30012014

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№20 (28244) 30 ҚАҢТАР БЕЙСЕНБІ 2014 ЖЫЛ

Киноэпопеяныѕ шыєармашылыќ ўжымымен кездесті

Отар елдер кґрмесі 2-бет Еліміз – талантты, таєатты, еѕбекќор халыќтыѕ Отаны 4-5-беттер Тўлєа десе тўлєа еді 7-бет Тау алыстаєан сайын биіктейді 8-бет

 Өңір өмірі Кəдімгі көліктің дөңгелегі бар ғой, соны жерге көміп тастаса 100 жылдан соң шіри бастайды екен. Сонда əлгі дөңгелегіңіз жердің астында бір ғасырға дейін мұрты бұзылмай жата береді деген сөз. Бүгінде көлік көп. Екінің бірі мінеді. Ал сол қатынас құралдарының əрқайсысында жазда жүретін төрт, қыс мезгілінде салатын төрт дөңгелегі болатыны жəне рас. Дөңгелек дегенің мəңгілік емес. Əрі кетсе үш жылдан соң тозады. Сосын не істейсіз? Тастайсыз, əрине. Осылай ойлап қарасаңыз, Қазақстанда жарамсыз дөңгелектің жеткілікті екенін бірден ұғасыз. Мұның бəрін неге айтып отырмыз? «Мынаның бас ауыртатын басқа ештеңесі қалмаған ба?» деп ойлауыңыз да мүмкін. Айтқымыз келгені, Қызылордада жарамсыз дөңгелектерді əжетке жарататын зауыт ашылды.

Дґѕгелектен – дїние Ќызылордада ескі дґѕгелектерді ґѕдейтін зауыт ашылды Ержан БАЙТІЛЕС,

«Егемен Қазақстан».

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Елбасы жолы» киноэпопеясы шығар машылық ұжымымен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Фильмді түсірушілер Мемлекет басшысына кинолента еліміздің 25 қаласындағы 55 кинотеатрда көрсетілгені туралы хабарлады. Кездесу барысында шығармашылық топ өздерінің

қазіргі қызметтері жайында əңгімелеп, таяу келешекке арналған жоспарлары жөнінде ой бөлісті. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев атқарылған жұмыс үшін алғыс айтып, ұжымға шығармашылық табыс тіледі.

-----------------------------------------

Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

(«Елбасы жолы» киноэпопеясына қатысты əлеуметтік сауалдаманың мəліметтері мен 17 қызықты дерек 12-бетте жарияланып отыр).

Ќўрылымы ґзгермеген Ќылмыстыќ кодекс

Кеше Мəжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалық етуімен палатаның кезекті жалпы отырысы болды. Күн тəртібіне сəйкес онда бес мəселе қаралды. Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».

Соның ішіндегі ең маңыздысы Елбасының елдегі тəртіпті күшей туге байланысты берілген тапсырмасына сəйкес жасалған

Қылмыстық кодексті жетілдіру жобасы бірінші оқылымда талқыланды. Жаңа Кодекс туралы баяндаманы Бас прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель жасады. Кодексте біз қылмыстың кейбір жаңа түрлеріне

Ґндірісті ґѕірдегі ґркенді істер

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді. Үкімет басшысының жұмыс сапарының мақсаты аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуымен, салалық мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысу болып табылады. Сатыбалды СƏУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан».

Серік Ахметов аймақтың бірқатар өнеркəсіп орындарында болды. Ол ең бірінші Қазақстан қара металлургиясының қарлығашы – ENRC компаниясының құрамына кіретін «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акцио нерлік қоғамының филиалы – Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңадан салынып жат қан өндіріс орнына атбасын тіреді. «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының президенті Виктор Тиль жаңа зауыттың құрылысы, кəсіпорынның болашақ даму бағыттары туралы

тарата əңгімеледі. Оның айтуынша, бұл зауыттың жылдық қуаты 440 мың тонна жоғары сапалы көміртекті ферроқорытпа өндіруге мүмкіндік береді. Бірегей жобаның құны 843 миллион АҚШ доллары тұрады. Зауытта жоғары көміртекті феррохром, орта көміртекті феррохром, төмен көміртекті феррохром, ферросилиций, металлоконцентрат сияқты металлургиялық өнімдерден басқа қожды қиыршықтас, қождан жасалған отқа төзімді бұйымдар, əктас, оттегі, азот жəне көмірқышқыл газ шығару игерілген. (Соңы 2-бетте).

(Қоғамдық-саяси үдерістер Сарапшылық-жобалау бюросының сарапшылар тобы дайындаған мəліметтермен 3-беттен танысасыздар).

Зауытты қазақтар мен немістер бірігіп ашқан. Неміс жұртының осы іспен талай жылдан бері айналысып келе жатқан «Smart Rubber» деген компаниясы осы аттас серіктестікті Қазақстаннан ашып отыр. Ал Қызылорда жағынан зауыттың ашылуына тікелей мұрындық болып, қолұшын созған «Дорстрой» мекемесі. «Дорстройдың» директоры Мұрат Тілеулиевті əрбір іске сергек қарайтын, елге пайдалы іспен айналысатын азамат ретінде танитын едік. Мына бастамасы соның дəлеліндей болды. Бұрнағы күні тозған дөңгелектерді қорытып, оның ұнтақтарынан

асфальт жол мен спорт алаңдарына пайдалы зат шығаратын өңдеу зауытының тұсауы кесілді. Оған Қызылорда облысының əкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, зауыт жұмысына сəттілік тіледі. Екі жігіт зауыттың арғы басынан тозған дөңгелектерді салып тұр. Оныңызды құрылғы қылғытып жұтып жіберіп, бір шетінен майда ұнтақ ретінде шығарып жатыр. Сол ұнтақталған майда қиыршық бүгінде əр ауыл мен аулада салынып жатқан спорт алаңдарына пайдалануға таптырмас құрал екен. Одан бөлек, тас жолдың құрылысына да қолданыла беретін көрінеді. Ең ғажабы, осы ұнтақтардан тамшылатып суару əдісіне пайдаланатын түтікшелер

қарсы қолданылатын шараларды қарастырдық. Əсіресе, балалар мен жасөспірімдердің қылмысын əшкерелеу істері бұл Кодексте біршама толық қамтылды. Сонымен бірге, бірінші рет қылмыс жасағандарды, əлеуметтік əлсіз топтар өкілдері мен қарт адамдардың жасаған қылмысын жазалауды бұл заң біршама жеңілдетіп отыр. Десек те, біз бұрынғы Кодекстің құрылымын өзгертпей, сол күйінде қалдырдық, деді ол. (Соңы 2-бетте).

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан əрі – Тұжырымдама) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі екі ай мерзімде Тұжырымдаманы іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Əкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ. Астана, Ақорда, 2014 жылғы 21 қаңтар. № 741

-------------------------------------------

(Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының 2014 – 2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын 6-беттен оқисыздар).

 Араша

Астамшылыќ

Бұрынғы тергеуші, бүгінгі адвокат Рұстам Тоққожаның редакцияға жазған арызымен жəне оған тіркелген құжаттармен танысып шыққаннан кейін екіұдай ойда қалдық. Егер заңгердің өзі құқығы мен мүддесін қорғай алмаса, егер заңгердің өзі əділеттілікке қол жеткізе алмаса, басқа қарапайым жұрт қайтпек? Шарафаддин ƏМІРОВ, «Егемен Қазақстан».

Тал түсте қоғамдық орында бір топ адамнан таяқ жеп (Бостандық аудандық соты ғимаратының алдында), 21 күн ауруханада емделіп шыққан адвокат өзін соққыға жыққандарға қатысты қозғалған қылмыстық істің тапжылмай тұрғанына қынжылады. Біраз құзырлы орындарға шағымданғанымен нəтиже болмаған соң, «Егеменге» арызданыпты. Түсінікті болу үшін бəрін басынан бастайық. Ол өткен жылдың 1 тамызы күні соттасушы тараптың өкілі ретінде Алматы қаласы, Бостандық аудандық сотында өткен азаматтық іске қатысады. Бұл іс бойынша оның оппоненті – Хамедов Абильфас Муслимович болатын. Сот процесі аяқталғаннан кейін оған қатысушылар ғимараттан сыртқа шығады. Ғимарат алдында Хамедов жанында оққағары

жəне азаматтық іс бойынша өкілі Н.Вейсаловпен бірге Рұстам Тоққожаға келіп, қолынан жұлқылап, шетке шығарып əңгімелеспекші болады. Бірақ Тоққожа: «Мен айтарымның бəрін сот алдында айттым, сіздермен сөйлесетін сөзім жоқ», деп олармен сөйлесуден бас тартады. Оның қашқақтағанына қарамастан Хамедов адвокатты жұдырықтың астына алады. Жəне оған оққағары мен заңды өкілі де қосылып, Тоққожаны соққыға жығады. Көздері қарайған үшеу адвокаттың қолындағы құжатқа толы сөмкені тартып алу үшін əрекеттенеді. Сөмкедегі бұл құжаттар өзі үшін аса маңызды болғандықтан, қарсыласуға шамасы келмесе де қолындағы сөмкеден айырылмауға тырысады. Айғайлап жұртты көмекке шақырады. Сол кезде сот приставы мен кезекші полиция қызметкері келіп бұларды ажыратады.

Дегенмен, жеген таяқтың зардабы ауыр болғандықтан, сол жерге жедел жəрдем мен полиция шақыртылады. Көптеген дене жарақатын алып, бас сүйегіне зақым келгендіктен Рұстамға медициналық жəрдем көрсетіліп, ауру ханаға жатқызылады. Сотмедициналық сараптамасы адво каттың орта деңгейдегі жарақат ал ғанын дəлелдейтін қорытынды шығарады (№04-052079 сарапшы анықтамасының көшірмесі редакцияда сақтаулы). Нəтижесінде, Хамедовке қатысты қылмыстық іс қозғалады. Бірақ бұл қылмыстық іске қатысты айғақтардың жеткілікті болуына қарамастан, іс одан əрі жылжымайды. Түрлі қитұрқылыққа түседі. «Өзінің қылмыстық əрекеті үшін заң алдында да, жұрт алдында да, өзінің ары алдында да жауап бергісі келмейтін Абиль фас Хамедов қалай да əшкереленуі тиіс. Бұрынғы құқық қорғау қызметкері, бүгінгі адвокат ретінде мен мұндай істердің қалай «сынатынын», яғни істі қалай «сындыратынын» жақсы білемін. Сондықтан, барлық мүмкіндігімді салып, бұл істі жеріне жеткізуге тырысамын», дейді Рұстам Тоққожа. (Соңы 8-бетте).

де жасалады. Зауыттың екінші бетінде аталған қиыршықтардан түтікшенің құйылып жатқанын көрдік. Көлемі ортан теректей, ұзындығы – 100 метр. Ал енді келіп ойланамыз ғой. «Мынаны тамшылатып сурауға қалай пайдаланады?» деп. Сөйтсек, түтікшеңіз жұпжұмыр болғанмен, майда тесіктері бар екен. Бір басынан суды жалғап, оны қатты қысыммен жіберген кезде əлгі майда тесіктерден су ағады. Солайша, тамшылатып суару əдісіне қолданады. Ауылдың шалдары тосын жаңалық естісе «ай, өкімет-ай» деп отырушы еді. Мынаны шалдар көрсе таңғалғаннан шалқасынан түсетін шығар. Дегенмен, осы əдіс арқылы талай елдің көктеп отырғанын білеміз. Тіпті, тас пен құмнан тұратын Израильдің өзі тамшылатып суару арқылы жерін гүлдендіріп отырған жоқ па?! Судың тапшылығы сезілген мына заманда бұл зауыттың өнімі елге ерекше керек екенін байқайсыз. Жəне оны сырттан сатып алмай, өзіміздегі ескі дөңгелектерді қорытып шығарғанымыз тағы да қуанышқа бөлейді. Осы арада айта кетейік, бұл бəріміз айтып жүрген «жасыл экономика» қағидаттарына əбден сай келеді. Инновациялық жоба ретінде мойындалған. Мойындалғаны сол, аталған зауытты «Ұлттық технологиялық даму агенттігі» АҚ қолдап отыр. Оның үстіне Экологиялық кодекс талаптарын да тура орындайды. Себебі,

кодекс бойынша ескі дөңгелектерді өртеуге тыйым салынады. Аталған зауыт оны ұнтақтап, пайдалы іске айналдырып жатыр. Ең бастысы, мұндай зауыт Қазақстанның басқа ешқандай жерінде жоқ. Алғаш рет Қызылордада салынып отыр. Зауыт жұмысымен толықтай танысып шыққан Қырымбек Елеуұлы облыс экономикасын осындай индустриялық-инновациялық жобалардың арқасында дамыту керектігін, алдағы уақытта да заманауи технологияны пайдалана отырып елге пайдалы кəсіпорындарды көптеп ашу қажеттігін ерекше атап өтті. Айтпақшы, зауыт толық қуатымен жұмыс жасаған кезде жылына спорт алаңдарына пайдаланатын 270 тонна дөңгелек ұнтағын шығара алады. Бұл кемі төрт футбол алаңына жетеді. Оның сыртында қаншама ойын алаңдары жасалады. Сонымен қатар, жол құрылысына қолдануға болатын 440 тонна ұнтақ өндіреді. Мұныңыз 2,8 шақырым жолға жетеді. Сондай-ақ, тамшылатып суару əдісіне жарайтын 3,9 миллион метр түтікше шығарады. Ал бұл шамамен 200 гектар алқапты суаруға жарайды. Сонымен, зауыттың тұсауы кесілді. Алғашқы жұмысын бастады. Жаңадан қырық адамға жұмыс орны ашылды. Енді, тек тоқтап қалмай, жұмысын жалғастыра берсін деп тілейік. Қызылорда облысы.

 Айтайын дегенім...

Іс пен сґзде алшаќтыќ кґп Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Көріп жүргеніміздей, өз жеке ісін құрып, біржола кəсіпкерлікпен шұғылдануға талпынушылар біразының əлі де жолы оншалықты оңғарылмауы аз кездеспей отырған жайт. Былай алып қарағанда, оларға барлық жағдайлар жасалып, қолдау көрсетіліп жатқандай көрінгенімен, кедергілерге реніштілер сирер емес. Солардың бірі – «Қарқаралы АТП» ЖШС директоры Мəдияр Шамшиев. Кейбірімен тілдесуде аңғарылғандай, тиісті орындар тарапынан енжарлық пен самарқаулық адым аштырмайды. Жұмыстың басқа да буындарымен қабаттасып, ұштасуы алдымен өз мүдделерін көздеушілердің талаптарына байланысты өндімеуі, əсіресе, жиі ұшырасар қолбайлау демеске лажың жоқ. Мəселен, жоғары оқу орнын бітірісімен мамандығы бойын ша автокөлік түрлерін жөн деу ісін құрмақ болған жоғарыда аталған жас жігіттің тауы бірден шағылған. Неге? Электр қуатымен жабдықтаушы «КРЭК» компаниясының жергілікті тармағы өз қызметтері үшін қымбат баға белгілеп аяқтан бір шалса, инженерлік коммуникациялардың тартылмауы жəне етектен тартқан. Осы жайлар айтылып, түсіністік танытылуы өтінілгенімен, ешкімнің де құлақ аспауы ақыры бастапқыда еңбекке қамтылған 50 жұмысшыны 5-еуге дейін қысқартуға мəжбүр еткен. Енді үлкен үміт күткен іс құлдырағалы тұр. Жақында жұмыспен қамтуды

үйлестіру жəне əлеуметтік бағдарламалар басқармасында болғанда білгеніміздей, соңғы кезде облыста жеке кəсіпкерлікті жолға қою мақсатында несие алушылар саны едəуір азайыпты. Бұрын оған жұрт таласыптармасып жатушы еді. Талабын таудай қылуға ынта төмендеуі қалай? Сөйтсек, тайсақтаптартынудың еш жұмбағы жоқ екен. Жеңілдік несиеге қолдары жеткенімен, қаржы қайтарымына сенімсіздік қинайтын көрінеді. Əрі қарай ілгерілетуге өз мүмкіндіктері шамалы қаптаған қиындықтардың қол байлауынан үркиді. Соның салдарынан Қарқаралы, Ұлытау, Шет аудандарында несие алушылар мен қолдау қаражаты бөлінгендердің оны игермеуі ұшырасып жатыр. Елбасы Жолдауында «Бизнесті дамытуға кедергі келтіретін барлық енжар құқықтық нормалардың күшін жою керек» деп атап көрсетілгендей, ауыл кəсіпкерлеріне ережелер мен қағидаттарды жөнжосықсыз қыстырмалай беру де қаймықтыруын білеміз. Мұның, сондай-ақ, мынадай да себебі бар. Шағын жəне орта бизнесті қалыптастыруға ниеттенушілер көбі жолын білмейді. Былайша айтқанда, несиені ұқсата алмайды. Мұндай істі ұйымдастыруды, есеп-қисапты жүргізуді жетік білмейтін жандар тым болмаса қысқа мерзімді курстарда оқыту немесе көшпелі ақпараттық-насихаттық топтар кеңестеріне қамту тəрізді шаралардан бейхабар. Ал мəліметтерге қарасаңыз, басқаша. Міне, тағы бір қисынсыз жағдай осы. ҚАРАҒАНДЫ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.
30012014 by Egemen - Issuu