29112014

Page 1

Бїгінгі нґмірде: Жаќын бауырластыќтан – жарќын болашаќќа 3-бет Ўшќыш Плис Нўрпейісов 6-бет Ќазаќтыѕ киіз їйі мен дəстїрлі кїйі 9-бет Оберон ќўпиясы. Ол не жўмбаќ? 14-бет

№234 (28457) 29 ҚАРАША СЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Наќты тапсырмалар берді

Елбасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Əбіқаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Н.Əбіқаев Мемлекет басшысына Комитеттің қазіргі жұмысы мен алдағы кезеңдегі негізгі міндеттері туралы баяндады. Кездесу барысында Қазақстан Президенті ел азаматтарының Сирия аумағындағы əскери қимыл дарға қатысу оқиғаларына айрықша назар аудара отырып, халық аралық лаңкестік пен

экстремизм қатерлеріне қарсы тұруға бағытталған барлық қажетті шараларды қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ассамблея жылына дайындыќ пысыќталды Кеше Тəуелсіздік сарайында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Əбдіқалықованың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Кеңес жұмысын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов ашып, жүргізіп отырды. Бүгінгі отырыс Елбасының Жарлығымен 2015 жылдың Ассамблея жылы деп аталуына сəйкес атқарылатын ұлттық іс-шаралар жоспарын талқылауға арналады. Өңірлердегі Қазақстан халқы Ассамблеясының атқаратын іс-шаралары мен жаңа бастамалары, мемлекеттік органдар мен этномəдени орталықтардың ықпалдастығы сияқты мəселелер қарастырылатын болады, дей келіп Ералы Тоғжанов алғашқы сөзді кеңейтілген отырысқа қатысып отырған Мемлекеттік хатшы Г.Əбдіқалықоваға берді. Мемлекеттік хатшы өзінің сөзінде Ассамблея Кеңесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мен Қазақстан Тəуелсіздігі күндерінің қарсаңында өтіп отырғанын атап өтті. Қазақстан үшін Тұңғыш Президент жəне Тəуелсіздік бір-бірінен ажырағысыз киелі ұғымдар, олар

еліміздің жаңа тарихының жаңа кезеңін айқындайды. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н.Назарбаевтың есімімен байланысты Тəуелсіздікке қол жеткізу тарихи жоғары əділеттілік пен нағыз еркіндікке қол жеткізудің, халық тың өз тағдырын дербес шешудегі егемендік құқығының қарышты қадамына айналды. Қазақстан Елбасының басшылығымен Қазақ мемлекеттілігінің көпғасырлық дəстүрін жалғастыра отырып, тарихи өлшем бойынша қысқа мерзімде жаһандық өзгерістің орасан зор жолын жүріп өтті. Сан тарапты транзиттік жағдай барысында халықаралық қоғамдастықпен танылған, бел ортасында заңды түрде Қазақстан халқы Ассамблеясы тұрған, бейбітшілік пен келісімнің бірегей моделі құрылды. Мемлекет басшысы халықтың бірлігі мен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігінің символы мен кепілі ретінде – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы болып табылады. (Соңы 5-бетте).

ТЎЅЄЫШ ПРЕЗИДЕНТ

Елбасы жəне ЭКСПО Адамзат ақыл-ойының тамаша табыстарының бірі – Бүкілəлемдік жетістіктер көрмесін ұйымдастырудың 160 жылдан астам тарихында Орталық Азия аймағы, тіпті ТМД мемлекеттерінің ешқайсысында да Халықаралық көрме жалауы желбіреп көрген жоқ. Осыдан тура екі жыл бұрын бұл құрметке тарихта алғаш рет Тəуелсіз Қазақстан ие болды. Бұл – Тұңғыш Президентіміз, əлемдік дəрежедегі сара саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық дəрежедегі үлкен беделінің арқасы екендігі даусыз. Егемен еліміз үшін ғасыр сыны іспетті осы бір жаһандық шараны өткізу бастамасы Мемлекет басшысының тікелей басшылығымен іс жүзіне асырылуда. Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ЭКСПО-2017-ні ұйымдастыру жəне өткізудің Ұлттық жоспары жасалынды. Төменде біз Елбасының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан осы бір ғасыр жобасының шешуші сəттерін тілге тиек етпекпіз. (Соңы 2-бетте).

Ќос ел парламентшілерініѕ басќосуы 27-28 қарашада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламентшілер ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы, ТМД Парламентаралық Ассамблеясының СанктПетербургтегі шараларына қатысуда. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Парламенттік Ассамблеясының жетін ші отырысы барысында депутаттар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын жақындастыру жəне үйлес тіру жөніндегі ҰҚШҰ ПА 2011-2015 жылдарға арналған ісқимыл бағдарламасын іске асыру барысын жəне ҰҚШҰ ПА-ның 2016-2020 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын қалыптастыруға арналған ұсыныстарды, сондай-ақ ҰҚШҰ аясындағы парламенттік ынтымақтастықтың ағымдағы мəселелерін қарады. ТМД ПАА Кеңесінің отырысында қатысушы мемлекеттер парламенттерінің басшылары үлгі заң шығару жоспарына түзетулерді, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына əзірлікті, Достастық аясындағы бірқатар бірлескен форумдарды, сондай-ақ 2015 жылға арналған ТМД ПАА жұмысының жоспарын қосқанда күн тəртібіндегі жиырмадан астам

Баєалы сəттерден естелік Кеше елордадағы «Назарбаев орталығы» ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «Ел қолдаған Елбасы» атты картиналар мен фотосуреттер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмені Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының қоры ұйымдастырды. Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».

Көрменің ашылу салтанатында Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қазақ елінің тарихында Тұңғыш Президенттің орны бөлек екенін,

осыдан 23 жыл бұрын өзіне үлкен міндет алып, егемен, дербес мемлекет құрған Президенттің бар лық көршілермен ел шекарасын анықтап алғанын, біраз жылдардың бедерінде өткізіліп жүр ген халықаралық үлкен фо румдар мен симпозиумдар

Кґѕіл айту жеделхатын жолдады Мемлекет басшысы танымал театр сыншысы, өнер қайраткері Əшірбек Сығайдың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтқан Мемлекет басшысы Ə.Сығайдың зиялылығы мен жоғары кəсіби деңгейін атап өтті. «Ол жемісті еңбек етіп, жауапты қызметтер атқарып, ғибратты өмір сүрді. Еліміздің мəдениеті мен өнерінің өркендеуіне зор үлес қосты, ал оның еңбегі əр жылдары республикамыздың жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді», – делінген жеделхатта. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ə.Сығайдың есімін халқымыз ұмытпайтынына сенім білдірді.

арқылы елімізді дүниежүзіне танытқанын айтты. Ол, сондай-ақ, экономикалық, климаттық түрлі қиын шылық барысында, тіпті дүниежүзіне салқынын тигізіп жатқан қаржы дағдарысы кезінде де Елбасының ел халқын күйзелтпегенін, əбіржітпегенін атап өтті. «Əлемдегі дағдарысты біз жақсы білеміз. Дамыған елдер дің өзінде ондаған нысандар жабылып, жалақы, зейнетақы қысқарып жатқанына қарамастан, біздің елде халықтың əл-ауқаты жақсарып келеді. Таяу күнде

өзекті мəселелерді талқылады. Парламенттер басшылары Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы Валентина Матвиенконы ТМД ПАА Кеңесінің Төрағасы етіп қайта сайлады. Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төрағасы Қабиболла Жақыпов 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ қызметінің басталуына орай ЕурАзЭҚ ПАА-ның жұмысы тоқтатылатынын хабарлады. Қ.Жақыпов Ассамблеяның парламентаралық қызметіне белсене қатысқаны, парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға сіңірген еңбегі үшін Сенат Төрағасы Қ.Тоқаевқа, Ресей Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрағасы В.Матвиенкоға, Ресей Федерациясы Мемлекеттік думасының Төрағасы С.Нарышкинге ЕурАзЭҚ ПАА-ның құрмет грамотасын табыс етті. (Соңы 4-бетте).

Тұңғыш Президент күні мерекесі тойланбақ. Соның алдында ұйымдастырылған осы шара ға қош келдіңіздер», деді Б.Сапарбаев. Назарбаев Университеттің ректоры Шигео Катсу салтанатты шарада Елбасының үш қырына тоқталды. «Біріншіден, Президент Назарбаевтың мемлекет құрудағы сарабдал əрі жүйелі саясатын айтқым келеді. Екіншіден, адам капиталына инвестиция жасауы, яғни халықтың денсаулығына көңіл бөліп, білім деңгейін арттыруға ерекше мəн беруі ойлантады. (Соңы 5-бетте).

Оќырман назарына! Заман талабына орай жаңарған «Егемен Қазақстан» газетінің сайтын енді əлеуметтік желілер арқылы оқу мүмкін болып отыр. Ол үшін, құрметті оқырман, мына көрсетілген сілтемелерді теру арқылы тікелей біздің сайтымызға өте аласыз.

ЕурАзЭЌ парламентаралыќ ассамблеясыныѕ жўмысы ќорытындыланды Палата Төрағасы Қабиболла Жақыпов бастаған мəжіліс депутаттарының делегациясы қараша айының 27-28 аралығында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД, ЕурАзЭҚ жəне ҰҚШҰ парламенттік ассамблеяларының іс-шараларына қатысты, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі. Ең алдымен, Еуразиялық экономикалық қауымдастық Парламентаралық Ассамблеясының Бюро жиналысы өтіп, онда құрылым қызметінің тоқтатылғандығы жария етілді. Ұйым жұмысын қорытындылаған Қазақстан Парламенті Мəжілісінің Төраға сы Қабиболла Жақыповтың атап өткеніндей, 2015 жылдың 1 қаңтарынан Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастайды. Мəжіліс Спикері аталған қауымдастықтың ЕАЭО қалыптастырудың негізін қалағанын алға тартты. ЕАЭҚ Парламенттік ассамблеясы қыз метінің басым бағытына назар аудара келіп, Төраға ЕурАзЭҚ басқа

басқарушы органдармен бірлесіп, Қауымдастықтың құқықтық базасын табысты қалыптастыруда айрықша рөл атқарды. Парламенттік Ассамблея сонымен бірге, заңнамалық актілер мен ұсынымдардың үлгілік жобасын жасауға барынша көңіл бөлді, деп атап өтті. Парламентаралық Ассамблея жұмыс істей бастаған 13 жылдан астам уақыт ішінде Қауымдастыққа мүшемемлекеттер парламенттерінің ұлттық-құқықтық жүйесінде кеңінен қолданылған 200-ден астам ережелер мен нормалар, нормативтік құқықтық актілер қабылданған. (Соңы 4-бетте).

Оѕтїстік орныќты істерімен озыќ тўр Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Оңтүстік Қазақстан облысының əкімі Асқар Мырзахметов баспасөз мəслихатын өткізді. Онда өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік жəне салалық бағдарламалардың орындалу барысы туралы əңгімелеп, журналистердің қойған сұрақтарына жауап берді. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Аймақ басшысы Елбасы Жолдауындағы тапсырмалар мен өңірді дамытуға қатысты арнайы «жол картасы» жасалып, бекітілгенін айтты. Қазір сол бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын, онда əлемде орын алып отырған жағдайға қатысты да нақты ісшаралар көрсетілгенін жеткізді. Бекітілген іс-шараларға орай арнайы штаб құрылып, орындалған жұмыстар апта сайын мамандар талқылауында болады екен. Онда негізінен республикаға қатысты – 4, ал облысқа қатысты 170 шара қамтылған көрінеді. Осы орайлы істі бір қайырып алған əкім, жылдың өткен 9 айында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндады. Облыстың жалпы өңірлік өнімі ағымдағы жылдың 9 айында 1,6 трлн. теңгені құрапты. Бұл өткен жылдың сəйкес кезеңінен 200 млрд. теңгеге артық екен. «Бұйыртса, жылды 6 пайыздық

өсіммен аяқтаймыз деген үміт бар. Мұны нақты санға шақсақ, ЖӨӨ 2,3 трлн. теңгені құрайтын болады. Индустрияландыру картасы бойынша 170 жоба іске асырылып жатыр. Бұл республикадағы

жобалардың 18,3 пайызын құрайды. Яғни республикада бұл жағынан бірінші орындамыз. Жобалардың 65 пайызы ауылдық жерлерде іске асып жатқанын айтқым келеді. Бүгінде 104 жоба іске қосылып, 9 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Жақында олар көкейкестілендіріліп, қосымша 53 жоба картаға енгізілді. Сөйтіп, жобалар саны 223-ке жетті», деді А.Мырзахметов. (Соңы 4-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.