Ырыс, Бақыт қондырған ел басына, Ұлықтап, тізгін бердік Елбасына!
Менің халқым – ұлан-ғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық. Мыңжылдық тарихындағы ең бірегей бетбұры сында халқымның зор сенімін арқала ғаным – мен үшін ең биік мәртебе.
№80 (28558) 30 сәуір Бейсенбі 2015 ЖЫЛ
Н.Ә.Назарбаев.
Жарқын жеңісімен құттықтады Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннен құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлауда айқын жеңіске жетуіне байланысты шын жүректен құттықтайтынын жеткізген. – Дауыс беру қорытындысы Сіздің отандастарыңыз алдындағы биік беделіңізді толығымен қуаттайды. Қазақстан азаматтары өз таңдаулары арқылы Сіздің елді әлеуметтікэкономикалық тұрғыдан жеделдетіп дамыту, еуразиялық ықпалдастық үдерістерге белсене қатысу және Ресеймен страт егиялық әрі одақтастық серіктестік қатынастарды нығайту жөн індегі бағдарыңызға кеңінен қолдауын көрсетті, – делінген жеделхатта. Ресей Федерациясының Президенті сенімді диалог пен екіжақты байланыстардың ауқымын одан әрі өрістету жөніндегі бірлескен жұмысты, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақ пен өзге де халықаралық құрылымдар аясындағы сындарлы ықпалдастықты жалғастыруға дайын екендігін атап көрсетті. – Бұл Ресей мен Қазақстанның бауырлас халықтарының түпкі мүдделеріне сай келетініне, біздің құрлықтағы бейбітшілікті, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бағытпен үндесетініне сенімдімін, – делінген құттықтауда. Соңында Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, сарқылмас қуат және мемлекет басшылығындағы аса жауапты қызметіне жаңа табыстар тіледі. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар баевтың атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан құттықтау жеделхаты келіп түсті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. «Құрама Штаттар мен Қазақстанның арасында жаһандық және өңірлік мәселелерді табысты шешу жөніндегі тығыз ықпалдастықтың жарқын тарихы бар. Халықтарымыздың игілігі үшін екіжақты қарым-қатынастарымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі тереңдей беретініне сенемін», – делінген жеделхатта. Ақ үй басшысы АҚШ Қазақстанмен серіктесе отырып, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдауды және ядролық қару таратпау ісіндегі ортақ мақсаттарды ілгерілетуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты. «Көптеген қауіп-қатерлері бар әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке өкілді және есеп беруші институттарды, сондай-ақ, азаматтық қоғамды дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Мен елдеріміздің игілігі үшін осы барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін», – делінген құттықтауда. Соңында Барак Обама Америка халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізіп, татулық пен бақ-береке тіледі. * * * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар баев Қытай Халық Республикасының Төра ғасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөй лесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәу ірде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қытай басшысы Қазақстан Президентінің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның ор нықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекет басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақт аст ықт ың әлеуеті жоға ры екенін айтып, «Нұрлы Жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарлама ларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті. Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халық аралық өзекті мәселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды. Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Президен тін биыл Қытайға сапарлап келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бас тамашы болды.
Асу бермес асқар жоқ Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзі
Қымбатты отандастар! 26 сәуір еліміз үшін тағы бір тарихи, тағдырлы күн болды. Президент сайлауы Қазақстан халқының кемеңгерлігін бүкіл әлемге паш етті. Ел бірлігіне беріктігі мен кемел келешекке сенімін танытты. Мәңгілік Елдің мызғымас ұстындарына адалдығын көрсетті. Бұл таңдау – жарқын болашаққа қадам басқан Қазақстанның
таңдауы! Бірлігін берекеге ұластырып, ұлы істер жолында ұйысқан барша халықтың жолы! Өзінің, ұрпағының болашағын қасиетті Отанымыз – Қазақстанмен бірге көретін әрбір азаматтың ерік-жігері! Бүгінгі мерейлі сәтте маған берілген сенім мандаты – мемлекеттілігімізді нығайту жолындағы қыруар істеріміздің бағасы! Қазақстанды ең
қуатты елдердің қатарына қосуды көздейтін ұлы мақсатқа берілген халқымның ақ батасы! «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы мен «Қазақ стан-2050» Стратегиясына, «Нұрлы Жол» бағдар ламасы мен «Бес халықтық реформаға» елімнің білдірген қолдауы. Өмірін халқының бақыты жолына арнаған жанға бұдан зор құрмет болмайды. Мен үшін
ел сенімінен асқан мәртебе жоқ, сол сенімді ақтаудан артық бақыт жоқ. Сол себепті, мен Қазақстанның жарқын болашағы жолында қандай тәуекелге де дайынмын. Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты достар! Серіктестерім мен тілектестерім! Ел Конституциясына сәйкес жаңа ғана мен өзімнің халқыма ант бердім! Ондағы сөзді мен бүгін алғаш рет ең ізгі де жарқын мереке – Халық бірлігі күні қарсаңында айттым. Болып өткен президенттік сайлау біздің қоғам бірлігінің күшін нақты айғақтап берді. Мен біздің барша халқымызға ризамын! (Соңы 2-бетте).
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
К.Қ.Мәсімовті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметіне тағайындау туралы
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары туралы
Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасының ПремьерМинистрі болып тағайындалсын. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №4
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №1
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабының 1-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей
бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары тиісті басшылар тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №2
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдері туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Астана және Алматы қалалары, облыстар әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етемін: 1. Астана және Алматы қалаларының, облыстардың
әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев. Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір. №3