24 саєат №146 (28370) 30 ШІЛДЕ СƏРСЕНБІ 2014 ЖЫЛ
Телефон арќылы сґйлесті
● Басты байлық
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Премьер-Министрі Маттео Ренцимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Италия тарапының бастамасымен болған телефон арқылы əңгімелесуде екіжақты ынтымақтастықты одан əрі нығайтудың негізгі аспектілері, сондай-ақ халықаралық күн тəртібінің өзекті мəселелері талқыланды.
ЎЌШЎ бітімгершілік кїштерініѕ жаттыєуы Кеше Қырғыз Республикасының «Ала-Тоо» оқу орталығында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше елдер бітімгершілік күштерінің «Мызғымас бауырластық – 2014» бірлескен оқу-жаттығулары басталды.
Бəсекеге ќабілетті орталыќ Тəуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді еліміздің көк байрағы көкте желбірегелі бері елімізде алға қадам бастырар көптеген өзгерістер болды. Халықтың тұрмысын, əл-ауқатын барынша жақсарту мақсатында шағын жəне орта кəсіпкерлікке даңғыл жол ашылды. Өнеркəсіп, ауыл шаруашылығы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету салаларымен қатар, медицина саласында да жекеменшік медициналық орталықтар, шағын кабинеттерді ашуға қадам жасалынды. Тəуелсіздіктің алғашқы бес жылында дүниеге келген шағын емханалар, орталықтар бүгінде сырқатына дауа іздеген жандардың сұранысын қанағаттандыруда. Сондай орталықтың бірі – Боралдай кентіндегі «Даулет-Центр» медицина орталығы. Мұнда халыққа емханалық жəне стационарлық қызмет көрсетіледі. Ашылғанына 15 жыл болған орталық тұрғындарға заман талабына сай сапалы медициналық қызмет көрсетіп, олардың денсаулығын жақсартуда ең бастысы бəсекелестік ортаны қалыптастыруда жүйелі
түрде жұмыс жүргізіп келеді. – Өтеген батыр кентіндегі «Ару», «Ай-Мед» жеке медици налық орталықтарымен иық тірестіріп жұмыс жасап отырған Борал дайдағы «Даулет-Центр» орта лығы жергілікті халықтың көңілінен шығады, – дейді бізбен əңгімесінде Іле аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері Бақытгүл Ескендірқызы Тұрсынмұратова. – Мұнда науқастарға сапалы қызмет көрсету үшін барлық мүмкіндіктер туғызылған. Бəрімізге белгілі, елімізде 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап денсаулық саласында Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілді. «Даулет-Центр» медицина орталығы бұл бастамаға белсене катысып, 2010 жылдан бастап халыққа сапалы стационарлық қызмет көрсетіп келеді. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің 2-ші сатысы бойынша 2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, халыққа жергілікті тұрған мекені бойынша мемлекеттік немесе ақылы емхананы өз еркімен таңдауға құқық берілді. Осы мүмкіндікті
пайдаланған тұрғындар өздері қалаған емдеу мекемесіне барып тіркелді. 15 жыл бойы халық алдындағы жинаған абырой атағының арқасында 2013 жылдың соңында «Даулет-Центр» медициналық орталығына небəрі бір айдың ішінде 12 мың адам тіркелді. Тіркелген адамның санына байланысты мемлекет бюджетінен қаржы бөлінді. Мұның өзі орталық қызметкерлерінің сапалы жұмысын дəлелдейді. Еңбек ететін дəрігерлердің біліктілігі жоғары, олар үнемі өз білімдерін жетілдіріп отырады. Зертханалық талдау жұмысы да заман талабына сай келеді. Орталық соңғы үлгіде шыққан жаңа медициналық жабдықтармен жабдықталған. Іші таза, сыртқы келбеті де көз тартарлық. 30 мыңнан астам халық тұратын Боралдай кенті жəне оған жақын орналасқан КазЦИК, Комсомол жəне Қарасай ауданының Рахат, Ақсеңгір, Көкөзек, Жармұханбет ауылдары тұрғындарының біраз бөлігін қамтып отырған бұл орталық мемлекеттік емханалардың жұмысын бір жағынан едəуір
жеңілдетсе, екінші жағынан қазіргі заман талабына сай бəсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырып отыр. Айтса айтқандай, төрт қабатты ғимаратта орналасқан медициналық орталық анадайдан менмұндалап айшықтанып тұр. Əртүрлі шыршалар, ағаштар отырғызылған тап-таза ауласы гүлге көмілген. Емханаға кіре берістегі дəлізге аурухананың паспорты жəне сырқаттарды дəрігерлердің қабылдау кестесі ілінген. Бұл медициналық орталықтағы тіркеу бөлімінің жан-жағы ашық. Ол ештеңемен қоршалмаған. Мұның өзі сырқат жандардың тіркеушімен емінеркін сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді. Тіркеу бөлімінде науқастардың аты-жөні, мекен-жайы жөніндегі мəліметтер «электронды жүйеге» енгізілген. Тіркеу бөліміне келген адам жеке куəлігін көрсету арқылы маман дəрігердің қабылдауына компьютерлік жүйе бойынша кезекке тіркеледі.
Қазақтың ұлы даласы Сарыарқа төсінен ойып орын теуіп, республикамыздың орталығына айналған Астана қаласы Тəуелсіздігімізбен бірге жасап, гүлденген, сəнсал танаты жарасқан, мемлекет орталығы ретінде əлемге аты əйгілі қалалармен қатар атала бастаған, келешегі зор шаһар, ел мақтаны. Бұл қалада қазірдің өзінде халқымыздың өсіп-өркендеуіне қажетті қай саланың болмасын дамып, қанат жаюына кең мүмкіндік туғызылған. Осы үрдістің одан əрі де алып қадамдармен қарыштап алға баса беретініне біз сенімдіміз. Əрине, ынтымақ пен ауызбірліксіз, таудай талап пен ерен еңбексіз жақсылық атаулы өзінен өзі аспаннан қардай жаумайтынын да білсек керек. Сондықтан сүйікті Ота н ымыздың өркендей беруі, оның
жүрегі Астана қаласының абыройбеделінің асқақтай беруі адал ниетті əр адамның арманы дер едім. Жуықта дүркіреп өткен Астана күнінің тойына Көкшетаудан əдейі келіп тамашаладым. Сонда менің ойыма келген мына бір жайды ұсыныс ретінде айтқым келеді. Кеңестік билік құрдымға кеткенде, «апыр-ай, енді жолдардың жағдайы не болар екен» деп қамыққан кездеріміз де болған. Көп кешікпей жаңа теміржолдар салынып, асфальтталған көлік жолдары да қалпына келе бастады. Тіпті өмірі көрмеген «автобан» жолы ел мақтанына айналды. Тəубе дейік, қазір теміржол қатынастары да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге қол жеткізді десек қателеспеспіз, жүрдек пойыздар іске қосылып, вагондардың неше түрі заманға сай жарақтанып жатқаны жасырын емес.
● Оймақтай ой Иман – жанның сапасы. Дулат БАБАТАЙҰЛЫ.
Бүгінгі нөмірде:
ИМАНДЫ ЌОЄАМ ИДЕЯСЫ
Гїлдер əлемі
Айдос ƏБУТƏЛІПҰЛЫ, еңбек ардагері, Еңбекшілдер ауданының құрметті азаматы.
Көкшетау қаласы.
«Егемен-ақпарат».
5-бет
6-бет
Аќан сері ґмірініѕ аќиќаты
Астана мерейін асќаќтата берейік
оқу-жаттығуы шеңберінде күзет жəне өмірлік маңызы бар нысандарды қорғау, гуманитарлық жүк тиелген лектерді алып жүру, ұжымдық бітімгершілік күштері персоналына медициналық жəрдем көрсету сияқты тəжірибелік іс-қимылдарды пысықтайды. «Мызғымас бауырластық – 2014» оқу-жаттығуына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінен Аэроұтқыр əскерлерінің батальон басқармасы, десанттышабуылдау ротасы, инженерліксаперлік взвод жəне Əуе қорғанысы күштерінің үш Ми-17 тікұшағы қатысады. Оқу-жаттығудың шешуші кезеңі 1 тамызда өтеді.
(Соңы 3-бетте).
● Бір ауыз сөз
Айта берсек ардақтай берерлеріміз аз емес. Бір ғана айтар тілегім бар. Алматы ел астанасы болған кезде, сапар шегіп шаһарға таялып келгенде вагон ішінде радио саңқылдап қоя беретін «Біз Қазақ ССР-нің астанасы Алматыға келдік» – деп гимн ойналатын. Сол бір сəтте кəрінің де, жастың да жүрегіне ерекше əсер еніп, жүзіміз де жайнап кететін. Ал қазір тып-тыныш. Астанамызға жай бір қалаға келгендей əсерде түсеміз де кете барамыз. Əлде мен естімей жүр ме екенмін? Егер расында сол тəртіп əлі қолға алынбаса, жақсы нəрсені жаңғыртқанның несі айып? Барлық пойыздарға мұны енгізу міндетті емес те шығар, басты бағыттардағы 4-5 пойызда гимн шырқалып тұрса несі бар. Адамдардың жүрегін мақтаныш сезіміне бөлеп, абыройдаңқымыздың арта беру жолындағы əрбір игілікті істердің жарасып тұрары хақ.
Оқу-жаттығуға Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей жəне Тəжікстан мемлекеттері қарулы күштерінің жедел топтары қатысады. Бірлескен шара барысында Ұйымға мүше алты елдің бітімгершілері ҰҚШҰ ұжым дық бітімгершілік күштері бөлімшелерінің бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды жүргізу мəселелерін жүзеге асырады. Сондай-ақ, бөлімшелердің жеке құрамы жүк тасымалын бақылау, жауынгерлік техника, оқ-дəрі жəне жарылғыш заттардың заңсыз кіріс-шығысының жо лын кесуді жүзеге асыруға қатысады. Ұйымға мүше елдердің əскери қызметшілері «Мызғымас бауырластық – 2014»
АЌМЕШІТ ƏУЛИЕНІЅ ТЫЛСЫМ ЇЅГІРІ 9-бет
14-бет АДАМДЫ ЌЫНАДАЙ ЌЫРЄАН
7-8-беттер
Үндістанның Бихар штатында болған жол апатының кесірінен 12 адам қаза тауып, 22 тұрғын жараланды. Апатқа жүк мəшинесінің жүргізушісі кінəлі деп табылып отыр. Ол ауыр көлікті дұрыс басқара алмай, жол жиегінде келе жатқан жүргіншілерді соққан. Одан əрі жолаушылар автобусына барып киліккен. Статистика мəліметтеріне қарағанда қазір Үндістан жол-көлік апатынан қаза болғандар саны бойынша дүние жүзінде бірінші орын алады екен. Грузияның бас прокуратурасы елдің бұрынғы президенті Михаил Саакашвилиге сырттай айып жариялады. Бұл туралы ресми қаулы оның Тбилисидегі адвокаты Отар Кахидзенің қолына табыс етілген. Бұрынғы президентке 2007 жылдың 7 қарашасында болған митингті тарату кезінде өзінің өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр. Дəл осындай кінə бұрынғы ішкі істер министрі В.Мерабишвилиге, бас прокурор З.Адеишвилиге де тағылған. Француз Рес пуб ли касының Ресей көмірін сатып алатын ірі компанияларының бірі EDF Trading енді оны алмайтындығын жа риялады. Бұл осы елге жарияланған санкция шеңберінде іске асып отырған ша ралардың бірі ғана. Ресейден алты жылда 11,2 млн. тонна көмір сатып алу ту ралы келісімшарт жасаған бұл компания енді одан толығымен бас тартты. Соңғы күндері Мəскеуде ауа райы керемет ыстық болып тұр. Ауа температурасы 35 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Осының кесірінен электр энергиясын беру шекте леді деген де болжамдар айтылуда. Мамандар қала тұрғындарына күндізгі мезгілде ашық далаға шықпау қажеттігін ескертуде. «Мистер Бин» есі мімен танымал болған ағылшынның комик актері Роуэн Аткинсон ойлап тапқан персонаж Ұлыбританияның ең танымал адамы деген атаққа ие болды. Зерттеушілердің айтуына қарағанда ол Черчилль, Чаплин, Диана есімдерінен де озып, тізімнің алдына шығып отыр. Респонденттер қата рына АҚШ, Қытай, Үндіс тан, Бразилия, Германия сияқты елдерден 5 мың адам қатысқан. Ал тарихи адамдар арасынан тізімнің басына У.Шекспир шыққан. Израильдің Газа секторын қайтадан бомбалауының кесірінен 30-ға жақын палестиналық қаза болды. Осының алдында ғана израильдіктер шабуыл операцияларынан бас тартамыз деген еді, алайда өздерінің уəделерін орындамай, 10 жауынгердің қаза тапқанын сылтау қылып, қайтадан бомбалауды бастады. Соңғы үш аптада ғана олардың оғынан 1,1 мыңдай анклав тұрғындары көз жұмған. Қытай Халық Респуб ли ка сы бұрынғы басшыларының бірі, қауіпсіздік қызметінің жетекшісі, 72 жастағы Чжоу Юнканға қарсы іс қозғалды. Ол сы бай лас жемқорлық бойынша айыпталып отыр. Істі ҚКП Орталық комиссиясы жүргізетін болады. Сарапшылар бұрынғы басшының ұзамай тұтқындалуы мүмкін деген жорамал айтуда. Ақпарат агенттіктерінің материалдары бойынша дайындалды.
і д м і к т ы Уақ айды? т 11-бет жақ
ЕСІМІ ЕНДІ АЙТЫЛА БАСТАДЫ 15-бет