30/04/2013

Page 1

Бүгінгі нөмірде:

№117 (28056) 30 СƏУІР СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

Алтын адамнан – алтын ғасырға 2-бет Елімнің тағдыры – менің тағдырым! 4-бет Соғыс шындығы майдангер көзімен 5-бет Ауыз судың азабы 6-бет

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай «Ќайрат» – УЕФА ќайратты, мен жастарєа сенемін!» Кубогыныѕ иегері!  Мемлекет мерейі

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Іле Алатауының баурайында орналасқан «Арыстан» мамандандырылған əскери лицейінің құрылғанына 3 жыл толуына орай өткізілген лицей шəкірттерінің салтанатты Ант қабылдау рəсіміне қатысты. Қанат ЕСКЕНДІР,

«Егемен Қазақстан».

Лицей күнін мерекелеу дəстүрлі түрде шəкірттердің салтанатты Ант қабылдау рəсімімен басталды. Арыстандықтардың биылғы Ант қабылдау рəсімінің ерекшелігі, бұл салтанатты шараға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

арнайы келіп қатысты. Аталған шараны Қорғаныс министрі Əділбек Жақсыбеков, Білім жəне ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов, «Арыстан» мамандандырылған лицейі Қамқоршылық кеңесінің төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы Динара Құлыбаева, Алматы облысының əкімі Аңсар Мұсаханов пен Алматы

қаласының əкімі Ахметжан Есімов те тамашалады. Қазақстан Республикасының Əнұраны орындалғаннан кейін жиылған көпшілікке құрмет көрсете сөйлеген Ел басы «Тəуелсіздік жылдары Қазақстанда əскери оқу орындары көптеп ашылды. Бұл лицейдің ерекшелігі сол, ол мемлекеттік емес, жеке қаржыға салынды. Табысты бизнесмендердің өз ақшасын Отанымыздың дамуына салғаны маңызды. Лицейге түсу үшін елдің түрлі өңір лерінен келетін, тұрмысы

төмен отбасылардың балаларына басымдық беріледі. Сонымен қатар, конкурс арқылы лицейге үздік оқушылар түседі, олар кейін елдің жəне бүкіл əлемнің ең озық университеттерінде оқитын болады. Мұндай оқу орындарында болашақ көшбасшылар тəрбиеленеді», деп арнайы мамандандырылған оқу орындарының маңыздылығын атап өтті. – Еліміз «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау жөніндегі жаңа бағыттарды жүзеге асыруда. Бұл үшін сапалы білім алған жастар керек. Мен сіздер үшін жасалған барлық жағдаймен танысып шықтым. Сіздердің жанарларыңыздан жігер ұшқынын, сондай-ақ жақсы оқуға, биік мақсаттарға жетуге деген құлшыныс көрдім. Оқытушылар құрамы мен ата-аналарыңыз еліміздің нағыз азаматтары болуларыңыз үшін сіздерге барлығын жасайды деп ойлаймын. Мен сіздерге денсаулық жəне оқуда табыс тілеймін, – деді Мемлекет басшысы өз сөзінде. Елбасының алдынан лицейдің туын ұстап сымдай тартылып салтанатты шерумен өткен шəкірттер өздерінің əскери тəрбиені жақсы меңгергенін, спорттық шеберлік пен шығармашылық жетістіктерге аз уақыт ішінде жетіп үлгергенін паш етті. Лицей жанынан құрылған үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен «Егерь маршы» орындалып, бір топ жас өрен ақсүйек офицерлердің салтанатты кештерде билейтін классикалық биін орындады. (Соңы 2-бетте). ----------------------------------------Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Нысандар толыќ ќуатында жўмыс істеуі тиіс Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі Əсет Исекешевті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Ə.Исекешев индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының 2012 жылғы қорытындылары, сондай-ақ таукен өндірісі саласындағы қазіргі ахуал туралы баяндады. Қазақстан Президенті ҮИИД бағдарламасы аясында пай далануға берілген барлық 537 нысан өз өнімдерін өндіре, соның ішінде экспортқа шығара отырып, толық күшінде жұмыс

істеуге тиіс екенін атап көрсетті. – Еліміздегі тау-кен металлургия саласын дамытумен айналысатын «Тау-Кен Самұрық» жəне геологияны жандандыруға арналған «Қазгеология» компаниялары құрылды. Бұл – соңғы уақытта ешкім айналыспаған маңызды сала. Табиғи ресурстарға бай Қазақстан үшін пайдалы қазбаларды іздестіру жəне өндіру тау-кен металлургия саласын дамыту үшін зор

Наќты тапсырмалар берді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады Мемлекет басшысының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев индустриялықинновациялық бағдарламаны толығымен іске асыру көлік инфрақұрылымына, соның ішінде темір жол саласын дамытуға байланысты екенін атап өтті. – Бүгінде елімізде көлік инфрақұрылымын дамытуға елеулі түрде назар аударылуда жəне бұл үшін қаражат көп бөлінуде.

АҚПАРАТТАР аєыны  Биыл Қашаған кен орнында 3 млн. тоннаға дейін мұнай өндіру жоспарланып отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Лəззат Қиыновтың айтуынша, мұндай көлемдегі мұнайды шетелге шығаруға ондағы инфрақұрылым дайын көрінеді.  Шымкентте жаңашыл ұстаздардың республикалық форумы өтті. Төртінші мəрте кереге жайған келелі кеңесте əлемнің түрлі елдері мен аймақтарындағы білімнің

Сонымен қатар, іске асырылып жатқан барлық инфрақұрылымдық жобалар халыққа жəне бүкіл елге мол пайдасын тигізуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы. А.Мамин бүгінде «Қазақстан темір жолы» еліміздегі жаңа теміржол құрылысының операторы болып табылатынына тоқталды. – Бұл бағытта бірқатар жобалар, соның ішінде Жезқазған

мүмкіндіктер туғызады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Премьер-Министрдің орынбаса ры – Индустрия жəне жаңа технологиялар министрі ҮИИД бағдарламасын іске асырудың арқасында 2008-2012 жылдар аралығында еліміздегі ішкі жалпы өнім 22 пайызға артқанына тоқталды. – Ең жоғары өсім өңдеуші өнеркəсіпте, тау-кен өндірісі, машина жасау, химия жəне фармацевтика салаларында байқалуда. Мысалы, 2013 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша машина жасау саласындағы өсім 21 пайызды, құрылыс материалдары – Бейнеу, Арқалық – Шұбаркөл, Жетіген – Қорғас, Өзен – Түркіменстанмен мемлекеттік шекарасы жаңа темір жол тармақтары жүзеге асырылуда. Жаңа темір жолдың жалпы ұзындығы – 1700 шақырым, – деді А.Мамин. Сондай-ақ, «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Қытайдың Ляньюньган портында терминал инфрақұрылымын құру мəселелері жөнінде қытайлық серіктестерімен келіссөздер жүргізілгені туралы мəлімдеді. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

даму стратегиясынан туындайтын өз тұжырымдарымыздың жайы ортаға салынды.  Мемлекеттік қызметтің «А» корпусы кадрлық резервіне 935 адам құжат тапсырды. Үміткерлердің толық тізімі жақын уақытта белгілі болады. Құжаттарды қабылдау 2013 жылдың 3 мамырына дейін жүргізіледі.  Қазақстан аумағының 70 пайызын шөл басып барады. Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Бектас Мұхамеджановтың айтуынша, осыған орай келешекте Шөл басумен күрес ұлттық орталығын құру жоспарда тұр.

саласындағы өсім 14 пайызды, жеңіл өнеркəсіп саласындағы өсім 7 пайызды құрады. Алайда əзірше өнімге əлемдік сұраныстың азаюы жəне бағаның төмендеуі салдарынан металлургия саласындағы өндіріс өсімінің қарқыны бəсеңдегені байқалуда, – деп мəлімдеді Ə.Исекешев. Қазақстан Президенті өсу қарқынын сақтау үшін металлургия саласын одан əрі жаңғыртуды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Мемлекет басшысы кездесу барысында қаралған барлық мəселелер жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Жексенбі күннің кешінде Грузияның астанасы – Тбилиси қаласында өткен футзалдан УЕФА Кубогының финалдық матчында Алматының «Қайраты» Мəскеудің «Динамосын» 4:3 етіп ұтып,

 Кеше кешке алматылықтар жеңімпаздарды əуежайда қарсы алды. Серік ПІРНАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Ойын басталған бойда кең залды ақ-көгілдір сектордағы жанкүйерлердің «Ди-на-мо!» деп айғайлаған қуатты дауыстары басып кетті. Мұның артынша қарамақарсы қабаттағы аспан түстес жалауды желбірете ұстаған топтың «Қай-рат!» деп қиқу қосқан үндері көтерілді. Ақырында соңғылары алдыңғы ларын дауыс демімен көміп тас тап, аудиторияға тек өздерінің ғана дабылдары естілетін етті. Бұл біздің есімізге осыдан отыз шақты жыл бұрын Алматыдағы Орталық стадионда осы аттас екі команданың үл кен футболдағы кескілескен кездесулерін түсірді. Бір қызығы, алаңдағы командалар күштерінің ара-салмағы да осылай өріс алды. Мұнда алғашқы қауырт шабуылдарды мəскеуліктер бастаған болса, сəлден кейін алматылықтар оларды өз қақпалары маңына тықсыра түсті. Жорықтан гөрі қорықты көбірек қолайлаған динамошылар ақыры голды да бірінші болып жіберіп алды. Ойынның 5-минутында Эулер мен Дінмұхамбет Сүлейменов қарсыластар қақпашысы Алексей Поповты кезекпе-кезек

Гала-концертті тамашалады

Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының гала-концертін тамашалады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.

Концертте классикалық жəне халық музыкасы синтезінің негізінде əзірленген заманауи шоу-жоба көрсетілді. Гала-концертте көрермендер алғаш рет Мұқан Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсындағы танымал бидің жаңаша аранжировкасын, Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін, сондай-ақ өзге де соны музыкалық туындыларды тыңдады. Концерт финалында дəстүрлі сайыс рухындағы домбырашылар немесе əншілер айтысының баламасы іспеттес оркестр айтысы орындалды. Симфониялық жəне халықтық оркестрлер арасындағы музыкалық айтыстың шығармашылық мақсаты – шеберлікті жəне талантты көрсету, классикалық жəне халықтық өнер əлемін өзара жақындастыра түсу.

 Қазақтың аты аңызға айналған батыры Қасым Қайсенов туралы фильм түсіріліп болды. Оның тұсаукесері бүгін сағат 11.00-де Астанадағы «ҚазМедиа Орталығының» мəжіліс залында өтеді.  Павлодар мен Томск ғалымдары экологиялық таза мотор отынын алу жайын талқылады. Оқымыстылар осы мақсатта диметил эфирін алу проблемалары жөнінде пікір алмасты.  Алматыда «Айналаңды нұрландыр!» деп аталатын студенттік фестиваль болды. Ол адамдардың бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас

өзінің тарихында тұңғыш рет осы жүлдені жеңіп алды! Ал ресейлік команда осымен қатарынан екінші мəрте ақтық айқасқа шығып, күміс жүлдені қанағат тұтуға мəжбүр болды.

орнатып, адами қасиетті басты орынға қоюы арқылы қоғамды жақсы бағытта дамыту мəселесін ұран етіп көтерді.  Қызылордада дарияның сол жағалауынан жабық стадион салынады. Мұны облыс əкімі Қырымбек Көшербаев Қазақстан кəсіпқой футбол лигасының төрағасы Михаил Гурманмен өткен кездесуінде шешіліп қойған мəселе ретінде алға артты. «ҚазАқпарат», Tengrinews, «Қазақстан жаңалықтары» агенттіктерінің хабарлары бойынша дайындалды.

Хроника

Мемлекет басшысының Өкімімен Абылай Ер кін бе кұлы Рыспаев бас қа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының орынбасары қызметінен босатылды.

торға түскен шабақтай тулатты. Бұл екеудің зуылдата ұрған соққыларын мəскеулік голкипер əрең қайтарып тұрды. Осының соңын ала динамошыларға бір қарсы шабуылды нəтижелі аяқтауға əдемі қолайлы сəт туды. Бірақ қақпадан төрт метр жерден Сирило соққысын мүлт жіберді. Арада санаулы ғана секундтар өткенде қайраттықтар да сондай мезетті дұрыс пайдалана алмады. Бұл жолы Фумаса өзінің алдыңғы оппоненті қателігін айна-қатесіз қайталады. Дегенмен, осы тұстарда Алатау баурайынан барған арқалы

Суретті түсірген Ю.БЕККЕР.

жігіттердің шеберліктері жоғары, төзімдері берік екені ақырындап аңғарыла берді. Ойынның жалпы басымдығы осыдан бастап қайраттықтардың қолына қарай көшті. Мұның соңын «Қайрат» бір кезде əдемі соғылған голмен дəлелдеп берді. Оны Алешандре Мораэс қиыс бұрыштан ұрып түсірді. Доп тура ұшып келе жатты да, Поповтың аяқтары арасынан зу етіп өтіп, кенет бағытын кілт өзгертіп, қақпа торынан бір-ақ шықты. Есеп осылай ашылды. (Соңы 8-бетте).

 Жемқорлық – індет, жою – міндет

100 миллиард теѕгені жымќырєан

кəсіпкердіѕ їстінен ќылмыстыќ іс ќозєалды Еліміздің солтүстік өңір леріндегі ірі ауыл шаруашылығы кəсіпорны – «Богви» компаниясының басшысы Виктор Богданец артық-кемі жоқ тура 100 млрд. теңге көлеміндегі мемлекет қаржысын талан-таражға салғанға ұқсайды. Күні кешеге дейін Ақмола жəне Солтүстік Қазақстан аймағындағы ең танымал бизнесмендердің бірі саналған ол нағыз таза адам ретінде бағаланып келген екен. Бұл туралы «Экспресс К» газеті хабарлады. Өткен сəрсенбінің сəтінде облыс қаржы полицейлері «Богви» ЖШС офисіне сау етіп кіріп келіп, оның басшысы Виктор Богданецті тұтқынға алады. Əзірге ол үш тəулікке уақытша ұстау оқшаулағышына қамалған. Бизнесменге аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген сипаттағы айып тағылып отыр. Басылым атап өткендей, Қазақстанның ірі астық өндіруші бес компаниясы қатарына кіретін Богданецтің фирмасы көптеген миллиард теңгені

құрайтын қарызға бекем батып қалған көрінеді. Бұл істің əлқиссасы мынадай. 2010 жылы «Богви» өзінің сыртқа астық шығару үшін керекті қаражатын Қазақстан Даму банкінен алады. Бастапқыда кəсіпкер осы алған ақшасының пайызын уақытында қайтарып тұрады. Сосын төлеуді бірден тоқтатып тастайды. Сондықтан 2012 жылы «Азық-түлік» ұлттық корпорациясы сотқа «Богвиге» қарсы талап-арыз береді. Ал сот шешімі бойынша кəсіпорынның миллиард теңгеден артық ақша қаражаты сақталған барлық шоттары қамауға алынады. Əзірге қаржы полициясы Виктор Богданецтің нақтылы қанша ақшаны талантаражға салғанын айтып отырған жоқ. Дегенмен, əлі нақтыланбаған деректерге қарағанда, əңгіме 100 млрд. теңге турасында қозғалып жатқанға ұқсайды. Сəкен МАЙЛЫБАЙ.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.