Адамның күні адаммен. Халықтың күні халықпен. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия құрлығындағы жаңаша экономикалық бірлесу жөніндегі өміршең идеясы жеріне жеткізілді. Беларусь, Ресей жəне Қазақстан басшылары елордамызда Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойды. Бірліктің жеңісі елдіктің жемісіне айналсын, ардақты ағайын!
№105 (28329) 30 МАМЫР ЖҰМА 2014 ЖЫЛ
ЫҚПАЛДАСТЫҚ – ЫНТЫМАҚ ЫРЫСЫ «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы жəне көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми жəне технологиялық əлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі əрі бірыңғай нарық құрамыз. Владимир ПУТИН, Ресей Федерациясының Президенті.
Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл əлемге дəлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Александр ЛУКАШЕНКО, Беларусь Республикасының Президенті.
Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.
ЕУРАЗИЯЛЫЌ ЭКОНОМИКАЛЫЌ ОДАЌ – УАЌЫТ ТАЛАБЫНА ЛАЙЫЌТЫ ЖАУАП
Кеше Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мемлекеттер басшылары деңгейіндегі отырысы өтті. Отырыс Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің, Беларусь Р еспубл и к а сы н ы ң Пре зиденті Александр Лукашенконың қатысуымен шағын құрамдағы кездесуден басталды. Мемлекет басшылары Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікті дамытудың негізгі бағыттарын, сондай-ақ, еуразиялық интеграциялық үдерістерді кеңейту мəселелерін талқылады. Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан».
Ўлттыќ мїдделер ескерілген ќўжат
Кеңес отырысына төрағалық еткен əрі шаңырақ иесі ретінде алғашқы болып сөз алған Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назар баев бүгінгі кездесудің Қазақстан, Беларусь жəне Ресей мемлекеттерінің болашағы үшін тарихи маңызы бар екенін атап өтті. Біз Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартты əзірлеу жөніндегі орасан зор жұмыстарды аяқтадық, деді Елбасы. Шартқа қол қою арқылы еуразиялық кеңістіктегі ықпалдастықтың жаңа сапалы кезеңі басталады. Бұл құжатта барлық мемлекеттердің мүдделері ескерілген. Сауатты жəне салиқалы дайындалған. Бірқатар келіспеушіліктерге қатысты қол жеткізілген консенсус барлық тарапты қанағаттандырды. Қазақстан Президенті Шартта арқаулық аспектілердің барлығы көрініс тапқанына
одақ идеясын Қазақстан Президенті 1994 жылы Мəскеу мемлекеттік университетіндегі дəрісі барысында алғаш рет жария еткен болатын.
ЕАЭО – ґзге елдер їшін ашыќ ќўрылым
тоқталды. Құжатта халықаралық ұйымдарға тəн барлық арқаулық аспектілер көрініс тауып отыр, деді Нұрсұлтан Назарбаев осы жөнінде. Мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ, Одаққа мүше мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін құрметтеу қағидаттары бекітілген. Ұйымның барлық деңгейіндегі шешімдер қабылдауда консенсус қағидатының болуы ерекше маңызды. Осы орайда, əрбір қатысушы тараптың дауысының шешуші мəні бар. Елбасы өз сөзінде Одаққа мүше мемлекеттердің тіл мəселесін де атап өтті. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімдер, Комиссияның міндетті сипаттағы күші бар шешімдердің барлығы орыс тілінде қабылданады, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Біз осылай келістік. Дегенмен, сондай құжаттар бірден тараптардың əрқайсысының мемлекеттік тілдеріне де аударылатын болады. Сондықтан тілдік қағидаттар жөнінде ешқандай кемсітушіліктер орын алмайды.
Қазақстан басшысы, сондайақ, Жоғары Еуразиялық экономи калық кеңес отырысының күн тəртібіне қойылған мəселелермен де таныстырды. Елбасының атап өткеніндей, Кеңес отырысының күн тəртібіне жеті мəселе шығарылып отыр. Бұл мəсе лелердің барлығы вице-премьерлер мен сарапшылардың жан-жақты талқылауынан өткен, қол қоюға дайын тұр. Оның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қою рəсімі де бар. Қазақстан Президенті бұл шарт үш мемлекеттің азаматтарының əлауқатын арттыруға бағытталғанына назар аударды. Еуразиялық эконо микалық одақты құру біздің эконо микамызды жан-жақты жаңғыртуды жалғастыру, елдерімізді əлемдегі жетекші орындарға шығару үшін қуатты серпін беретініне сенімдімін, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Құрылып жатқан Одаққа Арменияның қосылуы туралы тармақ бар. Өз кезегінде Қырғызстан Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі мақұлдаған Кеден одағына қосылу жөніндегі жобаны қолдады. Мемлекет басшысы, сонымен
қатар, Одақтың органдарындағы кадр саясаты тараптардың тең қамтылуы қағидатын ескере отырып жəне осы маңызды жұмысқа білікті мамандар тарту конкурстық негізде жүргізілетінін атап өтті. Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко өз сөзін елдерімізге экономикалық интеграция жолы оңайға түспегенінен бастады. Əрбір қадам оңай болған жоқ, деді Беларусь басшысы. Бірақ, біздің басты мақсатымыз айқын, ол – халықтарымыз татулық пен достықта өмір сүріп, мемлекет терді дамыту мен нығайту өзара тиімді ынтымақтастықтың негізінде жүзеге асырылып жатқанына олардың сенімді болуын қамтамасыз ету. Біздің дұрыс жолды таңдағанымызды өмірдің өзі көрсетті. Бұрынғы кеңестік кеңістіктің қайтарымсыз кері интеграциясына жол бермес үшін біз ТМД-ны құрудан бастадық, содан кейін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықты, Кеден одағын құрдық. Біртұтас экономикалық кеңістіктің нобайын жасадық. Бүгін біз мəреге жетіп отырмыз. Ол Еуразиялық экономикалық одаққа əкелді.
Осыған байланысты Александр Лукашенко қол қойылғалы отырған шарттың ережелерін оған қа тысушылардың барлығының ортақ пайдасына қарай жетілдіру мүмкіндіктері бар екенін атады. Оның айтуынша, Еуразиялық экономикалық одақ құру жолы өте ауыр жəне ұзақ болды, қарсылық танытушылар да кездесті. Бүгін үш мемлекет Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қоюға саналы түрде қадам басып отыр. Ал Ресей Федерациясының Пре зиденті Владимир Путин Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт мемлекеттік егемен дікті толық сақтай отырып, елдерімізді интеграцияның мүлде жаңа деңгейіне алып шығатынын атап өтті. Сондай-ақ, Ресей басшысы Еуразиялық одақ идеясының бастауында Нұрсұлтан Назарбаев тұрғандықтан, шартқа Қазақстанның елордасында қол қойылуының символдық мəні бар екеніне тоқталды. Бүгінде біз бірлесіп, экономикалық дамудың қуатты, тартымды орталығын, 170 миллионнан астам халықты біріктіретін ірі өңірлік рынокты
құрудамыз, деді Владимир Путин. «Үштік» елдерінде дамыған өнеркəсіп, индустриялық база, қуатты кадрлық, интеллектуалдық, мəдени əлеует бар. Географиялық жағдайымыз бізге тек өңірлік қана емес, жаһандық та маңызы бар көлік-логистикалық бағдарлар қалыптастыруға, Еуропа мен Азияның ауқымды сауда жолдарын өзімізге «бағындыруға» мүмкіндік береді. Осының барлығы – біздің бірлестігіміздің бəсекеге қабілеттілігінің, оның жедел өзгеріп жатқан əрі күрделі əлемдегі қарқынды дамуының кепілі болып табылады. Ресей басшысы өзінің сөзі барысында шартқа қол қоюдың тарихи маңызы ерекше екендігіне де тоқталды. Біздің бүгінгі кездесу тарихи маңызға ие, деді ол осы жайында. Қазақстан, Ресей жəне Беларусь мемлекеттері Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қояды. Бұл құжат мемлекеттердің егемендігін сақтай отырып, біздің елдерді интеграцияның жаңа деңгейіне шығарады. Əрі ол үйлесімді экономикалық ынтымақтастықты қамтамасыз етеді. Еуразиялық
Шағын құрамдағы отырыс аяқталған соң мəжіліс кеңейтілген құрамда жалғасты. Бұл отырысқа Армения Президенті Серж Саргсян мен Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенко қатысты. Мемлекет басшылары Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуы туралы шартты əзірлеу барысын, сондай-ақ, Қырғыз Республикасының Кеден одағына қосылуы жөніндегі Жол картасын қарады. Отырысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашып, жүргізіп отырды. Елбасы өзінің кіріспе сөзінде еуразиялық экономикалық интеграция келесі кезектегі биікке көтерілгенін атап өтті. Бүгін біз Еуразиялық экономикалық одақты құру туралы шартқа қол қоятын боламыз. Ол қол қоюшы мемлекеттер халықтарының əлауқатын, өмір сапасын жақсартуға бағытталған. Мен осы мүмкіндікті пайдалана отырып, шартты дайындаған сарапшылар тобының еңбегіне рахметімді айтамын. Сонымен бірге, біздің елдеріміздің үкіметтеріне жəне Еуразиялық комиссияға да осынау маңызды құжатты қысқа мерзімде дайындай алғандығы үшін алғыс айтамын, деді Қазақстан басшысы. Одан əрі Президент бүгінгі күні өзара іс-қимылымызды кем дегенде 15-20 жыл алға жетелейтін алыс көкжиекке көз тігуіміз керектігін атап көрсетті. ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында біздің Одағымыздың алдындағы миссиясы екі түрлі маңызды мəселені шешуде екенін түсінуіміз керек. (Соңы 2-3-беттерде).