30072013

Page 1

СІЗ не дейсіз? Ќызылорда ќайнаєан тіршіліктіѕ ќазанындай

Қызылорда қаласына келе қалсаңыз, қайнаған тіршілікке куə боласыз. Көшелер күрделі жөнделіп, жарық бағаналары жаңартылып, су жаңа аялдамалар қойылып жатқанын көресіз. Бұрын да қала көріксіз емес еді. Дегенмен, соңғы айларда қаланың дамуы жаңаша сипатқа енгенін байқаймыз. Қызылорданың көшелері қалай жөнделіп жатыр? Оған қанша қаржы бөлінді? Жа рық бағаналарын барлық көшелерге орната ма? Қала орталығындағы аялдамалардың қаншасы жаңартылады? «Егемен Қазақстан» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Ержан Байтілес қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаевқа:

– Сіз бұған не дейсіз? – Жалпы, Қызылорда қаласында ұзындығы 612 шақырымды құрайтын 765 көшенің 535-і асфальттанған. Ал 138 көшеге тас жол төселсе, қалған 92-сі қара жол санатында. Биыл қала көшелерінің жолдары жаңаша сипатқа ие болып отыр. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлының тікелей қолдауымен республикалық жəне жергілікті бюджеттен 5 миллиард 241,8 миллион теңге бөлініп, оған жалпы ұзындығы 89,5 шақырымды құрайтын 73 көшеге қайта жаңғырту, күрделі жəне орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, қалалық бюджеттен бөлінген 95 миллион 167 мың теңгеге 70 көшенің жолдары ағымдағы жөндеуден өткізілмек. Бүгінгі күнге дейін ұзындығы 27,5 шақырым болатын 24 көшеге күрделі, қайта жаңғырту жəне орташа жөндеуден өтті. Сондайақ, 46 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, əуежайдан қалаға дейінгі жолдар күрделі жөндеуден өткізіліп, жарықтандырылып жатыр. Ал қаладағы орталық жол болып саналатын Жібек жолы көшесі алты жолақты даңғылға айналып, кеңейтілу үстінде. Қазір бұл жолдарда еуропалық стандартқа сай қиыршық тастымастикалық асфальт-бетон деп аталатын соңғы қабаты салынып жатыр. Биыл қалалық бюджеттен бағдаршамдардың жобасметалық құжаттарын қарауға тиісті қаржы беріліп, бүгінгі күні жаңа үлгідегі 31 бағдаршам орнатуға қалалық бюджеттен 417 миллион 300 мың теңге бөлінді. Сонымен қатар, жол белгілеріне 8 миллион 600 мың теңге жəне жол сызықтарына 20 миллион 694 мың теңге қарастырылды. Қалада абаттандыру жұмыстары қарқын алды. Осы жылы қалалықтардың өзекті мəселелерінің бірі – жаяу жүргіншілер жолын салуға облыстық, қалалық бюджеттен 923 миллион теңге бөлінді. Аталған қаржыға 24,3 шақырымды құрайтын 20 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынып, 37 көп қабатты тұрғын үйдің аулаішілік жаяу жүргінші жолдары мен автотұрақтары жөндеуден өткізілуде. Қазіргі у а қ ы т т а б ұ л ж ұ м ы с та р 50 пайызға орындалды. Сонымен қатар, республикалық жəне жергілікті бюджеттерден бөлінген 537 миллион 900 мың теңгеге қалада ұзындығы 52,2 шақырымды құрайтын 43 көше жарықтандырылып отыр. Бұл іс тек қаламен шектелмейді. Қалаға қарайтын ауылдарда да 37 көшеге жаңа жарық бағаналары орнатылып жатыр. Абаттандыру жұмыстарында көпқабатты тұрғын үй аулаларында 23 балалар спорт алаңы салынып, қазіргі заман талабына сай 50 жерге автобус аялдамалары орнатылуда. ҚЫЗЫЛОРДА.

№179 (28118) 30 ШІЛДЕ СЕЙСЕНБІ 2013 ЖЫЛ

 Ел тынысы: мың бір мысал

Кґксу кґркі – кґкґніс

 Дүние жəне дағдарыс

Сараптама сабаќтары

Америкалыќ макроэкономистіѕ пайымдары нені аѕєартады? Бес жылдан бері əлемді жайлаған қаржыэкономикалық дағдарыс пен жаһандық рецессия толастаудың орнына одан əрі жалғасуда. Алайда 2008 жылы басталған депрессия бүкіл əлемді шарпығанымен, олардың АҚШ пен Еуропа Одағы экономикаларына келтірген залалы ұқсас, бірақ салдары бөлек. Бүгінгі таңда бұл айқындалып келеді. Мəселен, дəл қазір АҚШ экономикасы қайта жандана бастады. Алайда Еуропа аумағындағы экономикалық ахуал мүлде мүшкіл. Бұлай түйіндеуге əлгі дағдарыс пен рецессияның салдарын терең де мұқият зерттеген Нобель сыйлығының лауреаты, америкалық макроэкономист Пол Кругманның дəйекті сараптамалары негіз болып отыр. Əділ АХМЕТОВ,

сенатор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Тақырыпқа шығарылған атауына сай бұл жердің айналасы көкөніс өсіруге жаратылғандай-ақ. Соған орай жергілікті тұрғындардың негізгі шаруашылық бағыты да осы. Ауыл алдымен картобы арқылы алысқа аян. Көп ретте екінші нан делінетін бұл өнім де бір тəуірі, облыста жетіп-артылады. Айқын НЕСІПБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Өңірде картоп өсірумен шұғылданатын шаруашылықтар оншалықты көп емес. Соның өзінде аймақ тұрғындарының дастарқаны қысы-жазы одан бос болмайды. Ал бұлай болуға Абай ауданының аталған ауылын да орын тепкен «АстроАгро» ЖШС-ның үлесі үлкен. Өйткені, облыстың картопқа сұранысының 53,2 пайызын бір өзі өтесе, сондай-ақ көкөніспен 74,3 пайызға қамтамасыз етеді.

Серіктестікте биыл 365 гектар танапқа картоп отырғызылды. Бұл жылдан жылға ұлғайып келе жатқан көлем. Жақында осында өткен « Егістік алқабы» күнінде оған қатысуға алды сонау Голландиядан келушілер өздеріне етене жақын дақылды өсірудегі ізденістер мен жетістіктерге ризалық білдірді. Жалпы, мұнда олардың жолдары жиі түсіп тұрады. «Астро-Агро» мен Еуропаға белгілі «Солон» фирмасының арасындағы картоп тұқымын өсіру бойынша іс бірлесіп жүргізілетіндіктен

Ќўттыќтау жолдады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы, Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшы лығының басшысы Қайрат Мəми Мəскеу жəне бүкіл Ресей Патриархы Кириллге Русьтің шоқынуының 1025 жылды ғына орай құттықтау жолдады, деп

«Бұл мерейтой біздің елдеріміздегі руханияттың жандануы, адамдардың өз төл дүниелеріне, мəдениет пен адамгершіліктің бай мұраларына бет бұрған кезеңге тұспа-тұс келіп отыр», делінеді құттықтауда. Қ.Мəми Патриархтың дінаралық өзара түсіністік пен төзімділікті нығайту, жастарды тəрбиелеу, адамдардың рухани баюындағы жеке күш-жігерін атап өтті.

Єалымдар ќатерлі ісікті аныќтайтын тəсіл тапты «Егемен Қазақстан».

Алматы қаласында орналасқан Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының қызметкерлері қан құрамындағы сары суды жақыннан сəулелендіру арқы лы қай мүшенің обырға шал дыққанын он минөт ішінде дөп басып айта алады. Осыдан үш жыл бұрын қолға алынған бұл істің нəтижесі бар көрінеді. Аталған мерзім аралығында ғалымдар

АҚПАРАТТАР аєыны  «ҚазАгро» көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру ауқымын кеңейтті. Сонымен қатар, оның еншілес құрылымы 2 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жəне арнайы техниканы сатып алуды қаржыландырады. Жалпы, осы екі тетік 5,7 млн. гектардан астам алқапта көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік берді.  Қазақстандық диқандардың биылғы межесі – 15 млн. тонна астық. Бұл туралы кеше «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дəурен Махажанов мəлім етті.  Ақмола облысында ел қазынасына жарты жылда 6 млрд. 19 млн. 200 мың теңге кедендік төлемдер аударылды.

жыл сайын 15 мың тонна картоп жинап алуға мүмкіндік беріп жүр. Бұған дейін осынша өнімді сақтау мəселесі қиындық келтіретін. Былтыр сыйымдылығы 8 мың тонналық қойманың салынуы картопты жиналған қалпында ұзақ сақтауға мүмкіндік бермек. Көксулықтар бүгінде алдағы күздің берекелі болуынан үлкен үміт күтулі. Жаздың жауын-шашындылығына байланысты өнімнің тез жетілуі, агротехникалық талаптардың мүлтіксіз орындалуы, жиын-терім жұмыстарына жан-жақты дайындалу картоптың жылдағыдан молынан алынуына сенім арттырып отыр. Қарағанды облысы, Абай ауданы.

хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

 Бəрекелді!

Əмірхан АЛМАҒАНБЕТОВ,

мұның еш таңсықтығы жоқ. Тұқым демекші, көксулық картопшылар оның жергілікті ауа-райы ерекшелігіне лайықталған тұқымын дайындайды. 40-қа жуық сортының таңдалған түрін алып, отырғызуға еліміз қай өңірлері тұтынушысының мүмкіндігі бар. Күзгі жиын-терімнен кейін арнайы сұрыпталып, сақтауға қойылатын 7 мың тұқым сатып алынуға дайын. Александр Шимпф жетекшілік етуші серіктестік картоптың гектарға шаққандағы шығымдылығын үстемелете өсіруімен де белгілі. Мəселен, облыстағы тектес шаруашылықтарда орташа өнімділік əр гектарына 181 центнерден айналса, ал «АстроАгрода» 350 центнерден кем соқпайды. Мұндай мол жеміс

жеке клиникалармен бірлесіп, мың жарымға тарта азаматтың қан құрамын тексерген. Сонда олардың қатерлі ісікке шалдыққаны дəлелденіпті. Соған қарамастан, бұл тəсіл еліміздің медицина саласына əлі толық енгізілмеген. Басты себеп, қаражат тапшылығы қолбайлау болып тұр. Статистикалық дерекке жүгінсек, жыл сайын 30 мыңдай қазақстандық қатерлі ісікпен есепке алынады екен. Ал əлем бойынша 10 млн. адам тіркеуге

Осылайша өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда, кедендік төлемдер мен салық көлемі 18 пайызға артып отыр.  Биыл Астанада 3500 орындық үш мектептің құрылысы аяқталады. Олар – Железнодорожный кентіндегі 1100 орындық, №19 көшенің бойындағы 1200 орындық жəне «Батығай» тұрғын үй кешеніндегі 1200 орындық білім ордалары. Бұдан бөлек, биыл 6 мың орындық жаңа 5 мектептің құрылысы басталды.  Шымкенттегі «Ордабасы құс» ЖШС күркетауық фабрикасы жылына 4828 тонна ет дайындауға жетті. Осында арнайы болған облыс əкімі Асқар Мырзахметов бүгінде өнімін республикадан тыс Ресейдің бірқатар қалаларына жеткізіп отырған кəсіпорынға жоғары баға берді. Енді фабрика индустрияландырудың екінші кезеңінде қуаттылықты 8110 тоннаға жеткізгелі отыр.

алынған. Дəрігерлер əзірге қатерлі ісікті түбірімен жоятын ем-домды тапқан жоқ. Жалпы, ел арасында «жаман ауру» аталып кеткен осы сырқат 5 сатыға бөлінеді. Аурудың жаңа пайда болған кезі медицина тілімен айтсақ, рак инцито деп аталады. Екінші сатысында ол үлкейіп, келесі қабатқа өтеді. Үшінші, төртінші сатыларында дерт асқынып, түйін салып тарайды. Соңғы кезеңі өте қауіпті. Ал Қазақстан-Жапон инновациялық орталығының директоры Диас Мырзақожа тың тəсіл негізінде қатерлі ісікті жедел анықтап, адам өмірін біршама ұзартуға қадам жасалып отырғанын айтады.

 Өскемен тұрғындарын экологиялық таза аудандарға көшіру бағдарламасы қолға алынады. Енді осы мақсатқа бюджеттен ақша бөлініп, негізгі жұмыстар жүре бастайды.  Қызылорда қаласында биылғы алты айда 611 млрд. 999 млн. теңгенің өнеркəсіп тауарлары өндірілді. Бұл туралы қала əкімі Нұрлыбек Нəлібаев қалалық мəслихат сессиясына берген есебі кезінде мəлімдеді.  Қарағанды облысында 800 мың теңге пара алған тергеуші ұсталды. Абай аудандық ІІБ Топар полиция бөлімінде қызмет еткен тəртіп сақшысы жақын туыстарын қылмыстық жауапкершіліктен арашалап қалу үшін екі азаматтан ақша бопсалаған. «ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.

 Оймақтай ой Қамданған қалың елде күш болады, Қамсыз елге қас дұшпан тұс болады. Қожаберген ТОЛЫБАЙҰЛЫ.

Мəселен, айтулы ғалымның 2008 жылы жарық көрген «Депрессия экономикасы қайта оралды ма?» (The Return of Depression Economics?) атты еңбегінде «Дағдарыстар неге орын алады?», «Экономикалық дағдарыстардың салдарын қалай тізгіндеуге болады?» сияқты өткір сауалдардың жауабын іздесе, 2013 жылы баспадан шыққан «Бұл дағдарысты дəл қазір тізгіндеу керек!» («End This Depression Now!») ат ты жəне бір сараптамалық зерттеуінде жойқын депрессияны ауыздықтаудың нақты жолдары мен əдістерін іздестіреді. Аталған зерттеулерінің алдыңғысында Пол Кругман 2008 жылы оқыс басталған қаржы-экономикалық дағдарыс дауылының тек экономис тер мен саясаткерлерді ғана таңғалдырып қоймай, қарапайым америкалықтарды да төбелерінен жай түскендей еткенін жасырмайды. Олай болатын да жөні бар екен. Себебі, соңғы 25 жыл ішінде АҚШ-та мұндай ауыр дағдарыстың нышаны байқалмапты. Ал кезінде АҚШ экономикасын жарға жыққан «Ұлы күйзеліс» болса, бұдан 90 жыл бұрын, яғни өткен ғасырдың 20-жылдарында орын алған болатын. Сондықтан да ондай жойқын дағдарыстар Америкада енді қайталанбайтындай көрінетін. Сосын АҚШ үкіметі мен Федералдық резерв жүйесі экономиканы ара-тұра теңселтіп кететін əлгіндей тербелістерді

болдырмаудың күллі тетігін əлдеқашан игеріп алғандай сезінетін. Өкінішке қарай, жағдай мүлде басқаша болып шыққан еді. 2008 жылы қыркүйек айында, ең алдымен, АҚШ-тағы ең ірі инвестициялық банк – Lehmann Brothers банкротқа ұшыраса, оның артынан іле-шала əлемдегі ең ірі AIG сақтандыру компаниясы да бұрынғы қауқарынан бір сəтте айырылып, мемлекеттің меншігіне өтуге мəжбүр болды. Сол-ақ екен, бүкіл əлем экономикасы дүлей дағдарыстың тұңғиығына малтығып, тұншыға бастаған болатын. Көп ұзамай-ақ əлгі дағдарыстың салдарынан дамыған елдердің өнеркəсіп өндірістерінің қарқыны бірден 10 пайызға құласа, Жапония мен Швеция сынды елдерде бұл көрсеткіш 20 пайызға дейін құлдырады. Тіпті, кейінгі жылдары үдемелі қарқынмен дамып келе жатқан Қытайдың ішкі жалпы өнімі де 2009 жылы 5.1 пайызға дейін төмендеді. Əлемнің көпшілік елдерінің сыртқы сауда саласындағы тауар айналымдарының мөлшері де 20-30 пайызға кеміп кетті. Ал кейбір елдерде бұл көрсеткіш 40-50 пайызға дейін құлдилады. Соның салдарынан əлемдегі ең бақуатты елдердің бірі деп жүрген Исландияның жағдайы күрт мүшкілденіп, Халықаралық валюта қорынан көмек сұрауға мəжбүр болды. Сөйтіп, дағдарыстан зардап шеккен мемлекеттердің жиынтық шығындары шарықтап өсіп, 50 триллион долларға жетті. (Соңы 2-бетте).

 Мəселенің мəнісі

Ќарыз ќашан ќайтарылады? Фарида БЫҚАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Облыстық энергетика жəне тұрғын үй шаруашылығы басқармасының басшысы Сайын Кəменовтің айтуынша, бұл күндері облыстағы қалалар мен аудандардың қысқы маусымға дайындығы бекітілген кестеге сəйкес жүргізілуде. Жылу энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын алдағы күз-қыс маусымына дайындыққа сай өңірдегі электр стансалары күрделі жөндеулерден өтіпті. Яғни, электрмен қамту желілерінің 2462,8 шақырымына жəне 745 қосалқы стансаға, 29 қазандыққа, жылумен қамту желілерінің 25,4 шақырымына, сумен қамту желілерінің 62,1 шақырымына күрделі жөндеулер жүргізіліп, 2399 тұрғын үйде қысқа дайындық жұмыстары жалғасуда. Қазіргі күндері мектептердің – 77, денсаулық сақтау нысандарының – 86, əлеуметтік, мəдениет жəне тұрмыстық нысандардың 71 пайызы дайын. Сонымен қатар, облыс əкімі

Ерлан Арын облыстағы барлық мектептер 1 қыркүйекке дейін жылу беру маусымына дайын болсын деген арнайы тапсырма берді. Бəрінен бұрын өкініштісі сол, кейбір тұрғындар жылу мен жарықтың қайдан келіп, қайдан шығып жатқанын білмей тегін дүниедей көретінін коммуналдық қызметтерге төленбеген қарыздар тізімінен көреміз. Осы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша облыс тұрғындарының қарызы 457,9 миллион теңгені құрап отыр. Тұтынушылар жылумен қамтуға 331,9 миллион теңге, электрмен қамтуға 90,0 миллион теңге, сумен қамту қызметтеріне 36,0 миллион теңге төлемеген. Бұдан бұрындары да қалалар мен аудандардың əкімдеріне мерзімінен кешіктірілген қарыздарды жабу жəне оны болдырмау бойынша тиісті іс-шаралар əзірлеу жөнінде тапсырмалар берілгенді. Біз бұл жайында «Қарыз бен парыз» атты мақаламызда жазып кеткенбіз. Сөйткен қарыз əлі күнге дейін жиналған үстіне жиналып, көбейіп барады.

Ерлан Арын қа лалар мен аудандардың əкімдеріне, мемлекеттік органдар басшыларына қарыз мəселесін бақылауға алып, 1 қыркүйекке дейін көрсетілген коммуналдық қызметтер қарызын жабу бойынша қатаң шаралар жүргізуді, сондай-ақ, шалғайдағы жəне қала іргесіндегі ауылдардың электр, су, жылумен қамту нысандарын назарға алуды тапсырды. Айтпақшы, ауылдар демекші, облыс орталығына қарасты Теміржолшылар кенті қазір құрылыс алаңына айналған, өз ағайындарымыз ауылдардан келіп, тұрғын үйлерді көптеп салып жатыр. Бірақ, электр жарығының жоқты ғы үлкен мəселеге айналып отыр. Өткен жылы бағаналар орна тылыпты. Кентке электр жа ры ғын тартумен жұмыс жасап жат қан «Кабистройсервис» ЖШС мердігер ұйымы осы жылдың со ңына дейін жарық жағып береміз деп уəде беріпті. Тұрғындардың айтуынша, қазір жарқыраған жаз айында сымдарын тартып, электр жарығын жақпаса, былтырғыдай тағы да қараңғы үйде қалар түрлері бар. Біреулер жарықты сутегін пайдаланса, ауыл тұрғындары жарыққа зəру... Павлодар облысы.


Turn static files into dynamic content formats.

Create a flipbook
Issuu converts static files into: digital portfolios, online yearbooks, online catalogs, digital photo albums and more. Sign up and create your flipbook.