30052015

Page 1

Бїгінгі нґмірде:

№100 (28578) 30 МАМЫР СЕНБІ 2015 ЖЫЛ

Ыќпалдастыќќа балама жоќ

Динара БІТІКОВА,

«Егемен Қазақстан».

Кездесуге Қазақстан ПремьерМинистрі Кəрім Мəсімов, Армения Премьер-министрі Овик Абраамян, Беларусь Премьер-министрі Андрей Кобяков, Қырғызстан Премьер-министрі Темир Сариев, Молдавия Премьер-министрі Кирилл Габурич, Ресей Үкіметінің Төр ағасы Дмитрий Медведев

қатысты. Сонымен қатар, кездесуде Əзербайжан Үкіметі басшысының бірінші орынбасары Ягуб Эюбов, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлык Сатлыков, Өзбекстан Премьер-министрінің орынбасары Адхам Икрамов, Украинаның Қазақстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Юрий Лазебник, ТМД Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшы Сергей Лебедев

болды. Делегациялар басшылары Қазақстанға ТМД-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырыстарына қатысу үшін келген болатын. Кездесу барысында елдердің қаржы-экономика, көлік-транзит, отын-энергетика салаларындағы өзара ықпалдастығының негізгі аспектілері талқыланды. Қазақстан Президенті ТМД елдерінің мемлекет жəне үкімет басшылары кездесулерінің, екіжақты жəне көпжақты келіссөздердің маңыздылығына тоқталды. Кездесуге

қатысушыларға жылы лебізін жеткізе отырып, бұл жиынның керемет Бурабай жерінде өту ерекшелігін айрықша атады. Бурабай Кеңес Одағы заманында да белгiлi демалыс орны болды. Кезiнде Семенов-Тянь-Шанский бұл жерде 100 пайыз оттегi бар екенiн дəлелдеген болатын. Егер атмосферада 21 пайыз оттегi жəне 79 пайыз азот болса, Бурабайда оттегi 100 пайызды құрайды. Бурабай қазақ стан дықтардың сүйiктi орны, сондай-ақ, өзге елдерден көптеген адамдар осы жерде демалады, деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы, сондай-ақ, Еуразиялық экономикалық одақтың болашағы зор екеніне тағы бір тоқталды. Жаһандық дағдарыстық құбылыстарды өткеріп, жекелеген экспорттық тауарлар бағасы төмендеп жатқан қазіргідей уақытта бірлескен жұмыс пен кооперацияны күшейту қажет етіледі. Ықпалдастыққа балама жоқ деп санаймын, сондықтан біз тиісті үдерістерге бастамашылық етіп отырмыз. Еуразиялық экономикалық одақ жұмыс істеп тұр. Бүгінгі қиындықтарға қарамастан, мен оның болашағы зор деп сенемін. Мұндай қиындықтар болатынын

біз болжадық, бірақ шарттың мəні, мақсаты мен онда қойылған міндеттері дұрыс, деді Нұрсұлтан Назарбаев. Қазақстан Президенті жиын барысында, сондай-ақ, еліміздің бүгінгі жетістіктерінің бірқатарына тоқталып, қолға алынған басым бағыттарды атап өтті. Қазіргі жағдайда Қазақстан орнықты дамуды сақтау үшін, əсіресе, инфрақұрылымды жаңғырту саласында қажетті шараның бəрін қабылдап жатқанын атап өтті. (Соңы 2-бетте).

Ќазаќстан-Ресей ќатынасыныѕ деѕгейі биік

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде Қазақстан-Ре сей қарым-қатынастарының негіз гі бағыттары кең ауқымды ынтымақтастық аясында қарастырылды. Сондай-ақ, халықаралық күн тəртібіндегі өзекті мəселелер де қозғалды. Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс істей бастағанына, оған зор үміт артылып отырғанына назар аударды. – Тауар айналымының төмендеуінің өзіндік себептері бар. Бұл ретте еркін сауданы дамыту, капиталдар мен еңбек ресурстарының

кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, өзара инвестициялар, бірлескен кəсіпорындар құру сияқ ты негізгі бағыттар бойынша жұмыстар жалғасуда. Осының бəрі уақы тында жемісін беретініне сенімдімін. Мемлекетаралық жəне үкіметаралық сипаттағы қалған мəселелердің бəрі тұрақты байланыстар аясында шешімін табады, – деді Мемлекет басшысы. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда индустрияландыру бағдарла масының бірінші бесжылдығының қорытындысы бойынша 770 кəсіпорын құрылғанын,

олардың экономика өсіміндегі үлесі 1,5 пайызды құрайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы елде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық даму бағдарламасы да қосымша 1 пайыздық өсімді қамтамасыз етуі тиіс екенін айтты. – Осылайша біз рецессияны болдырмай, жаһандық экономикадағы қазіргі қиындықтарға төтеп беру ниетіндеміз. Нарықтық экономикада мұндай өрлеу мен құлдырау ара-тұра болып тұрады. Сондықтан оларды еңсеруді үйрену жəне даму үшін жұмыс істеуді жалғастыру маңызды, – деді Қазақстан Президенті. Д.Медведев Президент В.Путиннің сəлемін жеткізді жəне Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы айқын жеңісімен тағы да құттықтай отырып, Елбасына сайлаудан кейін Ресейге сапарлап келгені үшін алғыс айтты. Ресей Үкіметінің Төрағасы екі елдің мақсаттары Еуразиялық экономикалық одақты дамытумен байланысты екеніне тоқталды. – Сіз осы идеяның бастауында тұрдыңыз, қазір ол жүзеге асты. Біз оның айтарлықтай қысқа мерзімде жүзеге асқанына қуаныштымыз, өйткені, өзге елдер осындай бірлестікке ұзақ жүріп жеткен. Біздің екіжақты қарымқатынастарымыз өте биік деңгейде тұр жəне тауар айналымының аздап тө мендегеніне қарамастан, бірқатар жағымды үрдістер бар. Мəселен, Қазақстанның Ресейге экспорты туралы айтар болсақ, ол соңғы уақыттары 20 пайызға ұлғайды, – деді Д.Медведев. Ресей Үкіметінің Төрағасы Қазақстанда қолға алынған бес институционалдық реформа мақсатының өршілдігі мен үйлесімділігіне назар аударып, оны жүзеге асыру ісіне табыс тіледі.

Еліміздіѕ ґѕделген тауарларыныѕ экспорты Индустрияландыру картасы шеңберінде жалпы құны 1 млрд. доллар болатын 100-ден астам өнім түрі экспортталды. Бұл – ҮИИДБ іске қосылған

жыл дардан бері экспортталған өңделген тау ар лардың 6%-ы. ҮИИДБ шеңберіндегі экспорттық саясаттың нəтижелерімен 4-5-беттерден таныса аласыздар.

Кїн тəртібі наќтыланды Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығында Мəжіліс бюросы өтті. Онда салалық комитеттердің ұсынысымен палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тəртібінің жобасы нақтыланды, деп хабарлады Мəжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттардың тал қылауына бірінші оқылымға құқықтық актілер туралы заң жобасы ілеспе түзетулерімен шығарылады. Сондай-ақ, палатаның жалпы отырысына азаматтық процессуалдық заңнаманы жетілдіру мəселелері бойынша конституциялық заңдарға түзету енгізуді талқылау ұсынылды. Мəжіліс депутаттарының қарауына ратификацияланатын бір топ заң жобасы шыға рылмақшы. Олар: Каспий теңізінің су биологиялық ресурстарын сақтау жəне ұтымды пайдалану туралы келісім мен азаматтық немесе сауда істері бойынша сот құжаттары мен соттан тыс құжаттарды шетелде тапсыру туралы кон венция. Сонымен қоса, Байқоңыр қаласының білім беру ұйымдарын беру туралы Қазақстан-Ресей келісімін ратификациялау да бар. Күн тəртібінде Мəжіліске жаңадан келіп түскен заң жобалары да болды. Олардың қатарында мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді жəне олардың айналымын мемлекеттік реттеу, сонымен қоса, Қазақстан мен Литва арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы келісімді ратификациялау бар.

Шерлі шежіре шындыєы

Оралда ґткізілген халыќаралыќ форумныѕ басты арќауына айналды 31 мамыр республикамызда Саяси қуғын-сүргін жəне ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде белгіленген. Тоталитарлық жүйелер тəртібі бойынша XX ғасырдың 30-жылдарында орын алған аштық пен жалаңаштық, ұлт зиялыларын жаппай қудалау мен қуғындау көріністері халқымыздың зердесінен ешқашан өшпек емес.

Əріптестік əлеуеті жоєары

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Вьетнам Премьер-министрі Нгуен Тан Зунгпен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сауда-экономика, инвестиция, отын-энергетика салаларын қоса қамтитын бірқатар бағытта екі ел ынтымақтастығын нығайту мəселелері талқыланды. Қазақстан Президенті

елі міздің экономикалық жəне саяси байланыстарды дамытуға мүдделі екенін, ЕАЭО жəне оған мүше мемлекеттер мен Вьетнамның арасында қол қою жоспарланып отырған еркін сауда аймағы туралы келісім бұған

септігін тигізуі тиістігін атап өтті. Вьетнам Премьер-министрі ел үкіметі мен халқының атынан Нұрсұлтан Назарбаевты Қазақстан халқының президенттік сай лауда көрсеткен сенімімен құттықтады. Тараптар түрлі саладағы ынтымақтастықтың əлеуеті зор екенін айта келіп, оны əрі қарай өрістетудің маңыздылығын атап өтті.

Темір ҚҰСАЙЫН,

«Егемен Қазақстан».

Тағы да қайталап айтқанда, əрбір аттаған жылымыздың 31 мамыры отандастарымыздың арасында сол бір сүргін мен шерлі шежірені тағы бір ой сүзгісінен өткізіп, арыстар аманатын бүгінгі ұрпақтың санасына жеткізуге талпыныс жасайтын қастерлі күн болып қалмақ. (Соңы 7-бетте).

 1 маусым – Балаларды қорғаудың халықаралық күні

Ќазаќстан балалары – Нўрлы жолмен Оралхан ДƏУІТ,

«Егемен Қазақстан».

Дəл қазір Тараз қаласында Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған «Қазақстан балалары – Нұрлы жолмен!» атты республикалық акциясы өткізіліп жатыр. «Бар жақ сы лығымыз – балаларға» ұранын ту етіп ұстаған бұл акция ұлтына, жынысына, діни сеніміне, əлеуметтік мəр тебесіне жəне тұратын жеріне қарамастан, əр балаға ерекше

қамқорлықтың қажет екеніне қоғамның назарын аударуда. Сонымен бірге, өмірде қиын жағдайға тап болған, жетім жəне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы жəне аз қамтылған отбасылар балаларына көңіл бөледі. Балаларды отан сүй гіштікке, елінің, өз қаласының, ауылының жетістіктерін мақ тан етуге, соған үлес қосуға тəрбиелемек. (Соңы 12-бетте).

Суретті түсірген Алтынбек ҚАРТАБАЙ.

Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының Бурабай кентінде ТМД елдері делегацияларының басшыларымен кездесті.

Ўлт жоспары. 5 реформа жəне 100 ќадам 3-бет Аттестаттау мен аккредиттеудіѕ кїресі 6-бет Аманатќа ќиянат жасалмайды 8-бет ЎБТ биыл ўтымды болмаќ 12-бет


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.