30/03/2013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Жаєдай ќалыпты

Өндірісі өркендеген Өскемен қаласы тұрғындарының биылғы қатал қыстан аман шығатын түрі бар. Желтоқсан мен қаңтардағы 40 градустан асатын ақшұнақ аязға қоса, мұнда қар жылдағыдан екі есе артық жауып, көктем бастала салысымен ауыртпалықтар жүктеді. Қатарынан бірнеше күн жауған жауын да тоң болып қатып жатқан қардың көбесін сөгіп, біразы еріп кетті. Қазір облыс орталығында қар тазалау аяқталуға жақын, тасқынның алдын алу шаралары атқарылуда.

№96 (28035) 30 НАУРЫЗ СЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Бўл – ќаржылыќ тўраќсыздыќ жаєдайында орныќты кґрсеткіш

«Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық, жолаушылар тасымалы жəне автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Жандос Байырхановқа: – Сіз бұған не дейсіз? – Сауал орынды. Қарашаның басынан басталған қар əлі күнге толас табатын түрі жоқ.Күні кеше жаңбыр, соңынан қар жауғанынан оқырмандар хабардар.Бір ғана мысал. Қарашаның 15-інен 31 желтоқсанға дейін қала ішінен 80350 текше метр қар шығарылды. 400 көше мен аулалар қардан екі рет тазартылды. Қалалық бюджет қыс мезгілінде қар тазалау, аулаларды тазарту жұмыстарына 369 615 мың теңге қаржы бөлген. 1 қаңтардан 1 наурызға дейін 244 342 текше метр қар қала сыртына шығарылды. 11 ақпанда облыс орталығында бір тəулік ішінде 80 сантиметр қар жауып, көшелерді тазалау жұмыстары қиынға түсті. Қала əкімі Серік Тəукебаевтың шешімімен қосымша техника бөлініп, айналасы бірнеше сағатта жолдар мен көлік аялдамалары қардан тазартылды. Қазір де қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Осыдан екі апта бұрын Сөгір кентіндегі бірнеше үйді су басқанымен, апаттың алдын алдық. Іле-шала Безымянный су көзінің арнасын аршып, Дмитриев көшесіндегі су өтетін құбырды кеңейттік. Су легі арта бастаса, құбырдың бітеліп қалу қаупінің алдын алдық. Соңғы екі-үш күннен бері облыс орталығында күн күрт жылыды, ауаның температурасы 12-14 градусқа көтерілді. Соған байланысты өзендер мен су ағатын көшелердің арнасын кеңейтіп, күзетті күшейттік. «Өскемен-Тəртіп», «Шығыс жолдары», «Ремдор», «Земстрой» серіктестіктері қазір тасқынның алдын алу шараларын жүргізіп жатыр. Олар өздеріне бекітіп берілген аумақтарды тазартып, қарды шығаруда, еріген судың арнасын тауып ағып кетуі үшін арықтар қазуда. Қаладағы қауіпті жерлер – Маховка өзені, Бражин жəне Жукова бұлақтары маңында тасқынның алдын алу жұмыстары қызу жүріп жатыр. Өскемендегі жағдай қалыпты, күрмеуі көп көктемнен аман шығамыз деген ниет бар.

Қазіргі таңда еліміздің трансплантолог дəрігерлері отаның осы бір күрделі түрін орындауға дайын отыр. Алматыдағы Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында бұған керекті алғышарттардың барлығы бар. Мұндағы мамандардың айтуларынша, жұмысты бастап кетуге əзірге тек донор органдар ғана жетіспей тұр.

Жїрек ояу ќашанда Оєан ота жасауды Ќазаќстан дəрігерлері де игерді Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2012 жылғы есебін қарауға арналған кеңес өткізді, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кеңеске Президент Əкімшілігінің Басшысы К.Мəсімов, Ұлттық Банк төрағасы Г.Марченко, Премьер-Министрдің орынбасары Қ.Келімбетов жəне Президент Əкімшілігі Басшысының орынбасары Б.Сұлтанов қатысты. – Ұлттық Банктің қызметі туралы дəстүрлі жылдық есепті қарай келе, біз бүгінде ел дамуының барлық макроэкономикалық көрсеткіштері қалыпты мөлшерде екенін көріп отырмыз. Əлемде қаржылық тұрақсыздық орын алып отырғанда, экономика өсімі 6 пайыз болғанын орнықты көрсеткіш деп санауға болады. Инфляция белгіленген шектен асқан жоқ, ұлттық валюта бағамы

тұрақты деңгейде, ал экономиканы кредиттеу жəне банктерді капиталдандыру артуда, – деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев осыған қарамастан тиісті шешімдер қабылдауды қажет ететін бірқатар мəселелер бар екенін атап өтті. – Экономиканың тұрақты өсі мі маңызды міндет болып қала береді. Үкімет пен Ұлттық Банк экономиканың өсу қарқыны төмендемеуі үшін жұмыс істеуі қажет жəне бұл үшін үйлестірілген ұсыныстар енгізу керек. Бұған қоса, біздің алдымызда зейнетақы жүйесін жетілдіру, атап айтқанда, бірыңғай зейнетақы қорын құру

мəселесі тұр, – деді Қазақстан Президенті. Г.Марченко 2012 жылдың қорытындысы жалпы оңды болғанын айтты. – Мысалы, егер банк секторындағы көрсеткіштер туралы айтсақ, онда банктер кредиті 13 пайызға артты, екі жылда олардың жалпы өсімі 29 пайызды құрады, ол уақытта Еуропада кредиттер деңгейі өскен жоқ, АҚШ-та ол 10 пайызға, Ұлыбританияда 5 пайызға төмендеді. Сондай-ақ, халықтың салымы 23,8 пайызға, сақтандыру сыйақысы 20,5 пайызға артты, зейнетақы қорларының активтері 20,2 пайыз ға ұлғайды, – деп мəлімдеді Ұлттық Банк төрағасы. Кеңес барысында Г.Марченко Мемлекет басшысына Ұлттық Банктің баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметі, қаржы-кредит саясатының жаңа трансмиссиялық тетіктері мен

Елшімен кездесті

Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше жəне өкілетті елшісі Олег Деминді қабылдады, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында Қазақстан-Украина қарым-қатынастарын одан əрі нығайту мəселелері бойынша əңгіме өрбіді. Екіжақты əріптестіктің даму қарқынын айта келе, С.Ахметов сауда-экономикалық, мəдени-гуманитарлық салалардағы

ӨСКЕМЕН.

 Жағымды жаңалық

Келісімшартпен əскерге кел! Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі азаматтарды əскер қатарына жаңа тəртіппен шақыру жұмысына үгіт-насихат ісін жалғастырып жатыр. Кеше Астана темір жол вокзалының екінші қабатындағы күту залында азаматтарды келісімшартпен əскер қатарына шақыру мақсатында арнайы жинау пункті жұмысын бастады. Онда теледидар арқылы əскери қызмет туралы түрлі бейнероликтерді тамашалап, журналдар мен буклеттерден шараның мəн-мазмұнын білуге болады. Көшпелі үгіттеу пункті өз қызметін таңғы сағат 9-да бастады. Қызығушылық танытқан азаматтардың барлық сұрақтарына келісімшартпен əскерге алу ісімен айналысатын Қорғаныс қызметі департаментінің

 Басты байлық

қызметкерлері жауап беріп тұрды. Қорғаныс министрлігі республика бойынша 34 жерде азаматтарды əскер қатарына жинау пунктін ашқан. Жаңа тəртіпке сай жиналған азаматтардың бəрі еріктілер, яғни өз еркімен əскер қатарына келгендер болуы шарт. Наурыздың бірінші күнінен бастап ашылған жинау пункттерінде келісімшартпен əскер қатарында қызмет еткісі келген жас азаматтар арнайы əңгімелесуден өтеді. Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің мəліметіне жүгінсек, бір айдың өзінде жинау пункттері запастағы 300 офицер мен 280-ге жуық азаматты келісімшарт бойынша əскери қызметке тартып үлгеріпті. «Егемен-ақпарат».

байланыстарды арттыра түсу керектігіне тоқталды. Үкімет басшысының айтуынша, бұл үшін зор əлеует бар жəне барлық қажетті жағдай жасалған. Пікір алысу барысында атап көрсетілгендей, Қазақстан мен Украина арасындағы

оның əдіс-тəсілдерін одан əрі жетілдіру, халықаралық активтерді əртараптандыру туралы баяндады, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің сыртқы қарызы мəселелері жөнінде əңгімеледі. Қазақстан Президенті есепті қарау қорытындысы бойынша инфляцияны болжанған деңгейде ұстап тұру жəне қаржы секторын одан əрі дамыту қажеттігі туралы нақты нұсқау берді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Үкіметпен бірлесіп, бірыңғай оператор арқылы төлем карточкалары қызметін көрсетудің орталықтандырылған жүйесін құру жөнінде ұсыныстар əзірлеу жəне Қазақстанның мүддесі тұрғысынан Біртұтас экономикалық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмысты күшейтуді тапсырды.

----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

тауар айналымы 24%-ға артып, өткен жылдың қорытындысы бойынша 5,5 млрд. АҚШ долларын құрады. Өз кезегінде О.Демин «біз өзара қарымқатынасты бағалаймыз жəне құрметтейміз», – дей келеУкраина жағының мемлекетаралық байланыстардың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екенін атап көрсетті. Сондай-ақ, кездесу барысында С.Ахметовтің үстіміздегі жылдың 4-5 сəуірінде Украинаға жасайтын ресми сапарына дайындық мəселесі талқыланды.

Əуелі «трансплантология» дегеніміз не, əңгімені содан бастайық. Медицинада адам мен жануарлардың органдары мен тіндерін ауыстырып салуға қызмет ететін бөлім осылай аталады. Тегінде қағидаттары өте көне замандардан белгілі болғанымен, экспериментті трансплантация негізін 1912 жылы Алексис Каррель деген ғалым қалаған екен. Ол осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алған. Алайда, бір адамның дене мүшесін екінші адамға ауыстырып салған бірінші дəрігер ол емес. Мұны 1933 жылы Украинадағы Херсон қаласында кеңес дəрігері Юрий Воронай орындады. Ал адам жүрегін ауыстырып салуды кеңес мектебінің тəжірибесінен өткен Оңтүстік Африка Республикасының хирургы Кристиан Бернард тұңғыш рет 1967 жылы жүзеге асырды. Ресейде бұл операцияны аса көрнекті хирург Валерий Шумаков 1987 жылы алғашқы болып қолға алды. Енді, міне, осындай күрделі опе рацияны жасауға Қазақстан дəрігер трансплантологтары да дайын қалыпқа келді. Бұл туралы

(Соңы 2-бетте).

 Оқыс оқиға

Моншаныѕ тґбеcі ќўлап тїсті Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Кеше кешкі сағат 18.15-те Орал қаласындағы №3 орталық монша ғимаратында төтенше жағдай орын алды. Бұл кезде қоғамдық орында адамдар моншаға түсіп, жуынып жатқан болатын. Осы сəтте ер адамдардың бөлімшесінде күтпеген жерден төбе жабындысы опырылып құлап түсті.

АҚПАРАТТАР аєыны  Қазақстанда негізгі ауылдарды дамыту үшін жаңа жоба қолға алынады. Үстіміздегі жылдан жүзеге аса бастайтын шаруа негізгі тіректі елді мекендерді одан əрі өркендетуді қолайлайды. Осы арқылы инфрақұрылымды жақсартуға мəн беріледі.  Биыл моноқала кəсіпкерлері 10 пайыздық мөлшерде субсидия алады. Бұл кеше «Даму» қорының екінші деңгейлі банктермен жəне лизингтік компаниялармен ынтымақтастық келісімін жасасуы арқасында мүмкін болды. Келісім 20 қаладағы кəсіпкерлерге қызмет етеді.  Маңғыстау кедені ірі көлемдегі экономикалық контрабанданы ұстады. Облыстық контрабандаға күрес бас қармасымен бірге жүргізілген «Жалған транзит» рейді аясында Батыс Қазақстан облысы тұрғындары атына келген тауарлардың ілеспе құжаттарға сəйкес еместігі белгілі болды. Ондағы тауарлар бағасы

Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы жүрек ишемиялық аурулары хирургиясы бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Арыстан Сейдалин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне айтып берді. «Біз шынында мұндай отаны жасауға əзірміз, – деді ол осыған орай. – Бұған қосарым, мен шетелдік əріптестеріміздің тəжірибелеріне сүйене отырып, тиісті органды бір жерден екінші жерге жеткізу шарасының барлық уақыттарда жол полициясы қызметкерлерінің бастап алып жүруімен атқарылуы тиіс екенін айтар едім. Бұл донор органды кешіктірмей, тез жеткізу үшін аса қажет. Ал бұған дейін біз орасан зор ұйымдастыру жұмыстарын атқардық. Бұлардың арасында күту қағазын дайындау, донор клиникалармен келісу, жеткізуші ұйымдардың алгоритмі секілді шаруалардан бөлек, дін иелерімен, жол полициясы жəне əкімдіктер басшыларымен жасалған біршама жұмыстар да бар. Мұның бəрі атқарылды. Ендігі қалып тұрған жалғыз нəрсе – бізге тек донор органдарды табу ғана керек».

көрсетілген құнынан бірнеше мың есе артық екені анықталды.  Приозерскіде қайта қалпына келтіруге жатпайтын 43 азаматтық-тұрғын үй бұзылды. Аталған мəселе бойынша 31 шарадан тұратын кешенді жоспар қолға алынды. Сонымен бір мезгілде қала инфрақұрылымын қолдау, №1 қазандық пен жылу желілерін қыс қа дайындау жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар үшін бюджеттен 12,6 млрд. теңге бөлінді.  Өскеменде суда есу спорты үшін арна салынады. Кəсіпкерлердің қала əкімдігімен меморандумға қол қоюлары арқылы орындалатын бұл нысан 2014 жылы пайдалануға беріледі. Ұзындығы 4150 метр болатын арна академиялық есу, байдаркада есу секілді спорт түрлерін қолға алу үшін жасалады.  Кеше Астанада Нұрғиса Тілендиев атындағы ІІІ музыкалық «Өз елім» фестивалі басталды. Оған еліміздің барлық аймақтарынан 70-тен астам

– Соның салдарынан үш адам жарақат алды. Оның біреуінің жағдайы өте ауыр. Зардап шеккендер шұғыл ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиға орын алған жер оқшауланып, оның орын алу себептері тексеріліп жатыр, – деді газет тілшісіне Орал қаласы бойынша төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы Талғат Еділбаев. ОРАЛ.

кəсіпқой домбырашылар, əншілер жəне дирижерлер қатысуда.Өнер мерекесі Қазақ ұлттық өнер университетінің концерт залында 1 сəуір күні мəреге жетеді.  Батыс Қазақстанда балабақшалардағы өзге ұлт бөбектері қазақ тілін білуден сынға түсті. «Қуыр, қуыр, қуырмаш» деген атпен өткен дəстүрлі байқауға Орал қаласы мен Теректі, Зеленов аудандарындағы балабақшалардан 16 бүлдіршін қатысты. Сайыста «Ақбота» балабақшасының тəрбиеленушісі Роман Постнов жеңімпаз атанды. Қоршаған ортаға келтірген зияны үшін «АрселорМиттал Теміртаудан» 504 млн. теңге өндіріледі. Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шығарған бұл шешім облыстық экология департаментінің экологиялық реттеу жəне бақылау комитетінің талап-арызы бойынша шығарылды. ҚазАқпарат, СА-NEWS (kz), Bnews.kz агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.