкімімен Гүлшара Наушақызы Əбдіқалықова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Əйелдер істері жəне отбасылықдемографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Экономика жəне бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Е.Досаев министрліктің биылғы 10 айдағы қызметі қорытындылары жəне Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Ол аталған кезеңде еліміздің ішкі жалпы өнімінің өсімі 5,8% болғанын, ал жыл қорытындысында болжамды 6%дық көрсеткішке қол жеткізу күтіліп отырғанын атап өтті. Қазақстан Президенті ел экономикасын одан əрі дамытуды қамтамасыз ету, əлеуметтік жаңғырту жүргізу, сондай-ақ,

шағын жəне орта бизнеске қолдау көрсету қажеттігін атап көрсетті. Министр мемлекеттік жəне салалық бағдарламаларға, олардың қайталануын жоюға жəне тиімділігін арттыруға бағытталған тексерісті аяқтау қорытындылары жөнінде ведомство жоспарлаған шаралар туралы да айтты. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мəселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

 Президент поштасынан

Елбасы ќызметіне ризашылыќ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Алматы қаласы ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының операторы, полиция старшинасы Г.Шыңғысовадан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Автор өз хатында Қазақстан əл-ауқатын арттыруға бағытПрезидентіне елімізді əлемнің талған қызметі үшін ризадамыған мемлекеттері қатарына шылығын білдіреді. қосу бағытында жүргізіп «Сіздің мемлекеттік қызотырған саясаты, сондай-ақ, меттегі кейбір адамдар атына барша қазақстандықтардың айтылған негізді сыныңызды

Жўмыс тобыныѕ тґртінші отырысы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Марат Тəжиннің төрағалығымен Ұлттық тарихты зерделеу мəселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының төртінші отырысы өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Ақордада алғашқы басқосу өткізілгеннен бергі алты ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындысы шығарылды. Отырысқа қатысушылар ұлттық тарихты зерделеу

жөнінде одан əрі атқарылар жұмыстар перспективаларын талқылады. Жұмыс тобының мүшелері оқу-əдістемелік жəне ғылымизерттеушілік сипаттағы

аса қанағаттанған сезіммен қабылдадым, онда халық тарапынан білдірілген сенімді ақтау қажеттігі атап өтілген», – делінген хатта. Бұған қоса, Г.Шыңғысова Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің зияткер ұлт қалыптастыру жəне талантты жастарға қолдау көрсетудегі рөлі зор екенін атап өтеді. Хат соңында автор «Қазақстан-2050» Стратегия сында алға қойылған міндеттердің іске асатынына сенімін білдіреді. проблема лар ға тал дау жасау аясында еліміздің же текші ұлттық жоғары оқу орындары – Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлт тық университеті мен Л.Н.Гумилев атын дағы Еуразия ұлттық университетінің тəжірибелерімен танысты. Сондай-ақ, мұражаймұрағат ісін дамытудың өзекті мəселелері қаралды. Отырыс қорытындысында уəкілетті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, республиканың оқу жəне ғылыми-зерттеу мекемелері үшін бірқатар ұсынымдар əзірленді.

Бўл – бірлікке бастайтын кїн

Кеше Тұңғыш Президент күніне орай, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – тəуелсіз мемлекеттің символы» тақырыбында ғылыми-тəжірибелік конференция ұйымдастырылып, онда мемлекеттің қалыптасуы, саяси жəне əлеуметтік-экономикалық реформалардың сəтті жүзеге асырылуы, бейбітшілік пен келісімді, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі Елбасының рөлі сынды мəселелер талқыланды. Лəйла ЕДІЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Жиынды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни верситетіндегі əлеуметтік ғылымдар факультеті философия кафедрасының меңгерушісі, академик Ғарифолла Есім ашты. Ғ.Есімнен кейін сөз алған Астана қаласы əкімінің орынбасары Аида Балаева: «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Бұл күн – барша отандастарымызды ынтымақ пен бірлікке бастайтын күн. Қазақта: «Тарихты тұлғалар жасайды», деген сөз бар. Əр ұлттың өзіндік тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалар болады. Олар қаншама уақыт өтсе, сол ұлттың данасы ретінде санаға бекіп, адамзаттың ортақ азаматына айналады. Бұл ретте, егемен

 Жаһандық жаңалық

Шанхай. Астана. Дубай... Сауытбек АБДРАХМАНОВ.

«Басты əңгіме арқауына айналып тұрған тақырып, əлемдік БАҚ беттерін 22 қараша күні кешке қарай аралап кете барған жаңалық – Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО-2017 көрмесінің Қазақстанда, оның жас елордасы Астанада өтетіндігі жөнінде ЕХРО Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 152-сессиясында осы ұйымға мүше 161 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нəтижесінде шешім қабылданғаны...» – өткен жылдың дəл осы күндерінде, 28 қарашада «Əлемге əйгілі» авторлық айдарының аясында жарияланған «ЭКСПО» атты мақаламыздағы осы сөздерді қазір сəл өзгерткен күйде, яғни «Басты əңгіме арқауына айналып тұрған тақырып, əлемдік БАҚ беттерін 27 қараша күні кешке қарай аралап кете барған жаңалық – Бүкіл дүниежүзілік ЭКСПО-2020 көрмесінің Біріккен Араб Əмірліктерінде, оның атақты қаласы Дубайда өтетіндігі жөнінде ЕХРО Халықаралық көрмелер

бюросы Бас Ассамблеясының Париждегі 154-сессиясында осы ұйымға мүше 163 мемлекеттің жасырын дауыс беруі нəтижесінде шешім қабылданғаны...» деп жазса да жарап жатқандай. Бұл оқиғаның шын мəнінде жаһандық жаңалық екендігі анық. Алдыңғы күннен бері Интернет сайттары «Право провести ЭКСПО-2020 получил Дубай», «ЭКСПО-2020» решили проводить в Дубае», «Екатеринбург проиграл Дубаю», «Екатеринбург Дубаю не ровня», «Екатеринбург остался без ЭКСПО-2020» деген сияқты сəл ғана құбылып келетін ұқсас тақырыптарға шүпірлеп тұр. Иə, ЭКСПО-2020-ны өткізу жолындағы əлемдік бəсеке мəреге жетті. ЕХРО Халықаралық көрмелер бюросы Бас Ассамблеясының əлем астанасы деп əспеттелетін əсем Парижде өткен 154-сессиясындағы жасырын дауыс беруде араб дүниесінің айтулы қаласы Дубайдың мойыны оқ бойы озық тұрды: үшінші, шешуші турда Дубай 116 дауыс, Екатеринбург 47 дауыс алды. Алғашқы турдан кейін

дауыс беруден Бразилияның Сан Паулу қаласы, екінші турдан кейін түріктің Измирі шығып қалған болатын. Ресей БАҚ-тары Париждегі шешімді елдің беделбағасын едəуір түсіретін жай деп бағалап отыр. Сібір өңіріндегі ең ірі қала Екатеринбург ЭКСПО-2020 бəсекесіне дайындалудай-ақ дайындалған болатын. Қаланың конкурстық ұсынымында көрмеге деп 500 гектар жер бөлінетіндігі айтылған еді. Екатеринбург жеңіске жете қалғанда онда өтетін көрме алып жататын ауқымы жағынан 2010 жылғы Шанхай көрмесінен кейінгі екінші орынға шығар еді. Көрші ел журналистері ЭКСПО көрмесі Ресей жерінде əлі күнге бір де бір рет өткізілмегенін, бұл бəсекеде жеңіске жетуге қаланың қуатты экономикасы да, ел президенті Владимир Путиннің шешуші турда дауыс беру алдында қатысушыларға арнаған сөзін ағылшынша жаттап алғаны да, Парижге Үкімет басшысы Дмитрий Медведевтің өзі барғаны да көмектеспегенін жарыса жазып жатыр. Свердловск облысының

губернаторы Евгений Куйвашевтің: «Иə, ЭКСПО-2020-ны өткізу құқы жолындағы күрес өте ауыр болды, біз лайықты қарсыластан жеңілдік. Əйтсе де, біздің осынау қиын бəсекеге қатысуымыздың өзі – нағыз жеңіс. Енді мен Свердловск облысы мен Екатеринбургті бүкіл əлемде таниды жəне құрметтейді, біздің белгілі бір дəрежеде сапа белгіміз бар, мұның өзі елеулі жай деп мақтанышпен айта аламын», деп мəлімдеуі Бүкіл дүниежүзілік көрмені өткізу құқына ие болу тұрмақ, сол жолда бəсекелесудің өзі қандайлық құрмет екендігін айшықты аша алады. Екатеринбургтен Дубайдың мерейі үстем болуы заңдылық екенін дауыс берудің нəтижесіндегі айқын басымдылық та аңғартып тұр. Бұйыртса, бір орайы келгенде Біріккен Араб Əмірліктеріне журналистік сапармен барып, газет оқырмандарына 2020 жылы дүн-дүниенің туристері қазіргіден де көбірек ағылатын қала, араб əлемінің көз жауын алар жауһары – Дубай туралы арнайы əңгімелеп қайтатын да болармыз. Қазірше мына жайды қадап айтамыз: əлемдік туризм орталықтарының біріне əлдеқашан айналған, қазірдің өзінде халқының саны екі жарым миллионға жуықтаған, 163 қабаттан

тұратын, биіктігі... 828 метрлік Бурдж Халифа сияқты көк тіреген керемет – əлемдегі ең зəулім ғимарат сияқты ғажайыптары ауыз ашқызып, көз жұмғызатын Дубай сынды қаланың өзі өткізу жолында таласып-тартысатын ЭКСПО көрмесінің құқын тəуелсіздігін жариялағанына жиырма екі жыл жаңа толып жатқан жас мемлекеттің тұсаукесері өткізілгеніне он бес жыл жаңа толып жатқан жас елордасының жеңіп алуы – елдігіміздің биік бір белесі, халқымыздың тамаша табысы, мемлекетті мығымдандырып, Арқа төсінде Астанадай аяулы қаланы асқақтатып, əлемге əйгілі еткен Елбасымыздың ерен ерлігінің арқасы. Бұл берекенің бəрінің бастауы осыдан жиырма екі жыл бұрын, 1991 жылғы 1 желтоқсанда – еліміз бүкілхалықтық сайлауда тұңғыш рет өзінің тарихи таңдауын жасаған, президенттік билік институтының негізін шындап қалап, өркениетті əлемнің көшіне қосылған күнде – енді екі күннен кейін Тұңғыш Президент күні ретінде тəуелсіздік тарихында екінші рет аталғалы отырған күнде жатқанын ұмытпайық, қолымызда бардың қадіріне жетейік, басымыздағы бақтың бағасын білейік, ардақты ағайын. Мемлекеттіліктің мерейлі мерекесі құтты болсын!

Қазақстанның негізін салудың жəне нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы Президент барша қазақстандық мойындаған жəне халықаралық қоғамдастық тарапынан құрметке ие болған жаһандық бастамалардың авторы», дей келе, Мемлекет басшысының жетекшілігімен кең ауқымды құқықтық, экономикалық, саяси жəне əлеуметтік реформалардың жүргізілгеніне тоқталды. Ал Астана қаласы мəсли хатының хатшысы Сансызбай Есілов: «2011 жылдың 1 желтоқсанында ел күнтізбесіне тағы бір атаулы дата – Тұңғыш Президент күні енгізілді. Қазақстан болашақтағы дамуының мықты іргетасы болып қаланған жылдар артта қалды. (Соңы 3-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.