29122015

Page 1

АҚПАРАТТАР аєыны №248 (28726) 29 ЖЕЛТОҚСАН СЕЙСЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Əскерилер ризашылыєы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылығымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Іс-шараға Президент Əкімшілігінің Басшысы Н.Нығматулин, Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев қатысты. Кеңес барысында Қарулы Күштер қызметінің 2015 жылғы

ел дің қорғаныс қабілетін жəне əскерлердің жауынгерлік

Қазақстан Республикасының Заңы Ќазаќстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындаєы Ќарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Ќарсы циклдік дамуды ќолдау) ратификациялау туралы 2015 жылғы 18 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялансын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ Астана, Ақорда, 2015 жылғы 28 желтоқсан. № 441-V ҚРЗ

Сенаттыѕ келісімі

Кеше Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 55-бабына сəйкес, Сенат В.Жұмақановты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы етіп тағайындауға келісімін берді. Парламенттің жоғарғы

палатасының төрағасы Президент Жарлығымен Сенат депутаты болып сайланған Нұртай Əбіқаевты құттықтады. Н.Əбіқаев Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып сайланды.

Достыќтыѕ діѕі берік Кеше Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жылының қорытындысы туралы баспасөз конференциясы өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Ералы Тоғжанов қатысты. Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Басқосуда Ералы Тоғжанов ҚХА-ның 20 жылдығына байланысты өткізілген іс-шараларға елдің барлық азаматтары, азаматтық қоғам институттары, мемлекеттік органдар белсене атсалысқанын айта келіп, барлық қалаларда, облыс жəне аудан орталықтарында, шалғай ауылдарда ҚХА жылының жалауы бір мезгілде көтерілгенін, сол сəттен осы күнге дейін республикамыздың 5 426 елді мекенінде 9,5 миллионнан астам адам қатысқан 30 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді. Одан əрі спикер Ассамблея жылы аясында 16 жалпыұлттық жоба жүзеге асырылғанына тоқталды.

«Ассамблея жылы қазақстандық этностар үшін мемлекеттік тілді игеру жылы болды. Мəселен, «Мың бала» жалпыұлттық мəдени-ағартушылық жобасы аясында 235 мыңнан астам бала қамтылған 7 863 іс-шара өткізілді. Соның нəтижесінде 44 мың бала мемлекеттік тілімізді оқып, үйренді. Бұдан бөлек, жалпыұлттық тарихи сананы нығайту бағытында нақты жұмыстар атқарылды. Атап айтсақ, саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Шерлі шежіре аманаты» халықаралық форумы, «Қаһармандықтың мəңгілік ғибраты», «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» жобалары іске асырылды жəне «Жеңіс жалыны» атты үштомдық шығарылды. (Соңы 4-бетте).

дайындығын арттыру жөніндегі қорытындылары талқыланды. Қазақстан Президенті əлемдік экономика мен халықаралық саясаттағы қиындықтарға қарамастан, еліміздің тұрақты дамығанын, дағдарысқа қарсы тиісті стратегиясын əзірлегенін жəне биылғы

жылды оң көрсеткіштермен аяқтап отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысы «Нұрлы Жол», индустриялық-инновациялық даму бағдарламалары мен Бес институттық реформаның кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқанын айтты. Қазақстан

2-бет

Бір ел, бір уаќыт, бір маќсат 5-бет

–––––––––––––––––––––– Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Конференцияєа əзірлік басталды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференциясына əзірлік жəне оны өткізу жөніндегі жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Шара 2016 жылғы 31 мамырда Астанада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлері съезі Хатшылығының XV кеңесі қарсаңында болады. Форумға

парламентшілер, əлемдік жəне дəстүрлі діндердің, сондай-ақ, сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысады. Кеңеске Сенат Төрағасының

орынбасары Асқар Бейсенбаев, Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс жəне қауіпсіз дік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков, Сыртқы істер, Мəдениет жəне спорт министрліктерінің, Мəдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының, басқа да мүдделі мекемелердің өкілдері қатысты. Сенат Төрағасының пікірінше, «Діндер терроризмге қарсы» конференциясын өткізудің

маңыздылығын уақыттың өзі талап етіп отыр. Форум Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың бастама сымен өмірге келген Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезінің аясындағы саяси жəне діни қайраткерлердің үнқатысуындағы кезекті кезеңге айналады. Қ.Тоқаев конференцияның тұжырымдамалық жəне ұйымдастыру мəселелерін мұқият пысықтау қажеттігіне жиналғандардың назарын аударды.

Жўмыс бірлесе атќарєанда ўтымды Кеше Мəжіліс Төрағасының орынбасары Абай Тасболатовтың жетекшілігімен биылғы жылдың соңғы кезекті Үкімет сағаты болып өтті. Онда «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары» деген тақырып қаралып, Ұлттық экономика министрі баяндама жасады. Асқар ТҰРАПБАЙҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».

Елбасымыз дағдарысқа қарсы басты бағдарламаны бекітіп берді, ол мынадай маңызды үш бағыттан тұратынын баршаңыз білесіздер. Біріншіден, экономикалық өсім. Екіншіден, экономиканың, қоғам мен мемлекеттің тұрақтылығын

қамтамасыз ететін реформалар. Үшіншіден, қоғамның барлық саласын үздіксіз жаңғырту жолымен дамыту болып табылады. Бізде ұзақ мерзімді, орта мерзімді жəне таяу перспективаға арналған іс-қимыл жоспарымыз бар. Біз «Бес институттық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге

Мўнай баєасыныѕ ќўбылуынан ќауіп жоќ Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов баспасөз мəслихатын өткізді. Ол министрліктің алқа отырысында кірістерді сақтап қалу жəне көбейту міндеттері талқыланғанын айтты. Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ, «Егемен Қазақстан».

Аяқталғалы тұрған жыл Қазақстан экономикасы үшін аса күрделі болға нын білдірген министр мына жайларға назар аударды. «Көптеген экономистердің болжамы бойынша, бүгінгі экономикалық дағдарыс бірнеше жылға созылуы мүмкін. «Жығылғанға

жұдырық» деген дей, Қазақстанның экспорттық тауарларының, яғни металдардың бағасы мен оларға деген сұраныс азайып келеді. Бұған Еуропа, Ресей мен Қытайды қоса алғанда, жалпы əлемде сауда-саттықтағы біздің негізгі əріптес елдерімізде экономикалық өсімнің төмендеуі де ықпал етті. (Соңы 4-бетте).

Бїгінгі нґмірде: Мəртебелі міндет

Президенті бұл орайдағы қадамдар алға қойылған ауқымды міндеттерді белсенді түрде əрі нəтижелі жүзеге асыруды қажет ететініне тоқталды. Нұрсұлтан Назарбаев армияның қазіргі заманғы əскери жəне террорлық қатерлердің алдын алу

жəне болдырмау үшін атқаратын рөлінің маңыздылығын атап өтті. – Əрбір қазақстандық өз қауіпсіздігі туралы ойлай отырып, ең алдымен Қарулы Күштерімізге үміт артады. Сондықтан ешқайсыңыз мұны ұмытпауларыңыз керек. Сіздер өздеріңіз əрдайым тас-түйін дайын тұруларыңыз керек жəне бес қаруларыңыз сай болғаны жөн. Мемлекет өз тарапынан армияға қажетті барлық жағдайды жасауға тиіс. Сіздердің міндеттеріңіз – офицерлер мен сарбаздарды тəрбиелеу жəне сапалы деңгейде даярлау, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Жоғарғы Бас қолбасшы Қарулы Күштердің əскери қызметшілері қарулы қақтығыстардың жаңа үрдістері мен ерекшеліктерін ескеру керектігін, кəсіби, жауынгерлік жəне моральдық-психологиялық даярлық деңгейін ұдайы арттырып отыруға тиістігін айтты. Іс-шара соңында Мемлекет басшысы Қарулы Күштерді 2016 жылы дамытуға байланысты бірқатар міндет қойды жəне офицерлерді алдағы мерекемен құттықтап, басшылық құрамға жаңа қызмет көліктерінің кілтін тапсырды.

Халќыныѕ ќайратты ўлы еді 6-бет

Аяз Ата їшін астындаєы «атын» сатќан 14-бет

асырып жатырмыз, оның ауқымы үлкен əрі маңызы өте зор, деді Абай Бөлекбайұлы. Вице-спикер бұл ретте Елбасы алға қойған міндеттерді іске асыруда Үкімет пен Ұлттық банктің экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша 2016-2018 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы ісқимыл жоспары маңызды жəне шешуші қадам болып та былатынын атады. Ал бұл жоспар қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру жəне экономикалық бəсекені ынталандыру, инвестициялық жəне əлеу меттік саясат жөніндегі шараларды, сондай-ақ, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары шеңберінде

реформаларды тереңдету жөніндегі шараларды қамтиды. «Біздің бірінші кезекті əрі маңызды мақсатымыз Елбасы алдымызға қойған Қазақстанның жаһандық нақты жағдайда орнықты дамуы үшін дағдарысқа қарсы кешенді бағдарламаларды орындау жөніндегі міндеттерді іске асыру болып табылады. Осыған байланысты, құрметті депутаттар, біз бүгінгі Үкімет сағатын Үкіметтің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарына арнап отырмыз. Бұл Парламент пен Үкіметтің өзара бірлесіп жемісті жұмыс жасауы үшін қажет», – дей келіп, Төрағаның орынбасары сөзді Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа берді. (Соңы 4-бетте).

● Тосын табиғат

Ќар ќўрсауында Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

Алтайдың алты айлық қысы кəріне мінді. Соңғы күндері қатты жел үрлеген сіре қар жол қозғалысына айтарлықтай тосқауыл болды. Кейбір бағыттарда бірнеше күн бойы жол жабық. Тіпті, кей тұстағы көлік бойын жасырған нар қар таңғалдырады. Қалың қардың түсуі мен қарлы бұрқасынның тыйылмауына байланысты өңірдің Үржар, Зырян, Риддер, Шемонайха, Глубокое, Зайсан сынды бірқатар қалалары мен аудандары арасындағы жол қозғалысына қойылған шектеу əлі күшінде. Атап айтқанда, Өскемен – Таулы Үлбі – Северное, Өскемен – Риддер – Ресей шекарасы, Өскемен – Семей, Өскемен – Шемонайха – Ресей шекарасы, Семей – Ресей шекарасы, Шемонайха – Секисовка, Алматы – Өскемен (Қайсенов кенті мен Қалбатау ауылы арасы), Тарғын – Самар, Омбы – Майқапшағай,

Аягөз – Ақсуат, Бородулиха – Жезкент жолдары жабық. Жол бойында патрульдік қызмет кезекшілік етіп жүр. Алдыңғы тəулікте Шығыс Қазақстан облысында қалың қар құрсауында қалған 117

● Еліміздің төрт облысында автожолдарды жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, Қарағанды, Қостанай, Атырау жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы автожол, шекаралық өткел мен көпірлер күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, пайдалануға берілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. ● Биыл Астанада 1,5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй салынды. Қалалық əкімдік баспасөз қызметінің мəлімдеуінше, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,6 есе артық. Сондай-ақ, жыл басынан бері шаһарда 18 мыңнан астам жұмыс орны ашылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызға төмендеді. ● Алматы қалалық кəсіпкерлер палатасының қатысуымен қорғалған биылғы құқықтар мен мүдделердің жалпы құны 84,3 млрд. теңгені құрайды. Аталған палатаның директоры Юрий Тілеумұратовтың айтуынша, оның ішінде кəсіпкерлердің құқығы 400 млн. теңгеге қорғалған. Жалпы, биыл алматылық кəсіпкерлер тарапынан 1 400 өтініш келіп түскен. ● Қостанай облысында «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде балабақшаларға 692,4 млн. теңге бөлінді. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Камил Ибрагимовтің сөзіне қарағанда, қаржының бір бөлігі жаңа балабақша құрылысына жұмсалса, енді бір бөлігі мемлекеттік тапсырыс бо йын ша өңірдің төрт қаласында бүлдіршіндерді балабақшаларға орналастыруға бағытталмақ. ● Көкшетауда өткен азықтүлік жəрмеңкесінде 517,5 тонна өнім саудаға шығарылды. Жалпы құны 220,2 млн. теңге болатын бұл азық-түлік өнімдерін Ақмола облысының Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Еңбекшілдер аудандары мен Көкшетау қаласының тауар өндірушілері өндірген. Жəрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарықтағыдан 15-20 пайыз арзан бағаға сатылды. ● Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысында 19 100ден астам адам жұмыспен қамтылды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқар масы басшысының орынбасары Самат Хангереев атап өткендей, соның 17 785-і жұмыссыздар болған. Аталған игі іс жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспарына сəйкес жүзеге асырылды. ● Осы жылдың 9 айында Алматы облысындағы туроператорлар 2,6 млрд. теңгеге қызмет көрсетті. Облыс əкімінің орынбасары Серік Тұрдалиевтің сөзіне сүйенсек, осынша қаржыға 200 мың туристке қызметтер ұсынылған. Сондай-ақ, биыл Жетісу өңіріндегі туризмді дамыту үшін құны 6,1 млрд. теңге болатын 26 жаңа нысан пайдалануға берілгенін атап өткен жөн. ● Қарағанды облысының Нұра ауданына қарасты Шахтерское ауылында ауыл шаруашылығы кəсіпорнының қаражатына салынған жүзу бассейні ашылды. Облыс əкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, ғимараттың аумағы – 924 шаршы метр. Тереңдігі 1,6-2,2 м болатын бассейнде алты жүзу жолағы бар. Хабарлар Үкімет, облыстық əкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі жəне «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.

адам құтқарылды. Омбы – Майқапшағай жолында облыстық апаттық-құтқару жəне өрт сөндіру қызметінің құтқарушылары Байбура мен Даубай аталатын екі учаскеде жолаушыларға көмек көрсетті. Көкпекті ауданының аумағымен өтетін бұл жол учаскесі табиғаттың тыныш күнінде де борандатып тұрады. (Соңы 14-бетте).


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.